Педагогикалық факультет


Модульдік оқыту технологиясы



бет15/26
Дата09.06.2020
өлшемі0,94 Mb.
#63260
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау. Жобалаңған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістерді жоспарлануына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.

1.3. Модульдік оқыту технологиясы және ерекшеліктері

Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушыларды өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша әдебиеттен білім алуға дағдыландырады.

Модуль деп дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған ақпарат блогін атайды. Модульдік оқытудың мақсаты: оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші хабарлаушы рөлін атқарады да, шәкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды. Оқушы өзіне оқу әдісін таңдап ала алады. Модульдік оқыту технологиясының мынадай қағидалары бар: модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс-әрекет әдістері, жан-жақты әдістемелік нұсқаулар беру. Яғни, бұл технология бойынша тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері белгіленеді. Сонымен қатар жүйелілігінде әлеуметтік сұранысқа қарай мазмұнына өзгерістер енгізе алады. Мәселен, Н. Нечаев оқыту іс-әрекетіндегі мәселеледі шешуді қарастыру барысында нәтижесін көру жұмыстың іс-әрекет әдістеріне байланысты екеніне тоқтала келіп, модульдік оқытудың мақсаты тәжірибелік, дамытушылық және ойлауды қалыптастыратын іс-әрекет әдістері деп түйіндейді. Тәжірибелі педагогтер Ш. Амонашвили, Л. Рубенштейн тәжірибелерінен әр оқушының қабылдауы әр түлі болатыны белгілі. Ендеше бұл технология жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі әдістерді қолдануды көздейді. [10;18-21

Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модульдік бағдарламасымен тиянақты танысып шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілетін нәтижесін түсіне білуі қажет. Модульдік оқытудың бағдарламасында күтілген нәтижеге байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда қолының жету жолдары көрсетіледі.

Модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:


  • ақпарат материалының мақсаттылығы;

  • жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы;

  • модуль элементтерінің жеке даралығы;

  • ақпараттық және әдістемелік материалын оңтайлы берілуі.

Мұғалім бағдарлама жасағанда егер оқу материалы топтық жұмысты қажет етсе, топта оқытудың формасы мен әдісін көрсетеді. Тәжірибелік жұмыстарға түсініктеме беріп, теориялық және тәжірибелік тапсырмалар, оқушылардың білімін тереңдету үшін қосымша әдебиеттер береді. Мерзімдік бақылаулар арқылы оқушылардың игере алмаған тақырыптары айқындалып, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Модульде әр элемент бөлек-бөлек параққа жасалады да, ақпарат өзгерген жағдайда өзгертіліп отырылады.

Модульдік оқыту технологиясының әдістерін көптеген ғалым-педагогтер зерттеп келеді. Л. Йоваиша модульдік оқытудың мынадай әдістерін қарастырған:



  1. Ақпараттық оқыту әдісі (әңгімелесу, топтық оқыту, демонстрациялау, ақыл-кеңес, дәріс, емтихан).

  2. Операциялық оқыту әдісі (алгоритм, зертханалық жаттығулар, өзара сын).

  3. Ізденпаздық оқыту әдісі (мәселені талдау, тыңда да ойлан, шығармашылық диолог, іс-әрекет шытырманы, миға шабуыл, іскер себет).

  4. Өздігінше оқу әдісі (тыңдау, оқу). [8;95-101]

Ақпараттық оқыту әдісін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіргенде қолданады. Мысалы, сабақ барысында жоғары білімді мамандар тақырыпқа байланысты баяндама жасайды да, міндетті түрде эксперттің пікірімен толықтырылады. Сабаққа оқушылар сұрақ қою арқылы қатысып отырады.

Операциялық оқыту әдісі оқушылардың дағдысы мен іс-әрекетін дамытуға арналады. Мысалы, «видеоконфрантация» әдісі өзіне басқа адамның көзімен қарауға үйретеді. Мұнда оқушылардың әрекеттері сырттай камераға түсіріліп, өздеріне қайталап көрсетіледі және өзінің талдауына жағдай жасайды. Мұғалім әр уақытта нұсқаушы ретінде көмекке келе алады.

Ізденпаздық оқу әдісі оқушылардың белсенділігін, қабілетін дамытады. «Іскер себет» әдісіне оқушылар себеттен жеке-жеке тапсырма алып, жеке орындайды. Тапсырма орындалып болған соң оқушылар барлық сұрақтарды бірігіп талдайды.

Модульдік оқыту баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды. Модульдік оқыту технологиясы оқушыларды өздігінше тапсырманы орындап, мәселені шеше алуына, өз пікірін қорғай білуіне, алға қойған мақсатқа жету үшін белсенділігін, қабілетін арттыруға септігін тигізеді.

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып еңбектері жалғаса бермек.

Модульдік оқыту технологиясының мазмұны.



  1. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.

  2. Оқу модулінің кіріспе бөлімі.

  3. Оқу модулінің диалогтік бөлімі.

  4. Диалогтік бөлімді айқындаудың негізгі этаптары.

  5. Диалогтік бөлімді құру принциптері.

  6. Танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда оқушылардың білімділік дәрежесін есепке алу.

  7. Шығармашылық және технология.

  8. Оқу модулінің диалогтік бөлімінің ерекшеліктері.

  9. Психологиялық атмосфера және оның диалогтік бөлімдегі рөлі.

  10. Диалогтік бөлім – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  11. Ойын арқылы оқыту және ойындар.

  12. Дискуссиялық формалар.

  13. Ойын арқылы оқыту технологиясы.

  14. Диалогтік бөлімде оқу еңбегінің нәтижелерін бағалаудың мәні мен мағынасы.

  15. Оқушылардың іс-әрекетін бағалаудың оқу модульіндегі нұсқаулары.

  16. Оқу еңбегінің нәтижелерін бағалау.

  17. Оқу модулінің қорытындысы және бақылаудың басқа түрлері. Бұл педагогикалық технологиялық негізінде “қалпына келтіре қайталай” оқыту циклының иедясы жатыр.

Оның мазмұны:

  1. Оқыту мақсатын жалпы анықтау.

  2. Оқыту мақсатын анықтаудан оны нақтылауға көшу.

  3. Оқушылардың білімділік дәрежесін алдын-ала бағалау.

  4. Оқыту процедураларының жиынтығы (бұл кезеңде “кері байланыс” негізінде оқыту коррекциясы орын алады).

  5. Нәтижені бағалау.

Осындай құрылымына қарай оқу процесі “модульдік” сипатқа ие болады. “Модуль” – қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни оқу процесі – ортақ құрылымы, бірақ әр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. Модульдік оқыту технологиясы баланы оқытып қана қоймай, оның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу процесін “диалогтік” қарым-қатынас негізінде құруға тырысу қажет. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы үш бөліктен тұрады, яғни кіріспе, диалогтік және қорытынды. Әр оқу модулі әр түрлі сағат сандарынан тұрады, әрине бұл оқу бағдарламасы бойынша тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді болып саналады. [9]

Оқу модулінің бірінші ерекшелігі – жалпы қанша сағат бөлінсе де кіріспе бөліміне 1-2 сағат, қорытынды бөліміне 2-3 сағат беріледі де, қалған сағаттың барлығы диалогтік бөлімде игеріледі. Мысалы, оқу модуліне 9 сағат жоспарланса, 1 сағаты – кіріспе бөліміне, 2 сағаты – қорытындыға, қалған 6 сағаты – диалогтік бөлімге берілуі керек. Егер оқу модулі 12 сағаттан тұрса 1 және 3 бөлімдегі сағат сандары өзгеріссіз қалады да, “диалогтік” бөлімге 9 сағат беріледі.Бұл оқу материалын барлық оқушылардың 3 деңгейді күрделілікте өз деңгейіне сай оқып меңгеру қажеттілігіне байланысты. Яғни оқу модулінің мазмұны бойынша оқушылар қарапайым білім, білік, дағдылы меңгеруден бастап “білімді көшіру” немесе пайдалануға” дейнігі машықтарын көрсете білу керек. Бірнеше рет қайталау – қарапайымнан күрделілге қарай, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске дейін итермелейді. Бұл әр оқушыға оқу материалын “түсіну”, деңгейінен білімді көшіру” деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік берді.

Ал мұғалім еңбегі мынадай тізбектен тұрады:


  1. Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

  2. Класта берілген блокты немесе тарауды оқыту модулімен таныстыру.

  3. Оқу материалын мұғалімнің қысқаша (схема, график, кестелер т.б. түрінде) баяндауға немесе зерттеу тұрғысында беруі).

  4. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін “диалогтік” негізінде әрбір оқушының іс-әрекетінің нәтижесін әр сабақ сайын бағалай отырып ұйымдастыру.

  5. Жалпы тарауға қарағанда оқу материалын 4-7 ретке дейін қайталай оқыту.

  6. Тарау, блок бойынша тест алу.

  7. Тарау бойынша “релейный” зачет алу (немесе диктант, бақылау, т.б.). Бұл 3 деңгейлі жүйеден тұратын карточкалармен білім тексеру.[25;28-29]

27 дәріс тақырыбы: Оқытудың белсенді әдістері.



  1. Бағдарламалап оқыту

  2. Оқу пікірталасы.

  3. Case-study.

Бағдарламаланған оқыту 1950 жылы АҚШ қаласында пайда болды.Бұл оқыту технологиясы Б.Ф.Скиннер есімімен байланысты. Бағдарламаланған оқыту- оқытудың мақсат пен міндеттерін, оқытудың қызметін анықтайды. Бағдарламаланған оқытудың психологиялық негізі- бихевиоризм болып табылады. Бағдарламаланған оқытудың бихевиористік нұсқасы АҚШ қаласында маңызды сынның обьектісі болды. Әсіресе, Б.Ф.Скиннер ұсынған бағдарламаланған оқытудың принциптері қатты сынға алынды. Скиннер педагогикалық қауымды оқытудың тиімділігін осы процесті басқару есебінен көтеруге шақырды. Бағдарламаланған оқытудың негізінде бірізділіктің, ұғынымдылығы, жүйелілігі, дербестігінің ортақ және жеке дидактикалық принциптері жатыр. Бұл принциптер бағдарламаланған оқытудың басты элементі-оқыту бағдарламасын орындау барысында жүзеге асырылады, мұндай бағдарлама міндеттердің ретке келтірілген бірізділігі болып табылады. Бағдарламаланған оқыту үшін «дидактикалық машинаның» болуы өте маңызды. Бұл оқытуда белгілі бір мөлшерде оқушылардың бағдарламаны игеру сипатын ескеру ретінде жеке ыңғайдан келу жүзеге асырылады. 1960 жылдың басында бағдарламаланған оқытудың скиннерлік нұсқалары қолданыла бастады. Бағдарламаланған оқулықтар мен оқу құралдары шыға бастады.Мұнда тексттер бірнеше сұрақтардан тұрды және оларға әртүрлі альтернативті жауап нұсқалары беріліп отырды. Олардың ішінде біреуі дұрыс, ал қалғандары қате немесе толық, анық емес болды. Ал қатысушылар текстті оқып, содан өздерінің білімдерін тексеру үшін сұрақтарға жауап беріп отырды. Бағдарламаланған оқытудың бұл нұсқасы қатысушылардың ой қызметінің белсенділігіне бағытталмағандықтан, олар белсенді әдіске жатпайды. Бағдарламаланудың үш негізгі формасы ажыратылады: сызбалы, тармақталған және аралас. Бағдарламалаудың сызбалы-хронологиялық бірінші формасының негізінде Б.Ф.Скиннер бойынша, үйрету-стимул мен реакцияның арасындағы байланысты орнату ретіндегі бихевиористік түсіну жатыр. Оқушының бұл формада жасаған қадамы орнықтырылып отырады, ол бағдарламаны әрі қарай орындауға сигнал рөлін атқарады.
28 дәріс тақырыбы: Таңбалы-контекстік оқыту және интегративті оқыту технологиялары.

  1. Таңбалы-контекстік білім беру технологиясы.

  2. А.А.Вербицкийдің таңбалы-контекстік тұжырымдамасы.

Авторы – психология ғылымының докторы, профессор А.А.Вербицкий. Кәсіптік педагогикада белгілі-контекстілі оқыту технологиясын даярлаған. Кәсіби білім берудің негізгі бағыттарын талдай отырып, мына қорытындыға келеді: қазіргі білім берудегі авторитарлық басқару, оқушы, студент тұлғасы әсер етудің объектісі ретінде танылатын ситуация оқу-танымдық әрекетте оқушының белсенді позициясын дамытуға қажетті жағдайды қамтамасыз етпейді, маманның кәсіби іс-әрекетінің теориялық моделінен шынайы, нақты, түрлі проблемалар мен қайшылықтарға толы модельге көшу үрдісін қиындатады.

А.А.Вербицкий пікірінше, білім беру міндеттері:


  • Мұғалімнің оқытушы әрекетінен студенттің танымдық әрекетіне көшуі. Бұдан баланы оқуға үйрету қажеттілігі туындайды (өзін танымдық іс-әрекетте көрсете білуі, яғни оқудың субъектісіне айналуы);

  • «Оқытушы - оқушы», «оқушы - оқушы» жүйелерінде тұлғааралық өзара әрекеттесу мен қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне көшу. Диалог, өзара түсіністік, ашықтық сенім жағдайлары оқушы тұлғасына еркіндік береді, оның танымдық белсенділігін ынталандырады, тұлғалық қасиеттер мен сапалардың толық анықталуына мүмкіндік береді;

  • Кәсіби білім, іскерлдік, дағдыларды, жалпы және кәсіби әлеуметтік сапаларын қаруландыруға, олардың шығармашылық әрекеттену тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.

Міндеті – белгілер жүйесінде ғылым жинақтаған, «тағы да дидактикалық киім кигізілген» «болмыстың шындығын», кәсіби іс-әрекеттің шындығын осы шындықтың формаларына сәйкес түсіндіру.

Вербицкий бойынша, оқыту – бүкіл дидактикалық формалар, әдіс-тәсілдер, құралдар көмегімен маманның болашақ кәсіби іс-әрекетінің пәндәк және әлеуметтік мазмұныны модельдеу, ал абстрактілі білім – белгілер жүйесін меңгеру болып табылады. Сол білімді меңгеру осы іс-әрекетке салынған, оны белгі-контекстілі, немесе контекстілі оқыту деп атайды. Ең бастысы оқу тек өз айналасында бірікпей ( тек білім (ақпарат) алу үшін оқу керек емес), ол маман тұлғасының қажетті пәндік-кәсіби және әлеуметтік сапаларын тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.

Дәстүрлі оқытудағы сияқты оқу материалы контекстілі оқытуда оқу мәтіндері түрінде (белгілер жүйесі ретінде)

29 дәріс тақырыбы: Коммуникативтік ойындар



  1. Коммуникативті ойындардың ерекшеліктері

  2. Коммуникативті ойындарды ұйымдастыру

  3. Коммуникативтік ойындардың түрлері

Қандай да болмасын қызмет саласының негізгі түрі қарым-қатынас арқылы іске асырылады. Оның маңыздылығы - адамдардың бір-біріне ықпал слуі, ақпарат алмасуы. Қарым-қатынас іс-әрекеттің бір түрі іспеттес. Адамдар үшін қарым-қатынас-оның ортадағы мекені.

Қарым-қатынас белсенділігі арқылы адам жолдастарымен, адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас белесенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойындағы адамгершілік қасиеітері (қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттық, жауапкершілік сезімі, т.б.) қалыптасады. Яғни қарым-қатынас барысында келесі қасиеттердің болуы шарт:

1. Адамдармен дүрыс қарым-қатынас жасай білу. Түрақты жақсы көңіл күй.

2. Қоғамдық жүмыстарға белсенділік көрсете білу.

3. Басқа адамды түсіне білу.

4. Өзін басқа адамның орнына қоя білу.

5. Жеке адамдардың негізгі көзқарастарын есте сақтау.

6. Жаңа адамдармен тіл табыса біду.

7. Адамдардың жас ерекшелігін ескере отырып, қарым-қатынас жасау.

8. Кикілжіңге түспеу жолдарын қарастыру немесе дүрыс шеше білу.

9. Басқа адамдардың кезқарастарын есепке ала білу.

10. Адам қүндылықтарына сипаттама беру.


Осындай қасиетгер сіздің мінезіңізге сәйкес келсе, онда қарым-қатынас жасау барысында белгілі бір нәтижені көре аласыз.

Қарым-қатынас мазмұны ақпараттық, жеке дарайық байла-ныстар арқылы басқа субъектілермен немесе өзіндік қатынастар арқылы айқындалады. Оның қызметін төмендегі кестеден керуге болады:

Сондықтан да маманның комуникативтік мәденіиетіне төмендегідей мәселелерді енгізу керек:

• Адамдармен қарым-қатынас жасаудағы қызығушылық пен

алшақтық;

• Кәсіби әріптестермен қарым-қатынастағы өзіндік талпынысы;

• үйымдастырушылығы, өзіндік косіби беделі, өзіндік беделін көтсруге талпыііу;

• қарым-қатынас дегеніміз не, қарым-қатынас түрлері, қарым-қатынастың қүрылымы мен қызметі, қарым-қатынастың қажеттілігі, қарым-қатынас стилі;

• білім және ақыл-ой;
30 дәріс тақырыбы: Оқытудың жаңа техникалық құралдары


  1. Басқа ел мектептерінде жаңа техникалық құралдарды қолдану жағдайлары

  2. Оқу процесіндегі жаңа техникалық құралдардың орны

Жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық сәйкестігін ескеріп оқыту үрдісіне енгізу сабақты ұйымдастырудың және оқыту әдістерінің өзгеруіне әкееледі. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін:

  • “тереңдетілген” технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);

  • негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологияның ең маңыздысы ретінде қолдану);

  • монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни, диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделсе).

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:

  • ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, комуникативтік қабілетін дамыту;

  • “ақпараттық қоғамның” жеке тұлғасын дайындау;

  • білетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;

  • зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.

Концептуалды ұстанымдар төмендегідей:

  • оқыту – бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;

  • компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы;

  • оқытудың диалог түрінде болуы;

  • басқарылуы: мұғалімнің кез-келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;

  • оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект

субъект, объект-субъект ;

  • жеке және топпен жұмыстардың үйлесуі;

  • оқушының компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.

Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультимедияны, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыларға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.

Компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушы кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындауға мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер пайдаланылса, оған тапсырманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыланады. Қарастырылып отырған мәселенің тәжірбиелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл – ойын пайдалануға, кез-келген сұрақ қойып, кез-келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютер оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады.

Оқушылар белсенді түрде оқу үрдісіне тартылады. Дәстүрлі оқыту жүйесінің жетіспейтін жағы – барлық оқушыларды оқу үрдісіне белсендік танытуын қамтамасыз етпеуі. Мысалы, жаңа материалды түсіндіру кезінде көптеген оқушылар барлық күш жігерін жұмсап жұмыс жасамайды. Себебі біреулеріне жаңа материл түсініксіз, екіншісіне бұл мәселе бұрыннан таныс, үшіншілері бұл кезде басқа нәрсе ойлап отырады, т.б.

Орындалатын тапсырмалардлың түрлері көбейеді. Компьютер оқу үрдісін басқарудың икемділігін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың іс-әрекетін бақылаудың сапасын өзгертеді. Дәстүрлі оқытудың негізгі кемшілігі – оқу іс-әрекетінің маңызды кездерін бақылаудың мұғалім үшін мүмкін емстігі. Сынып оқушылармен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушылардың әрқайсысының орындаған барлық тапсырмаларын тексере алмайды, ал дер кезінде түзетілмеген қателер игерілетін білім туралы кері пікір тудырады, ал бұл қателерді түзету кейіннен өте қиын.

Компьютер барлық жауаптарды тексеруге мүмкіндік береді, ал көпшілік жағдайда ол қателерді көрсетіп қана қоймай , оның типін анықтап , дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді. Оқу үрдісін компьютер көмегімен басқару дипазоны өте кең: оқушының сұрақ қоя алу мүмкіндігінен оқыту стратегиясын, тапсырмалардың қиындық деңгейін, көмек мөлшерін, кейбір жағдайда оқу материалын түсіндіру ретін таңдауға дейін. Оқушы тапсырманы орындау барысында өзі қажет ететін көмекті дер кезінде алу өте маңызды. Бұған дейін ешбір оқыту құралы мұндай мүмкіндікке ие болған емес.

Компьютер оқушыда өз іс-әрекетінің рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ең алдымен, компьютер оқушыға өз іс-әрекетінің нәтежиесін көрнекті түрде көруге мүмкіндік береді.

Компьютер мектепте білім беру үрдісінде пайдалану бірқатар пәндердің оқытылуын жаңаша құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге компьютер тек қана мәліметтер қоры болып қала береді. Мұнда да мұғалім қажет және оның ролі үлкен. Өйткені ол оқушыларға қажетті тірек білімін береді, сол білімнің көмегімен оқушы өзінің нақты дайындық деңгейі негізінде компьютерді пайдалана отырып өзін-өзі дамыта алады.

Білім мазмұнының негізгі ерекшелігі ақпарат көлемінің көп есе артуы мен компьютерлік ақпараттық ортаның болуы. Бүгінгі күні компьютерлік ақпараттық ортаның құрамына: мәліметтер қоры, гипермәтін және мультимедия, имитациялы оқыту, электронды комуникациялар (желілер), эспертті жүйелер енеді.

Мәліметтер қоры дегеніміз – компьютерлік техниканы пайдаланып ақпаратты енгізу, жүйелеу, сақтау және беру болып табылады. Мәліметтер қоры құрамына әр түрлі статистикалық мәтіндік , графикалық ақпарат енеді. Мәліметтер қорында ақпаратты жүйелеу және іздеу үш негізгі тәсілмен жүзеге асады.


  1. Иерархиялық мәліметтер қорының классификациялық негізгі каталогтар мен рубрикаторлар, яғни иерархиялық типті ақпараттық-іздеу тілдері болып табылдаы.

  2. Реляциялық мәліметтер қорының әрбір ақпарат бірлігіне белгілі бір атрибуттар меншіктеледі (автор, түйінді сөз, аймақ, ақпарат түрі, т.б.) және оны іздеу осы көрсеткіштердің біреуімен жүзеге асады.

  3. Статистикалық мәліметтер қоры екі өлшемді (кейде үш өлшемді) матрицаның көмегімен ұйымдастырылған сандық ақпаратты өңдеумен айналысады. Статистикалық мәліметтер қорын басқаша электронды кестелер деп атайды.

Мәліметтер қоры оқытуда мұғалім мен оқушыға оқулықтар мен оқу құралдарының

құрамына енбеген ақпаратты алуға арналады.

Оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану педагогикалық психологияның алдына бірқатар көкейтесті мәселелер қойады. Біздің ойымызша, бұл мәселені екі топқа бөлуге болады. Олардың біріншісі, оқытатын функциялар немесе олардың кейбіреулері техникалық құрылғыға жүктелетіндігімен байланысты. Ең алдымен, бұл – оқушы мен компьютердің дара қарым-қатынасы мәселелері. Бұл тек қана компьютер жүйелерінің техникалық немесе бағдарламалық жабдықталуының кемшілігінен ғана емес, адам мен адамның және адам мен компьютердің қарым-қатынасының айтарлықтай ерекшелігінен туындайды. Компьютер мұғалімді алмастыра алмайды, себебі ол оқу үрдісінің орталық тұлғасы бола тұра оқушыға тек бағыттаушы ретінде әсер етеді, оқу материалын дайындайды, көмек беру деңгейін анықтайды.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет