Педагогикалық факультет



бет14/26
Дата09.06.2020
өлшемі0,94 Mb.
#63260
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Тікелей «миды шабуылдау» ұжымдық тапсырмаларды шешуде идеяларды өңдеу әдісі болып табылады. Бұл әдістің мақсаты- шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында қалыпты ойлау инергиясынан айырып, мүмкіндігінше айрықша жаңа идеяларды тудыру.

Бұл әдістің негізгі принципі мен ережесі- қатысушылармен ұсынылған идеяларды сынау, қақпалау және мысқылдауға мүлдем тыйым салынады. Әдіс нәтижесінің сәттілігі пікірталастың жүргізушісіне тікелей байланысты болып келеді.

Әдіс ұзақтығы әдетте 15 минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін. Идеяларды таңдау арнайы адамдармен, 2 кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде жалпы ұсынылған идеялар арасынан ең рационалды идеялар таңдап алынса, екіншісінде солардың ішінен шығармалық тапсырмалар мақсатын қанағаттандыратын ең оптимальды нұсқасы таңдалынады.

Шамасы 20-60 адамдардан құралған үлкен аудиторияларда жаңа идеяларды өңдеуде жақсы нәтижелер алуға мүмкіндік беретін массалық «миға шабуыл» әдіс түрін американдық Дж. Дональд Филипс ұсынған.

Бұл әдіс түрінің ерекшелігі 5-6 адамдардан тұратын аудитория ішілік шағын топтардың құрылуында. Шағын топ әрекеті нақты анықталған, бірақ алуан түрлі болуы мүмкін. Оған 15 минут уақыт бөлінеді. Шағын топ идеяларын өңдеуден кейін, оларды бағалап, ең жақсы үлгісін басшылыққа алады.

«Миға батыл әрекет» әдісі қазіргі заман психологі Е.А. Александровпен ұсынылып, Г.Я.Бушпен модификацияланды. Бұл әдіс бұзылған бағалауға ие диалог әдісі. Бұл диалог мәні ұжымдық идеяларды өңдейге шығармашылық потенциалды белсендетуде кезекті қарсы идеяларды, яғни контридеяларды құру болып табылады.

Мұнда «ми батыл әрекеті» әдісінің қатысушылары рационалды түрде келесі топтарға бөлінген кезде ғана бұл әдіс өзінің нәтижелілігін көрсете алады. Бұл топтар:

1. Идеяларды өңдеу тобы;

2.Проблемдік жағдайларды талдау және идеяларға баға беру тобы;

3. Қарсы идеяларды өңдеу тобы;

Қарастырылып жатқан әдістің артықшылығы ұжым адамдарының тең құқылы болуымен жетекшілік етуде авторитарлық стильге жол берілмеуінде. Әдісте жалқаулық пен ескішіл ойлау, эмоционалдық «алау» мен рационализм, өзін еркін ұстауға, интуиция мен қиялды белсендетуге арналған психологиялық микроклиматтың көмегімен автоматты түрде жоғалады. Сонымен қоса « ми шабуылы» әдісі проблемалардың шешімін іздеуге жаңа идея, ой, пікірлер шығару барысында «ақылсыз ойлардан» қорықпауға, интенсивті «ой кезбелігінде» күлкілі жағдайда қалған кезде қысылмай еркін сезінуге үйрететін бірден-бір әдіс болып келеді.

« Дөңгелек үстел » әдісі саясат және ғылым жағынан педагогикаға

келген әдіс. Әдетте, «дөңгелек үстел» саясат пен ғылымның әртүрлі саласының өкілдерімен белгілі бір проблеманы талқылап, шешу үшін ұйымдастырылады. Бұл әдісте пікір алмасу белгілі бір пікірлердің сәйкес келуіне мүмкіндік береді, ал ол болашақ жұмыстануда жалпы қорытындыны анықтаудың қызметін атқарады, содан келіп қоғамымыздағы саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге немесе ғылыми ақиқатты табуға болады.

« Дөңгелек үстел - өз ойын еркін айта білу. Жүргізуші нақты мәселе жөнінде жоспар жасайды. Мақсаты: таңдап алынған тақырыпты талдауға қатысушылардың көңілін аудара білу».

Қысқаша айтсам психологияны оқытуда «дөңгелек үстел» әдісі әртүрлі формалы болады. Егер ең маңызды шартты ескерсе және оны мүлтіксіз орындаса. Міндетті түрде жан-жақты саналы түрде сезінсек, теориялық проблемаларды шешуде әртүрлі аспектілі позиция мен көзқарасты сараманда жүзеге асырылады. Егер мұндай қажеттілік болып, я, болмаса және ол барлық жағынан саналы түрде қаралмаса, онда «дөңгелек үстел» әдісі әдеттегі, әрбіреу тек өзіндік ойын білдіріп, консенсус туындатпайтын жай ғана жиын болып есептеледі.

Сонымен «дөңгелек үстел» әдісін мектеп оқушыларына да, студенттерге де қолдануға болады. Ол әдіс оқушылардың өз ойын әдемі, реттеліп жинақталған түрде нақты дәлелдермен қалыпты темпте жеткізіп, сөйлеу барысында белгіленген мәдениет пен шарттардан аспай, ресми тұлға ретінде өздерін сезіне білу, ұқсап бағуға үйретеді

«Іскерлік ойын» әдісі. Бұл әдіс өзінің жоғары дәрежелі бірігіп жұмыстануда оқушылардың индивидуалдық үйлесімділігімен ерекшеленеді.

Ресей психологтары: «Ойын- бұл шартты жағдайларда ғылым және мәдениет заттарымен әлеуметтік бекітілген әдістерде қоғамдық тәжірибені қайта жаңғыртып, меңгеруді жүзеге асыратын формасы», -дейді.

Іскерлік ойын әдісі ең алғашында біліс беру жүйесінде емес, тәжірибелік басқару саласында қалыптасқан. Бүгін де іскерлік ойын әдісі тәжірибенің әртүрлі аймақтарында: зерттеу жұмыстарында, жобалық өңдеу процесінде, шынайы өндірістік жағдаяттарда ұжымдық шешім шығаруда, сонымен қатар әскери салада қолданылады. Айта кетсек, іскерлік ойынның болашақ үлгісіне негіз болған, ұрыстың шарты мен әрекеттерін суреттейтін әскери ойындардың жағдаяттардан тұратын әскерлерді ұрысқа дайындау мақсатымен құралған ерте заманнан келе жатқан «әскери ойындар»екен.

Интерактивті оқыту жүйесіндегі салыстырмалы жаңадан енген әдіс бұл- тренинг. Осы аталған әдістің жа адан қолдануға енуі , біріншіден, Батыс Еуропа елдерінде кіші топ, яғни тренинг топтарында психологиялық түзету жұмысын жүргізуге арнайы қарым-қатынас ұйымдастырылуына қарамастан, бізде ол туралы ұзақ уақыт бойы көп нәрсе белгісіз болды. Екіншіден, ол психологияны оқытудағы студенттерді массалық оқытуда пайдаланылды. Бірақ кейін шынайы жағдаяттардағыдай сияқты әрекет жасауда сол әрекеттің нәтижелігі үшін жауапкершілікпен қаралатын, ойындық немесе шартты түрдегі тренингтер кеңінен қолданылды. Әрекеттің жүру барысында әр қатысушының индивидуалдық жауапкершілігі- топтық әрекеттің жемісі, үлкен нәтижелілігі, яғни үйлесімділігі.


24 дәріс тақырыбы: Дамыта оқыту.

  1. Дамыта оқыту мдеясының тарихы

  2. Дамыта оқытудың ерекшеліктері, негізгі функциялары мен белгілері.

Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің арақатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.

ХVІІ ғасырдағы Я.А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.

И.Т. Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.

Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистервегтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру үсіне басшылық» (Руководство в образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған.

«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген.

Орыстың ұлы ағартушысы К.Д. Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.

Осылай бола тұрғанымен, «дамыта оқыту» деген терминге көзқарастар мен пікірлер әртүрлі. Себебі, «дамыта оқыту» ұғымына берілген түсініктер және «дамытпайтын оқыту бола ма?» деген сұрақтар жиі қойылады.

Алайда дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, «дамудың соңында жүрсе», ал екінші жағдайда «оқыту дамуды өзімен бірге ала жүреді» деген Л.С. Выготскийдің пікірінен көп нәрсе аңғаруға болады. Алғашқыда, оқытудың тиімділігі алынған білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен өлшенеді.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн) және басқа да психикалық функциясын зерттеген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі ілгері эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарды.

Зерттеулердің мақсаты Л.С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық білім ісіне үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы, 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізгі – назар баланың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтік есептер шығаруында болып қалды. Оқыту әдістері, сабақ ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.

Одан кейін 20 жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасына жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Мақсаты балаларға дайын пәндік білім, біліктердің белгілі-бір жиынтығын берумен шектелетін, нәтижесінде догмалық ойлауы басым, дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектептерде орын алып отырған оқыту жүйесі мұндай адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетті.

Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз. Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпал тигізді. Оқыту барысында баланың ақыл-ойын, қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субьектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.

Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өрістен кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар қолданылып келеді.

Л.С.Выготскийдің теориясы Д.Б. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғастырылады. Баланың өзін-өзі өзгетуші субъект ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын,, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Психологтардың зерттеулері бойынша бала өзінің субъект екенін 2,5-3 жасында-ақ білдіре бастайды екен. Ол оның «Мен» деген категориясының көрінуінен байқалады (өзім ішемін, өзім киемін және т.б. түрінде). Мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай ол әртүрлі әрекетті өзі орындауға деген талпыныстарын жасайды. Бұл түрлі ролдік ойындарға қатысуда айқын байқала бастайды. Еркін ойлап, өзін еркін сезіну оның жекелік қасиеттерін әрі қарай дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.

Ал, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала оқу бағдарламаларының талаптарын орындау, мектептің ішкі тәртібін сақтау, үлкендердің айтқандарын екі етпеу сияқты қатаң ережелер шеңберіне түседі. Енді оның субъектілік белгілерінің даму мүмкіндігі азая түседі. Өйткені, дәстүрлі мектептің мақсаттарын шешу мұғалімнің айтқандарын дұрыс тыңдап, тура сол түрде қайта айтып беру, тапсырманы қатесіз орындау жеткілікті. Белгілі үлгіден ауытқу, басқа шешім іздеу талап етіле бермейді.

Дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады:



  1. Үлгіні көрсету.

  2. Түсіндіру.

  3. Бағалау, бақылау.

Яғни, мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң меңгеруге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгергендігін анықтау мақсатында сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әртүрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы, өзі айтып бермей, үнтаспадан тыңдату, балаға оқыту және т.б.

Дәстүрлі оқытуда оқу процессіне қатысушылардың «басқарушылар мен оындаушылар» түріндегі ролдері белгіленген. Басқарушылардың қарым-қатынасы қарапайым басқару түрінен қатал әкімшілікке дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады. Олардың ісінің негізгі мәні – оқушыларды белгіленген нысанаға қарай бастау, ал орындаушылар мұғалім соңынан еріп отырулары керек. Мәселенің бұлай шешілуі дамыта оқыту жүйесінің мақсаттарына мүлдем қайшы келеді. Дамыта оқытудың Л.В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне ерекше тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешеліктерімен айқындалады:



  • оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;

  • мақсаттағы айырмашылықтар;

  • дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

  • әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;

  • оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

  • мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көреткіштері;

  • мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым-қатынаста.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші ролі принципі. Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру.

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Мысалы, «Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың? Немесе 4 және 5 сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады?» түріндегі сұрақтар.Көрнекілік және т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрделендіріле пайдаланылады.

Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл-күйін байқауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе, оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.

26 дәріс тақырыбы: Модульдік оқыту технологиясы



  1. Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері

  2. Модульді құру ережелері

  3. Модульдік оқыту технологиясының мазмұны


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет