ПӘн бойынша глоссарий анимизм



бет2/15
Дата11.02.2018
өлшемі3,05 Mb.
#37530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ГЕШТАЛЬТПСИХОЛОГИЯ- Германияда 20 ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт. Ассоциациялық психологияға қарсы пікірлерді қолдай отырып, сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар» (гештальттар) деп санайды. Міне сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.


ДАҒДЫ- сансыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стереотип.

ДЕТЕРМИНИЗМ ПРИНЦИПІ – философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың бәрі материалдық себептер мен заңдардың әсер етуінен пайда болады. Детерменизм адамның тіршілігі мен іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс белгілі себептен туындайды деп қарайды.

ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП - шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы. Мұндай жүйе организм тіршілігі үшін өте маңызды және ол дағдыны қалыптастырудың физиологиялық негізі.



ЖЕКЕ АДАМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРі – адамның өзіне ғана тән, оны өзгелерден даралап тұратын психикалық ерекшеліктері. Әр баланың индивидумдық ерекшеліктерін тәрбиеші сол баламен жеке жұмыс жүргізу үшін міндетті түрде білуі қажет.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ (Индивидуальность) – 1) жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшілігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Ж.т. темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцепивтік процестер мен зият санасында , қажеттіліктеррі мен қаблеттерінеде көрінеді.

ЖЕТІСТІК МОТИВАЦИЯСЫ (Мотивация достижения) – адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі. Жетістік мотивациясының негізгі түрлері ата – ана ықпалымен балада 3 – 13 жас аралығында қалыптасады. Ж.м. баланың кездескен қиындықты жеңуіне жәрдемдеседі. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИПІ – жүйке жүйесінің комплекті түрдегі тұрақты қызметінің сипаттары мен қасиеттерін білдіреді. Ондай қасиеттер адамның әлеуметтік ортада атқаратын жұмысы мен іс- әрекетіне байланысты жаңа сапаларға ие болады. Жоғары жүйке қызметінің типтері мен сипаттары адам мінезінің физиологиялық негізі болып табылады.

ИНСТИНКТ (соқыр сезім) –1. Организмде туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы. 2. Туа пайда болатын импульстардың әсерлерге жауабы, қимыл- қозғалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі.

ИНТЕРИОРИЗАЦИЯ, ЭКСТЕРИОРИЗАЦИЯ – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалдық факторларға, ал адамның ішкі ақыл –ой әрекетінің сыртқы іс -әрекеттерге айналуы.



ИНТРОВЕРТ ПЕН ЭКСТРАВЕРТ – Кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері – интроверттер делінеді. Ал өзге бір адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отырады. Бұлар экстраверттер.

ИНТРОСПЕКЦИЯ (лат.introspectare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. И. психиканы толық зерттеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалық іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. И. ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен де түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарын тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалық өміріңді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырата білу керек.

ҚАЖЕТТІЛІК – адам мен хайуанаттардың өмір сүруі мен тіршілік етуі қажеттілікті қанағаттандырудағы белсенді іс - әрекеті мен қимыл – қозғалыс жасауына байланысты. Бұл – организмнің ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

ҚОЗҒЫШТЫҚ - әсерленгіштік. Сезімнің тез тозып, тез әсерленуі.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘЖІРИБЕ – адам баласының тарихи дамуында материалдық заттар мен мәдени мұраларды жасап шығаруда қалыптасқан біліктері мен әдет – дағдылары жайындағы білім жүйесі

МІНЕЗ БІТІСТЕРІ (черты характера)- өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерекшеліктері. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Кісінің айналасына, басқа адамдарға қатынасын білдіретін жағымды мінез бітістеріне адамгершілік,қайырымдылық, адалдық,т. б.осы секілді жағымды мінездермен қатар, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық, т.б. ұнамсыз түрлері де кездеседі.

НИЕТ – қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттену және оған іштей ұмтылу. Ниеттің жүзеге асуы материалданған сипатта болады.

ПСИХИКА ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ – психиканың мән – жайы мен деңгейін, бағытын дамытуға ықпал етіп отыратын сыртқы және ішкі факторлар мен жағдайлардың жиынтығы.Мұндай жағдай адамның жеке басының дамып жетілуінде қажеттіліктерін қанағаттандыру мен нақты болмыстар арасындағы қайшылықтарды реттеу мәселесі болып табылады.

ПСИХОЛОГИЯ (грек. psyche-жан, logos-ілім)-тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым. Тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі психикалық процестер арқылы, актілер мен күйлер арқылы жүзеге асады; бұлар физиологиялық процестерден, актілер мен күйлерден сапалық тұрғыдан ерекше болғанымен, олардан бөлінуге келмейді.

ПРОБЛЕМАЛЫҚ СИТУАЦИЯ – күнделікті өмірде және арнайы тәжірибелік зерттеуде белгілі бір түйінді мәселені шешуде адамның ақыл – ой белсенділігі талап етілетін жағдай. Ал тәжірибе арқылы сыналған жәндіктер мен хайуанаттар белгілі бір жәйтке бейімделіп, оның шешімін табуға әрекеттенеді.Мысалы, маймыл іліп қойған алманы құрал қолданып жейді.

РЕФЛЕКСОЛОГИЯ – орыс ғалымы В. М. Бехтеров (1857-1927) негіздеген механикалық бағыт. Рефлексология адам психикасының әрекетін сыртқы ортаның жүйке жүйесіне әсер етіп, оған тітіркенуі деп санады да, психика мен сананы зерттеуден бас тартты.

САНА – психиканың тек адамға тән ең жоғары сатысы, объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі. Болмыс пен шындықтың бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеу арқылы бейленеп, оның мән – жайын танып біледі.

САНА МЕН ІС - ӘРЕКЕТТІҢ БІРЛІГІ. Сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстамын ғылыми психологияның философичлық және мнтодологиялық іргетасын қалайды.

СЕМАНТИКА – сөздер мен сөйлеудегі айтылған атаулардың мағынасын білдіретін термин. Ғылымда бұл атау семантика, семасиология деп те атала береді.

СӨЗДІК – МАҒЫНАЛЫҚ ОЙЛАУ – ойлау әрекетінің ерекше бір түрі. Сөздік – мағыналақ ойлауда белгілі ұғым – түсініктер түрлі ой әрекеттері арқылы анықталып, жүйеге түседі. Мұндай ой әрекеті заттар мен тікелей сөзімдік таным тәжірибелеріне негізделмейді. Ондай шындығы мен ақиқаттығы ақыл – ой талқысы арқылы анықталады.

СТИМУЛ – қозғаушы, жандандырушы әсер. Тітіркендіргіштердің тікелей таным мүшелеріне (рецепторларға)әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі органдарда қыздыры тудыратын әсер. Оның қуаты әр алуан тітіркенулер тудырады.

ТЕМПЕРАМЕНТ – жоғары жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Темперамент адам мінезінің табиғи негізін анықтнйды. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, тендегіне (қозу мен тежелу) және ауысу ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрттүрі сипатталады. Олар: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик. Темпераменттердің түрлері жоғары жүйке қызметінің типтеріне негізделгенімен, олар адамның тіршілік бейнесі мен әлеуметтік жағдайына орай өзгеріп, жана қасиет – сипаттарға ие болады. Темпераменттік ерекшкліктері адамда туа пайда болатын қасиет, ал мінезқұлық сипаттары өмірде жүре тұра қалаптасады. Психологиядағы темперамент жайлы ғылыми көзқарастар әр түрлі. Дегенмен, темпераменттердіңтабиғи – ғылыми негізі жоғары жүйке қызметінің типтері екенін ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен физиолог ғалым И. П. Павлов.

ТЕСТ- сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерешеліктері иен қабілетін, ақыл – ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Тест (сынақ) әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытлады. Қазіргі кезде тест әдісі кеңінен қолданып отыр.

ТОП- қоғамдағы адамдардың сипаттары мен ерекшеліктеріне қарай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірігуі.

ТОП ЖЕТЕКШІСІ- жолдастарымен құрбыластарына өзінің беделімен, іс - әрекетімен, мінез- құлқымен ықпал етіп отыратын адам.



ТІТІРКЕНГІШТІК - әсерленушілік, қозғыштық. Жүйке жүйесінің әр алуан сыртқы және ішкі әсерлерге тітіркенуі. Төменгі сатыдағы микроорганизмдердегі психиканың көрінісі – тітіркенгіштік . Тітіркенудің өте қарапайым түрі- тропизмдер. Тропизм – «бұрылу» деген сөз.

ТАХИСТОСКОП (грек.tachis-тез, жылдам, skoreo- қараймын)-қысқа уақытта көру стимулдарын көрсете алатын аспап. Тахистоскоптың механикалық түрін неміс психологы В.Вундт (1832-1920) жасады. Тахистоскоптың электронды түрі де бар. Проекциялы тахистоскоп арнайы диапроекторлармен жұмыс жасайды, оның каналдары ақпараттарды береді. Ес, қабылдау процестерін зерттеуде қолданылады.

ТЕСТІҢ СӘЙКЕСТІЛІГІ - тест сапасының негізгі критерийлерінің бірі. Т.с. проблемасы тестің талдап-белгіленуі мен іс жүзінде қолданылуы процесінде тұлғаның ден қойылып отырған қасиетінің біліну дәрежесі мен оны өлшеу әдісі арасындағы сәйкестістікті анықтау міндеті қойылған кезде туындайды. Тест неғұрлым жарамды болса, өзі соны өлшеу үшін жасалған қасиет онда неғұрлым анық білінеді

ТЕСТІЛЕУ-белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандарты өлшеу үшін қолданылады. Тестілеудің негізгі-негізгі үш саласы бар: а) білім беру- оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделенілуіне байланысты; ә) кәсіби даярлық және іріктеу- өңдірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және күрделіленуіне байланысты; б) психологиялық консультация-социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты. Т. индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т. б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді.

ҰҒЫМ- заттармен құбылыстардың мәнді белгілерімен ерекшеліктерін бейнелейтін ойлау формасы. Кез – келген ұғымның мазмұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғымдермен түрліше байланыста болады. Ұғым дерексіз ойлау нәтижесі арқылы жасалып , оның мазмұны мен көлемі анықталады.

ҰЖЫМ – қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым – қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істерімен мақсат мүддесінің бірыңғай болуында.

ҮЙЛЕСІМ, СЫЙЫМДЫЛЫҚ- әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқына саналы түрде беймделіп көнгенін көрсетуі.

ФЕХНЕР ЗАҢЫ (закон Фехнера)- физикалық стимулдың қарқындылығы геометриялық прогрессияда артса, психологиялық түйсік арифметикалық прогрессияда күшейеді. Бұл заңды ХIХ ғ. Неміс психологы Г.Т.Фехнер (1801-1887)ашты және неміс физиологы Э. Вебердің (1795-1878) еңбектеріне негізделді

ФРЕЙДИЗМ – бұл ағым Австрия ғалымы З.Фрейдтің есімімен байланысты. Фрейдизм ХХ ғасырда психологияда кең таралған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша адам мінез – құлқының қоғғаушы күшімен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады. Мұндай еліктеу мен сезім әрекеті санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады.Бұл адам тірішілігіндегі биологиялық процесс болса , ал психиканың дамуымен оны басқару әлеуметтік фактормен де айқындалатыны ескерілмейді.

ЭГОЦЕНТРЛІК СӨЙЛЕУ- сөйлеудің бұл түрін психологияда баланың автономды (өзіндік) сөйлеуі деп атайды. Эгоцентрлік сөйлеуді дауыстап сөйлеу әрекетінің үнсіз (іштей) сөйлеуге ауысу жолындағы өтпелі көпірі деп санауға болады.

ЭМПАТИЯ- өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі – идентификация. Бұл- адамның өзге адамның психикалық жай - күйін өз басына кешіргендей халде болуы.

ЭКСПЕРИМЕНТ (лат.experimentum-тәжірибе, сынау)- 1)ғылыми мәнде жасалған тәжірибе;2) тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«БЕКІТЕМІН»

Қашықтықтан оқыту

факультетінің деканы п.ғ.к.

_____ Мусатаева И.С.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Жалпы психология пәні бойынша
5В010300 «Педагогика және психология» мамандығы

Факультет: Психология-педагогика

Кафедра: Психология

Курс: 1


Семестр: 1,2

Кредит: 6 кредит

Дәріс: 24

Тәжірибелік: 12 сағат

ОСӨЖ: 24 сағат

СӨЖ: 210 сағат

Барлық сағат: 270

Бақылау формасы: емтихан

Семей қаласы-2010 жыл.

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың мемлекеттік стандарты негізінде құрастырылған.

ҚР МЖМБС 3.08.253-2009

Құрастырған : психология кафедрасының

аға оқытушысы _________ Игманова Р.Т.
Кафедра отырысында бекітілді:

Хаттама № 1 03.09.2010


Психология кафедрасының

меңгерушісі, психол.ғ.к. _____________ Г.К.Джумажанова

Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітілді:

Хаттама № 1 08.09.2010


Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы: ___________ Р.Т.Рахметова

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Жалпы психология пәніне кіріспе 2с.

Жалпы психология пәні. Жалпы психологияның әдіснамалық негіздері. Жалпы психологияның принциптері. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. Психология психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым. Психологиялық білімдердің өздеріне тән ерекшеліктер. Психикалық бейнелеу обьективті дүниенің субьективті бейнесі ретінде. Психикалық бейнелеу ерекшеліктері. Психиканың негізгі атқаратын қызметі. Психикалық құбылыстардың топтастырылуы: психикалық процес, психикалық қасиет, психикалық кейіп.


Жалпы ғылыми қоғамдық және жаратылыстану пәні ретінде 3с.

Психология жаратылыстану және гуманитарлық пән ретінде. Психологияның пәнаралық байланысы. Психологияның пәні жайлы түсініктердің дамуның негізгі кезеңдері. Психологияның философия аясында дамуы. Антика және орта ғасыр философтарының жан және сана туралы көзқарастары. Идеалистік және материалистік бағыттар. Психологиялық әдістердің дамуы. Психикалық құбылыстарды зерттеудің обьективті әдістері. Психологияның дамуындағы ғылыми кезең. Ресейде психологияның дамуы. Психология ғылымының Қазақстанда дамуы. Отандық және шетелдік психология. Психология ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы.


Дүниежүзілік психологиялық теориялар табиғи психиканың дамуы туралы түсінік 2с.

Психология тарихындағы психиканың критерилері. Психикадағы обьективті және субьективті әдістер. Сезгіштік түсінігі психиканың қарапайым формасы ретінде. Адамды биологиялық түр ретінде бағытты зерттеуге байланысты К.Линнейдің еңбектері. Мінез-құлықтың рефлекторлық сипаты. Р.Декарттың еңбектеріндегі рефлекс туралы идеялар. И.М.Сеченовтың, Ч.Шерингтонның, И.П.Павловтың, П.К.Анохинның, Н.А.Бернштейннің еңбектеріндегі рефлекторлық теорияның дамуы. Тірі және өлі табиғаттағы бейнелеу формалары. Сезімталдық психиканың қарапайым формасы ретінде. Туа берілетін және жекелей әрекет-қылық. Жануарлар дүниесінде кездесетін тропизм, инстинкт, дағды және ақыл-ой әрекет-қылықтары.


Адам психикасының дамуы және қалыптасуы 3с.

Адам психикасының дамуы және қалыптасуы. Психиканың атқаратын қызметтері. Адамдағы бейнелеу деңгейлері. Сана объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы деңгейі ретінде.Сананың пайда болуының алғы шарттары.Адам санасы. Адам санасының қалыптасуы мен дамуындағы еңбетің ролі. Сананың тарихи сипаты.


Табиғи психиканың қоғамдық-тарихы 2с.

Жоғарғы психикалық функциялардың дамуы. Жоғарғы психикалық функциялардың әлеуметтік, жанамаланған ерікті сипатын. Мидың психофизиологиялық қызметтері. Психика және мидың байланысы. Адамның жоғары жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі. Жүйке клеткасының құрылысы. Талдағыштар, оның құрылымы. Мидың анализдік-синтездік қызметі. Ми және психиканың байланысы. И.М.Сеченов және И.П.Павловтың психиканың шартты-рефлекторлы сипаттамасы.


Адамның тануы және пікірлесуінде субьект ретінде қалыптасуына психологиялық талдау 2с.

Жеке адам туралы түсінік. Тұлға құрылымы. Тұлғаның белсенділігі және бағыттылығы. Тұлғаның дамуы және қалыптасуы. Тұлғаның әлеуметтенуі. Өмір барысында жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін факторлар. Қарым-қатынас ұғымы. Қарым-қатынас және іс-әрекет. Қарым-қатынастың мақсаты, құралдары, түрлері және олардың сипаттамасы. Қарым-қатынастың перцептивті, коммуникативті және интерактивті жағы. Тұлға және қарым-қатынас. Адамның дамуындағы еңбектің алатын орны. Жеке адамның қалыптасуындағы қарым-қатынастың рөлі.



Психологиялық қызметке талдау 3с.

Іс-әрекет туралы түсінік. Іс-әрекеттің мақсаты. Іс-әрекеттің заттылығы. Ресей ғалымдарының еңбектеріндегі іс-әрекет теориясының зерттелуі және дамуы. Іс-әрекет психологиялық теориясының негізгі принциптері.Іс-әрекеттің құрылымы. Әрекет, мотив, мақсат. Әрекетті басқару және бақылау. Әрекетті орындау тәсілдері. Психомоторика туралы жалпы түсінік. И.М.Сеченов әрекет физиологиясы туралы. Әрекеттің рефлекторлы концепциясы. Сенсомоторлық процестердің түрлері. Идеомоторлық процестер және сенсоречевті реакциялар. Әрекет үйымдастыруының механизмдері. Н.А. Бернштейн және оның физиологиялық әрекет теориясы.Әрекеттегі интериоризация және экстериоризация. Дағды, іскерлік. Дағдының қалыптасуы және автоматтануы. Іс-әрекет түрлері.


Іс -әрекет субьектісі: мотивация психологиясы, эмоциялар, тұлғалар 4с.

Тұлғаның мотивациялық аймағы Мотив және мотивация. Эмоция және сезім, олардың өзара байланыстылығы. Эмоцияның атқаратын қызметтері, физиологиялық негізі. В.Вундтың сезімдердің үш өлшемді концепциясы. Ч.Дарвинның эмоцияның көрінуі туралы түсінік. Джемс-Ланге теориясы. Эмоцияның физиологиялық теориялары. Адамның көңіл-күйінің негізгі формалары. Жағымды және жағымсыз, стеникалық және астеникалық эмоционалды күйлер. Адам сезімдерінің топтастырылуы. Жоғары сезімдер туралы түсінік. Тұлға барлық психикалық құбылыстардың интеграторы. Тұлға, индивид, субьект, және даралық туралы жалпы түсінік.


Іс-әрекет субьектісінің жеке-психологиялық және мінез-құлық ерекшеліктері 3с.

Жеке тұлғаның биологиялық негізі. Темперамент туралы түсінік. Темперамент және жоғары жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері. Темпераменттің қасиеттері. Мінез туралы түсінік. Мінез-құлық туралы түсінік. Мінез- тұрақты мінез бітістерінің жүйесі. Мінез бітістерінің негізгі топтары. Қабілет туралы жалпы түсінік. Қабілет және нышан. Нышан қабілетті дамытудың әлеуметтік және табиғи негізделген алғышарты. Қабілет түрлері. Еріктің жалпы сипаты. Ерік, оның адам өміріндегі, іс-әрекетін ұйымдастырудағы және қарым-қатынасындағы маңызы. Әрекетті еріктік реттеу. Ерік амалдарының кезеңдері.


Жеке тұлғаның психологиялық мәселелері 3с.

Тұлға түсінігі. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық. Тұлға құрылымы. Тұлға құрылымынң негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік рольдер, мотивтер, бағыттылық, мінезі.Тұлғаның белсенділігі және бағыттылығы. Тұлғаның дамуы және қалыптасуы. Тұлғаның әлеуметтенуі. Өмір барысында жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін факторлар. Тұлға типологиясы. Тұлға құрылымныдағы факторлық бағыт (Р.Кеттел, Н.Айзенк, Дж.Гилфорд). А.Ф.Лазурский концепциясындағы тұлға құрылы. В.И.Мясищевтің, Б.Г.Ананьевтің, С.Л.Рубинштейннің конепцияларындағы қатынас туралы көзқарастың өңделуі.


Қазіргі психологияда жеке тұлға ұғымының көп мағыналылығы 3с.

Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері. Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері. Тұлға теориялары. Жеке тұлғаның психологиялық және әлеуметтік трактовкаға қатынасы. Отандық психологтар зерттеулеріндегі жеке тұлға мәселелері. (Р.С.Немов бойынша тұлға теорияларын зерттеу). ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы жеке тұлға мәселесінің даму психологиясы. Жеке тұлғаның шетелдік теориялары (психоаналитикалық бағыт, психодинамикалық бағыт, когнитивті, диспозициялық бағыт, мінез-құлық теориясы).


Субьект тану: тану үдерісінің психологиясы. Түйсік 4с.

Танымдық үрдістер психологиясы. Түйсік. Түйсік туралы түсінік және оның қызметі. Түйсіктің негізгі қасиеттері және оның сипаттамасы. Талдағыштар және оның құрылымы (И.П.Павлов). Адамның сенсорлы сферасының жүйелі ұйымдасуы.


Түйсіктің қасиеттері және сипаттары 2с.

Түйсіктерді топтастырудың негізгі принциптері. В.Вундтың энергетикалық жіктеуі. Ч.Шерингтон бойынша рецепторлардың жіктелуі. Х.Хед бойынша сенсорлық процестердің эволюциялық жіктелуі. Сезімталдық, сезімталдық табалдырықтары. Түйсіктің заңдылықтары. Синестезия, сенсибилизация, адаптация, түйсіктердің өзара байланысы.


Қабылдау 2с.

Түйсік және қабылдау процестерінің адамның сенсорлы-перцептивті іс-әрекетінде өзара байланыстылығы. П.К.Анохин бойынша қабылдаудың физиологиялық негізі. И.П:Павлов, И.М.Сеченов қабылдаудың рефлекторы негізі. Қабылдау психикалық іс-әрекеттің ерекше формасы ретінде.


Қабылдаудың қасиеттері және түрлері 2с.

Қабылдаудың заттылығы. Қабылдаудың негізгі қасиетері. Апперцепция құбылысы. Қабылдаудағы жекелей ерекшеліктер. Қабылдаудың формалары.


Елес туралы түсінік 2с.

Елестің негізгі сипаттамасы. Елес нақты қазіргі уақыттағы қабылданбайтын заттар немесе құбылыстардың психикалық бейнесі ретінде. Елестің түрлері, олардың сипаттамалары. Елестің негізгі атқаратын қызметтері.


Ес туралы жалпы түсінік 2с.

Ес психикалық процесс ретінде. Естің адам өміріндегі маңызы. Ассоциация туралы түсінік. Аристотель еңбектері. Естің физиологиялық негізі. Естің физиологиялық теориясы. Ес туралы теориялар (гештальтпсихологиядағы ес мәселесі, естің биохимиялық теориясы, П.Жане мен Л.С.Выготскийдің зерттеулеріндегі естің жоғары формаларының қалыптасту мәселесі). Ес түрлерінің топтастырылуы.


Ес процестері және механизмдері 2с.

Есте сақтау мнемикалық әрекет ретінде. Есте сақтау түрлері. Есте сақтауда жаттығудың ролі. Қайта жаңғырту, тану, ұмыту және олардың байланысы мен айырмашылықтары. Ұмыту динамикалық үрдіс ретінде. Эббингауздың ұмыту заңдылығы.


Ойлау туралы жалпы түсінік 4с.

Ойлау туралы түсінік. Ойлау және таным. Ойлау психологиясы жайлы түсініктер, ойлау теориялары. Вюрцбург мектебінің заңдылықтары. О.Зельцтің «Комплекстер теориясы», гештальтпсихологиядағы ойлау жайлы түсініктер. Ойлау психологиясына психоаналитикалық ықпал. Ойлаудың ассоциативті теориясы. Ойлау жайлы бихевиоризм зерттеулері, когнтивті психологияда ойлауды зерттеу. Қазіргі психологияда ойлауды зерттеудің негізгі бағыттары. Ойлау тәсілдері. Талдау және біріктіру ойлаудың негізгі тәсілдері ретінде. Талдау және біріктірудің басқада ойлау тәсілдерімен өзара байланыстылығы. Абстракция және нақтылау. Жалпылау, оның түрлері.


Ойлаудың түрлері 2с.

Ойлаудың негізгі түрлері және оларды топтастыру негіздері. Гештальтпсихологтар, психоанализде ойлау мәселесі. Ұғым. Дара және жалпы ұғым. Ұғымның қалыптасу кезеңдері. Ұғымның негізгі сипаттамалары және түрлері. Пікір. Ой қорытындысы- ойлаудың жоғарғы формасы. Индукция және дедукция ой қорытындысының формалары ретінде.



Қиял туралы түсінік 4с.

Қиялдың психикалық іс-әрекетте атқаратын ролі. Қиял туралы түсінік, оның түрлері. Қиялдың атқаратын қызметі. Қиялдың жасалу жолдары. Қиял және шығармашылық. Шығармашылық туралы жалпы түсінік. Шығармашылық үшін қиялдың маңызы. Т.Рибоның концепциясы. Г.Уоллес бойынша және Г.С.Альтшулердің шығармашылық міндеттердің деңгейлері.


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет