ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет3/6
Дата05.11.2016
өлшемі0,99 Mb.
#1074
1   2   3   4   5   6

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996

2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993

3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975

4. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

5. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000



19 дәріс тақырыбы: XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. Структуралық тіл білімі.
1. Структуралық тіл біліміне сипаттама

2. Структуралық тіл білімінің негізін салушылар

20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі – структуралық тіл білімі деп аталатын бағыт.Бұл мектеп салыстырмалы – тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты.

Структуралық тіл білімінің немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі – сыртқы себептері бар.Ең негізгісі 20 ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт.19 ғасыр ғылымының негізгі сипаты тәжірибе арқылы бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, 20 ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнін, ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған нысанның құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердің арақатынасын, бір – бірімен байланысын, бір – біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады.

Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада).Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады.

Прага мектебі. Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан.Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В.Матезиус (1882-1945). Үйірме құрамында Б.Гавранек, Б.Трнка, В.Скаличка, орыс эмигранттары С.Карцевский, Р.Якобсон, Н.Трубецкой, т.б. болған.

Тілдік элементтердің қызметін бірінші орынға қоятындықтарына қарап, бұл мектепті Прагалық функционалды лингвистика деп те атайды.

Функционалдық лингвистика өкілдерінің әрқайсысы әр түрлі проблемамен айналысты.

Копенгаген структуралық мектебі. Бұл мектеп өкілдері өздерін компаративистикалық бағыттығылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі негізінде глоссематиктер деп атады. Глоссемантикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл ғалымы профессар Луи Ельмслев (1899-1965). Бұл мектептің теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек – Ельмслевтің 1928 жылы жарияланған «Жалпы грамматиканың негіздері» атты кітабы. Глоссематиктер 1933 жылдан бастап Прага мектебімен бірлесіп, «Тіл білімі жөніндегі еңбектер» атты журнал шығарып тұрған. Журнал структуалистердің халықаралық органы деп жарияланды.

Бақылау сұрақтары:

1. XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептерінің өкілдері кімдер?

2. Структуралық тіл білімінің негізін салушылар кімдер?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975

2. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ – ХХ в в очерках и извлечениях. М. 1960,1965.

3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.


20 дәріс тақырыбы: Дескриптік мектептің қалыптасуы. Металингвистиканың зерттеу нысаны.
1.Дескриптік мектептің қалыптасуы

2.Металингвистиканың зерттеу нысаны


Дескриптивтік мектеп 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949). Бұл структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған рөлі мен ұстанған принциптері бір емес. Сондықтан бұл екеуі қазіргі АҚШ тіл біліміндегі – этнографиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері болып саналады.

Дескриптивистер тіл – ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі.

Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, металингвистика, фонетика, паралингвистика (интонация, ымдау-нұсқау сияқтыларды зерттейді) деп аталатын салаларды қамтиды.

Микролингвистика сөздік сигналдарды сипаттайды, бірақ оны сипаттағанда металингвистикалық жайттарға, яғни сыртқы өмірмен байланысқа, тарих мәселелеріне, тілдің семантикалық жинағына көңіл аудармайды, оның материалдық жағын ғана зерттейді.Этнографиялық лингвистика. Лингвистика тарихында тіл мәселелерін сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен байланыстыра зерттеушілік те болды. Бұл жөніндегі алғашқы пікір 18ғасырдың соңғы жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Бердердің (1744-1803) поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде Гумбольдт еңбектерінде кездеседі. Бірақ тіл мәселелерін мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оны тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау 20ғасырдың 20-30-жылдарында белең алды. Қазіргі тіл білімінде осы негізде туып қалыптасқан екі бағыт бар: оның бірі – Америкада, екіншісі – Германияда.

Бақылау сұрақтары:


  1. Микролингвистиканың зерттеу нысанына не жатады?

  2. Дескриптік мектеп қалай қалыптасты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975

2. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

3. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

4. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.

21дәріс тақырыбы: В.Фон Гумбольдттың лингвистикалық көзқарастары
1. Гумбольдтің тіл біліміне қосқан үлесі

2. Гумбольдтің еңбектері

Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.

Бақылау сұрақтары:

1.Гумбольдтің тіл біліміне қосқан үлесі

2.Гумбольдтің еңбектерін атаңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975

2. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

3. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

4. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.
22 дәріс тақырыбы: Кеңестік тіл білімі
1. Кеңестік тіл білімі ең басты міндеттерінің бірі.

2. 20-30 жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар.

3. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі.
Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі – маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі – үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы – салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.

Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді. Марр тіл туралы жаңа ілімді яфет тілдерін жан-жақты зерттеу, оның басқа семьядағы тілдермен қатынасын айқындау негізінде ғана қалыптастыруға болады деп санады.Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық органы «Правда» газеті 1950 жылы Кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс ұйымдастырды.



Бақылау сұрақтары:

1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?

2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин. «История лингвистических учении» М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974


23дәріс тақырыбы: Түркі тілдері туралы ғылым
1.Түркі тілдері туралы мәліметтер

2. Түркітану-түркі тілдерінің тарихын қарастыратын ғылым


Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:

  1. Алтай дәуірі

  2. Ғұн дәуірі

  3. Көне түрік дәуірі

  4. Орта түрік дәуірі немесе негізгі қалыптасу кезеңі

  5. Ең жаңа дәуір

Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады:

  1. ) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл – көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі;

  2. ) Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі.

Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен.

Бақылау сұрақтары:

1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?

2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин. «История лингвистических учении» М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

4. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

5. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

6. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.
24 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің әдістері және олардың түрлері. Тіл біліміндегі талдау тәсілдері
1. Тіл білімінің әдістері және олардың түрлері.

2. Тіл біліміндегі талдау тәсілдері

Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт – бағдарына қарай жіктеушілік бар.Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы – тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б.жатады.

Салыстырмалы – тарихи тіл білімі – шығу тегі жағынан бір – біріне жақын тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Типологиялық тіл білімі – тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған.

Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2 – жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған.

Структуралық тіл білімі – тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде (нақты ғылымдарға жақындығын) зерттейтін тіл білімінің саласы.

Психологиялық тіл білімі – сөйлеу процесінің қалай іске асатыны, адам психикасындағы қабылдау, түйсік, байымдаумен сөйлеудің байланысын, оның тіл жүйесіне қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Этникалық тіл білімі. Этнолингвистикагрекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.

Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт, 19-20 ғасырлар аралығында пайда болған.

Эстетикалық бағыт - тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт.

Синхрониялық тіл білімі – тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын сипаттап зерттейтін тіл білімі.Оны сипаттама тіл білімі, нормативті тіл білімі деп те атайды.

Диахрониялық тіл білімі – тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі.Оны тарихи тіл білімі деп те атайды.

Дескриптивтік тіл білімі – Америка үндістерінің тілін зерттеуге байланысты америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50- жылдарында пайда болған тіл білімі.

Математикалық тіл білімі – табиғи және кейбір жасанды тілдердің құрылысын аппарат арқылы формалды түрде зерттеп сипаттайтын тіл білімі.

Қолданбалы тіл білімі – тілді практикалық талаптарға сәйкестендіріп қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын тіл білімінің саласы.Ол ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың орта кезінен белгілі болды.

Функционалдық тіл білімі – структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы.

Паралингвистика - (грекше рara – жанында, қасында) – сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені, интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы.

Бұл салалар жеке тілдер туралы ғылымның да, жалпы тіл білімінің де қарауына жатады.Әрине, әрқайсысында әр түрлі көлемде сөз етіледі.



Бақылау сұрақтары:

1. Интралингвистика деген не?

2. Экстралигвистика деген не?

4. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт – бағдарына қарай қандайжіктеушілік бар?

5. Салыстырмалы – тарихи тіл білімі.Типологиялық тіл білімі

6. Ареалдық тіл білімі. Структуралық тіл білімі. Психологиялық тіл білімі.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

2. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

25 дәріс тақырыбы: Тіл мен ойлау. Психолингвистика
1. Тіл мен ойлау мәселесінің психолингвистикада қарастырылуы

2. Психолингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері



Психолингвистика - өз объектісін, міндеті мен мақсатын жан-жақты және дәл айқындай қоймаған жас ғылым. «Таза» лингвистика әдістері жеткіліксіз болған жағдайда психолингвистика өзінің практикалық міндеттерін шешеді. Соңғы 60 жылда “дәстүрлі” лингвистикада психолингвистикалық мәселелерге қызығушылық өсе түсті.”Тіл мен сана”, “тіл мен ойлау” олардың ара қатысы, сонымен бірге психология мен лингвистика аспектілерін түсіну және сөйлеу әрекетін қарастыру мәселелері психолингвистикалық зерттеулер жүйесінде тілшілердің қызушылығын тудырды әрі өте жағымды рөл атқара бастады.

Осындай теориялық ойлау қатарында практикалық міндеттерді шешуде, оның ішінде ең алдымен мәтін, сөйлем, сөздерді талдауда оларға таза тілдік тұрғыда келу жеткіліксіз болды. Тілдің қызмет етуі, оны пайдалану мен қабылдау тек лингвистердің ғана емес, сонымен қатар психологтар мен философтардың да назарын аудара бастады.



Бақылау сұрақтары:

1. Психолингвистика нені зерттейді?

2. Психолингвистиканың зерттеу нысанына не жатады?

3. Психолингвистика ғылымы қашан қалыптасты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Белянин В.П. Введение в психолингвистику. – Москва: Черо, 2000. – 228 с.

2. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.



26 дәріс тақырыбы: Тіл мен мәдениет. Этнолингвистика.
1. Тіл мен мәдениетті зерттейтін пәндер

2. Этнолингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері
Тіл мен мәдениетті зерттейтін пәндердің қатарына «лингвоелтану», «лингвоөлкетану», «лингвогмәдениеттану», «этнолингвистика», «этномәдениеттану» т.б. жатады. Аталған пәндердің зерттеу нысаны ортақ болып қоймай, кей жағдайда олардың зерттеу әдіс-тәсілдері , кейбір теориялық принциптері мен негіздері ұқсас болып келеді. Жалпы тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми үлгілері: этнолингвистиканың, этномәдениеттанудың, елтанудың, лингвомәдениеттанудың пән ретіндегі жалпы және ұқсас мақсаттары мен міндеттері – ұлт тілі арқылы ұлтты тану, ойлау жүйесінің ерекшеліктерін анықтау, қысқаша айтқанда, ұлттық менталитетті айқындау, басқалардың айырмашылығын көрсету  Этнолингвистика - жалпы ғылымға тән диференция процесінің тіл біліміндегі бір көрініс іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстралингвистика, психолингвистика, паралингвистика, статлингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, оның салт-дәстүріне, ата-бабаларының тағылымына, қоршаған табиғи ортасына, сондай-ақ этнос өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық (материалдық) мәдениеттің қыр-сырына да ерекше мән беріп келеді. Бірақ осыған қарап, этнолингвистиканы этнографизмдердің немесе тіл мен этнография фактілерінің жай қосындысы деп қарауға болмайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Этнолингвистика нені зерттейді?

2. Психолингвистиканың зерттеу нысанына не жатады?

3. Психолингвистика ғылымы қашан қалыптасты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы, 1998.

2. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.



27 дәріс тақырыбы: Тіл және қоғам. Әлеуметтік лингвистика. Тілдердің дамуы
1. Тіл және қоғам мәселесінің әлеуметтік лингвистика үшін маңызы.

2. Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері

Әлеуметтік лингвистика үшін аса қажетті мәселелердің қатарында тілдің (тілдердің) өмір сұру формасынан туатын тілдік жағдайлар, тіл мен мәдениеттің байланысы, тіл саясаты тағы басқа жатады. Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш көніл аударған 19 ғасырда П. Лафарг, А. Мейе, А. Соммерфельт, 20 ғасырда Прага  мектебі қалыптаса бастады. Әлеуметтік зерттеулердің негізгі 20 ғасыр 20—30 жылдарында салынған (Л. П. Якубинский, В. В. Виноградов, Б. А. Ларин, В. М. Жирмунский, Е. Д. Поливанов тағы басқа). 60—70 жылдары тіл саясаты мен онын практикалық мәселелерін қазіргі қоғам талабына сай шешудің өзектілігіне, қоғамдық құбылыс ретінде тіл табиғатың теренірек зерттеу мақсатына байланысты тілдің әлеуметтік мәселелеріне қызығушылық артты.

Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысанына не жатады?

2. Психолингвистика ғылымы қашан қалыптасты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Белл Р.Т. Социолингвистика. Цели, методы и проблемы, пер. с англ. М., 1980.

2. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.


28 дәріс тақырыбы: Тіл және таным. Когнитивтік лингвистика
1. Тіл және таным мәселесінің когнитивтік лингвистикада қарастырылуы

2. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері



Қaзipгi тіл білімінде тілдің коммуникативтік кызметінің семасиологиялық, прагматикалық, функционалдьқ, когнитивтік, психолингвистикальқ жақтарын кешенді зерттеу қолға алынуда. XXI ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді «өз-өзінде және өзi үшін» (в самом себе и для себя) зерттеу жеткіліксіз болып, оны ой-санамен, мәдениетпен және адамньң Тұрмыс-тәжірибелік қызметімен тығыз байланыста карастыру кажеттігі туындады. Ғасыр тоғысында нeriзi қаланған тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мақсаты - тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өpiciн кеңейту; санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, логикальқ-позитивті және эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарын тіл арқылы іздеп айқындау. Тіл арқылы көpiніc тапқан санадағы дүниелер бейнесін анықтау, тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеу қазіргі кезде әлемдегі тіл біліміндегі бағыт.

Бақылау сұрақтары:

1. Когнитивтік лингвистика нені зерттейді?

2. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысанына не жатады?

3. Психолингвистика ғылымы қашан қалыптасты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

2. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

4.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: Ғылым, 2007. – 388 б.

5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.



29 дәріс тақырыбы: Қолданбалы лингвистика
1. Қолданбалы тіл білімі туралы жалпы мәліметтер

2.Қолданбалы тіл білімінің салалары

Тілдің қолданбалы аясы бұрыннан да өзінің кең және жан-жақтылығымен ерекшеленетін.

Басқа ғылымдар сияқты тіл білімінде де екі бағыт бар: іргелі (фундаменталды) тіл білімі және қолданбалы тіл білімі. Іргелі тіл білімі тіл туралы, оның субстанциялық, функционалдық және прагматикалық қасиеттері туралы ғылым. Ал қолданбалы тіл білімі тілдің қолданылуындағы практикалық мәселелерді шешумен айналысады. Бұл іргелі ғылымдардың шеңберінен асып, адамдардың тіршілік әрекетімен тікелей байланысты. Ол дегеніміз жазу, оны қайту өзгерту, соқыр адамдарға стенография және жазу жүйесін жасау, ғылыми терминологияны стандарттау, машинамен аудару және жай аудару ережелерін жасау, жасанды тілдер (эсперанто, идо) т.с.с. Іргелі ғылым мен қолданбалы ғылым бір-бірімен байланысты және олардың арасында елеулі айрмашылықтар да бар. Іргелі ғылым – ол үнемі пікірталас, дискуссия, теориялық мәселелерді дәлелдеу, ал қолданбалы ғылым – ол ғалымдардың көпшілігімен қабылданған, іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйеніп практикалық мәселелерді шешеді.

(Қолданбалы тіл білімі жөнінде қараңыз: Жұбанов А. Қолданбалы тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 640б.)

Бақылау сұрақтары:

1.Қолданбалы тіл білімі нені зерттейді?

2.Қолданбалы тіл білімі қандай салалардан тұрады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996

2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993

3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975

4.Жұбанов А. Қолданбалы тіл білімінің мәселелері.А., 2008

30 дәріс тақырыбы: Тіл теориясы. Жалпы тіл білімінің қазіргі жағдайы
1. Тіл теориясы

2.Жалпы тіл білімінің қазіргі жағдайы

Тілдік құрылыстардың көпшілігі, әдетте, қоғам дамуымен, қоғамның рухани өмірінің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан тіл тарихын зерттеуші ғалым сол тілдің иесі болып табылатын қауым тарихын ескерусіз қалдыра алмайды. Оның үстіне, тілдің әрбір тарихи дәуірдегі күйін білдіретін жазба нұсқа да бола бермейді. Мұндай жағдайда тілдің өткен кезеңдерінен сақталған белгілі фактілерді бір-бірімен салыстыра отырып, белгісіз кезеңдердегі тілдік жүйенің, тілдік элементтердің сипаты туралы ғылыми болжамдар жасауға да тура келеді. Бұл ретте археология, этнография, тарих ғылымдары ашқан фактілердің тигізетін пайдасы да аз болмайды. Осыған байланысты тіл тарихшысы бұл ғылымдардан да хабардар болуы шарт. Бұл жағдайлар тарихи әдіс бойынша жұмыс істеудің қиын да күрделі екендігін байқатады. Солай болғанымен, тарихи әдіс – тіл біліміне өте қажет және бірте-бірте жетіліп, толығып келе жатқан маңызды тәсіл.

Тіл фактілерін тарихи тұрғыдан алып зерттеу, білу ғылым үшін де, практика үшін де керек. Өйткені қандай құбылыстың, фактінің болса да, өткенін, тарихи даму жолдарын білмей тұрып, оның қазіргі күйін, сырын жете білу мүмкін емес.

Бұл айтылғандар тілдің және тілдік категориялардың тарихи даму жолдарын зерттеп білудің шешуші мәні барлығын байқатса керек.

Антропологиялық тіл білімін зерттеушілер «білім, концептуалдылық, концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік модель, вербалдылық, менталдылық, концепт, әлем бейнесі, концептілік өріс, ұлттық мәдени бірліктерді» когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары ретінде қарастырады. Аталған ұғымдардың адам санасындағы әрекеттері, тілдегі көрінісі, сол арқылы «әлемнің тілдік бейнесін» тануға мүмкіндік жасау қабілеті туралы мәселе бүгінгі таңда жалпы лингвистер алдында негізгі де өзекті проблемалар санатында тұрғандығын кейінгі зерттеулерден айқын көруге болады. Қазіргі тіл білімінде концептуалдылық таным процесіндегі білімнің нәтижесінен көрініс табуда. Бұл атауға байланысты Е.С.Кубрякова: «Концептуализация интерпретируется как «некоторый» «сквозной» для разных форм познания процесс структура знаний из неких минимальных концептуальных единиц»-деген болатын (2, 93).

"Адам және тіл" мәселесі соңғы уақытта мол өзектілікке ие болуда, өйткені тілді адекватты зерттеу ісі оның өз шеңберінен шығып, табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір сүретіндердің тобына жүгінгеңде ғана толық мүмкіңдікке ие болмақ, себебі, тіл адамды адам ететін айрықша белгі, ерекше нышан қасиетімен танылады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет