ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет5/6
Дата05.11.2016
өлшемі0,99 Mb.
#1074
1   2   3   4   5   6

Әдістемелік нұсқаулар: 20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі – структуралық тіл білімі деп аталатын бағыт.Бұл мектеп салыстырмалы – тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты. Структуралық тіл білімінің немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі – сыртқы себептері бар. Ең негізгісі 20 ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт.

Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада).Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады. Дескриптивтік мектеп 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949).

Дескриптивистер тіл – ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі.

Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, металингвистика, фонетика, паралингвистика (интонация, ымдау-нұсқау сияқтыларды зерттейді) деп аталатын салаларды қамтиды.



Бақылау сұрақтары:

1. XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептерінің өкілдері кімдер?

2. Структуралық тіл білімінің негізін салушылар кімдер?

3. Дескриптік мектеп қалай қалыптасты?

4. Металингвистика қалай қалыптасты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

3. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.


14 тақырыбы: Кеңестік тіл білімі.Тіл теориясы.
Мақсаты: Кеңестік тіл білімі жайлы толық мағлқмат беру, 20-30 жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар туралы, кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі жайлы айту.
Әдістемелік нұсқаулар: Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі – маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі – үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы – салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.

Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді.



Бақылау сұрақтары:

1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?

2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин. «История лингвистических учении» М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974


23дәріс тақырыбы: Түркі тілдері туралы ғылым
1.Түркі тілдері туралы мәліметтер

2. Түркітану-түркі тілдерінің тарихын қарастыратын ғылым


Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:

  1. Алтай дәуірі

  2. Ғұн дәуірі

  3. Көне түрік дәуірі

  4. Орта түрік дәуірі немесе негізгі қалыптасу кезеңі

  5. Ең жаңа дәуір

Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады:

  1. ) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл – көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі;

  2. ) Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі.

Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен.

Бақылау сұрақтары:

1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?

2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин. «История лингвистических учении» М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

4. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

5. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

6. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.
24 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің әдістері және олардың түрлері. Тіл біліміндегі талдау тәсілдері
1. Тіл білімінің әдістері және олардың түрлері.

2. Тіл біліміндегі талдау тәсілдері


Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт – бағдарына қарай жіктеушілік бар.Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы – тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б.жатады.

Салыстырмалы – тарихи тіл білімі – шығу тегі жағынан бір – біріне жақын тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Типологиялық тіл білімі – тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған.

Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2 – жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған.

Структуралық тіл білімі – тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде (нақты ғылымдарға жақындығын) зерттейтін тіл білімінің саласы.

Психологиялық тіл білімі – сөйлеу процесінің қалай іске асатыны, адам психикасындағы қабылдау, түйсік, байымдаумен сөйлеудің байланысын, оның тіл жүйесіне қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Этникалық тіл білімі. Этнолингвистикагрекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.

Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт, 19-20 ғасырлар аралығында пайда болған.

Эстетикалық бағыт - тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт.

Синхрониялық тіл білімі – тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын сипаттап зерттейтін тіл білімі.Оны сипаттама тіл білімі, нормативті тіл білімі деп те атайды.

Диахрониялық тіл білімі – тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі.Оны тарихи тіл білімі деп те атайды.

Дескриптивтік тіл білімі – Америка үндістерінің тілін зерттеуге байланысты америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50- жылдарында пайда болған тіл білімі.

Математикалық тіл білімі – табиғи және кейбір жасанды тілдердің құрылысын аппарат арқылы формалды түрде зерттеп сипаттайтын тіл білімі.

Қолданбалы тіл білімі – тілді практикалық талаптарға сәйкестендіріп қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын тіл білімінің саласы.Ол ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың орта кезінен белгілі болды.

Функционалдық тіл білімі – структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы.

Паралингвистика - (грекше рara – жанында, қасында) – сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені, интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы.

Бұл салалар жеке тілдер туралы ғылымның да, жалпы тіл білімінің де қарауына жатады.Әрине, әрқайсысында әр түрлі көлемде сөз етіледі.



Бақылау сұрақтары:

1. Интралингвистика деген не?

2. Экстралигвистика деген не?

4. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт – бағдарына қарай қандайжіктеушілік бар?

5. Салыстырмалы – тарихи тіл білімі.Типологиялық тіл білімі

6. Ареалдық тіл білімі. Структуралық тіл білімі. Психологиялық тіл білімі.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

2. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.


Тілдік жағдаят. Әлемдік тілдер.

3тақырыбы: Ежелгі Қытай лингвистикасы.
Мақсаты: Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігін атап көрсету.

Әдістемелік нұсқаулар: Қытай – мәдениеті ғылыми ой – пікірі ерте дамыған, дүниежүзілік өркениетке зор үлесқосқан ежелгі ел. Қытайдың жазба ескеркіштері біздің заманнан ХV ғасыр бұрын пайда болған.

Ат қою теориясы мен грамматилық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ежелгі Қытай лингвистикасының міндеті – тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағыналарын, оларды қалаай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі – қытайша « Эрья» деп аталатын сөздік.



Бақылау сұрақтары:

1. Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматикасын ата?

2. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай?

3. «Эрья сөздігінің » ерекшелігі?



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Амирова, Ольховиков Б. А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики –М., 1975.

2.Березин М. История лингвистических учении. –М., 1975.

Методы лингвистических исследовании. –М., 1973.

3.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. –А., 1985.
4 тақырыбы: Ежелгі Үнді тіл білімі.

Мақсаты: Студенттерге көне үнді тіл білімі туралы жан-жақты мәлімтер беру, түсіндіру, баяндау.Оны қазақ тіл білімімен байланыстыру

Әдістемелік нұсқаулар: Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған « Веда » деп аталатын кітаптары болған.VI ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазір де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл киелі жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің аса атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жетті.

Бақылау сұрақтары:

1. Көне үнді тіл білімі. Оны туғызған себептер.

2. Яски мен Панини еңбектері.

3. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М.,1975.

2. М.Березин.История лингвистических учении.М.,1975

3. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

4. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
5 тақырыбы: Ежелгі Грек тіл білімі.

Мақсаты: Лингвистика ғылымына Грек тіл білімінің әсері жайлы айту.
Әдістемелік нұсқаулар: Ежелгі дәуір лингвистиккасының тағы бір Отаны Ежелгі Греция. Грецияда туған лингвистикалық ой –пікір бүкіл Европа лингвистикасының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді.

Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лингвистикасы Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталады.

Әдетте, Греция лингвистикасын екі кезеңге бөліп қарастырушылық бар. Оның бірі- философиялық кезең, екіншісі – филологиялық кезең деп аталады. Грек ғалымдары көтерген тағы бір лингвистикалық проблема – грамматика мәселелері.

Бақылыу сұрақтары:

1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?

2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?

3. Александрия тіл мектебі, оның өкілдерін ата?



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

  2. Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю. -М.2001

3. Теоретическое проблемы языкознание. «Наука», Москва , 1970ж
6 тақырыбы: Орта ғасыр тіл білімі.

Мақсаты: Орта ғасыр лингвистикасының маңызын көрсету.

Әдістемелік нұсқаулар: Орта ғасыр – адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір.

Орта ғасырдың өзіндік біл ерекшелігі – әр түрлі діндердің туып. Дүние жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан, діндерін жатқызуға болады.Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет – парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят – хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл лингвистикада канондық тіл деп аталады.



Бақылау сұрақтары:

1. Әлемдік діндердің канондық тілдер қалай пайда болды?,

2.олардың тіл біліміне тигізетін әсері қандай болды?

3. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік номиналистік бағыттар?



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М 1975.

2.М. Березин. История лингвистических учении.- М 1975

Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі А 2001

3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985.
7 тақырыбы: Араб тіл білімі.

Мақсаты: Араб тіл білімінің дамуын, оның жалпы тіл білімінде алатын орнын, грамматикалық жүйесінен мағлұмат беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Араб тіл білімі халифат дәуірінде (VІІ-ХІІ ғасырлар) дамыды. Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп – екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.Баср мектебінің өкілі Сибавейхи «Аль-Китаб» деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар.

Бақылау сұрақтары:

1. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды?

2. Араб тіл білімінің өкілдері?

3. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы?



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю Изд. УРСС, М. 2001
8 тақырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. XVII-XVIII ғасыр тіл білімі.

Мақсаты: Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемаларын ашып көрсету

Әдістемелік нұсқаулар:Қайта өркендеу дәуірі ХV- XVI ғ арасын қамтиды. Бұл –қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезеңі. Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты лингвистика үшін де жаңа, даму дәуірі болды. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы: а) Ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы,ә) Бұрын ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой – пікірін көркейтіп, қайта дамыту болды.

Универсалды грамматика. Бұл еңбекті француз ғалымдары – логик, философ. Профессор Антуан Арне мен грамматист, философ Колод Лансле екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен ағарту істерінің орталығы болған Пор – Рояль монастынрының ғалымдары болғандықтан және сол монастырда шыққандықтан, оны «Пор – Рояль грамматикасы » деп те, « Рационалды жалпы грамматика» деп атайды.

Тіл білімінің міндеті – барлық тілдерді бір ған грамматикаға тәуелді ету емес, тілдер арсындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау.

Бақылау сұрақтары:

1. Қайта өркендеу дәуірінің ерекшелігі?

2 Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемалары

3. Универсалды грамматика еңбегі туралы не айтасын?



Пайдаланған әдебиеттер

1.Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975

2.М. Березин. История лингвистических учении М 1975

3.ҚалиевҒ Жалпы тіл білімі А 2001

4.В.И. Кодухов. Общее языкознания. М 1974.
9 тақырыбы: XIX ғасыр тіл білімі. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі.

Мақсаты: Мұның көздейтін мақсаты тілдер туыстығына көңіл бөле алатын тілдік материалдарды студенттерге меңгерту. Салыстырмалы тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңіне көңіл бөліп, көздеген мақсатқа жету.

Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.

1861жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, греман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты.

Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі Дания ғалымы Расмус Раск. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі — неміс ғалымы Якоб Гримм, Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.

Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінің маманы А. X. Востоковтың да еңбегі бар.



Бақылау сұрақтары:

1.Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушыларды атаңыз.

2. Дания ғалымы Расмус Расктің қандай еңбегі бар және ол тілдер туыстығы туралы не дейді?

3.Тілдер қарым-қатнасы арқылы пайда болатын ұқсастық дегеніміз не?



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождествинскии. Очерки по истории лингвистикии. М, 1975

  2. Н.Березин. История лингвистических учении. М, 1975

  3. Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А,1983

10 тақырыбы: ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары.



Мақсаты: ХІХ ғасыр лингвистикасындағы ағымдардың даму жолдары көрсету.

Әдістемелік нұсқаулар: Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген екінші бағыт – психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі

психолизм ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрнекті лингвистердің көбі осы бағытты жақтады.Жас грамматикалық бағыт 70 жылдарынан бастап қалыптасты. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері. Бұл Қазан қаласындағы университете ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған демеу беруші поляк лингвисі, Қазан университетінің профессоры Иван Алексанрович Бодуэн де Куртенэ. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХ ғ 70 -80 ж Москва университетінің ғалымдары қалыптастырды.



Бақылаусұрақтары:

1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не?

2. Жас грамматикалық бағыт дегеніміз не?

3. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептерінің маңызы?

4. Мәскеу лингвистикалық мектебі?

Пайдаланған әдебиеттер

1. Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975

2. М. Березин. История лингвистических учении М 1975

3. Почепцев ГГ Теория коммуникации . Изд. «Ваклер», М 2001

4. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ – ХХ в в очерках и извлечениях. Ч І,ІІ Учпедгиз, «Просвещение», М 1960,1965.
11 тақырыбы: XX ғасыр тіл білімі

Мақсаты: XX ғасыр тіл білімі туралы толық мәліметтер беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп. Бұл мектептің ең көрнекті өкілі – роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927).

20 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Оның қалыптастырушысы – неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).

Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б.

Социологиялық мектеп. Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған.



Бақылау сұрақтары:

1.Сөздер мен заттар мектебінің ұстанымы қандай?

2. Эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?

3.Ностратикалық тілдердің генетикалық туыстығы неден байқалады?

4. Социологиялық мектеп қалай пайда болды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975

2. М. Березин. История лингвистических учении М 1975

3. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ – ХХ в в очерках и извлечениях. Ч І,ІІ Учпедгиз, «Просвещение», М 1960,1965.


12 тақырыбы: Кеңестік тіл білімі.

Мақсаты: Студенттерге кеңес тіл білімі туралы жан-жақты мәлімтер беру, түсіндіру, баяндау.Оны қазіргі қазақ тіл білімімен байланыстыру;

Әдістемелік нұсқаулар: Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Кеңес тіл білімі дүние жүзілік лингвистикада бірінші болып ұлт тілі , ұлт тілдерінің болашағы , олардың өзара қарым –қатынасы , бір –біріне тигізетін әсері тәріздес күрделі проблемаларды зерттеуде де елеулі табыстарға жетті.

Жиырмасыншы, отызыншы жылдары совет тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт кеңес тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Ол маркстік-лениндік идеяны басшылыққа алған тіл білімін қалыптастыру мақсатындағы ізденістер барысында дүниеге келді.



Бақылау сұрақтары:

1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?

2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?

3.Совет тіл білімінің ерекшелігі неде?

4.Кеңес тіл білімінің дамуы жайында жазылған қандай еңбектер бар?

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. «Очерки по истории лингвистики» М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

3. Қалиев Б. «Жалпы тіл білімі» Алматы 2000ж


13 тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы.

Мақсаты: Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату.

Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.

Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.

Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері – тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі. Тіл білімі және психология. Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті – физиологиялық күрделі үдеріс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар. Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл – айрылмас бірліктегі құбытлыстар. Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет