ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет6/6
Дата05.11.2016
өлшемі0,99 Mb.
#1074
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл білімінің философиямен бірлігі неден көрінеді?

2. Тіл мен ойлаудың қатынасы неден көрінеді?

3. Психологияның тіл білімімімен ұштасуы қалай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

2. Қалиев Б. «Жалпы тіл білімі» Алматы 2000ж

3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974


14 тақырыбы: Тіл теориясы.

Мақсаты: Тіл теориясы жайлы жан-жақты мағлұмат беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай – қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл – адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама – қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Адам қоғамы тарихының осы қиын да күрделі проблемасына байланысты айтылған бірден – бір ғылыми дұрыс болжамды Ф.Энгельстің «Маймылдың адамға айналуы процесіндегі еңбектің рөлі», «Табиғат диалектикасы» атты зерттеулерінен табуға болады.

Бақылау сұрақтары:

1.Тілдің қызметіне не жатады?

2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?

3. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979

4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.

5. В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974
15 тақырыбы: Қазіргі тіл білімінің зерттеу әдістері мен талдау әдістері. Мақсаты: Қазіргі тіл білімінің жағдайы,т іл білімінің әдістері және олардың түрлері, тіл біліміндегі талдау тәсілдері туралы мағлұмат беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт – бағдарына қарай жіктеушілік бар.Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы – тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б.жатады.

Салыстырмалы – тарихи тіл білімі – шығу тегі жағынан бір – біріне жақын тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Типологиялық тіл білімі – тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған.

Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2 – жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған.

Структуралық тіл білімі – тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде (нақты ғылымдарға жақындығын) зерттейтін тіл білімінің саласы.

Психологиялық тіл білімі – сөйлеу процесінің қалай іске асатыны, адам психикасындағы қабылдау, түйсік, байымдаумен сөйлеудің байланысын, оның тіл жүйесіне қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Этникалық тіл білімі. Этнолингвистикагрекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.

Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт, 19-20 ғасырлар аралығында пайда болған.

Эстетикалық бағыт - тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт.

Синхрониялық тіл білімі – тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын сипаттап зерттейтін тіл білімі.Оны сипаттама тіл білімі, нормативті тіл білімі деп те атайды.

Диахрониялық тіл білімі – тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі.Оны тарихи тіл білімі деп те атайды.

Дескриптивтік тіл білімі – Америка үндістерінің тілін зерттеуге байланысты америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50- жылдарында пайда болған тіл білімі.

Математикалық тіл білімі – табиғи және кейбір жасанды тілдердің құрылысын аппарат арқылы формалды түрде зерттеп сипаттайтын тіл білімі.

Қолданбалы тіл білімі – тілді практикалық талаптарға сәйкестендіріп қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын тіл білімінің саласы.Ол ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың орта кезінен белгілі болды.

Функционалдық тіл білімі – структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы.

Паралингвистика - (грекше рara – жанында, қасында) – сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені, интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы.

Бұл салалар жеке тілдер туралы ғылымның да, жалпы тіл білімінің де қарауына жатады.Әрине, әрқайсысында әр түрлі көлемде сөз етіледі.



Бақылау сұрақтары:

1. Интралингвистика деген не?

2. Экстралигвистика деген не?

4. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт – бағдарына қарай қандайжіктеушілік бар?

5. Салыстырмалы – тарихи тіл білімі.Типологиялық тіл білімі

6. Ареалдық тіл білімі. Структуралық тіл білімі. Психологиялық тіл білімі.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

2. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985



4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


СӨЖ

Тексеру формасы.

1. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы.


Жаттығу жұмыстары

2. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.

Конспект

3.Панини жазған санскрит грамматикасының мәні.

Реферат

4. Грек тіл білімі.


Реферат

5. ХІ ғ. еңбек «Диуани лұғат-ат-түрік» -арабша сөздігінің маңызы.

Конспект

6. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы.

Реферат

7. Қайта өркендеу дәуірінің лингвистикалық проблемасы.

Конспект

8. XIX ғ.ғалымдардың еңбектеріне шолу.

Реферат

9. Типологиялық зерттеу.

Жаттығу жұмыстары, конспект

10.Москва және Қазан лингвистикалық мектебі

Реферат

11.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Неолингвизм.

Реферат

12. Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы.

Реферат

13. Тіл және сөйлеу.

Конспект

14. Тілдің ой-санамен қарым-қатысы.Тілдік мағына.

Конспект

15. Тілдің таңбалық сипаты.

Конспект

16. Тілдің жүйелік, құрылымдық сипаты.

Конспект

17. Тілдің даму заңдылығы.

Слайд

18. Тілдің әр саласының даму ерекшеліктері.

Реферат

19. Тіл білімінің зерттеу методтары.

Конспект

20. Тілдік одақ.

Конспект


Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары


1.

Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері.

2.

Ежелгі дәуір лингвистикасы.


3.

Үндістан тіл білімі туралы пікірлер.

4.

Рим тіл білімі.


5.

Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулері.

6.

Араб грамматикасы

7.

Универсал грамматика.

8.

Салыстырмалы –тарихи тіл білімінің бастауы

9.

Тіл философиясы.

10.

Жас грамматикалық бағыт.

11.

Социологиялық мектеп. Структуралық мектеп.

12.

Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі.

13.

Билингвизм.

14.

Әлемдік тілдер.

15

Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Әдеби тіл.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет