ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет13/30
Дата13.02.2017
өлшемі7 Mb.
#9211
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

Дәрістің мақсаты: Бағалы үлбір шикізаты және жартылай фабрикаты туралы мәліметтермен және олардың құрылымымен танысу;
1. Бағалы үлбір шикізаты және жартылай фабрикаты

Қазахстанның кең территориясы әр түрлі бағалы аңдарға бай және аңшылық кәсібі дамыған, адамдар өмірінде алатын орны айтарлықтай, ал терілері үлбір өндірісінің тауар айырбасының маңызды саласын құрайды. Алуан түрлі айлалы тордың көмегімен, өз беттерімен атудың және қақпанның көмегімен тиін, сусар, түлкі, ақ тышқан, сілеусін, бұлғын, қоян, қара күзен, кәмшат, су тышқан, құндыз, қасқыр және аюларды көптеп аулады. Аса бағалы аңшылық аңдары - бұл бұлғын, сусар, кәмшат, сілеусін, күзен, өзендік құндыз, тиін, қара күзен, су тышқаны және ондатр. Аңшылық арқылы жабайы бағалы аңдардың 40 жуық түрі ауланады. Аңдарды өсіру, ұстау және жем беру тәсілдерін тұрақты жетілдіру, аң өсіру шаруашылығын жоғары дәрежеде ұйымдастыруға және рентабельді бағалы аң терісінің өндірісіне айналдыруға мүмкіндік береді. Бағалы аң терісін дамытумен негізінен арнайы маманданған аң өсіру шаруашылығы айналысады. Аң өндірісі көптеген елдерде бар, сондай-ақ аң өсіру шаруашылығы тұтынушылар арасында үлкен даму алды. Соңғы жылдары саз құндызын өсірумен аң шаруашылығы айналысуда. Торда күзеннің алуан түрлерін түсті түрлерін, күміс-қара, платина, ақ тұмсықты, ақшақарлы, қызыл түлкіні, көгілдір түлкі, бұлғын, саз күзені және күзен өсіріледі. Сонымен қатар шаруашылықта жанат, уссуриялық жанатын, ондатр, көгілдір түлкіні, күміс-қара түлкімен бу- андастыру жұмыстары жүргізіледі.

Мал шаруашылығының барлық салалары: мал, қой, ешкі, бұғы, қоян шаруашылығы үлбір және қой ішігінің шикізатын алатын қайнар көз болып табылады. Ірі мүйізді мал үй жануарларының аса көп тобының бірі. Үлбір өндірісінде бұзау үлбірі деп аталатын ірі мүйізді малдың алғашқы түкті жабыны бар бұзау терісі қолданылады. Ең жақсысына биіктігі 1 см дейін болатын қалың, құлпырмалы немесе тегіс, жылтыр түкті қабаты бар терілер жатады. Түкті қабатының биіктігі 2,5 см бо- латын терілер былғары өндірісінде қолданылады. Түкті жабынның үзындығы жон арқасының ортасынан миллиметрлік сызғышпен өлшенеді. Біздің еліміздің кең территориясында сыртқы ортаның әсерінен қалыптасқан және будандастыру жүмыстарын жүргізу арқылы шығарылған - асыл түқымды ат түқымдарын өсіріледі. Түқымына қарай аттар: мінетін, жеңіл жегілетін және ауыр көтеретін деп бөлінеді. Үлбірге биіктігі 2 см аспайтын қалың түкті қүлын терілері қолданылады. Үлбірлі қүлын терілерін жасына тәуелді келесі түрлерге жіктейді: қүлын - түсік және жылбысқы терілері; қүлын - еметін - үш айға дейінгі қүлын терісі; қүлын - өскінді- үш айдан 6 алты айға дейінгі қүлын терісі. Үлбірлі бүзау және қүлынның өңделген терілерін боялған және боялмаған түрде, ерлер және әйелдер пальтосын және жартылай паль- тосын дайындау үшін қолданылады. Қаракөл малын өсіретін негізгі елдер Өзбекстан, Қазақстан, Түркмения, Украйна және Ресей болып табылады. Қаракөл дайындамаларының жартысынан көбі қара түсті, 10%- сүр және 15% - қанық-сүр түсті, қалғаны будандастырылған қаракөл. Үлбір шикізатын алу үшін, жас және өскен ешкі терілері қолданылады. Малдардың түлегеннен кейінгі қазан-қараша айында сойылған терілері қолданылады. Өңделген табиғи және боялған ешкі терілерінен, үлкен ешкі терілерінен балалардың және әйелдердің паль- тосын, жартылай пальтосын және бас киімдерді дайындайды. Әдемі, жақсы жылу сақтағыштық, қажетті ылғал және бу өткізгіштік қасиеті бар табиғи үлбірлерді қысқы киімдерді дайындау үшін қолданылады (үстіңгі материал ретінде, сондай-ақ сәндік және жылытатын ретінде).

Әр түрлі малдардың өңделмеген терілері бағалы үлбір шикізаты деп аталады. Бағалы - үлбір шикізатының ассортименттерін үш классқа бөледі: бағалы шикізат, үлбірлі шикізат және теңіз аңдарының үлбірлі терілері. Бағалы шикізат деп - аң аулау арқылы алынған жабайы аңдардың өңделмеген терілерін атайды. Үлбір шикізаты деп - түкті қабаты жақсы дамыған кейбір үй жануарларының өңделмеген терілері (қаракөл, қоян, қүлын, елтірі және бүзау терілері). Теңіз аңдарының үлбірлі терілері деп - үлбір бүйымдарын жасауға жарамды, белгілі бір жастағы теңіз мысығының, итбалық және нерп терілерін атайды. Үлбір бүйымдарын тігу үшін түкті жабыны жақсы дамыған, сыртқы түгін жақсартатын және қажетті қасиеттерін қамтамасыз ететін, сәйкес бояудан және әрлеуден, өңдеу операцияларынан өткен терілер қолданылады. Бүндай терілер жартылай фабрикат деп аталады. Бағалы - үлбір жартылай фабрикатының ассортименті келесі топтарға бөлінеді: бағалы жартылай фабрикат - өңделген бағалы аң терілері; қаракөл жартылай фабрикаты - әртүрлі түқымдас қойлардың өңделген терісі; қой - үлбір жартылай фабрикаты - өңделген әр түрлі түқымдас үлкен қой терілері (үлбірлік қой терілері); үлбірлі жартылай фабрикат - өңделген қоян, мысық, ит, бүғы, қүлын, бүзау, ешкі терілері; теңіз аңдарының терілері - өңделген теңіз мысығының ит балықтың және нерптің терілері; пластина және үлбір.



2. Бағалы - үлбір терілерінің құрылымы

Бағалы-үлбір терісі былғарыдан және түкті жабыннан түрады. Былғарыны көлденең кесіндісінде эпидермис, өзең және терасты - май қабаттарын ажыратуға болады. Өзеңінде түкті қабаты бар былғарыньщ негізгі қабатын қүрылымдағы болатын коллагенді, эласты, ретикулинді талшықтар, өзара тоқылу нәтижесінде түкті қабаты бекітіліп, бағалы - үлбір терісінің негізін қүрайтын тығыз және берік, қалыңдығы жоғары тоқыма түзеді. Былғары астары. Әр түрлі қалыңдықты, тығыздықты болады, сондықтан алдымен созылуға беріктігін, созылғыштығын және салмағын анықтайды. Түкті жабын үлбірді сипаттаудағы анықтағыш көрсеткіші болып табылады, себебі бүл көрсеткіштен үлбірдің эстетикалық қасиеті ғана емес және басқада пайдалану қасиеттері тәуелді. Түкті жабынды қүрайтын түктер, әр түрлі, қалыңдығы, биіктігі, бүйралылығымен және ішкі қүрылымымен ажыратылады.

Түкті жабын үш негізгі шаш түріне бөлінеді: мамық, қылшық және бағыттауыш. Мүның әрқайсысы теріде өзінің функцияларын орындайды. Мамық түктер - аса жүқа және қысқа, әрдайым қатты бүйраланған. Олар негізінен түктің негізгі көлемінің көпшілігін қүрайды, сонымен қатар жартылай фабрикаттың эстетикалық және пайдалану қасиетіне әсер етеді. Қылшық - жуан әрі үзын және бағыттаушы жүндерге қарағанда жиі өскен. Багыттауыш түктер - ең жуан, үзын, серпімді, сирек өскен, басқа жүндерге қарағанда үшы шығып түрады. Олардың боялуы айтарлықтай бір түсті. Түкті жабындағы бағыттауыш түктердің саны 1 см2 10-15 да- надан келеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Бағалы үлбір шикізаты және жартылай фабрикаты

2. Бағалы - үлбір терілерінің құрылымы
Дәріс № 22. Мамық - үлбір жартылай фабрикатының негізгі қасиеттері

Дәріс жоспары:

1. Мамық - үлбір жартылай фабрикатының негізгі қасиеттері

Дәрістің мақсаты:
1. Мамық - үлбір жартылай шикізатының негізгі қасиеттері

Үлбір бүйымдарын дайындауда жарамды мамық - үлбір жартылай фабрикаты өзіне берілген пішімдер мен өлшемдерді сақтай отырып, жоғары тозуға төзімді және жақсы жылу сақтағыш қасиетін қамтитын бүйымдарды дайындауға мүмкіндік жасайды. Үлбірге үсынылатын басты талап - жақсы жылу сақтағыштық қасиеті болғандықтан, жылу өткізгіштік ең негізгі қасиеттері болып табылады. Үлбірдің жылу өткізгішітігі түкті жабынның үстап түратын ауа санына, былғары өзеңінің тығыздығы мен қалыңдығына, пайдала- ну кезіндегі түгінің сығылу дәрежесіне тәуелді болады. Ең қалың түкті жабынды терілер бүл түлкі, қоян, қүндыз, солтүстік бүғысы және қой. Келесі 8.1-кестеде кейбір мамық-үлбір жартылай фабрикаттарының түгінің орташа саны көрсетілген. Кесте 8.1 - Мамық-үлбір жартылай фабрикаттарының түгінің орташа саны


Түкті жабынының қалыңдығы терінің белгілі бір көлем бірлігіне келетін түк санымен сипатталады. Сонымен қатар түкті жабынның қалыңдығына түктің үзындығы әсер етеді. Ол келесі 8.2 кестеде көрсетілген. Кесте 8.2 - Мамық-үлбір жартылай фабрикатының кейбір түрлерінің түктерінің ұзындығы




Кию мерзімі - бұл үлбірдің пайдалану кезінде сыртқы орта әсеріне ұшырау қабілетін анықтайды. Бұл механикалық күш түсіру. температураның әсері және ылғал. Төменде үлбірдің кию көрсеткіштері көрсетілген:

-созылу кезіндегі түк беріктігі жануар түріне, және түк құрылымына тәуелді болады;

-түктің бекітілу беріктігі - әр түрлі жануарларда әркелкі және жыл уақытына, бірінші ретті өңдеуге, сондай-ақ жасалуына (өңделуіне) тәуелді болады;

-түс төзімділігі киюдің барлық кезеңіндегі түстің өңін сақтау қабілеті;

-тері өзеңінің қалыңдығы үзілу кезіндегі беріктігін көрсетеді;

-тері өзеңінің беріктігі оның қалыңдығына және терінің гистологиялық құрылымына тәуелді болады;

-тері өзеңінің ылғалдануы - ылғал жұту қабілеті, ылғал өткізгіштігі өңдеуден тәуелді болады, яғни аз ылғал өткізетін терілер иленген және жақсы майланған терілер болып табылады;

-пісіру температурасы терінің иленгендігінен тәуелді болады.

Иленген терілердің температурасы 80°С, ашытылған немесе пикелден- ген терілердің температурасы 40°С. Терілердің салмағы айтарлықтай алуан түрлі және көптеген факторлардан тәуелді: жануар түрінен, географиялық ауданынан, тері көлемінен, түкті жабынының үлпілдігінен және тері өзеңінің қалыңдығынан. Тері өлшемі ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Аса бағалы терілер, бұл сорттау кезінде ескерілетін ірі терілер болып табылады. Өлшемі бойынша терілерді өте ірі, ірі, орташа және ұсақ деп бөледі. Тері өлшемін ұзындығын еніне көбейту арқылы немесе планиметрмен анықтайды. Бұйымға кететін шығын тері өлшемінен тәуелді болады. Кейбір терілердің ауданы 8.3-кестеде көрсетілген. Мамық - үлбір жартылай фабрикатының эстетикалық қасиеті келесі көрсеткіштермен анықталады: түкті жабынының түсі, жылтырлылығы, жұмсақтығы, жібектігі, үлпілдектігі және құлпырмалылығы бойынша. Түсі - мамық-үлбір жартылай фабрикатының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Үлбір табиғи түстес және боялған түсте болады. Өз түсіндегі жартылай фабрикат аң терілері - үлбірлер қара, қоңыр, сары, ақ және сұр түсті болып келеді. Боялған үлбірлер кейде көгілдір, қызғылт түсте болады. Үлбірдің бағалылығы түсі бойынша сәнмен байланысты анықталады. Үлбірдің жұмсақтыгы деп, оның сығу кезіндегі серпімділігін айтуға болады. Түкті қабаты нәзік жұмсақ терілер қатты түкке қарағанда жоғары бағаланады. Кесте 8.3 - Мамық-үлбір жартылай фабрикатының терілерінің кейбір түрлерінің ауданы.


Түкті жабынының үлпілдектігі мамықтың ең жақсы белгісі болып табылады және биіктігі, қалыңдығы және серпімділігінен тәуелді болады. Мамық-үлбір терісінің құбылмалылығы. Мамық - үлбір терісі табиғи шығатын өнім. Жартылай фабрикатта тері шикізатының түкті жабынының қасиеті өңдеуден кейін өзгермейді. Сондықтан шикізат ретінде және жартылай фабрикат ретінде сорттау негізіне, тіршілік ету барысындағы биологиялық факторларға тәуелді түкті жабынының негізгі сапалы белгілерін жатқызуға болады. Түкті жабынының қалыптасуын және оның өзгергіштігіне әсер ететін факторларға келесілер жатады: аңның тіршілік ету түрі, өмір сүру жағдайы, өмір сүру аймағы, жыл мезгілі, жынысы, жасы және жеке ерекшеліктері. Аңның өмір сүру жағдайынан тәуелді терілердің құбылмалылығы. Бағалы аңдарды төрт топқа бөлуге болады: жерде, жерастында, жартылай суда және суда мекендейтіндер. Жер бетінде және ағаштарға жорғалап өмір сүретін аңдардың түкті жабыны қалың, үлпілдек және топографиялық аудандары бойынша біркелкі емес (түлкі, тиін, бүлғын, сусар, қасқыр, мысық, сілеусін): жон арқа бөлігіндегі түкті жабыны аса қалың және биік, тері өзеңі аса жуан және тығыз. Өмірінің аса көп бөлігі жер астында өтетін аңдардың түкті жабыны топографиялық бөлігі бойынша тегістігімен сипатталады. Көр тышқанның түгінің шашы 1см^ 10 мыңды, жонарқасында - 12 мыңды қүрайды, түкті жабынының биіктігі 1-1,5 мм. Бүл аңдардың түкті жабыны биіктігі бойынша біртегіс бархатты, ал терілері түтастай қолданылады. Терінің географиялық өзгермелілігімен байланысты көптеген түрлі аңдардың түрлерін кряжасы бойынша жіктеу қабылданған. Кряж - қалыңдығы, биіктігі, жібектігі, бояуы, өлшемі белгілі бір географиялық аймақта ауланған, белгілі бір түрдегі түбітті тері үшін сипатты сапа белгілерінің жиынтығы.

Терінің мерзімді өзгермелілігі. Аңның мекендейтін аймағындағы мерзімдік климатты өзгеруімен байланысты терінің түкті жабынының сапасының өзгеруі маусымдық өзгеру деп аталацы. Өзгеру алдымен түкті жабынының түлеуі кезінде білінеді. Қысқы үйқыға кетпейтін аңдардың және үй жануарларының түлеуі жылына екі рет болады: көктемде және күзде (тиін, түлкі, ит). Көктемде қысқы қалың, жүмсақ, биік, түкті жабы- ны түсіп орнына жазғы қысқы және сирек аса қылшықты түкті жабыны өсіп шығады. Жазғы уақытта тері өзгеріп аса қанық және бос болады. Күзде, керісінше, жазғы түскен түкті жабын орнына қыстық шығады. Қысқы үйқыға кетететін аңдардың түлеуі жылына бір рет болады және жаз бойы созылады (сурок, саршүнақ). Әртүрлі аңдардың түлеуі әр түрлі болады: бірақ белгілі бір топографиялық тізбек бойынша қатаң жүреді: белгілі бір бөліктен басталып, белгілі бір жерден аяқталады. Түлеу жиірек түмсығынан қүрсағына дейін болады. Терінің экономикалылық өзгермелілігі. Аңдардың және жануарлардың жасы өсе келе, олардың түкті жабынында және өзеңінде өзгерістер жүреді. Түбітті аңдардың барлығына дерлік және үй жануарларының кейбір бөлігінің (мысық, ит, қоян) жастауының терілері аз бағалы, себебі, олардың алғашқы түкті жабыны өте жұмсақ, төмен, жеңіл құлайтын болғандықтан бағалылығы аз. Қылшық шаштары жұқа, бос, және берік емес. Жасы өсе келе бірінші түкті жабыны екіншісімен ауысып, тері өзеңі қатаяды. Белгілі бір түрдегі аңның түкті жабынының және тері өзеңінің сапасы белгілі бір жасқа дейін жақсарады, одан кейін үлбірі күміскеленіп қылшықтана бастайды. Мысалы, күміс қара түлкілердің сапасы бойынша терілері 2-3 жаста болады. Үй жануарларының (қаракөл қойы, ат), теңіз аңдарының (тюлень) жас терілері керісінше өте бағалы деп саналады.

Терінің жеке өзгермелілігі. Бір түрдегі аңдардың түкті жабыны және тері өлшемі ретінде айырмашылығы, жоғарыда қарастырылған факторлардан тәуелсіз, терінің жеке өзгешелігі деп аталады. Бұл айырмашылық жиірек түкті жабынының болуында, биіктігінде, жібектігінде және тері өлшемінде сирек көрінеді. Мамық үлбір жартылай фабрикатын сорттау. Мамық үлбір жартылай фабрикатты физикалық, механикалық және химиялық қасиеттері бойынша мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес бо- луы керек. Одан басқа әрбір түрдегі үлбірлі терілер, түкті жабынының қалыңдығы, биіктігі, жібектігі, бояы және жылтырлығы бойынша, тері өзеңінің қалыңдығы, өлшемі және басқа белгілері бойынша сортта- луы тиіс. Алдымен үлбір өңдеуде стандартты сорттау, содан соң тері өндірісінде өндірістік сорттау жүргізіледі. Стандартты сорттауда барлық терілерді қарастырып және тұқымы, бояуы, сорты, ақаулары және өлшемі бойынша топтайды. Тері өндірісінің операциясы болып табылатын өндірістік сорттауда, терілерді түк жабынының биіктігі, қалыңдығы, жібектігі, бояуының реңі және тері өзеңінің қалыңдығы бойынша аса ұқыпты топтау іске асырылады. Жартылай фабрикаттарды стандартты сорттау, көптеген жартылай фабрикаттар үшін жалпы және келесі талаптардан тұратын мемлекеттік стандарттарға сәйкес жүргізіледі: тері өзеңі жұмсақ, таза, жақсы кептірілген, қылшықсыз, түк қалташасын жалаңаштанғанша ойып алма- уы, барлық бағыттары бойынша тартпа беруі тиіс; түкті жабынын шаңнан жақсы тазалауы, оралмауы және тері өзеңімен берік байланысқан болуы тиіс. Алынған терілер жылтыр, тегіс боялған, дақсыз, мыжылмаған, қырқылғандарында таяқ ізі және ойылмаған болуы тиіс; тесіктері, жыртылған және қырылған бөлігі жойылуы тиіс. Сонымен қатар әртүрлі қойылымдар, жалғаулар негізгі тері сапасымен толық сәйкес түрде таңдап алынуы тиіс; тігістер түкті жіппен орамай, жан жағын үзбей және берік тігістермен тігілуі және жақсы үтіктелуі тиіс. Жартылай фабрикаттарды көрсетілген талаптарымен сәйкес келмесе стандартты емес деп санайды.

Мамық жартылай фабриаттарды сорттау. Көптеген мамық жарттылай фабрикаттарды стандартты сорттау кезінде тұқымы, түкті жабынының түсі, сорты, өлшемі және ақау топтары бойынша жіктеледі. Тұқымын сорттау кезінде боялмаған жартылай фабрикаттар үшін тұқым саны және аталуы, тері шикізатының саны мен аталуына сәйкес келеді. Боялған жартылай фабрикаттар үшін тұқым саны азаяды. Кейде кряж аталуы орнына реттік нөмір қойылады; нөмір кіші болған сайын, тері сапасы жоғары болады. Түкті жабынын түсі бойынша сорттау, табиғи және боялған жартылай фабрикаттар үшін орындалады. Теріні сортына қарай жіктегенде (бөлгенде) түкті жабынының да- муынан тәуелді бағаланады. Түкті жабынының даму дәрежесі тері дайындау уақытына тәуелді болады (маусымдық өзгергіштігімен). Қысқы үлбір аса қанық, биік, жібекті түкті тері өзеңінде берік ұсталып тұрады. Көктемде, күзде түлеу кезінде дайындалған терілердің түкті жабы- ны өсу сатысында болғандықтан сапасы төмендеу. Сапасы ең төмен терілер, бұл жазда дайындалған терілер, бұл уақыттағы аңдардың түкті жабыны өте сирек және қысқа.

I сортқа түкті жабыны аса қалың, биік терілер, ал II сортқа түкті жабыны аз қалыңдықты, биік остік және түбітті шаштары дамымаған терілер, IV сортқа түбітсіз, аса сирек түкті жабынды терілер жатады. Өлшемі бойынша сорттау берілген түрдің ауданынан тәуелді орындалады, сонымен қатар өлшемді топтардың белгілі саны қарастырылады. Терінің ауданын тері ұзындығын еніне көбейту арқылы анықтайды. Тері ауданы квадрат сантиметрмен немесе дециметрмен терінің өзеңі жағынан көрсетіледі. Тобы бойынша сорттау жартылай фабрикаттардың ақауларының сыртқы түрімен тәуелді іске асырылады. Терілердің келесідей сыртқы ақаулары болады: бойлық және көлденең тігістер, былғары матасын ойылуы, шаштардың шатасуы. Осы немесе басқада ақаулар балл санына стандартқа сәйкес бағаланады. Мамық жартылай фабрикаттар үшін төрт топ қарастырылған. Әрбір топ үшін өлшемдері көрсетілген белгілі бір ақау қойылған. Үлбір, қаракөл елтірі, қой тондық және қой үлбірлік жартылай фабрикаттарды сорттау. Бұл түрлердің жартылай фабрикаттарының өлшемі, түкті жабынының түсі, сырты және тобы бойынша ақауларымен тәуелді сорттайды. Оларды тұқымы бойынша сорттамайды. Оның орнына, мысалы қоян терісі үшін тұқымы, құлыншақ және бұзау терілері үшін жасы бойынша бөлу арқылы сорттау енгізілген. Құлыншақ, бұзау, лақ терілері түкті жабынының құлпырмалылығына және тегістігіне, суретіне, түріне тәуелді сортталады. Құлпырмалы терілер тегістерден жоғары бағаланады.


Бақылау сұрақтары:

1. Мамық - үлбір жартылай шикізатының негізгі қасиеттері

2. Терінің жеке өзгермешілігі

Дәріс № 23. Жасанды үлбір

Дәріс жоспары:

1. Жасанды үлбір

2. Тоқыма жасанды үлбірі

3. Желімдік жасанды үлбірі

4. Жасанды үлбірдің қасиеттері

Дәрістің мақсаты: Жасанды үлбір жыне тоқыма жасанды үлбірі туралы ақпараттармен танысып, қасиеттеріне тоқталу;
1. Жасанды үлбір. Өзінің сыртқы түрінің және әдемілігінің арқасында қаракөл, елтірі, мысық, күзен табиғи үлбірлерін қайталай алатын және пайдалану қасиеті жоғары. Сондай-ақ табиғи былғарымен салыстырғанда оны өндірудің тиімділігімен, жасанды үлбір әйелдер және балалар пальто- сын, бас киімдерін, спорттық курткаларды жасауда кең қолдау тапты. Жасанды үлбір деп - тоқыма ілмек тоқу және негізмдеу тәсілімен алынған грунт және түкті жіптері бар тоқыма бүйымдарды атайды. Жасанды үлбірлерді шығару тәсілдеріне қарай үш түрге бөледі: маталы үлбір, тоқыма үлбірі және негізмделген үлбір. Жасанды үлбірлердің түктері келесі түрлерге бөлінеді. Синтетикалық талшықтардан жасалған түк - полиакрилонитриль (нитрон, дайнель), полиамид (капрон, нейлон, анид және дакрон), полиэфир (лавсан,) барлық жасанды үлбір түрлері үшін қолданылады. Жасанды талшықтан алынған түктер - вискозды және ацеттаты, ма- талы жасанды үлбірде және кейде тоқымада қолданылады. Табиғи жібектен және табиғи жүн талшығынан жасалатын түктер мата үлбірінде ғана қолданылады. Жасанды үлбірлер бояу тәсілдеріне қарай келесі түрлерге бөлінеді: төсемесінде және талшығында тегіс бояуы, жағып тегіс бояуы, тон немесе суретті аэрографты салу арқылы және трафарет көмегімен сурет салу арқылы алынған жасанды үлбірлер. Жасанды үлбір (талшығының) түкті жабынының үзындығы бойынша түгінің биіктігі, үзындығы әр түрлі және түгінің өрнекпен орналасуы тегіс болады.

Арналуына қарай жасанды үлбір келесі түрлерге бөлінеді: биіктігі және түгінің әрленуі әр түрлі тігін бүйымдарының үсті бөлігі үшін; астарлық жоғарғы киімді жылыту үшін арналған материал, бүл үлбірлер тегіс боялған қысқа түкті және тек маталы, немесе тоқыма үлбірлер, жиһазды қаптау үшін арналған. Маталы жасанды үлбірі Маталы негізге отырғызылған үлбір түк салғыш тоқыма станогінде түктік айқаспамен алынады. Жасанды үлбірді тоқу процессі түкті айқаспалы матаны алу процесіне үқсас. Тоқыма үлбірді алуда негізгі жүйе ретінде 25-18,5 текс х 2 ширатылған мақта жібін пайдаланады. Драпталу қасиеті жақсы жеңіл үлбір алу үшін, негізгі жүйеге синтетикалық жіптер пайдаланылады. Түкті вискоза, ацетаттық, синтетикалық талшықтардан және синтетикалық талшықтардың жасанды талшықтармен қосындысынан жасайды. Түктің биіктігі 6-10 мм және одан да артық, 1м2 үлбірдің салмағы 350-750 г. Маталы үлбірлер басқа жасанды үлбірлермен салыстырғанда түкті қысқа және астарлық материалы ретінде тиімді қолданылады. Бүл үлбірдің түктері синтетикалық (лавсан, капрон және нитрон), жасанды (вискозды, аце- татты) талшықтармен өңделеді. Маталы жасанды үлбірдің ассортименттері келесі үлбір түрлерімен көрсетілген: түк ретінде алдын ала буланған бүралған жүнді тоқыма қолданылады. Табиғи қаракөл елтіріге үқсату үшін түкті жабынға қүлпырмалылық беретін арнайы өңделген қаракөлді қолданылады. Аюдың бір бағытта жатқызылған немесе бүйраланған үзын түгі бар. Жіптің түкті жүйесі ешкі жүнінен немесе синтетикалық талшықтан алынады. Елтірі - иірілген жүннен тоқу арқылы өндіріледі. Белгілі бір әсерді қүру үшін түкті бүйраға үқсатады. Тюлень - тоқылатын жібектен өте тығыз иірілген жүнмен ілмектескен матасы. Түгінің биіктігі 3-5 мм. Кейде түк есебінде ешкі терісі қолданылады. Көр тышқан (крот) тышқан терісіне үқсас етіп бастырып сурет салынған және жасанды қысқа түктермен толтырылған мата. Теңіз мысығы жасанды талшықтан алынған түкті мата, түгі аса биік және жылтыр. Цигейка жүні вискозды штапелді талшықтан 150 % қоспасынан алынған мата, түгі салыстырмалы биік, ақ, сүр, қоңыр және қара түсті. Кәмшат тоқылатын табиғи жібектен алынған түкті мата, жүмсак жылтырақ және үзын түкті. Қой терісі немесе бүзау терісі арнайы әрлеумен әр түрлі бағытта жатқызылған қысқа түкті мата.



2. Тоқыма жасанды үлбірі

Қазіргі уақыттағы тоқыма жасанды үлбірі, қүрамы табиғи үлбірге үқсағандықтан кең тарау алды және маталы жасанды үлбіріне қарағанда бағалы сапаға ие. Тоқыма негіздегіжасанды үлбірлердіңгрунты негізінде мақта қағазды тоқымадан түзілген тоқыма төсеме қолданылады, ал түктері синтетикалық талшықтардан өндіріледі. Тоқыманың сирек қүрылымы аз салмақты, жақсы қалыптасуын қамтамасыз етіп, бірақ біруақытта түгінің бекітілу беріктігін төмендетеді, сондықтан тоқыма негіздегі жасанды үлбірлерді міндетті түрде теріс бетінен тоқыма төсемесінде түктерді жақсы бекітіп түратын латекстермен негіздейді. Синтетикалық талшықтар мұндай үлбірдің әдемі сыртқы түрін көрсетеді. Қазіргі уақытта тоқыма негіздегі жасанды үлбірлерді өндіру мүмкіндігі өте мол және оның ассортименттері үздіксіз кеңеюде. Қазіргі технологияның дамуына байланысты түктерінің биіктігі әр түрлі жасанды үлбір түрлерін алуға болады. Тоқыма негізді үлбірдің созылмалылығы өте жоғары, сондықтан киімді тігу технологиясын жетілдіру кезінде және үлгілеуде оны ескеру қажет. Киімнің созылатын бөліктерінде, бұйымды кию кезінде созылудан және деформацияланудан сақтайтын тесьма немесе жиектеме салу керек. Тоқыма үлбірінің грунтты мақта мата жіптер және негізмделген үлбір бөзі үлкен өзгеріске ұшырағандықтан, бұл бұйымның сыртқы түрін нашарлатады. Бұл жасанды үлбірдің кемшілігі сәйкес әрлеуге жіберілмесе байқалуы мүмкін.

Тоқыма үлбір бұйымы әрдайым өте жоғары ауа өткізгішті болады. Сол үшін киімді жобалау кезінде желден қорғағыш астар аралықты қарастыру қажет, астарлық ретінде жылытқыштар немесе аса үлкен емес ауа өткізгішті астарлар қолданылады. Тоқыма үлбірінің аса маңызды қасиеті, олардың жоғарғы бу өткізгіштігі болып табылады. Қара күзен - полиакрилнитрилді талшықтардың варена және дайнеля (50%) қоспасынан алынған түкті тоқыма үлбірі, түк биіктігі 12-16 мм. Минк - орлон және дайнел қоспасынан алынған түкті тоқыма үлбірі. Тоқыма үлбір әр түрлі түкті болуы мүмкін, әр түрінде 12-20 мм аралығында тербеледі. 1м2 бұл үлбір салмағы 550-850 г аралығында. Тоқыма негізді жасанды үлбір алуан түрлі әрлеуге ұшырайды. Олар ақ, қара, сұр, сары, көгілдір, қоңыр және басқа түсте, сондай ақ суретпен, аэрографты бояуымен немесе трафаретті толтырылған болуы мүмкін.

3. Желімдік жасанды үлбірі.

Жасанды үлбір ассортиментінің ішінде екі желімдік үлбір түрі бар: жасанды қаракөл және жасанды елтірі, оларды арнайы қаракөл жасайтын машинада алады. Машинада грунтты матаға әдетте бөзге, қаракөлді бұйрасына ұқсатып үздіксіз жіп түрінде шашақтарын жатықтырып, желімдейді. Шашақ жіп - жіптер арасында капронды талшықтар бұйраланған мақта қағазды тоқыма. Елтірі үшін шашақ жіпті капрон- ды, вискозды немесе басқа талшықтардан алады, нәтижесінде елтірінің түгі аса қопсыған немесе табиғи елтіріге өте ұқсас болып шығады. Тоқыма үлбірінің және жасанды қаракөлдің қасиеттері жөніндегі кейбір көрсеткіштер 8.5- кестеде көрсетілген. Жасанды үлбір түктерінің бекітілуі өте берік, үзілуге беріктігі жоғары болады, қойдан жасалған цигейканың былғары өзеңі өте қалың. Бүл үлбірдің түрлері сары және қара болып өндіріледі. Елтіріге кейде аэрографты сурет жағылады. 1м^ салмағы 1200г жетеді. Бүл жа- санды үлбір түрлерінің салмағын біршама ауырлатады.



4. Жасанды үлбірдің қасиеттері.

Өз кезеңінде жеңілдетіп, не ауырлататын алдымен киім салмағына әсер ететін жасанды үлбір салмағымен ерекшеленетінін ескеру ке- рек. Үлбірдің салмағынан және оның ауа өткізгіштігінен қорыта келе, сәйкес жылу сақтайтын, желден қорғайтын астарлар тандау керек. Егер табиғи цигейканы тоқыма негізді үлбірмен және үлпекті салыстырса, онда 1м2 табиғи цигейкалық үлбірдің салмағы 707 г, тоқыма үлбірдікі 763г, желімделген жасанды қаракөл 1089г. Кесте 8.5 - Жасанды үлбірдің физико-механикалық қасиеттері.




Желімделген жасанды үлбірінің ауа және бу өткізгіштігі өте төмен. Осы материалдардан жасалған өнімдердің гигиеналық қасиеттері айтарлықтай төмендейді. Бүл жағдайды киімді үлгілеу кезінде ескеру қажет. Мүндай материалдардан жасалған киімдерді үзақ қолдануға болмайды. Жасанды үлбірлер, әсіресе тоқыма үлбірі түк (орлоннан жасалған) оның тозуға төзімділігін көрсететін қажалу беріктігіне ие. Сонымен бірге ескеретін нәрсе, синтетикалық талшықтардан, түктен жасалған жасанды үлбірлерде пиллинг түрі түзілуі мүмкін. Ол бүйымның сыртқы түрін нашарлатып және оның жылу сақтағыш қасиетін төмендетеді.


Бақылау сұрақтары:

1. Жасанды үлбір ерекшелігі не кемшілігі

2. Тоқыма жасанды үлбірінің маңызы

3. Желімдік жасанды үлбірі

4. Жасанды үлбірдің қасиеттері

Дәріс № 24. Былғары және тері өндірісі шикізаты


Дәріс жоспары:

1. Былғары мен тері

2. Шикізаттың қасиеттері және алдын ала өңдеу


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет