ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет10/30
Дата13.02.2017
өлшемі7 Mb.
#9211
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30

Дәрістің мақсаты: Тоқыма материалдарының гигроскопиялық қасиеттеріне қысқаша сипаттама;
1. Гигроскопиялық қасиеттері. Гигроскопиялық - матаның қоршаған ортадан ылғал сіңіру қасиеті. Матаның гигроскопиялық ауаның 100% салыстырмалы ылғалдығы мен 20±2°С температурадағы материалдық ылғалдылығы келесі фор- муламен анықталынады:

мұндағы, т100 -100% ауадағы салыстырмалы ылғалдылық (4 сағ.тұрған материал үлгісінің салмағы), тс - өте құрғақ үлгінің массасы.



5.13 - суретте маталардағы сулы булардың сорбция мен десорбцияның қисық сызықтары көрсетілген. Тоқыма материалдарының гигроскопиялылығы олардың іс жүзінде ылғалдылығына байланысты болады. Тоқыма материалдың ауадағы жоғарғы ылғалдану ортасына су буын сіңіру қасиеті сорбция процесі деп аталады, ал төменгі ылғалдану ортасына су буын қоршаған ортаға беру процесін десорбция деп атайды.

Тоқыма материалдарының сорбциялық қасиеті ылғалдылық, гигроскопиялық және ылғал қайтарыммен сипатталынады. Тоқыма материалдардың гигроскопиялық қасиеттерін бағалаған кезде бір шама сипаттамаларды қолданады: ылғалдылық, гигроскопиялық, су сіңіру, капилярлық, су сіңдірместігі, ылғал қайтарымы, бу өткізгіштігі. 5.4 - кестеде маталардың гигроскопиялық нормасы берілген.

Ылғалдылық. Нақты ылғалдылық (ш^ %) атмосфералық шартқа байланысты, сынаудан өткізгендегі материалдағы ылғалдылығын көрсетеді, ол келесі формуламен анықталынады:



мұндағы, т^- аудағы нақты ылғалдылық үлгісінің салмағы, тс - өте құрғақ үлгінің салмағы. Кондиционды ылғалдылық (шк %) материалдарды қалыпты атмосфералық жағдайдағы (юв=65±5%,1=20±2°С) ылғалдандырудан кейінгі ылғалдылығын айтады. Кондиционды ылғалдылық келесі фор- муламен анықталынады:



мұндағы, ррр2 - материалдың талшықтық құрамы, (%) бойынша, ^ ,^2- талшықтық кондициондық ылғалдылығы. Ылгал қайтарымы (В0%) - материалдың гигроскопиялық ылғал ұстамдылығын яғни ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 2% болғандағы қоршаған ортаға беру қасиетін айтады. Ол келесі форму- ламен анықталынады:



мұндағы, ть -үлгінің эксикатордағы суда ұстағаннан кейінгі салмағы г, тск - үлгінің эксикатордағы күкірт қышқылына ұстағаннан кейінгі 131 салмағы, г, тс - үлгінің кептіргіш шкафына кептіргеннен кейінгі салмағы, г.

Тоқыма материалының сулы ортасымен әсерлескенде суды өткізу қабілеті су сіңіру және капиллярлық сипатымен анықталынады. Су сіңіру (пв %) - материалдың барлық көлемі суға енгізілудегі ылғал сіңіру мен анықталынады. Гигроскопиялық қасиеті іш киімнің және жаздық киімдер үшін өте қажет. Киімдік ассортименттің ішінде зығыр маталарының гигроскопиялығы жоғары болып келеді. Сондай-ақ. мақта матадан, таза жібек және визкозды маталардың гигроскопиялык қасиетіне жоғары болып табылады. Үшацетатты, синтетикалық матаның гигроскопиясы төмен болады. Тек, винолда тоқылған матаның гигроскопиясы мақта матасына ұқсас болады. Су жүқтырмайтын сіңдірмемен өңдеу, жүқа үлпек қабатпен резеңке қабатын жабыстыру апреттеу сияқты өңдеу операциясы матаның гигроскопиялық қасиетін төмендетеді, келесі формуламен анықталынады:

Пв = т0


мүндағы, тв- суда сіңдіргеннен кейін үлгінің салмағы,г; т0- үлгінің бастапқы салмағы, г.

Капиллярлық деп (Н мм) материалдың тігінен өз капиллярлығы мен суды сіңіруді айтады.


Бақылау сұрақтары:

1. Гигроскопиялық қасиеттері.

Дәріс № 15. Тоқыма материалдарының физикалық және өткізгіштік қасиеттері

Дәріс жоспары:

1. Тоқыма материалдардың физикалық қасиеті

Дәрістің мақсаты: Тоқыма материалдарының физикалық және өткізгіштік қасиеттерімен танысу;
1. Тоқыма материалдардың физикалық қасиеті

Матаның физикалық қасиетіне ылғалдылық, гигроскопиялық, ауа өткізгштік, бу өткізгіштік, су өткізгіштік, шаң өткізгіштік, электрлік, жылу сақтағыштық қасиеттері жатады. Физикалық қасиетіне қойылатын талаптар, матаның тағайындалуына оның талшықтық құрамына, құрылымына, өңделуіне байланысты анықталынады.



Өткізгіштік. Тоқыма материалдардың ауаны, буды, суды, ерітінділерді, газды, шаңды, радиоактивті сәулелерді өз бойынан өткізуді өткізгіштік қасиеті деп атаймыз. Ауа өткізгіштік бұл - материалдан бүйымның өз бойына ауа өткізу қабілетін айтады. Бүл қасиет талшықтың қүрамына тығыздығына және өңделуіне байланысты болады. Тығыздығы төмен матаның ауа өткізгіштік қасиеті жоғары болады, ал тығыздығы матаның, су жүқтырғыштың сіндірмелері мен өңделген, резеңке араластырып тоқылған маталардың ауа өткізу қасиеті төмен болады. Ауа өткізгіштігіне нақты мінездеме беру үшін оны ауа өткізгіштік коэффицентімен анықталынады. Ауа өткізгіштік гигиеналық және жылу сақтағыштық қасиетінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бүл бүйымға материал таңдауда маңызды роль атқарады. Жаз мезгіліне арналған матаның ауа өткізгіштігі өте жоғарғы болу қажет ол киім ішіндегі ауа қабатының еркін қозғалуын қамтамасыз етеді, ал қыстық киімдер үшін ауа өткізгіштігі төмен материалдар таңдап алынады. Ауа өткізгіштік келесі формуламен анықталынады:

Бр=ү/( 8 - х)

мұндағы, V дегеніміз - ауаның көлемі (дм3), з - ауа өткен үлгінің ауданы(м2), т - ауаның үлгіден өткен уақыты(с).

Ауа өткізгіштігін ВПТМ-2, АТЬ-2 және ОПВ-2 аспабымен анықталады. Ауа өткізгіштік коэффициентін келесі формуламен анықталынады:

В =10000-У /8, р ср

мұндағы,У - бір нақты үлгінің ауа шығыны дм3/с, 8 - сыналған үлгінің 2 СР ауданы, м2.

Ауа өткізгіштік бұл материал мен бұйымның ауа өткізгіштік қасиеті. Оларға нақты мінездеме беру үшін, ауа өткізгіштік коэффициентін анықтайды. Бұл көрсеткішті анықтау үшін, камера (3) ішіндегі үлгіні (1) белгілі бір мөлшерінен, белгілі бір уақыт ішіндегі ауа өткізу көлемін анықтайды.

Сирету келесі формуламен және 5.14 - суретте көрсетілген:

Р=Р -Р 1 2, мұндағы, Р^-айналадағы ортаның қысымы, Р2-камерадағы насос пен желдеткіш арқылы пайда болған қалған қысым.

Үлгіден (1) өткен ауа көлемі счетчиктің көмегімен, ал сирету Р монометр (4) көмегімен анықталынады. Ауа өткзгіштік - гигиеналық және жылу сақтағыш қасиеттерінің негізгі көрсеткіші. Бұл бұйымға материал таңдауда маңызды роль атқарады. Жаз мезгіліне арналған материалда ауа өткізгіштік қасиеті өте жоғары болу қажет. Ол киім ішіндегі ауа қабатының еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ал, қыстық киімде ауа өткізгіштігі төмен материалдар таңдалып алынады.


Тұрмыстық мата, тоқыма кездемелер және тоқылмаған кездемелер, техникалық және арнайы киімге арналған мата, киіз, жасанды былғары, комплекстік материалдардан дайындалған бұйымдардың ауа өткізгіштігі

Вр,дм3/(м2с) Вр=У/§{), мұндағы, ^-үлгінің ауа өткен көлемі, дм3, 8- ауа өткен үлгінің ауданы, см2, I -ауаның үлгіден өткен уақыты, сек.

Берілген материалдың немесе бұйымның ауа өткізгіштігін сынау арқылы анықтайтын аспаптар ВПТМ-2, АТЬ-2, (ҒҒ-12) немесе УПВ- 2 (ГОСТ 12088-77). Сынау кезінде келіспеушіліктер болған жағдайда сынақ ВПТМ-2 аспабында жүргізіледі. Таза жібек, химиялық жіптер, жоғары элементті капрон жіптері. Каландрленген және қатпаршақпен мақта мата, әуе өнеркәсібінде қолданатын мақта матасы, арнайы маталар мен кездемелерді ВПТМ-2 немесе УПВ-2 аспаптарында сыналынады.

Бу өткізгіштік. Бу өткізгіштік - адам денесінен бөлініп шығатын су буларын матаның өткізу қабілетін айтады. Бу матадағы саңылаулар арқылы өтеді немесе материалды өзінің гигроскопиялық қасиетінің арқасында киім астындағы ауадан буды сіңіріп алады, оны қоршаған ортаға береді. Жүн маталары су буларын жайырақ буландырады және киім астындағы температураны басқа маталарға қарағанда жақсырақ реттейді. Модельдер құрып конструкция жасағанда матаның осындай қасиетін ескеру қажет. Мысалы: балон тектес матадан тігілген плащтың ауа және бу өткізгіштік тігісін жақсарту үшін кокетканың астынан бу шығаратын тор салады. Бу өткізгіштікті келесі формула бойынша анықтайды:

Вһ=А/(8т)

мұндағы, А - мата үлгісінен өткен су буларының салмағы,г, 8- мата үлгісінің ауданы, м2, т - сынақ уақыты, сағ.

Су сіңдірмейтін қасиеті деп - судың ішке қарай өтуіне матаның қарсылығын айтады. Бұл қасиет арнайы мақсаттағы (брезент, шатыр қолданады) маталар үшін маңызды болып табылады. Су сіңірмейтін қасиетті талшықтың құрамына тығыздығына және өңдеу сипатына байланысты болады. Матаның суға қарсылығын жоғарылату, оған су сіңдірместік қасиет беру үшін әртүрлі су сіңдіргіштік, су жұқтырғыштық өңдеулерден өткізеді. Кошел әдісімен су қарсылығын анықтау (сурет 5.15 а,б) .



4. Шаң өткізгіштік. Маталардың өз бойынан шаң бөлшектерін өткізу қабілеті. Ол шаң өткізгіштік коэффициентімен сипатталынады және оны келесі форму- ламен анықтайды, П^, г/(см2*с):

П = т1/(8т)

мүндағы, т^ - мата үлгісінен өткен шаңның салмағы,г, 8- мата үлгісінің ауданы, см2 , т - уақыты, с.

Салыстырмалы шаң өткізгіштік По %, матадан өткен шаң салмағының т} сынаққа алынған шаң салмағына т0 қатынасын көрсетеді, келесі формуламен анықталынады:

Шаң сыйымдылығы. Шаң сыйымдылығы талшықтың қүрамына тығыздығына өңделуіне және матаның оң бетінің сипатына байланысты болады. Мысалы: түкті матаның шаң сыйымдылығы жоғары болып келеді. Ол салыстырмалы шаң сыйымдылықпен сипатталынады Пе% - матамен жүтылған шаң салмағының т2 сынаққа алынған шаң салмағына т0 қатынасын көрсетеді, келесі формуламен анықталынады:



Әртүрлі тоқыма материалдары үшін шаң өткізгіштік пен шаң сыйымдылық әртүрлі болып келеді.


Бақылау сұрақтары:

1. Тоқыма материалдардың физикалық қасиеті

2. Шаңөткізгіштік қасиеті
Дәріс № 16. Тоқыма материалдарының жылу, температура өткізгіштігі және электрлену қасиеті


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет