ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет12/30
Дата13.02.2017
өлшемі7 Mb.
#9211
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

Дәрістің мақсаты:
1. Мақта матасының ассортименті

Мақта маталар ассортиментте үлкен орын алады, тоқыма өндірісінде өндірілетін барлық маталар ассортиментінің 75% үлесін құрайды. Мақта маталардың ассортиментіне мақтадан жасалған маталар және мақта мен вискоза штапелінің қосындысынан жасалған, штапельді синтетикалық талшықтардан жасалған, вискозалық жібектен жасалған маталар кіреді. Өзге талшықтарды мақта маталардың құрамына олардың сырт бейнесін және кейбір қасиеттерін жақсарту үшін қосады. Саудалық жіктелуі бойынша мақтақағазды маталардың ассортименттерін түрлі белгілері бойынша топтар мен топшаларға бөлінеді. Матаның әр тобының осы топтағы немесе топшадағы маталарға ортақ болатын ерекшеліктері болады. Мақта маталар жақсы мықты, көп ретті созылу мен иілуге төзімділік, жақсы ылғал өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады. Мақта маталардан жасалған бұйымдар тез ылғалданады, тез кебеді, жақсы жуылады және жоғары температурада үтіктеледі. Мақта маталардың қажалуға төзімділігі синтетикалық талшықтарға қарағанда аз болады. Мақта маталар көп жағдайда жақсы төселеді, оңай кесіледі, орны- нан ауытқып кетпейді, ол төсемеге мақта маталарды жатқызуға мүмкіндік жасайды. Олар оңай өңделеді, шашылмайды, тігістерінде жылжымайды; жұмсақ өңдеуде инемен тесілмейді. Құрамында синтетикалық талшығы көп мақта маталар жеңіл ша- шырап және тігістері бойынша жылжып кетуі мүмкін. Синтетикалық талшықтардың жылуға шыдамдылығы аз болғандықтан, үтіктің температурасы тиімді болуы тиіс. Маталардың түстік безендірілуі олардың қолданысына байланысты болады. Әр түрлі пішінді, өлшемді, қарқынды және түсті; тегіс боялған, шұбартылған, ағартылған және аз көлемде - меланж суреттері басты- рылып жасалған маталар шығарылады. Әрлеудің арнайы түрлері - тұрақты бастырылған өрнек, өшпейтін аппреттер, гофре, су өткізбейтін қабат тәрізді арнайы өңдеу түрлері кең қолданылады. Прейскурант бойынша мақта маталардың ассортименті 17 топқа бөлінеді. Тұрмыстық қолданыстағы маталардың көбі бастапқы 6 топқа кіреді: шыт, бөз, ішкиімдік маталар, сатин, киімдік, көйлектік маталар. Мақта маталардың артикулы екі, үш немесе төрт саннан тұратын нөмірмен белгіленеді.

Шыт мақтаматериалдарының ішіндегі айтарлықтай үлесті салмағының принципі бойынша ерекшеленген жеке топты құрайды (шығарылатын мақта маталарының ассортиментінің шамамен 10-12% құрайды). Шыт ассортиментінің спецификалық ерекшелігі бар: оның негізіне қалың иірілген жіп қолданылады, ол болса матаның негізгі тірегін, матаның қажалу әсерлеріне төзімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай құрылым мақта маталардың ассортиментінде тек шытқа ғана тән. Шыт - басылған суреті бар немесе ашық түстерге боялған мата. Ол кардты иірілген жіпті өру арқылы өңделеді. Шыттың ені - 62-95 см. Шыт муслинді, қатты және жылтырлы өңдеумен, өшпейтін аппреттермен және қысылған - жартылай мерсеризациямен алынған бүдір бетпен шығарылады. Шыт матасы әйелдер мен балалар бұйымдарының ассортиментінде, ерлердің жейдесінде, ішкиім және төсек орын жабдығында қолданылады. Шыттың өңделуі қарапайым, жыртылмайды, созылмайды және қатты шашырамайды. Шыт қатты немесе жылтырлы өңдеуі кезінде сынып кетуі мүмкін. Шыттан бұйым тіккенде № 90-100 инелерді және № 50-60 жіптерді қолданған дұрыс. Жуу үдерісі барысында шыттың отыруы негізі бойынша 5 % құрайды.

Бөз тобына шыт тәрізді өрілу арқылы өңделетін киімдік бөзінің ассортименттері жатады, бірақ оларда, керісінше, негізіне қарағанда тығыз болатын кардты иірілген жіп қолданылады (кейбір бөз түрінде негізі мен щүғасында иірілген жіп қалыңдығы бірдей болады). Бөз шытқа қарағанда қалыңырақ және қаттырақ, бірақ ол да шыт сияқты тозуға төзімді келеді. Олар бір-бірінен салмағымен, негізі мен шүғасындағы жіптердің тығыздығымен және енімен ерекшеленеді, бөздің ені - 62, 78 және 250 см. Бөз тегіс боялған және толтырылған болып шығарылады. Толтырылған бөздің кейбірі екі жағынан қапталады. Кейбір бөз түрлері арнайы өңдеу түрлерінен өтеді, мысалы, мата қатаңдығын арттырып, оларды мыжылмайтын ету үшін өшпейтін аппрет өңдеуі қолданылады. Мүндай аппрет маталарда көп ретті жуғанға дейін сақталып түрады. Бөз, шытты қолданатын бүйымдар ассортиментінде пайдаланылады. Арнайы өңдеулер бөздің қолдану өрісін кеңейтеді. Бөздің жеке топқа бөліну белгісіне олардың мақта маталардың (шамамен 6 %) ассортиментіндегі алатын үлесті салмағын, материалдардың спецификалылығын жатқызуға болады.

Сатин тобына сатин және атлас маталар жатады. Мақта матасының бүл тобының ассортименті қалыптасқан негізгі белгісі болып табыла- ды. Мата қүрылымында қолданылған иірілген жіп түріне қарай, сатин ассортименті екі топшадан түрады. Кардты сатиндер, негізінде және шүғасында кардалы иірілген жіптен, түрлі тығыздықты кардалы иірілген жіпті қолдану салдарынан салмағы және қалыңдығы бойынша әр түрлілігімен ерекшеленеді. Кардты сатинді мерсерлейді, нәтижесінде оның беті тегіс, әрі жылтыр болады. Түсіне қарай сатин қанық, тегіс боялған және ағартылған. Кейбір сатиндер өшпейтін аппрет түрінде арнайы әрленеді, ол матаны тегіс, қажалуға төзімді және мыжылмайтын етеді. Кардалы сатин - 1м2 матада 120-139 г салмақты айтарлықтай жеңіл мата. Сатиндердің аса кең тараған ені - 80 см, кейбірінің ені - 90-120 см. Тарақты сатинді жүқа тарақты иірілген жіптен және тек сатин емес, атлас түптеуінен жасалады. Атлас түптеуінен жасалған сатин сыртқы бетінде негізгі жіптерден түратын қаптауы болады, ол ластик деп ата- лады. Тарақты сатин міндетті түрде мерсеризациядан өтеді, сондықтан да олар үстіңгі бетінің тегістігімен және жақсы жылтырлығымен сипат- талады. Сатин үйкеліске және тозуға төзімділігі жоғары болғандықтан, оларды астарлық материал ретінде қолданады. Өңдеу бойынша тарақты сатин қанық, тегіс боялған және ағартылған болуы мүмкін. Тарақты сатин - 1м2 матада салмағы 80-130 г дейінгі өте жеңіл мата. Сатин ені 70 см асады. Сатин тобындағы маталар ассортиментін көйлек, жейде дайындауға, үстіңгі киімге, көйлекке, халатқа, ішкиімге жастық тысына астарлық ретінде қолдануға болады. Жүмсақ сатин шашырап кетеді, қатты сатин жыртылады, сондықтан жіңішке үшкір ине, матаның қалыңдығына, өңделуіне және тығыздығына қарай ине мен жіп нөмірлерін мұқият таңдаған жөн. Сатин негізінен 1,5-2% отырады. Ішкиім тобы. Барлық мақта-матаның шамамен 25% ішкиімдік ма- талар еншісіне жатады, шамамен 150 артикулы шығарылады.

Ішкиім тобы киетін киімдер мен төсек жабдығы бұйымдарын біріктіреді. Топтың атынан көрініп тұрғандай, бұл топтың ерекше белгілеудің себебі маталардың арналуында. Ішкиімдік маталардың ерекшелігі - олардың ақ түсте немесе ашық түстерде боялып өндірілуі болып табылады. Соңғы жағдайда алынатын маталарға бояудың жууға, құрғақ және ылғалды үйкелуге, қайнату мен терге тұрақтылығы бойынша қатаң талаптар қойылады. Ішкиімдік мата- лар бір-бірінен құрылымы бойынша өзгешеленеді, сондықтан үш топшаға бөлінеді.

Шытқа қарағанда бөз қалың әрі ауыр мата. Бөз кездемелік айқаспамен шыттың жібіне қарағанда жуандау карда жібінен тоқылады. Типтік бөздердің арқауындағы жібі 29 текс, негізі бойынша - 25 текс. Бөздің сызықтық толысуы негіз бойынша шыттыкіндей, ал арқау бойынша біршама жоғары. 1м2 бөздің массасы 138-143г, ені 61-120см. Қолға бөз шытқа қарағанда ірі сезіледі. Тегіс боялған бөз арнайы киімдер мен төсемдік үшін қолданылады. Біржақты немесе екіжақты баспа суреті бар бөздерді ерлер жейдесін, балалар костюмін, әйелдер көйлегін, перделер дайындау үшін пайдаланылады. Жолақ түрінде баспа суреті бар бөздер матрац және алаша, шығыс халатын тігуде пайдаланылады. Бөздердің өңделуі қатты, жылтыр, күміс түстес болуы мүмкін. Бөздердің технологиялық қасиеттері шыттардың қасиеттеріне ұқсас, бөз мықты, ептеп созылады, бөзді жаю, пішу, кесу, ылғал жылу- мен өңдеудің еш қиындығы жоқ. Қатты әрі жылтыр өңделген бөз тіккен кезде ойылуы мүмкін. Тігу үшін №100 ине мен № 40-50 тігін жібін пайдаланады. Жуғанда бөз арқау бойынша отырмайды, негізі бойынша отыруы шытқа қарағанда біршама жоғары (4-6%). Бұл топшадағы маталарды көбіне төсек жабдығын және киім дайындау кезінде қолданылады.

Миткальдық шағын топқа өңделмеген кезде миткаль деп аталатын маталар кіреді. Бөзден айырмашылығы - қалыңдығы мен массасы азырақ келеді. Ішкиімдік миткальдар 18,5-15,3 текс карда жібінен ағартылып немесе ашық боялып шығарылады. Өңделуіне қарай мит- кальдар әртүрлі аталады. Жұмсақ өңделген миткаль-муслин, жартылай қатты өңделгені -ішкиімдік миткаль, дөрекі өңделгені -мадаполам деп аталады. Сызықтық толуы негіз бойынша 60%, арқау бойынша 45%, 15,3- 11, 7 текс тарақтық жіптен тоқылған жұқа шифон матасы миткальдық шағын топтарға жатады. Шифондар ағартылып немесе көкшіл, ақшыл көк, қызғылт түске боялады. 1м2 шифонның массасы 110-114гр, ені 73-90см.

Мадаполамды негізінен төсек орынға пайдаланады. Бұл топша маталарының ені 75-140см. Муслин немесе шифонды әйелдердің және балалардың түнгі жейделеріне пайдаланады. Миткальдар тіккенге күрделі емес, шифон ептеп тарқатылады, төсегенде қисайып кетуі мүмкін. Арнайы шағын топша екі түрлі өрім жолымен өңделетін, қалың және салмақты ақ маталардан тұрады, бұл топшаға бұрмаланған саржа (гринсбон) және атлас (тик-ластик) жатады. Осы өрімдер материалдарды үлкен тығыздықпен, салмақпен және тозуға төзімділікпен қамтамасыз етеді. Төсегенде созылмайды, тігу кезінде тесілуі мүмкін. №100 үшкір тігін инелерді және № 40-50 жіптерді қолдану ұсынылады. Негізі бойынша отыруы 6 %. Сүлгілер үшін вафельді және түкті өрім маталары шығарылады; бет орамалдар үшін мата және аралас өрім арқылы кард және тарақты, мерсеризделген, ағартылған, шұбарланған және сурет басылған маталар шығарылады.

Көйлек тобы әйелдер мен балалар көйлегін, жейделігін, ерлер жейдесін және басқа да тігін бұйымдарын дайындауға арналған мақта-мата материалдар ассортиментін біріктіреді. Сондай-ақ оның ерекшелігі - маталардың арналуы болып табылады. Ассортимент- те тарақтық немесе кардалық жіптерден полотнолық және әртүрлі құрама ұзын жолақты айқаспалармен, жолақ және торкөз өрнектері бар алатоқылған маталар басым. Ассортименттің қолданылуына байланысты топ топшаларға бөлінеді, оларға жылдың белгілі бір мезгілінде қолданылатын, бұйымдарға арналған белгілі бір құрылымды және киімге қажетті қасиеттермен сипатталатын маталар жатады.

Маусымдық топша әр жыл мезгілінде киюге лайық киім-кешекке арналған көйлек, жейде маталарын біріктіреді. Бұл маталар жоғары тығыздығымен, салмағымен және жылу қорғағыштық қасиеттермен ерекшеленеді. Бұл топшаға әр түрлі өрімдегі маталар жатады: мата өрім - гарус, зефир және зефирина, лионезы, поплины, саржалық өрім - шотландка, көйлек маталарының кейбір артикулы, крептік өрім - креп, мақта мата. Бұл шағын топтың мата ассортиментінің негізгі бөлігінің қолданысына қарай атауы болатынын айта кету керек, мысалы, жейделік мата, жұмыс киіміннің матасы, жейделік шұбар матасы, көйлек-көншек матасы, шпатель талшығы бар көйлек матасы, мерсе- ризделген көйлек-костюм матасы. Осылайша көп матаның атауы тек олардың қолданысын ғана емес, сондай-ақ безендірілуін сипаттайды. Маусымдық топшалардың маталарының безендірілуі әр түрлі. Олар тегіс боялған, ақ, толтырылған, шұбарланған, меланжды болуы мүмкін. Бұл маталарды қолдану мен безендіру ерекшелігі, кейбір матаға мер- серизация, суөткізбейтін астарлық, өшпейтін аппрет тәрізді өңдеудің түрінен өтуін қамтамасыз етеді. Кейбір маусымдық маталарды жақсарту үшін олардың қүрылымына вискозалы шпатель талшықтарын, кей жағдайда жасанды шпатель талшықтарын, көбіне лавсандық талшықтарды ендіреді, олар матаға тозуға үстамдылық және мыжылмайтын қасиет береді. Маусымдық топ маталарының салмағында және енінде үлкен ауытқулар бар: кейбір 1м2 матаның салмағы 72-277 г шамасында, ал ені - 80-нен 150 см дейін барады. Маусымдық көйлек маталарының ассортиментінің әр түрлілігі, оны кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Олардың сыртқы безендірілуін ескеру қажет. Жазғы топша жазғы киімдерді дайындауға арналған көйлек маталарының ассортиментін ортақтастырады. Маталардың арналуы олардың қажетті қасиеттерін анықтайды. Бүл маталар қалың емес, жіңішке, салмағы аз және жақсы ауа- және буөткізгіш болады, яғни жазғы киімге сай барлық қасиеттермен сипатталады. Жазғы көйлек матасының негізгі бөлігі маталарға мықтылық және мыжылмайтын қасиет беретін маталық өрімнен жасалады. Барлық ма- талар тарақты иірілген жіптен (бәтес, вольта, майя, маркизет), ал ву- аль матасы ерекше иірілген жіптен жасалады, бүл дайын материалға көз тартарлық қүлпырмалылықты береді. Маталар түсіне қарай тегіс боялған және толтырылған болады. Жаздық маталар топшасы жеңілдікпен, салыстырмалы аз тығыздықпен және қалыңдықпен ерекшеленеді. Олар көбіне жіңішке тарақты иірілген жіптен, маталы өрім немесе аз оюлы өрімді қолдана отырып шығарылады. Безендірілуі бойынша олар алуан түрлі - тегіс боялған, толтырылған, көбіне ашық түстерге боялған, және ағартылған. Көп маталарды мерсериздеп шығарады, кейбірін гофре, қысу, күміс жібек тәріздес етіп әрлейді.

Типтік маталар: бәтес, маркизет, вуали, майя, бүл топшадағы маталардың көбінің аты - түрлі көйлек мата атаулары.

Бәтес - жеңіл, жүмсақ жібек мата, ол жіңішке, тарақты, бір жіпті иірілген жіптен (5,9-10текс) және мерсеризация әрлеуі арқылы алы- нады. Маталы өріммен өңделеді. Оларды тегісбоялған, толтырылған және ағартылған түрде шығарады. Жүқалығына қарамастан, бәтес матасының тозуға төзімділігі жоғары. Ол жазғы көйлектер, жейде- шелер, ішкиім және басқа да бүйымдарды дайындауда пайдаланы- лады.

Маркизет - муар әсері бар, әсем креп мата. Маталы өріммен, жіңішке тарақты, бүралған 5,9 текс х 2 иірілген жіпті қолдану арқылы жасалады. Бүралған иірілген жіпті пайдаланғандықтан, мата мыжыл- майды, үстағанда қатты, ал тығыздығы аз және жіңішке иірілген жіпті қолданғандықтан мата мөлдір және жеңіл. Маркизетке жүмсақтық пен жібектілік беру үшін оны мерсериздейді. Оны толтырылған түрде, кей- де тегісбоялған және ағартылған түрде шығарады.

Вуаль маркезитке ұқсайды, бірақ бір айырмашылығы оған қалыңдығы мен тығыздығы аз жіңішке бір жіпті иірілген жіпті қолданады.

Майя - негізі бойынша 15,4 текс, ал арқауы бойынша 11,8 текс бо- латын тарақты иірілген жіптен маталық өрім арқылы алынған жіңішке. жеңіл және жұқалау мата. Мерсеризделген, толтырылған, кейде тегісбоялған және ағартылған түрде шығарылады.

Жаздық топшадағы көйлек маталарының көбін аз оюлы етіп, кей- де маталық және жаккард өріммен жасайды, түрлі иірілім тәсілдері қолданылады. Жаздық мақта-матаға ажурлы өрім маталары жатады, ол матаға ерекше әсер береді. Барлық жаздық маталар мерсеризациядан өтеді, олардың беті тегіс және жылтыр болады. Ажур маталар тек тегіс боялған емес, ақ түсті де бола алады. Кейбір маталар жаккардты өріммен, орта- ша өлшемдегі суретпен жасалып шығарылады. Берліген ассортимент- ке шұбарланған маталар енбейді (бірнеше артикул ғана бар). Жаздық топшада 1м2 матаның салмағы 60-110 г дейін барады, жеңіл костюмдерге арналған кейбір маталардың салмағы - 1м2 матада 180 гр. Жаздық топша маталарынан әйелдер мен балалар көйлектері, жейдешелер, жазғы костюмдер, ерлер жейдесі және басқа да тігін бұйымдары дайындалады.

Қыстық топша бір немесе екі жақты таралған түгі бар мақта мата ассортиментінен тұрады. Бұл маталар үлкен тығыздықтағы кардалы иірілген жіптен, ал кейбір жағдайда аппараттық иірілген жіптен жаса- лады, аппараттық иірілген жіп маталарға үлкен салмақ және қалыңдық, ал таралған түкке жақсы жылу қорғағыштық қасиет береді. 1 м2 матаның салмағы 170-428 гр дейінгі өте кең шекте тербеледі, бұл қыстық мақтадан жасалған матаны жылы көйлектен, жейдеден, халаттан, ерлер жейдесінен бастап, жоғарғы киімдерге дейінгі әртүрлі киімдерді, соның ішінде спорттық киімдердің, өндірістік киімдердің кейбір түрлерін дайындауға мүмкіндік береді. Қыстық мақтадан жасалған матаның ассортименті матаның негізгі үш түрімен көрсетіледі. Өте жұқа және жеңіл мата бомазея саржалы немесе репсті өріммен жасалады және теріс жағымен бір жақты түкпен сипатталады. Қалыңырақ және ауыр мата фланель сол өріммен жаса- лады, бірақ ол екі жақты түкті болады. Матаның осы екі түрі өңделуі бойынша ақ, тегіс боялған және бедерленген болуы мүмкін. Матаның үшінші түрі байка алдыңғы маталардан жоғары қалыңдығымен және салмағымен (428 г дейін), қою екі жақты түгімен және жоғары жылу сақтағыш қасиетімен ерекшеленеді. Ол тегіс боялған болуы мүмкін. Маталардың барлық үш түрінің ені болмашы көлемді 60-120 мм шама- сында. Өңделуі бойынша олар тегісбоялған, сирек ағартылған болады. Типтік маталар болып бумазея, фланелдер және байка табылады.

Бумазея - бір жақты қою емес түкті мата. Оларды жаймалардан немесе саржалық өрімнен, көбіне кардалы иірім жіптен, негізі бойынша 18,5-29 текс және арқауы бойынша 50-84 текс өріммен ұршықсыз тәсілмен алынған иірімжіптен жасайды. Негіз бойынша вискозалы иірімжіптің кейбір артикулын қолдану түкке жұмсақтық, жылтырлық, жібектік береді. Бұл матаның ені 58-85 см, салмағы 160-255 г/м2, сирек ағартылған, тегіс боялған.

Фланелдер бомазиден екі жақты таралған түгімен ажыратылады. Олар көбіне негізі бойынша 25 текс және арқауы бойынша 42-84 текс өріммен ұршықсыз тәсілмен алынған иірімжіптен және кардалы иірімжіптен саржалық өрімнен жасалады. Кейбір маталарда вискозалы жоғары модульді талшықтармен (33%) аралас иірімжіп қолданылады.

Байка - қалың, тығыз, ауыр (355-362 г/м2), екі жақты түкті бір жарым қабатты өрімді мата. Оларды өңдіру үшін арқауында қалың (84- 200 текс), көбіне аппаратты иірімжіпті, кейде визкозалы талшықтан жасалған иірімжіпті (25 %) қолданады. Бұл маталар жоғары жылу сақтағыш қасиеттерімен сипатталады.

Химиялық жіпті маталар негізінде химиялық жіппен және таза түрдегі иірімжіппен (вискозалы) және мақтадан жасалған иірімжіппен үйлестіре, әртүрлі әсер беретін жаккардты, ұсақ бедерлі өрімді пайда- лану арқасында пайда болған әдемі сыртқы түрімен ерекшеленеді.

Филаментті жібекті мақта маталарының топшасы көйлектік және жейделі маталар болып бөлінеді. Осы ассортименттің ерекше кескінін, өңделуін жақсартудың мақсаты - мақта матасының құрылымына вискозалы жібекті енгізу болып табылады. Бұл жағдайда мата жібек матасына арналған сипат - қосымша жылтырмен ерекшеленеді. Ол вискозалы жібек матаның құрылымына толығымен негіз немесе жеке негізлік жіп түрінде, мақта иірімжібіне ширатылып, бір уақытта негізіне және негізсіне енгізіледі. Осы топшаның маталары ені 60-90 см дейінгі аралас және крепті жаймамен өндіріледі. Олар ағартылған, тегісбоялған және ала шұбар болуы мүмкін. Осы 1 м2 матаның салмағы 97-285 г дейін ауытқиды. Салмағының әртүрлілігі жейделік және жеңіл көйлектен, костюмдік- көйлектік бұйымға дейінгі матаның арналуын анықтайды. Топшадағы маталардың ассортименті шұбар ала эпонж, шотландка, ерлер жейдесіне арналған зефир, белдемшелік маталар сияқты көйлектік маталардың әртүрлі туындысын көрсетеді. Соңғысының ерекшелігі өңдеуге арналған материалдың бедерлі бетін қамтамасыз ететін, эпонж фасонды иірімжіпті қолданылуы болып табылады. Киімдік топшаға жоғарғы киімді (костюмдік, шалбар, күртеше, пальто) дайындауға арналған мақта матасы кіреді. Бұл ұстаным же- кеше топшаны, жоғары тозуға төзімділік және жақсы жылылықты өткізбеушілік, үлкен салмақ мен қалыңдық қасиеттерімен сипаттала- тын, маталардың бөліну негізіне жатады. 1 м2 матаның салмағы 510 г шамасында ауытқиды, көптеген маталардың салмағы 300 г аралығында болады. Матаның үлкен қалыңдығы және салмағы аз сызықтық тығыздықты кардты иірімжіпті қолданумен қамтамасыз етіледі, көптеген материалдардың қүрылымында екі қабатты ширатылған иірімжіп қолданылады. Осы топтың маталары саржалық, сатинды және аралас өрімді қолдануымен туындайтын салыстырмалы жоғары тығыздықты жіппен, сонымен қатар өңделуінің әртүрлілігімен сипат- талады. Олар жүмсақ және таралған түкті бетті, тегіс боялған және ала шүбар, ақ және меланжды болуы мүмкін.

Киімдік мақтадан жасалған матаның ассортименті белгіленуіне және қүрылымының ерекшелігіне байланысты топшаларға бөлінеді. Тегіс боялған топша олардың ерекшелгі болып табылатын, күңгірт түске (қара, күңгірт-көк, қоңыр, сүр) боялған маталарды біріктіреді. Осы маталардың (ағартылған, костюмдік және жадағайлық) көпшілігі ширатылған иірімжіптен, ал қалғандары бір жіптен алынған. Маталар жоғары тозуға төзімділік пен тығыздықты қамтамасыз ететін, сатинді (адрия, молексин), диагональді (диагональ), маталық (жадағайтық және шатырлы жаймалар, репстер) және саржалық өрімдермен (жадағайтық, костюмдік саржа) өндіріледі. Олардың көпшілігі жадағайлық маталарға арналған су жүқтырмайтын, СКН-26 латекстің сіңіруші жабыны бар, тозуға төзімді, суға төзімді, шіруге қарсы сияқты, арнайы әрлеу түрлерімен өңделеді. Мата ассортиментінің кеңеюі және жаңартылуы лавсан, капрон, полиозды - штапель талшықтарын қосу арқылы маталарды көбірек шығару арқасында жасалады. Тігін өндірісінде олар қарапайым, төселгенде созылмайды, қиғаштанбайды, бірақ кескенде үлкен қарсылыққа үшырайды. Сырып тігу кезінде № 100-120 тігін инелері және № 40-50 жіптері қолданылады.

Тегіс боялған топшаға классикалық ассортименттің маталары жатады: яғни, қүрамы бойынша диагональ, молексин, репс, сатин-трико, өңделуі және әрлеуі бойынша костюмдік, плащтық және пальтолық маталар. Диагональ - артикулы бойынша үлкен көлемде шығарылатын, саржалық өрімді өте кең тараған мата. Жылулық кеудеше, әскери жей- де, арнайы киімдер және жадағайды дайындауда қолданылады. Арнайы киімге арналған диагоналдар 15-25% штапельді капронды қүрайды. Тігін өндірісінде диагональ қүйылуы мен сетінегіштігімен сипаттала- ды және негізі бойынша отыруы 6%.

Молексин - төмен сызықтық тығыздықты кардалы иірімжіптен жасалған күшейткіш сатинді өрімнен өндірілетін, тегіс жылтыр бетті мата. Тығыз молексин тозаң өткізбейтін қасиетімен сипатталады. Жүмыс күртешесін, шалбар, комбинезон дайындауда қолданылады. Жоғары тозуға төзімділікке және сетінегіштікке ие, бірақ отыруы бол- машы (1-2 %) береді.

Репс - қалың негізден жасалған, көлденең кесілген тігісті маталық өрімді мата. Тегіс боялған матаның пайдалану аймағының кеңдігі олардың әртүрлі масса мен өңделуін қамтамасыз етеді. Көбіне 1 м2 матаның көпшілігі 250 г салмақпен өндіріледі, ал кейбір арнайы киімдерге арналған 1 м2 костюмді матаның салмағы 480 граммға жетеді. Көптеген маталардың ені 90 см, 80-90 см тарлау және 150 см кеңдеу енді бола- ды. Тегіс боялған топшаның маталары тұрмыстық мақта маталы киімдерді және кейбір спорттық бұйымдардың түрлерін, өндірістік және арнайы киімдерді, жадағайлық бұйымдарды дайындауда пайдаланады.

Арнайы топша арнайы және өндірістік киімдерді жасауда қолданылатын, маталар ассортиментін (диагональдар, арнайы- трико, жұмыс киімдеріне арналған костюмдік және кительді маталар құрайды. Арнайы топшаның маталар ассортименті 6180 см дейінгі енмен, 250 г/м2 (тек кейбір 1 м2 матаның массасы 480- 510 г шамасында) салмақпен сипатталады. Кейбір арнайы маталардың тозуға төзімділігін жоғарылату үшін, оларды 15 - 25 % штапельді капронды мақта қоспасымен өндейді, бұл өндірістік киімдердің аз қыртыстануына және пішіннің өте жақсы сақталуына мүмкіндік туғызады. Меланжды және ала шұбар маталардың топшасы құрылымдық белгілері бойынша бөлінеді және бұл топшаға осы маталардың басты ерекшелігі болып саналатын, әртүрлі түспен боялған иірімжіптен, меланждан жасалған маталар кіреді. Олардың екінші ерекшелігіне негізіне немесе арқауына екі ширатылған иірімжіптің кұрамасын қосу арқылы, саржалық және аралас өрімді қолдануы жатады. Бұл маталардың ассортименті жүн және жартылай жүн маталарына сыртқы түрі бойын- ша ұқсайды. Сол үшін көрсетілген маталардың ассортименті костюмдік трико, диагоналдар деп аталады. Осы маталардың көпшілігі жоғары жібектік пен жұмсақтықты қамтамасыз ететін, вискозды штапельді талшықты мақта қоспасынан өндіріледі. Меланжды және ала шұбар киімдік матаның негізгі салмағы аз отыратын өңдеуге ұшырайды, бұл маталардан жасалған бұйымдар кию кезінде өзінің пішінін жақсы сақтайды. Көрсетілген топшаның маталарын дайындаудағы әртүрлілік, оларды әртүрлі киімді модельдеу үшін қолдануға мүмкіндік туғызады. Осыдан кейін бұл маталардың костюмдік триконы дайындау элементтеріне тән, тоқымалық өрімді немесе әртүрлі түспен боялған жіптерді қолдану арқасында алынады, жолақты немесе торлы суреттерді қолдану сияқты ерекшеліктерімен сипатталады. Бұдан басқа, олар костюмдік матаға 160 тән 250-300 г/м2 салмақты көрсетеді, ал костюмдік триконың ені 142- 150 см құрайды (кейбірінің ені 70-90 см болады). Осы топшаның киімдік мата ассортименті костюмді, шалбарды, жаздық пальтоны, күртешені және басқа бұйымдарды жасауда пайдаланылады.

Трико - осы топшаның негізгі мата түрі. Трикоға тән сипат - түстік жіппен немесе өріммен жасалған, бойлық жолақтар мен торлар болып табылады. Трикода көбіне кешенді химиялық жіптермен ширатылған түстік жіптен жасалған иірімжіптер (иіруге дейінгі әртүрлі түске боялған талшықтан жасалған), меланжды иірімжіптер қолданылады. Трико күшейтілген және сынған саржа өрімінен өндіріледі. Мақта маталы трико костюмдік жүн матасын боямалайды және арзан ерлер костюмін жасауға арналған. Трико үлкен мөлшерде шығарылады: костюмдік трико, меланжды трико және балалар трикосы.

Коверкот - екі түсті ширатылған иірімжіптен жасалған күшейтілген атластан немесе диагональді өрімнен өндіріледі. Осы матаның негізінің тығыздығы, негізсінің тызыдығынан едәуір жоғары (екі немесе одан жоғары).

Диагональ - меланжды мата, негізсі бір жіпті қалың иірімжіпті және негізі ширатылған кардалы иірімжіпті диагональді өрімді болып келеді, матаның ені - 145 см.

Джинсалы мата - арқауы кендіржіпті және негізі боялған, біржіпті кардалы иірімжіпті саржалық өрімнен өндіріледі. Спорттық костюм- дерге, күртешеге, шалбарға, белдемшеге кеңінен қолданылатын классикалық джинсалы мата жолақты және торлы суретпен бейнеленетін, түстік жіппен тігілген. Джинсалы матаның өндірісіне лавсанды талшық, вискозды-лавсан қосылған иірімжіп қолданылады.

Классикалық маталардың қыстық тобына шұға, күдері және шибарқыт тон кіреді.

Шұға - жұқалау, жұмсақ және борпылдақ қыстық топшадағы мата. ТТТүға. күшейтілген сатинді өріммен, негізі бойынша үлкен көлемде толықтырылған, негіз жүйесіне қарағанда, негіз жүйесінде қалыңырақ кардалы иірімжіптен жасалады. Матаның беттік жағы қайта-қайта та- ралып және кесіліп жасалған, жақсы бекітілген түкті, тығыз жабынды мата. Шүға тегісбоялған, сирек меланжды болып шығарылады.

Күдері - қысқы ассортименттегі табиғи күдеріні боямалайтын, өте қысқа және жақсы бекітіліп, таралған түкті, ең берік және тығыз мата. Негізі ширатылған және негізсі біржіпті иірімжіптен өндіріледі, кейде тегісбоялған және басылған суретті болып келеді.

Вельветон - қүрылымы бойынша күдеріге үқсас, бірақ жүқалау, тегісбоялған мата. Күшейтілген сатинді өрімді, ширатылған иірімжіптен жасалады.

Қыстык маталар күртешені, спорттық балалар киімін дайындауға қолданылады. Оларды пішу кезінде, түктері барлық бөлшектерде тек бір бағытта жатуын мүқият қадағалау керек. Сонымен қатар, кейбір матаның сетінегіштігі мен седіреуін ескеру қажет. Іштік және астарлық маталар. Іштік топқа жоғарғы сыртқы киімдерді дайындау кезінде қолданылатын қалта астары, іштігі үшін қолданылатын маталарды жатқызуға болады.

Коленкор - іштік ретінде қолданылатын, мадаполам мен сисаға үқсас, бірақ өте қатты жылтыр өңдеумен өңделген, тегісбоялған мата, мата ені - 62 және 75 см.

Жеңдік саржа - орташа сызықтық тығыздықты бір жіпті кардты иірімжіптен тоқылған саржалық өрімнен өндірілген, жолақ түріндегі баспа суреті бар ағартылған мата, мата ені - 75 және 80 см.

Қалталық мата - қардалы иірімжіптен жасалған сынған саржаның сирек өрімімен, маталық өріммен өндірілген, тығыз, мықты, тегісбоялған мата. Көбіне қалтаның іштігіне қолданылады.

Астарлық топ сыртқы киімде олардың іштік мата ретінде қолданылуы және тағайындалуы бойынша іріктелген, мақта маталарының ассортиментін біріктіреді. Осы маталарға қойылатын негізгі талаптар - үйкелуші әсерге жоғарғы беріктік, ол материалдарды аппреттеумен қамтамасыз етіледі. Осы топқа қарастырылған жоғарғы топтағы барлық маталар кіреді, бірақ қүрамында крахмал мөлшері үлкен және көбіне күңгірт түстерге боялады. Бүл костюм, пальто және басқа киім түрлерін тігу кезінде іштік мата ретінде қолданылатын және көп мөлшерде аппрет жағылған үсынатын, ағартылған және тегіс боялған коленкор. Аппрет матаның тығыздығы мен қаттылығын жоғарылатады, оның созылғыштығын азайтады, нәтижесінде осы мата іштік матаға үсынылған талапты қанағаттандырады. Бүл топқа ақ немесе ашық орта- да жолақпен толтырылған суретті, костюмдік бүйымдардың жеңінің астарына қолданылатын жеңдік саржа мен боялған және аппреттелген грибсон, тик-ластик және өңірлі мата, қалталық мата жатқызылады. Барлық маталардың салмағы 97-225 г/м2, ені 80-140 см дейін болады. Бүл маталардың түсін астарлық немесе жоғарғы материал түсіне сәйкес таңдайды.

Тыстық топ жоғары тығыздықпен сипатталатын, матрацты және жастық тысы мен көрпе тыстарынан түрады. Бірінші мата қауырсынға арналған өткізбеушілікті қамтамасыз етеді, ал екіншісі бойлық жолақта ала шүбар суретті немесе баспа суретпен сипатталады. Бүл материалдар олардың жыртылуына жоғары беріктігін және үйкелуге төзімділігін қамтамасыз ететін, негізі және арқауы бойынша жоғарғы тығыздықты, орташа сызықтық тығыздықты кардалы иірімжіптен өндіріледі. Тыстық маталар тобының 1 м2 матаның салмағы 152-240 г/м2 ені 80-100 см, матаның аталуы оның тағайындалуын көрсетеді.

Түктік маталар тобы үш жүйелі жібі бар (негізі және негізсі мақта мен мақта маталы жіптің түкті жүйесінен жасалған грунтты жіптер), түктік өріммен өндіру үстанымы бойынша бөлінген. Бүл матаның беті тегіс түкті түрді (жартылай барқыт), жіңішке ши-ши (шибарқыт) немесе кең қалың (шибарқыт-корд) түрді болып келетін, түктік жабынды бола- ды. Кейбір шибарқытта түк әртүрлі пішінді түрде болуы мүмкін, яғни бұл шибарқыт түрі фасонды шибарқыт деп аталады. Барлық осы маталар негізінде қосылған иірімжіпті және арқауы біржіпті құрайды. Мата түгінің қатты бекітілуі үшін негізіне қарағанда, негізінің жібін жоғары тығыздықпен жасалады (2-3 есе). Жартылай барқыт және шибарқыт түгінің биіктігі 2 мм дейін, ал шибарқыт-корд түгінің биіктігі - 2 мм жоғары болады. Түкті матаның басты бөлігі тегісбоялған түрде, кейбірі баспа суретті немесе өрнекті суретті түрінде шығарылады. 1м2 түкті матаның салмағы 545-385 г дейін, ал ені - 152 мм ауытқиды. Үлкен қалыңдығы мен кеуектілігінің арқасында түкті маталар жақсы жылу сақтағыштык қасиетімен сипатталады және әртүрлі сырт киімдерде кеңінен қолданылады. Олардан әйелдер және балалар көйлегін, костюмдерді, белдемшелерді, шалбарларды, пальто, бас киімдерді және басқа бұйымдарды жасайды. Бұл матаның кемшілігі жобалауда қосымша тігісті қажет ететін, олардың енінің тар екендігін ескеру қажет, бірақ бұл кейбір киім үлгілерін үлгілеуде қажет емес. Түкті маталар мақта маталы иірімжіптің үш жүйесінен жасалған түкті өрімнен өндіріледі. Матаның үстіңгі бетінде мақта талшығының қысқа вертикальді тұратын арқауынан кесілген және негізінен кесілген түктер орналасқан. Түкті кескеннен кейін негізлік жүйе әлсіремеу үшін, негізлік түкті мата негізсі бойынша үлкен тығыздықпен жасай- ды. Түкті топқа барқыт, жартылай барқыт және шибарқыттар жатады.

Барқыт және жартылай барқыт тарақты иірімжіптен өндіріледі, беттік жағында тегіс түкпен жасалған, тегіс боялған және баспа суретті болып келеді. Барқыт негізлік және негіздік жүйеде орташа сызықтьщ тығыздықты тарақты ширатылған иірімжіптен жасалады. Жарты- лай барқыттың барқыттан айырмашылығы негізлік жүйеде біржіпті иірімжіп болады. Шибарқыттың матаның бойымен жүргізілген беттік жағында түкті жолағы болады. Шибарқыт жіңішке түкті жолақпен, ал шибарқыт- корд кең қалың түкті жолақтарымен ажыратылады. Шибарқыттардың ассортименті тұрақты мақталавсанды шибарқыттардан, кең (1см дейін) түкті жолақты шибарқыттардан, жіңішке және қалың жолақтың кезектескен, фасонды кесілген түкті жолақты шибарқыттардан тұрады. Шибарқыт-корд 3-5 см енмен ши-ши жолақтармен орналасқан, 1,5 мм-ге дейінгі ұзындықтағы түкті бетті болып келеді. Негізі кардалы ширатылған және негізсінде біржіпті иірімжіптен өндіріледі. Шибарқыт-кордтың кейбір артикулдары көбіне ширатылған, таралған иірімжіптен жасалады. Мақта лавсанды шибарқыт-кордтың бірнеше артикулы шығарылды. Шибарқыт-корд жұмсақ, ашық түсті болады, кейде баспа суретті болып келеді. Шибарқыт-корд көйлекті, пальтоны, белдемшені, шалбарды дайындауға қолданылады.

Түкті маталар тігінмен өңдеуде өте күрделі. Пішу кезінде барлық бөлшекте төменнен жоғары бағытталуын қадағалау керек. Тығыз маталар тігін инелерімен тесіліп кетуі мүмкін, сетінеген кезде тесілген орындарда түк төгіледі. Ылғалды-жылумен өңдеу кардолентада жүргізілуі тиіс, жуу кезінде бүйымды бүрап сығу қажет емес.

Сұрып тобына тоқыма станогынан алынған және әрлеуден өтпеген мақта матасы (бомази, бөз, миткаль, жайма, саржа, қалталық мата) жа- тады. Олар жоғарғы сырт киімдерді дайындау кезінде тек қолданбалы материал ретінде және кейде киімді қүрастырудың муляжды тәсілінде көмекші материал ретінде қолданылады. Жиһаздық-әшекейлі топ екі немесе үш-бес жіп жүйесінен өндірілген маталардан түрады. Бүл әшекейлеу мақсатында және жиһазды қаптау үшін қолданылатын, түсті кілемді, жиһазды, әшекейлі, портьерлі және басқа маталардың әртүрлі түрі. Олар әртүрлі салмақты және қалыңдықты, баспа суретті, ала шүбар және тегісбоялған болуы мүмкін. Жиһаздық материалдардың үйкелуге төзімділігі жоғары. 1 м2 маталардың салмағы 208- 640 г дейін ауытқиды. Негізінен бүл енді маталар - 150 және 160 см. Осы маталардың қыжым сияқты кейбір түрлері визкозалы штапельді талшықтан жасалған иірімжіпті қолдану арқылы кесілген түкті өрімнен өндіріледі.

Жәшікті және орауыш маталар тобы олардың аталуына сәйкес қолданылатын, қаптық және орауыш маталар жейдесін қүрайды. Олар толық өңделмеген, ағартылған және тегісбоялған болуы мүмкін. Дәке мен дәкелік бұйымдар тобы аз салмақты және төмен тығыздықпен сипатталатын, дәкелік маталардан түрады. Бүл маталар тобы қыстық киімде мақталық астарды дайындау кезінде қолданылады. Олар ағартылған, ылғал жүтқыштық және тігіндік болуы мүмкін. Дәкенің ені - 65-90см дейін, тігін өнеркәсібінде дәкелік бүйымдар қолданыл-майды.

2. Зығыр матасының ассортименті

Зығыр матасының ассортиментінің басқалардан ерекшелігі жеке дана бүйымдарды көптеп шығаруы, мысалы сүлгі, дастархан. Зығыр матасының ассортименті он алты топқа бөлінеді, бүл топтың әрқайсысы зығыр және жартылай зығыр матасының топшасын қүрайды. Бар ассортименттің ішінен киімді жасау үшін матаның шекті саны қолданылады. Топқа бөлінген зығыр маталарының негізгі белгісі олардың қүрылымының немесе арналуының ерекшелігі болып табылады, ал топшаларға олар талшықтық қүрамы бойынша бөлінеді. Зығыр матасының ассортиментінің барлығы тігін өнеркәсібінде қолданбайды, сондықтан зығыр матасының кейбір топтары ғана қарастырылады. Зығыр матасының ассортиментін зерттеу барысында, олардың артикуляция жүйесінің барын ескеру керек, яғни алғашқы екі саны топтың нөмірін, ал үшіншісі - топша нөмірін көрсетеді. Зығыр маталары таза зығырлы және жартылай зығырлы бо- лып өндіріледі. Жартылай зығыр матасында әдетте мақта иірімжібін негізінде, кейде арқауында пайдаланады. Соңғы кездері негізгі виско- залы жібекпен, 50-70% лавсаннан түратын, зығыр иірімжібінен мата- лар өндіріле басталынды. Зығыр маталардың мақта матасынан айырмашылығы қалыңырақ иірімжіптен жасалған (18-166 текс), олар негізі және арқауы бойынша бірдей, көбінесе жаймалық өрімнен, ал жаккардты және үсақ өрнекті өрімдерден сирек өндіріледі. Зығыр маталары негізінде ағартылған, жартылай ағартылған және сүрыпты, меланжды, ала шүбар, тегісбоялған, баспа суретті болып шығарылады. Зығыр маталары жоғары салмақты, қалың, қатты, берік және созылғыштығы аз болады. Олардың гигиеналық қасиеті жақсы, бірақ жылу сақтағыштығы өте төмен, осыған байланысты бүл матаны қыстық киімдерде қолданбайды. Матаның беті тегіс және жылтыр. Тегістіктің арқасында пішу кезінде мата беті жылжуға қабілетті. Қаттылығына байланысты зығыр маталары кесуде үлкен қарсылық көрсетеді. Бүйымды тігу барысында олар қиындық туғызбайды, бірақ қаттылығының сал- дарынан қүрылымы инемен бүзылуы мүмкін. Зығыр маталарының кемшілігі оның қатты қыртыстануы, сондықтанда олардың қасиетін жақсарту үшін штапельді лавсанды қоспаға қоса бастады. Лавсанды зығырлы маталар (50-67 %) сыртқы түрі әдемі, аз қыртыстанғыш және жуу кезінде отырмайды (1% аз емес), олардың тозуға төзімділігі едәуір жоғары. Ылғалды-жылумен өңдеуде зығыр лавсанды маталар 140-180°С температура кезінде жүмсақ ылғалды әлсіз үтіктеуден өтеді. Температураның жоғарылауы және ылғалдыльщ түстің өзгертуі және қатты кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.

Жайма - классикалық зығыр матасы. Мақта негізінде алынатын жартылай зығыр және зығыр матасы. Таза зығырлы жайма қаттырақ, тегіс, жылтыр және жартылай зығырға қарағанда тез жуылады. Таза зығыр жаймасы 18-166 текс ылғалды иірулі иірімжіптен алынады және сызықтық тығыздығына байланысты қолданылған иірімжіптер өте жүқа, орташа жартылай дөрекі және дөрекі болып бөлінеді. Өте жүқа зығыр жаймасы зығырлы бәтес деп аталынады. Жіңішке жайманың ені - 80-90 см, ал қалың кең жайманың ені - 138-200 см, зығыр жаймасының үстіңгі бетінің тығыздығы - 106-300 г/м2. Жартылай зығырлы жайма арқауында 25-29 текс сызықтық тығыздықты мақта иірімжібі, негізсіне 45-71,5 текс зығыр иірімжібі пайдаланылады, олардың үстіңгі бетінің тығыздығы- 140-210 г/м2, ені - 90-180 см.

Өңделуі мен түстік дайындамасына байланысты жаймалар сұрыпталған, ақ, жартылай ақ, жолақты, торлы және ақ түспен боялған иірімжіптің кезектескен ала шұбарлы болып бөлінеді. Жайманың жаңа ассортиментіне ашық баспалы суретті сұрыпты, ақ және жартылай ақ жаймалар кіреді. Зығырлы жаймалар қалыңдығына, боялуына және өңделуіне қарай қолданылады. Ең кең тараған жайма төсек-орын тыстары. Жұқа жаймалар бет орамал мен ішкиімдерде, ал тығыз ала шұбар маталар мен баспалы суретті жаймалар көйлекке, костюмге және күртешеге пайдаланылады. Тұрақты ырғақта ірі жолақтағы ала шұбарлы зығыр жаймасы сатылы деп аталады. Сәнді төсек жаймасына, дастарханға, сүрткішке, сүлгіге арналған ірі өрнекті өрімді маталар қамқалы бо- лады. Тігін өндірісінде зығыр жаймалары көп қиындық туғызбайды: яғни олар жеңіл төселеді, созылмайды, бояуы жұқпайды, бірақ дөрекі жай- ма кескенде көп қарсылық көрсетеді. Біріктіруші инешаншымға № 110-130 инелері және № 30-60 мақта жіптері қолданылады. Құрылымы бойынша жайма біртегіс тығыз, сол үшін олардың негізі мен арқауы бағытындағы отыруы бірдей және 3-7 % құрайды.

Костюмдік-көйлекті маталар - зығыр матасының ассортиментінің ең көп тез дамыған түрінің бірі. Костюмді матаның беттік тығыздығы - 250-290 г/м2, көйлектікі - 100-220 г/м2. Костюмді-көйлекті маталар тегіс боялған, ағартылған жартылай ақ түсті (кенеп, рогожка) болып шығарылады, ал атласты және ұсақ өрнекті өрімді, 45-85 текс сызықтық тығыздықты ылғалды иірілген иірімжіптен өндіріледі. Бұл артикулдар қатары сақталған, таза зығыр матасының үлкен тобы. Жартылай зығырлы костюмді-көйлекті матаның екінші топ- шасы бірінші топтан көп және әртүрлі. Соңғы жылдары әсіресе көйлекке, жейдеге, ерлер жейдесіне, костюмге, джинсаға, жастар мен балалардың спорттық киімдеріне арналған жаңа құрылымды маталар ассортименттері кеңінен таралған. Жұқа ерлер жейдесі және әйелдер көйлегінің жеңілдетілген құрылымды матасы төменгі сызықты тығыздықты иірімжіптен өндіріледі. Зығырлы, мақталы иірімжіп пен химиялық жіптің әртүрлі үйлесімділігі қолданылады. Бұл маталар жаймалық өріммен жасала- тын тегіс бетті немесе өрімді және әртүрлі сызықтық тығыздықты ара- лас жіптен жасалған ұсақ құрылымды бетті түзеді. Жеңілдетілген көйлектік маталар тығыз және сирек кезектескенжолақты, орташа сызықтық тығыздықты, үсақ өрнекті өрімнен жасалған зығырлавсанды және мақталы иірімжіптен өндіріледі. Меланжды әсерлі маталар бояуларды әртүрлі қабылдайтын, талшықтар қоспасын пайдалану арқасында алынады. Бүдырлы әсерлі маталарды жіпке штопортүріндегі бүйралықты беретін, өзінің серпімділігінің арқасында зығыр иірімжібін жинайтын, капронды жіппен ширатылған, зығыр жібінен өндіреді.

Екінші топшаға әйелдер жазғы пальтосына арналған, біршама ауыр, дөрекі қүрылымды, түстік лавсан қосылған, зығырлавсанды иірімжіптен жасалған, жүнге үқсас созылымды әсем немесе кедір- бүдыр бетті маталар, әртүрлі қүрылымды - қалың және жүқа, отыруы жоғары қүрылымды зығырлы, мақталы, вискозды, синтетикалық жіптермен жасалған маталар. Әртүрлі өрімді маталар, оның ішінде ірі өрнекті, нақты көрінбеген жуылған жолақты ала шүбар суретті, фото- фильмбаспа әдісімен жағылған баспа суретті маталар және саржалық өрімді жоғары тығыздықты джинсалы маталар жатады. Қатырма мата тобы тігін өндірісінде костюмнің, пальтоның алдыңғы бойына және басқа бөлшектерінде іштікретінде қолданылатын, қатырғы маталардың әртүрлі түрінің ассортиментін біріктіреді. Маталар бүйымның негізгі қаңкасының пішінін сақтауды қаматамасыз ететін жоғары қаттылықпен, аз созылымдылықпен, бүйымды созылу кезінде деформациядан сақтаушы қасиеттер сипатталады, мата ауа мен буды жақсы өткізеді. Қатырманың ассортименті сызықтық тығыздығы жоғары зығыр иірімжібінен жасалған, жаймалық өрімді сүрыпты матадан өндіріледі. Қатырмалар сүрыпты аппреттелмеген және аппреттелген болады, олардың кейбірі отыруын азайтатын, арнайы әрлеуден өткізіледі. 1 м2 қатырғының салмағы 230-362 г дейін ауытқиды. Бүл жағдай жоғарғы материалға сәйкес қатырманы таңдау кезінде ескерілуі қажет. Жоғарғы жеңіл мата үшін жеңілірек қатырғы таңдап алынады. Жеңіл қатырманы қалың пальтолық матаға пайдаланбайды, себебі қаттылықтың жетіспеушілігінен ол бүйым пішіннің сақталуын қамтамасыз етпейді, ал қалың ауыр қатырғыны сыртқы жеңіл матаға қолданса, ол артық ауырлық береді және дөрекі көрінеді. Қатырманың ені 66-150 см шекте ауытқиды.

Парусин тобы жоғары тығыздықпен және массамен сипатталатын, жоғары сызықтық тығыздықты зығыр иірімжібінен жасалған, жаймалық өрімді, ауыр, суға төзімді маталар ассортиментін біріктіреді. 1 м2 матаның салмағы 742г жетеді, ені 70-95 см. Осы топқа жадағайлық, ангарлық, теңіздік парусиннің әртүрлі артикулдары енеді. Олардың көпшілігі қосымша суға төзімділікті әрлеуден өтеді. Парусиндер сүрыпты және тегісбоялған, зығырлы, жартылай зығырлы болады. Кейбір парусиндер, бес қабатты ширатылған, негізінде және арқауында мақта иірімжібі бар, жоғары тозуға төзімділікті беретін мақтадан жасалады, олардың кейбір бөлігіде суға төзімділік әрлеуінен өткізіледі. Зығыр матасының қалған ассортименті - яғни екі жіпті, равентухтар, олардан ораушы және қаптық маталарға қолданылады.
Бақылау сұрақтары:

1. Мақта матасының ассортименті

2. Зығыр матасының ассортименті

Дәріс № 19. Жібек және жүн матасының ассортименті


Дәріс жоспары:

1. Жібек матасының ассортименті

2. Жүн матасының ассортименті
Дәрістің мақсаты: Жібек және жүн матасының ассортименті, негізгі шикізаттарымен қасиеттеріне қысқаша тоқталу;

1. Жібек матасының ассортименті

Жібек матасының ассортиментінің материалдары шамалы қалыңдықты және салмақты, тегіс және жылтыр бетті, қүрамында үзындығы шексіз талшықтан немесе жібек талшығынан түратын ма- таларды жатқызуға болады. Жібек маталар талшықтық қүрамының табиғатына байланысты сегіз топқа бөлінеді, оның әрқайсысы сәйкес топшалардан түрады. Жібек матасының ассортименті барлық мата ассортиментінің 11% қүрайды, артикулдардың саны өте көп, тәртіпке сәйкес олар төрт санды санмен белгіленеді, бірінші сан матаның то- бын, екіншісі - топшасын білдіреді. Жібек матасының жіктелуін және топтың немесе топшаның сипаттамасын біле отырып, матаның арти- кулы бойынша оның қүрылымы, дайындалуы және кейбір қасиеттері туралы белгілі көрсетілімдерді қүрауға болады.

Жібек матасының ассортименті басқалардан әр түрлілігімен, әсіресе шикізаттың қүрамымен, жіптің, матаның және өңделуінің қүрылымымен ажыратылады, алдымен түтынушылық қасиетінің әр түрлілігімен байқалады. Жібек матасын өңдеуде табиғи жібек, жасанды және синтетикалық талшық, жіптер, басқа табиғи талшықтар қолданылады. Мата ассортиментінің әртүрлілігіне түрлі қүрылымды жайпақ, фасонды, моно, кешенді, крепті, москрепті ширатпалы, модифицияланған (кескінделген, биокешенді) жіптерді қолданылады. Барлық кластағы әртүрлі өрімдер қолданылады: яғни басты, үсақ-ірі өрнекті, баспа суретті, ала шүбар және күрделі. Жібек маталарын баспа суретті, тегіс боялған ағартылған, гофре сығыстырылған, лак әсерлі, түкті түрінде өндіреді.

Прейскурантқа сәйкес жібек матасы сегіз топқа бөлінеді:

1-табиғи жібекті, 2-басқа талшықпен қоспалы табиғи жібекті, 3-жасанды жіпті, 4- басқа талышықпен қоспалы жасанды жіпті, 5-синтетикалық жіпті, 6- басқа талшықпен қоспалы синтетикалық талшықты, 7-жасанды талшықты және басқа талшықпен қоспалы жасанды талшықты, 8-синтетикалық талшықты және басқа талшықпен қоспалы синтетикалық талшықты.

Мата ассортиментінің әрбір тобы топшаға бөлінеді:

1-крепті, 2-тегістелген, 3-жаккардты, 4-түкті, 5-арнайы.

Жібек маталары жеңіл, салмақсыз мөлдірден ауыр көп қабаттыға дейін шығарылады. Барлық класта тоқымалық өрім қолданылады. Маталар сиретілген, жолақты, рельефті құрылымды және әртүрлі түстік дайындауларда - ағартылған, тегісбоялған, ала шұбарлы, меланжды, баспа суретті, металдық жіппен жылтырланған болады. Астарлық және плащтық маталар «шанжан» әсерлі құбылысты, құлпырмалы бояуымен ерекшеленеді, олардың негіздік және арқаулық жүйесі әртүрлі түсті болады. Жаңа модифициялы химиялық талшықтар мен жіптерді бірінші кезекте текстурленген, кескінделген, толық, аралас және фасонды жіптерді кеңінен қолдану арқасында ассортимент кеңейеді, матаның сыртқы түрі және тұтынушылық қасиеті жақсарады және жібек матасының сапасын жоғарылатады. Ассортименттің даму бағытының негізі-сыртқы түрі және қасиеті бойынша табиғи шикізатқа өте жақын химиялық талшықтан жасалған матаны шығару. Мақтаға ұқсас, жібекке ұқсас және жүн матасын боямалайтын маталар көптеп шығарылады. Кескінделген және модифицияланған жіптен жасалған, тағайындалуы бойынша көйлектік және жейделік жібекке ұқсас маталардың гигиеналық және эстетикалық қасиетті жоғары, жұмсақтығымен және жақсы драпта- луымен ерекшеленеді. Қарапайым жіптердің гантель түрді кескінімен модификацияланған полиамидті жіптер жинағы, яғни жаңа құрылымды маталар қатты жылтырлығымен, каркастығымен, тозуға төзімділігімен сипатталады. Тағайындалуы бойынша көйлектік және жейделік мақта матаға ұқсас маталар сиретілген құрылымды болады, жеңілдігімен ерекшеленеді. Жүнді боямалайтын маталар крепті, ұсақ өрнекті және ірі өрнекті өріммен, текстурленген, аралас және фасонды жіптен өндіріледі. Жақсартылған эксплуатациялық қасиеттерімен ерлерге арналған жаңа құрылымды маталар лавсанвисозалы иірімжіптен және полиамидті кешенді жіптен құралатын, жаңа кешенді жіпті қолдану арқылы жасалынады.

Жаңа ассортименттің сәнді матасын шығару үшін металдық және металданған жіптер - метанит, алюнит, пластилекс қолданылады. Көлемдіжіптержалтыркескінмен,тегісжылтыржіптер-күңгірттілікпен үйлесуі мүмкін. Астарлық матераиалдар ассортименті ұсақ және ірі өрімді отыруы аз синтетикалық астарлық матамен толықтырылады. Плащтық мата ассортиментінде лакта өңделген және су өткізбес матаны, су сіңірмейтін қабыршықты жабынды күртешелік матаны шығару жоғарылатылды. Штапельді матаны өндіру кезінде үшацетатты-вискозды-капронды үш компанентті талшықтар қоспасынан жасалған иірімжіпті қол- данады. Пигментті бояғыштармен баспалы және термобаспалы аудармалы үдемелі әдіспен, жаңа текстильді-қосымша заттарды кеңінен қолдану, әрлеудің көркемдік-бояулық мүмкіндігін кеңейтеді, матада жаңа әсерді алуды қамтамасыз етеді, таза түсті және жоғары нақты суретті алуға мүмкіндік береді. Жібек жібінен жасалған маталар 1,56-2,33 текс сызықтық тығыздықты шикізат-жібек, негізі-жібек, арқауы-жібек және креп- жібек жүқа жіптен өндіріледі. Ассортиментте тығыздығы төмен толықтырмалы жаймалық өрімді маталар басым. Баспа суретті және ағартылған, тегіс боялған, сүрыпты табиғи маталар шығарылды, олардың ені - 80-150 см, жеңіл матаның беттік тығыздығы - 14-22 г/м2, орташа матаның беттік тығыздығы - 55-60 г/м2, ауыр матаның беттік тығыздығы - 190 г/м2 дейін жетеді.

Шығарылған өнімнің негізгі бөлігін крептік топшаның классикалық ассортиментінің маталары қүрайды: яғни крепдешин, креп-шифон, креп-жоржет және креп-сатин. Табиғи жібектен жасалған маталар тобы матаның қүрылымына байланысты топшаларға бөлінеді. Крептік топша үсақ түйіршікті немесе крепті мата беттігін қамтамасыз ететін, негізінде және арқауында немесе тек арқауында крепті ширатпалы жіпті болып келетін ерекшелігімен ажыратылатын маталар ассортиментін біріктіреді. Матаның негізгі массасы креп- шифонды, негізінде және арқауында крептік жіпті креп-жоржетті, негізінде және арқауында крепті жіпті крепдешинді жаймалық өріммен өндіріледі, 1 м2 мата 25-67 г дейінгі өте аз салмақты болып келеді. Креп- фай, креп Экстра, креп Флокс сияқты өте ауыр маталар үсақ өрнекті өріммен өндіріледі және 1 м2 матада 150 г дейін салмақ болады, осы топшаның барлық маталары тегісбоялған, баспа суретті және ақ бола- ды, матаның ені -90-120 см. Креп-шифон - жеңіл, жартылай мөлдір, жаймалық өрімді таза крепті мата, ол негізінде және арқауында екі жіпті крептен жасалады, крептік әсері нақты айқындалған үсақ түйіршікті, күңгірт беттікті си- паттайды. Оның беттік тығыздығы - 25-35 г/м2 , матаның ені - 90-110 см. Креп-жоржет - креп-шифонға үқсас, бірақ әлденеше тығызырақ, қаттырақ және мөлдірлігі аз, екі, төрт жіпті крептен өндіріледі. Матаның ені 95-120 см, беттік тығыздығы - 35-65 г/м2 . Крепдешин - жаймалық өрімді жартылай крепті мата, арқауында крепті жіптен және негізінде жібек-шикізатты жіптен өндіріледі, жеңіл түйіршікті беттікпен, жүмсақ жылтырлықпен сипатталады, матаның ені - 90-150 см, беттік тығыздығы - 55-75 г/м2. Креп-сатин - жібек-шикізаттан жасалған атласты өріммен шығарылатын матағ, матаның бір жағы тегіс, жылтыр, ал екінші жағы - күңгірт крепті. Креп-сатин тегіс боялған және баспа суретті болып шығарылады. Крептік топшадағы маталар ассортименті әйелдер көйлегін, жейдесін, блузкасын дайындауда қолданылады және сәнді сыртқы түрімен, аз мыжылуымен, жақсы гигиеналық қасиетімен сипатталады, сонымен қатар жоғары температураға және күн сәулесіне өте сезімтал келеді, бүл қасиеттер мата таңдау кезінде, бүйымның қүрастырмасын жасау және тігу технологиялық тәртібін жетілдіру кезінде ескерілуі қажет. Тегіс топшаға матаның қүрылымында аз ширатпалы иірімжіпті не- месе жіпті қолдану нәтижесінде алынған, тегіс беттікті маталар жата- ды. Осы маталар негізінде және арқауында табиғи жібектен жасалған иірімжібі бар. Олар әлсіз жылтырлы, жоғары жүмсақтықты және болмашы мыжылуымен сипатталады. Жаймадан басқа, тегіс маталардың ассортиментіне негізінде жібек-шикізатты, ал арқауында аз ширатпалы жібі бар, фулярлар, туалар және басқа маталар жатады. Олардың бәрі үлкен жүмсақтығымен ерекшеленеді, 1 м2 матаның салмағы 33- 70 г дейін ауытқиды, ал ені - 100 см шекте болады. Маталар өңделуі бойынша тегісбоялған, баспа суретті және ала шүбарлы болуы мүмкін, олар әйелдер көйлегін, костюмін, жейдесін, блузкасын, ерлер жейдесін дайындау үшін қолданылады.

Жаккардты топша ширатпалы жібектен және жібек иірімжібінен жасалған жаккардты өрімді мата ассортиментінен түрады. Бүл тегісбоялған маталар моңғолдық мата белбеуі мен штофтардың ерекше белгісі, бірінші жағдайда ені 60 см, екінші жағдайда 110 см. Штофтар кейде астарлық және көйлектік маталар ретінде қолданылады. Түктік топшалар материалдың бір түрі - барқытпен көрсетілген (грунттық жіптер және түктік жүйе - табиғи жібектен). Маталар тегісбоялған, бір қүрылымнан жасалады, әртүрлі артикулды маталар - 90-140 см енімен ажыратылады, 1 м2 матаның салмағы - 190 г, бүл ерекше терең түспен сипатталатын жоғары сапалы маталар. Мыса- лы, қара барқыт түсті көп жүтуының арқасында, барлық маталардың ішінде ең қара мата болып табылады, матаның түктік беттігі бүйымды әртүрлі фасонда модельдеуге мүмкіндік береді және барқыт әрлеуші материал ретінде қолданылады. Табиғи жібектен жасалған маталар тігін өндірісінде жеңіл со- зылады, боялады, сетінейді, тегіс маталар төсеген кезде жылжиды. Бөлшектерді біріктіру үшін № 65 жібек жіптері, № 80-100 мақтадан жасалған жіптер, ал өңдеу тігіміне жібек жіптері қолданылады, инелер жүқа және өткір (№ 75-85) болуы тиіс. Барқытты ылғалды-жылумен өңдеуді кардалы таспадан өткізу қажет. Басқа талшықты табиги жібектен жасалған маталар тобына табиғи жібектің вискозамен немесе ацетатпен және жартылай жібекпен үйлесімділікте пайдаланылу арқасында, табиғи жібектің мақта иірімжібімен үйлесімділікте қолданылу пайда болған жібекті маталар жатады. Екінші жағдайда маталар беттік жағына жібек жібі енгізілген өріммен өндіріледі. Осы топтың маталары астарлық мата ретінде қолданылады. Тиісті әсерді матаға беру үшін олардың қүрылымына металдық жіпті, фасонды ширатпалы жіпті енгізеді, кейбір маталар үш жіп жүйесінен өндіріледі. Осы маталарды өндіру кезінде біртегіс бояу, түстік жіптер және сирек баспа сурет сияқты әртүрлі дайындау- лар қолданылады. Крептік топша негізінде немесе арқауында крепті жіп, не болмаса капронды, вискозды жібекті жібі бар маталардан тұрады.

Тегіс маталар топшасы негізі жібек-шикізаттан, ал арқауы вискозалы штапельді талшықтан жасалған иірімжіптен немесе мақта иірімжіптен тұратын, астарлық материал - атластың ассортиментін біріктіреді. Осы топшаның көйлектік маталары негізі табиғи жібектен жасалған иірімжіптен және арқауы вискозды штапельді талшықтан немесе ацетатты жібектен жасалған визкоздық жібек иірімжібінен тұрады. Кейбір костюмдік-көйлектік маталар негізі және арқауы ви- скозды жібекті табиғи жібектен жасалған иірімжіппен қабатталған төрт жіп жүйесінің екі қабатынан өндіріледі. Егер 1 м2 астарлық мата- лар 135 г дейінгі салмақты болса, онда 1 м2 көйлектік маталарда салмақ 240 г дейін жетеді, олар ауырлау болады, матаның ені - 100-110 см. Өңделуі бойынша негізінен тегіс боялған, олардың кейбірі ала шұбар болып шығарылады. Көйлектікке Кештік, Земфира, Метелица сияқты маталар жатады. Жаккардты топша ірі тоқымалық өрнекті көйлектік маталардың ассортиментінен тұрады. Олар өңделуі бойынша тегісбоялған, 1 м2 маталардың салмағы 117-200 г, ені 100-110 см. Түкті топшаға түктік айқаспамен тоқылған үш түрі жатады (барқыт, қыжым және мақпал). Грунт ретінде пүліште мақта жіптері қолданылады, ал түк табиғи жібектен өндіріледі және үлкен ұзындықты болып келеді. Матаның үшінші түрі - мақпал вискозды жібекпен бұзатын, әлсіз қышқылмен түкті жоюға қажетті, мата аймағын өңдеу жолымен сурет салынған, түктері жидітілген барқыт болып есептеледі. Пүліш маталардан 1 м2 матада 270 г дейінгі үлкен салмақпен ажыраты- лады, барқытта 1 м2 155 г салмақты құрайды. Пүліш мақталық грунттық жүйені және табиғи жібектен жасалған 2,2 мм биік түгі бар. Матаның ені - 70 - 135 см, беттік тығыздығы - 270 г/м2. Көйлектік барқыт екі түрде шығарылады: мақта иірімжібінен жасалған грунтты және табиғи жібектен жасалған түкті, табиғи креп- тен жасалған крепті және вискозалы жібекті түкті. Матаның ені - 70- 100 см, беттік тығыздығы - 150-330 г/м2, түктің биіктігі - 1,7 мм. Жидітілген мақпал-барқыт - вискозды түктің бөлігін жидіту жо- лымен алынады және бір түсті түкті суретті креп-жоржет түрінде болады. Сәнді көйлектік мата - металдық жіп қосылған және ойық әсерлі креп-жоржет түрі бойынша мөлдір мата. Негізі 2,33 тексх4 сызықтық тығыздықты табиғи крептен, арқауы 2,33 тексх4 табиғи креп пен 31,3 текс метаниттен құралады.

Жасанды жібектен жасалған маталар тобы вискоза мен ацетат талшықтарынан, олардың араласуынан жасалған жібек матасының ассортиментінен қүралады. Осы топтың маталары қатысқан талшықтардың қасиетімен сипатталады. Оларды өндіру үшін жаймалықтан жаккардтыға дейінгі әртүрлі өрімдер қолданылады, осы маталардың негізгі көп бөлігі біртегіс боялған. Қүрылымына байланысты мата ассортиментінің үш топшаға бөлінеді. Жасанды жіптен жасалған маталар (3-ші топ) муслинді, крепті және мооскрепті жіптердің араласуымен, 8,33 текс, 11,11 текс және 16,67 текс сызықтық тығыздықты визкозды және ацетатты кешенді жіптерден жасалынады. Маталар өрімдері және түстік дайындалуы бойынша әртүрлі. Жасанды матаның ені - 70-140 см, олардың беттік тығыздығы - 73-302 г/м2. Қүрылымы мен беттік тығыздығына байланысты маталар жейдеге, көйлекке, пальтоға, плащқа астарлық маталар шығарылады. Ине нөмірін және тігін жібі матаның қалыңдығына және тығыздығына сәйкес таңдалады. Ылғалды-жылумен өңдеу үдерісін өткізу кезінде матаның талшықтық қүрамын ескеру қажет.

Крептік топшаға крептік ширатпадан, мооскрептен немесе креп- граниттен (стержендік жіп - вискозалы креп, ораушы - көлбеу ши- ратпалы екі ацетатты, үш ацетатты жіп) өңделген маталар қатысады. Бүл топшаны әртүрлі атаумен шығарылған креп-жоржеттер, креп- марокендер, көйлектік крептер қүрайды. Тегіс маталар топшасына негізінен жаймалық, саржалық, атласты немесе үсақ өрнекті өрімді, фасонды жоғары көлемді жіптен, муслинді немесе көлбеу ширатпалы жіптен жасалады. Бүл топшаға әртүрлі атаулы жейделік атластар, астарлық маталар, көйлектік маталар мен жаймалар кіреді. Плащтық маталар сызықтық толықтырулар және су өткізбейтін қасиеті зор. Астарлық маталар вискоздық және ацетатты кешенді жіптен жасалған ірі өрнекті, майда өрнекті, атласты және саржалық өрімнен өндіріледі. Шанжан әсерлі, жолақты және торлы ала шүбар, тегісбоялған астарлар шығарылды. Классикалық астарлық маталар альпак, дудун, дамаска - өсімдік текті суретті ірі өрнекті тегісбоялған өрім, онда тегіс жылтырлы күңгірт немесе фактуралы беттіктің контрасты қолданылады. Сонымен қатар, вискозалық жіптен жасалған маталар өндіріледі, альпак ацетатты негіз жіппен сипатталады. Астарлық маталар тігін өндірісінде күрделі, яғни төсеу және сырып тігу кезінде жылжымалы және араласады, қатты сетінегіш, тіккенде жіпті жылжытады және жуғанда күңгірт дақ қалады.

Жаккардты топшаға классикалық астарлық маталар және сәнді маталар - толқынды сызықты түрдегі жаккардты өрнекті муар, негізлік жүйесі металдық жіптен түратын дүрия, қамқа кіреді. Тегіс топшаға вискозды, ацетатты жібектен және олардың араласуынан жасалған ассортимент кіреді. Бүл ішкиімдер, тегіс боялған және ала шүбар жейделік маталар, ала шүбар шотландкалар, блузкалық маталар және көйлектік матаның әртүрлі артикулдары - дүрия, Агат, Зарница, Северянка, Фантазия. Сонымен қатар, осы топшаға астарлық маталар - атластар, сатиндер, саржалар жатады. Топша маталарының ені - 60-150 см дейін, 1 м2 матаның салмағы - 60-225 дейін. Маталар тегіс беттігімен, қолданылатын өңдеулер мен өрімдердің әртүрлілігімен сипатталады, олардың ассортименті 150 аса әртүрлі артикулдардан түрады. Жаккардты топшасындагы маталар алдыңғы топшалардағы маталардан тек өрім түрімен ажыратылады. Маталардың ассортиментіне көйлектік маталар - альпак, дудун, дамассе, дүрия, Весна, Гавана, Кипр, Марина, Соната енеді. Көйлектік маталардың көпшілігі үш жіпті жүйелі болып келеді және жоғары тығыздығымен, салмағымен сипатталады. Жартылай талшықты жасанды жібектен жасалган маталар тобына ерлер жейдесіне, көйлекке, әйелдер көйлегіне және астарға арналған капронды жібекпен және штапельді лавсанмен, вискозды штапельді талшықтан жасалған иірімжіптен, мақталы иірімжіппен араласқан вискозды талшықтан қүралған маталар жатады. Тегіс топша негізі вискозды жібектен және арқауы штапельді иірімжіптен жасалған жейделік маталардан, поплиннен, репстен, көйлектік маталар - Берег, Льдинка, Лададан, астарлық саржадан, дубли-сатиндерден, атластардан түратын 100 аса артикулдары қүрайды. Астарлық мата негізінде вискозды жібек, ал негізсінде - не болмаса мақта иірімжібі, не болмаса вискозды штапельді талшықтан жасалған иірімжіп қолданылады. Арқауында вискозалы штапельді талшықтан жасалған иірімжібі бар астарлық маталар, мақта жіпті негізлі матаға қарағанда, үйкелуге 2-3 есе төзімді. 1 м2 астарлық матаның салмағы 125- 190 г. Бір жағынан астарлық матаның киімде желден сақтағыш қасиетті орындауын ескере отырып, жоғары немесе орташа тығыздықпен си- патталатын жоғарғы матаға тығыз астарды пайдалану керек. Жаккардты топшаға ірі тоқымалы өрнекті маталар ассортименті кіреді, оның кейбірі үш жіп жүйесінен өндіріледі және едәуір салмақпен және қалыңдықпен сипатталады. Осы топтағы вискоздық жібектен басқа, матаның қүрылымында ацетатты жібек, штапельді лавсаннан жасалған иірімжіп бар. Осы топшадағы маталар ассортименті сәнді көйлектер дайындауға арналған Светлячок, Эра, Театральная, Серебристая, Симфония, Ромашка сияқты маталармен көрсетілген.

Түктік топша мақта жіпті грунтты және вискозды және ацетатты жібекті түктік маталардан түрады. Бүл киімдік пүліштік және ойыншық жасауға арналған пүліштің әртүрлі артикулдары. Синтетикалық жібектен жасалган маталар тобы капронды талшықтан жасалған, бір тегіс маталар топшасын құрайды. Матада капронды жібек, жалғыз талшық және муслинді ширатпалы ка- пронды жібек қолданылады. Маталар әртүрлі тығыздықпен, 15-90 г/ м2 салмақпен және 95-150 см енімен сипатталады. Тағайындалуына байланысты маталар, оларды көп немесе аз ауа алмасуымен және бу сіңіргіштікпен қамтамасыз ететін, әртүрлі тығыздықты болады. Капронды маталардың кейбірі төрт жіп жүйесінен өндіріледі. Капронды маталардың ассортименті жейделік, көйлектік, блузкалық, ма- талардан, жаймалардан және Ветерок, Лариса, Элита, Лидия көйлектік маталардан, сонымен қатар оларды су, бу, ауасіңіргіштікпен қамтамасыз ететін, қабыршақты жабынды қатар, плащтық маталардан құралған. Капронды маталардың көпшілігі тегісбоялған, ақ, кейбірі баспа суретті. Жартылай талшықты синтетикалық жібектен жасалған маталар тобы құрылымында капронды талшықтар вискозамен, ацетатты, штапельді, лавсан, вискоздық штапельді талшықтар қоспасынан жасалған иірімжіппен араласқан мата ассортиментін біріктіреді. Негізі капронды жібектен, арқауы вискозадан және ацетаттан өндірілген ма- талар капронды жіптер сияқты қажалуға аз беріктікпен сипатталады, өйткені капронды жіптер беріктігі жоғары вискозалық және ацетатты талшықтарға үйкелісті әсер туғызады. Сол үшін осындай материалды таңдамағанда, киген кезде бұйым қандай әсерге ұшырайды, соны білу керек. Матаның осы тобы бірнеше топшаларға бөлінеді.

Тегіс топша 40-150 г/м2 дейінгі салмақты, ені 90-100 см, енді, көйлектік, блузкалық, және костюмдік-көйлектік маталар ассортиментін құрайды. Матаның негізінде қарапайым және муслинді ширатпалы ка- пронды жібекті, капронды жалғыз жіпті, ал арқауында - вискозалы не- месе ацетатты жібекті, визкозалы және ацетатты немесе ацетатты және капронды жібектің араласпасын қолданады. Көптеген материалдардың негіздік жіп жүйесі - вискозды және ацетатты жібектен, ал басқасы - капронды жібектен тұрады. Матаның құрылымына ацетатты және вискозды жібекті енгізу олардың гигиеналық қасиетін, сорғыштығын жоғарылатады. Тегіс топшаның маталары ала шұбар, тегісбоялған, ақ және баспа суретті болады. Кейбір жейделік маталар негізінде және арқауында штапельді лавсанмен (67%) вискозалы штапельді талшықтың қоспасынан жасалған иірімжіппен сипатталады. Бұл маталар жоғары сорғыштығық қасиетімен (вискозалы штапельді талшықтың арқасында), жақсы серпімділігімен, мыжылуымен және жақсы пішін сақтағыштығымен (лавсанды талшықтың арқасында) ерекшеленеді.

Жаккардты топшага жаккардты өрімнен, бірақ үш немесе төрт жіп жүйесінен өндірілген мата ассортиментінен тұрады, нәтижесінде бұл маталар қалың және ауыр, екіқабатты мата алынады, 1 м2 маталардың салмағы 115-230 г болады. Бұл топшаға көйлектік және 175 костюмдік маталар Космос, Мелодия, Улитка, сырт қаптағы гипюр және сыртқаптағы капронды маталар кіреді. Төрт жіпті жүйеден жасалған маталар бірге байланысқан, екі дербес жаймалы болады. Отыру көлемі әртүрлі талшықты қолдану арқасында, осы маталар ылғалды-жылумен өңдеуден кейін қатпарлық, томпақтық әсерді алады. Түктік топшалар ассортиментіне екі мата тобы барқыт және щеткаға арналған түктік маталар кіреді. Барқытта грунттық негіз үшін мақтадан жасалған жіптер, ал түк үшін - лавсанды жібек, түктік мата- ларда - мақталы жіп және капрон қолданылады. Матаның екінші түрі капронды түгінің қаттылығы үшін киімге қолданылмайды. Штапельді жасанды талшықтан және оның басқа талшықтардың қоспасынан алынған матаның тобы түрмысқа арналған тегіс матаның шағын бір тобын қүрайды. Кейбір маталардың қүрылымында вискоздық жібек бар. Маталардың көпшілігі оларды қүрылымы мен сыртқы түрі бойынша жүнге үқсас, екі қабатта ширатылған иірімжіптен өндіріледі. Матаның негізгі бөлігі тегісбоялған, кейбірі баспа суретті және ала шүбарлы болып келеді. 1м2 мата салмағы 145-365 г, ені - 90-150 см. Осы топшадағы мата ассортименті штапельді жаймалардан, сар- жадан, сатиннен, шотландкадан, көйлектік маталардан, Волна, Венера, Луч, Молодежная, Спутник (матаның соңғы түрі қыртыстанбайтын және аз отыратын өңдеулермен әрленген, олардың кейбірі түкті болып келеді) маталарынан қүралады. Костюмдік бүл маталар массасы бойынша белгілі жылусақтағыш қасиетімен сипатталынады. Штапельді синтетикалық талшықтан және оның басқа талшықтармен қоспасынан жасалган маталар тобы негізінен қүрылымы вискозалық штапельді талшықтан (33-35 %) және штапельді лавсанды қоспадан жасалған иірімжіптен (65-75 %) түратын мата ассортиментінен түрады. Осындай маталардың араласуы лавсандікі сияқты вискоздық талшықтардың да жақсы қасиеттерін қолданып, матаның жаңа ассортиментін алуға мүмкіндік береді. Бірінші жағдайда маталар жоғары тозуға төзімділігімен, аз мыжылғыштығымен, жақсы пішін сақтағыштығымен, ал екінші жағдайда - өте жақсы гигиеналық қасиетімен, бу сіңіргіштігімен ерекшеленеді. Бүл топ түрмыстық тағайындалған матаның екі тобын иемденеді. Тегіс топша 75-142 см енімен және 1 м2 110-254 г салмақпен көрсетілген жоғары қүрылымды жейделік, блузкалық, көйлектік және костюмдік-көйлектік ассортиментті қүрайды. Әрленуі бойынша ақ, тегісбоялған, баспа суретті және ала шүбар болуы мүмкін. Түктік топша матаның бір түрі - грунты мақта жібінен, ал түгі викозамен араласқан лавсан жібінен жасалған астарлық пүліштің шамалы ассортиментінен түрады. 1 м2 мата 335-590 г дейінгі салмақпен сипатталады және 67-135 см енді ауыр мата, олар тегісбоялған және ақ болады.



2. Жүн матасының ассортименті

Тоқыма өнеркәсібінде өндірілетін жүн маталары, қүрылымы, тағайындалуы және сыртқы дайындамасы бойынша әртүрлілігімен сипатталады. Жүн маталарының ассортиментінің ерекшелігі болып, жылу сақтағыштық қасиеті есептелінеді, бүл оның жылы және қыстық киімдерге арналуын айқындайды. Өңдеу тәсіліне және талшықтық қүрамына байланысты жүн маталарының ассортименті алты топқа бөлінеді: 1-тарақты таза жүнді, 2-тарақты жартылай жүнді, 3-жүқа шүғалы таза жүнді, 4-жүқа шүғалы жартылай жүнді, 5-дөрекі шүғалы таза жүнді, 6-дөрекі шүғалы жартылай жүнді.

Шамамен жеке топтар топшаларға бөлінеді:

1-көйлектік, 2-костюмді тегісбоялған, 3-костюмді ала шүбар және фасонды, 4-шүға, 5-пальтолық, 6-драптар, 7-түктік, 8-жамылғы.

Тарақты таза жүнді маталардың тобы маталардың көпшілігінде екі қабатта ширатылған, жүқа тарақты иірімжіптен өндірілген маталардың ассортиментін біріктіреді. Бүл жаймалық, саржалық, крептік және аралас өрімнің суреттері жақсы көрінетін, жүқалау жүн маталары. Көйлектік маталардың топшасы әйелдер, балалар көйлегін, жеңіл костюмдерді дайындауға арналған жүн маталарының ассортиментін қүрайды. Матаның көпшілігі материалдың эксплуатациялық қасиетін жоғарылататын, негізі мен арқауы екі қабатпен ширатылған иірімжіптен жасалады. Бүл өте жүқа және жеңіл жүн маталары, ол 1 м2 матаның салмағы 100-248 г. Жеңілірек жүн маталар көйлекке, ал ауырырақ - костюмге қолданылады. Матаның ені - 100-150 см, маталар жаймалық, крептік, саржалық және аралас өріммен өндіріледі. Бүл топшаға фай, креп, эффект және көйлектік маталардың әртүрлі артикулдары кіреді. Маталар талапқа сай, тегіс боялған, олардың көпшілігі боялған талшықтан жасалынады (ондай материалдар түстік кенере). Кейбір маталар ала шүбар және баспа суретті болып өндіріледі, ол матаның беттік жағында бейнеленеді. Костюмдік тегіс боялған маталардың топшасы саржалық, диагональді және крепті өрімдермен, күңгірт (қара, қара-көк, қоңыр, қара-сүр) түстің қатысуымен тегісбоялған, мата ассортиментін қүрайды. Боялған талшықтан алынған барлық дерлік маталар жоғары сапалы боялуымен сипатталады. Бүл маталар негізі мен арқауы екі қабатталып ширатылған иірімжіптен және тозуға төзімділігінің жоғарылығымен сипатталады, кейбір маталарда жоғары ширатпалы иірімжіпті қолданылады. 1 м2 матаның салмағы 259-345 г, ені - 150 см. Осы топшадағы мата ассортименті бостоннан, диагональдан, крептен және басқа костюмдік маталардың әртүрлі артикулдарынан тұрады, олар ерлер және әйелдер костюмінде, шалбарда, белдемшеде, кейде қыстық және жаздық пальтода, бірақ соңғы жағдайларда жылытушы іштікпен қолданылады.

Костюмдік ала шұбар және фасонды маталардың топшасы трико мен костюмдік маталардың әртүрлі артикулдарынан тұрады. Триконың өзіне тән белгісі матаның құрылымына түсті иірімжіпті (ала шұбар) қолданылуы немесе тегісбоялған маталардың (фасонды) сәйкес өрімнің арқасында алынған, жолақты және торлы суреті бо- лып табылады. Боялған талшықтан жасалған фасонды жіптер де боя- лу беріктігінің жоғарылығын иемденеді. Олардың кенересі түсті бо- лып келеді (тегіс боялған маталардың бояу тәсілін ажыратуға болатын белгісі). 1 м2 матаның салмағы 242-345 г, ені - 142 см. Маталар күңгірт сияқты, ашық түстердің көптеген гаммасымен сипатталынады. Осы топшадағы ассортиментке трико Люкс, Метро, Ударник, Старт, Десна сияқты маталар, костюмдік материалдарға жатады.

Пальтолық маталардың топшасы габардиндерден, диагональдардан, пальтолық крептерден және бүртік маталардан тұрады. Бұлардың барлығы жоғары ширатпалы екі қабатпен ширатылған иірімжіптен өндіріледі және кейбірі қаттылықпен, сәйкес өрімнің арқасында алынған рельефті бетімен сипатталады. Өңделуі бойынша - бұл тегісбоялған маталар, бұл 1 м2 матаның салмағы 270-475 г дейін, ені - 150 см. Олардың негізгі тағайындалуы - жаздық пальто, жеңіл маталардан - костюмдер. Бұдан басқа, маталарды жылытушы іштігі бар қыстық пальтоларды дайындауда қолданылады. Габардиндер және диагональдар материалдың диагоналі бойынша рельефті, крептер - ұсақ бүдірлі беттікті, ал бүртіктер - фасонды ширатпаның қолданылуымен ірі бүдірлі беттікпен сипатталады.

Тарақты жартылай жүнді маталардың тобына таза жүнді маталар ассортиментіне ұқсас ассортименттер жатады, кейде тіпті олардың атауларымен бірдей, бірақ матаның құрылымында жүн талшығынан басқа, жүнмен араласқан басқа талшықтардың немесе жүн иірімжібінің мақта не болмаса жібек жіптерімен, біріккен жүн иірімжібінің болуымен ерекшеленеді.

Көйлектік маталардың топшасы әйелдер және балалар киімдерін дайындауға арналған маталар ассортиментін құрайды. 1 м2 мата салмағы 152-330 г, ені 80-150 см. Жартылай жүнді көйлектік маталардың ассортименті 200 жоғары артикулдардан тұрады. Матаның құрылымын 25-80% жүн талшықтары құрайды, басқа талшықтар матаның құрылымына вискозалы штапельді талшықпен, мақтамен ширатылған жүн иірімжібімен жүннің қоспасы түрінде, вискоза- лы штапельді талшықпен және штапельді лавсанмен және капронды жібекпен ширатылған жүн иірімжібімен жүннің қоспасы түрінде енгізіледі. Жартылай жүн маталарының көпшілігі негізінде екі қабатпен ширатылған иірімжіпті, ал кейбірі негізсінде де осындай иірімжіпті бо- лады. Ширатылған иірімжіпті және синтетикалық талшықты қолдану бүл маталарға тозуға төзімділікті береді. Әрленуі бойынша бүл маталар тегісбоялған, ақ, ала шүбар және кейбірі баспа суретті. Көйлектік маталар ассортименті кашемир, мектептік, Люкс, Звездочка, Лютик, Элегантная, Лайне сияқты маталардан түрады. Жеңіл маталар көйлек, ауырлауы - әйелдер костюмін дайындауда қолданылады. Бүл маталар осы материалдардан бүйымдарды жобалайтын суретшілердің алдында үлкен мүмкіндік беретін, әртүрлі дайын- даулар мен көп гаммалы түстермен сипатталады.

Біртегіс боялган костюмдік маталардың топшасы саржалық, диагональді және крептік өрімдерден өңделген, көбіне күңгірт түске боялған маталарды біріктіреді. Оған шевиоттар, диагональдар және крептер жатады. Матадағы жүннің мөлшері 30-70 % ауытқиды, 1 м2 матаның салмағы 285-520 г, ені - 130 - 160 см. Маталар тек өрімімен ғана емес, сонымен қатар қүрылымы бойынша да ажыратылады. Шевиоттар негізі мен негізсінде мақтамен ширатылған жүн иірімжібін, диагональдар - негізінде жүн иірімжібін, ал негізсінде - мақта иірімжібін иемденеді, осы диагональді өрімде беттік жағына жүн иірімжібі енгізіледі. Крептер вискозалы штапельді талшықпен жүннің қоспасынан, кейбір крептер үшкомпонентті қоспадан (жүн, вискозалы штапельді талшық пен штапельді лавсан) өндіріледі. Крептің бөлігі вискозды жібекпен ширатылған, вискозды штапельді талшықпен жүннің қоспасынан жасалған жартылай жүнді иірімжіп.

Костюмдік шұбар-ала және фасонды маталардың топшасы триконың әртүрлі артикулдарын, костюмдік маталарды біріктіреді, олар осы мата түрінің белгілерімен сипатталады. Маталар ала шүбарлы болып, не болмаса жолақты және торлы суретті ірі өрнекті өріммен және көп түстік гаммалы тегісбояумен өндіріледі. Осы маталардың ассортименті 250 аса артикулдармен саналады, негізгі массасы ви- скозалы штапельді талшықтен жүннің қоспасынан, кейбірі штапельді лавсан мен вискозалы штапельді талшықпен жүннің үшкомпонентті қоспасынан өндіріледі. Осындай маталардағы жүннің мөлшері 15- 70 % шамасында ауытқиды. Олардың кейбірі қүрылымында мақталы және вискозалы жібекпен ширатылған иірімжіп, вискозалы штапельді талшықтан жасалған иірімжіпті болып келеді. 1 м2 матаның салмағы 231-350 г, ені - 142 және 150 см. Ассортимент триконың әртүрлі ар- тикулдарымен Аргон, Севан, Наири, Альфа, Неон, Бежицк, Новинка көрсетілген.

Пальтолықматалардың топшасы габардиндер мен плащтық маталардан қүралған. Габардиндер негізі жүн иірімжібін, ал арқауы - мақта иірімжібінен түрады, ал кейбірі - штапельді капронды болады. Осы матадағы жүн талшығының мөлшері 37-90 % қүрайды. 1 м2 матаның салмағы 200-451 г, ені - 100-160 см.

Жұқашұғалы таза жүн маталарының тобы білікшеге оралған және жүқа шүғалы иірімжіптен өндірілген мата ассортиментін біріктіреді. Бүл маталар түкті немесе киізтүрді беттікті, жүмсақ, көбіне борпылдақ, қалың болып келеді. Әртүрлі өріммен және тығыздық материалдың тағайындалуын анықтайтын, маталардың әртүрлі қүрылымын қамтамасыз етеді. Осы маталардың ассортименті олардың қүрылымының ерекшелігі болғандықтан барлық топшаларды сипатта- майды.

Көйлектік маталардың топшасы жақсы сыртқы түрімен си- патталатын, көйлектік маталардың тек бір артикулынан түрады. Ол жүмсақ, аз салмақты және жақсы жылу сақтағыш қасиеті бар, борпылдақ мата. Ол тегісбоялған болып шығарылады (боялған талшықтан жасалған).

Костюмдік ала шұбар және фасонды маталар топшасы матаның бір түрі - боялған иірімжіптен жасалған, күнқағарлық трикодан түрады. Триконың тағайындалуы атауына сәйкес.

Шұғалық топша негізінен мықты білікшеге оралған, жаймалық өрімді маталардан түрады. Нәтижесінде материалдың беттігі киізтүрде болады және ондағы өрім мүлдем көрінбейді. Бүл үлкен масса- лы, ауаны, суды мүлдем өткізбейтін, өте тығыз материалдар. 1 м2 матаның салмағы 360-760 г, ені - 140-160 см. Шүғаның ассортименті фуражкалық, кительдік, мундирлік, шинельдік және шалбарлық шүғалармен көрсетіледі. Шүғадан басқа ассортиментте атластық өріммен өндірілген және тегіс жылтыр өң жақ беттікпен сипатталатын, мундирлік касторлы болып келеді.

Пальтолық маталардың топшасы жоғары сапалы таза жүнді пальтолық маталардың әртүрлі артикулдарымен көрсетіледі. Олардың кейбірі мықты білікшеге оралған, киізтүрді беттікті, кейде көрінетін тоқымалы өрімді болады. Бүл маталар шамалы аз массамен, жоғары кеуектілігімен, борпылдақтығымен және жоғары жылусақтағыш қасиетімен сипатталады. Олардың 1 м2 матаның салмағы 442-580 г, ені - 150 см. Өңделуі бойынша мата ассортименті біртегіс боялған, меланжды болуы мүмкін, маталар көп түсті гаммада боялады. Драптардың топшасы пальто дайындауға арналған, ең қалың, тығыз және кеуекті маталар ассортиментін қүрайды. Бүл драптың әртүрлі артикулдарының көпшілігі қосарланған өріммен өндіріледі және жоғары қалыңдықпен сипатталады. 1 м2 драптың салмағы 455-751 г, ені - 142 см. Драптың негізгі массасы боялған талшықтан жасалады және әртүрлі әсерге боялудың жоғары беріктігімен сипатталады. Көптеген драптар меланжды және сирек ала шүбарлы болып шығарылады, драптың беті таралған және қырқылған түкті болады. Драптың ассортиментіне мақпал, ратин, кастор, Столичный, Моренго, Осенний, Северный сияқты драптар жатады, осы жоғары сапалы драптар әйелдер және ерлер пальтосын дайындауда қолданылады және жақсы жылусақтағыш қасиетімен және жоғары тозуға төзімділігімен сипатталады.

Жұқа шұғалы жартылай жүн маталарының тобы олардың қүрылымына байланысты әртүрлі тағайындалған едәуір көп мата са- нымен көрсетіледі. Ассортиментке осы маталардың белгілі қасиетіне әсер етуші, әртүрлі талшықтардан қүралған маталар кіреді. Осы топтың барлық маталары міндетті түрде білікшеге (әлсіз немес күшті) орала- ды, нәтижесінде олардың беттігі түкті немесе киізтүрді болады.

Маталардың ассортименті оның тағайындалуын анықтайтын, материал қүрылымына байланысты топшаларға бөлінеді. Көйлектік маталар топшасы қүрылымы бойынша жартылай жүнді жүқа шүғалы маталардың 120-дан аса әртүрлі артикулдары- нан қүралады. Олардың көбі вискозды штапельді талшықпен және штапельді лавсанмен немесе капронмен жүннің екі, үшкомпонентті қоспаларымен өндіріледі. Бүл матада жүн талшығының мөлшері 15- 73% қүрауы мүмкін. Маталар жаймада және талшықта тегісбоялған, меланжды болады. Оларды өңдеу үшін жаймалық, саржалық, крептік және үсақ өрнекті өрім қолданылады. 1 м2 матаның салмағы 194- 336 г, ені көбіне 140-160 см. Ассортиментке көйлектік, костюмдік- көйлектік, белдемшелік және жейделік маталардың әртүрлі артикул- дары қатысады.

Шевиоттардың топшасы мақталы негізді және жүнді негізлі саржалық өрімді маталардың ассортиментін біріктіреді. Кейбір мата- лар вискозды штапельді талшықпен жүннің қоспасынан өндіріледі. Осы топшаға штапельдік капронмен немесе лавсанмен және виско- залы штапелді талшықпен жүннің қоспасынан алынған, костюмдік крептер және диагональдар жатады. Маталар біртегіс боялған (олар көбінесе күңгірт түстермен боялған) болып өндіріледі. Матадағы жүн талшығының мөлшері 33-58%, 1 м2 матаның салмағы 314-422 г, ені - 140-160 см. Осы топшадағы маталар сырт киімдерге, костюм- дерге, шалбарларға, пальтоға және мектеп формасын дайындау үшін қолданылады.

Костюмдік жолақ және фасонды маталар топшасы костюмдік трико мен костюмдік маталардың (300 аса) әртүрлі артикулдарының үлкен мөлшерімен көрестіледі. Мата ассортименті қүрылымы, дай- ындалуы бойынша да үлкен әртүрлілікпен сипатталады. Маталардың негізгі массасы вискоздық штапельді талшықпен жүннің қоспасынан немесе тағы үшінші компонент - штапельді капронды немесе лав- санды қосу арқылы өндіріледі. Көптеген маталардың қүрылымы вискоздық жібекпен ширатылған жартылай жүн иірімжібінен немесе штапельді иірімжіптен тұрады. Бұл матадағы жүннің құрамы 14-64 %, 1 м2 салмағы 250-650 г, ені - 140-150 см. Маталар біртегіс боялған, меланжды болып шығарылады. Ассортимент триконың әртүрлі артикулынан - Брянское, Весеннее, костюмдік, ширатылған, Спорт, Молодежное, костюмдік, шалбарлық, пиджактық маталарынан тұрады.

Шұғалық топша жаймалық өрімді жартылай жүн матасы - шұғаның екі түрін біріктіреді. Матаның бірінші түрінде негізі мақта иірімжібінен және арқауы жүндік иірімжіптен, ал екіншісі вискоздық штапельдік талшықпен жүн қоспасынан өндіріледі. Шұғаның әртүрлі құрылымы олардың әртүрлі қасиеттерін анықтайды. Шұғаның негізгі ерекшелігі құрамында жүн талшығының мөлшері (55-80 %), 1 м2 760 г, матаның ені - 140-150 см. Маталар тегіс боялған және меланжды бо- лып өндіріледі. Шұғаның атауы олардың тағайындалуын анықтайды, яғни матрастық, шинелдік, кительдік, мектептік және костюмдік.

Пальтолық маталардың топшасы 600 аса санға жеткен әртүрлі артикулды, ең көп таралған ассортиментті құрайды. Пальтолық маталардың ассортименті 1 м2 - 315-570 г дейінгі орташа салмағымен, жоғары кеуектілікпен және қалыңдықпен сипатталады. Маталар әртүрлі өрімдермен өндіріледі және олардың түктік немесе киізтүрді беттігін қамтамасыз ететін, мықты немесе болмашы білікшеге орала- ды. Өңделуі бойынша маталар біртегіс боялған, меланжды және ала шұбар болады. Жүн талышығының мөлшері 15-80 %. Осы топшадағы мата ассортименті пальтолық маталардың әртүрлі - Весна, балалар пальтосы, пальтолық, Стрелка, Моршанская, Пушок, ерлер пальтосы, Меланж, Дорожная, әйелдер пальтосы, бүртік, Школь- ница және Полет артикулдарымен көрсетіледі. Драптардың топшасы пальтоға арналған көптеген ауыр маталардың ассортиментінен тұрады, олардың көпшілігі үш немесе төрт жіп жүйесінен жасалған қосарланған өріммен өндіріледі, 1 м2 741 г. Ассортименттің аталуы Троицкий, Юность, балалар, әйелдер, ерлер, Уран, Пулковский, Донецкий, Осенний, Москва, Комета, Современник, Артек және Моренго драптардан тұрады.

Түктік маталардың топшасы грунттық жібі мақта иірімжібімен, ал түгі - жүннен немесе вискозды штапельді талшықпен жүннің қоспасынан жасалған пүліштің артикулдарының қатарымен көрсетіледі. Осы барлық маталар жоғары жылусақтағыштық қасиетті, тегіс боялған, меланжды және қыстық киімдерді дайындауда қолданылады. Дөрек шұғалы таза жүндіматалардың тобы үш топшадан тұрады. Маталар дөрекі жүннен өндіріледі, сол үшін олар үлкен қаттылықпен, қалыңдықпен және дөрекілікпен сипатталады. Шұғалық топшаға мықты білікшеге оралған, жаймалық өрімді маталар жатады. Мата өте қатты, біртегіс боялған, 1 м2 мата салмағы 760 г. Пальтолық маталардың топшасы пальтолық меланждық балалар матасының бір артикулынан түрады. Түктік маталардың топшасы жартылай дөрекі жүннен өндірілген, тегісбоялған және меланжды түкті шүғаның бірнеше артикулдарынан қүралған. Осы маталардың ерекшелігі биік таралған түгі болып есептеледі, ол түкті қырқу мен тегістеу, тарау жолымен алынады, нәтижесінде түк мата жазықтығына перпендикулярлы орна- ласады. Материалдың жоғары кеуектілігі бүйымды жақсы жылылықты өткізбеушілік қасиетін қамтамасыз етеді. 1 м2 түкті шүғаның салмағы 592-704 г, ені - 142 см. Осы топшаның маталары пальтоны дайындауға қолданылады. Жұқа шұғалы жартылай жүн маталарының тобы мақтамен немесе штапельді талшықпен жүннің қоспасынынан алынған, жоғары сызықтық тығыздықты шүғалық иірімжіптен өндірілген, маталардың ассортиментін біріктіреді, осы топ пальтоға арналған үш топшадан түрады. Бүл маталар қатты үйысқан, киізтүрді беттікті болады және үлкен қаттылықпен, массамен, қалыңдықпен сипатталады және киім ассортиментінің аз түрінде қолданылады. Шұғалық топша 1 м2 матада 760 г, ені 140-150 см, тығыз үйысқан, дөрекі шүғалы жаймалық өрімді ассортименттен түрады. Матаның тағайындалуы олардың аталуымен анықталады: яғни шинельдік, мекемелік шүға. Олар меланжды және біртегіс боялған, кейбірі - суға төзімді өңдеумен болуы мүмкін. Жүннің мөлшері 65-80 % қүрайды.

Пальтолық маталардың топшасы 1 м2 мата салмағы 480- 630 г, борпылдақ қүрылымды және қүрамында 35-73 % дейін жүн талшығының мөлшері бар дөрекі шүғалық пальтолық маталардың ассортиментін қүрайды. Бүл маталар топшасына пальтолық, мүғалімдік пальтолық, әйелдерге арналған пальтолық, Маяк, Волна пальтолық ма- талар жатады. Драптардың топшасы 1 м2 мата салмағы 592-634 г, 40 % жүннен түратын, дөрекі шүғалы жартылай жүнді драптардың бірнеше арти- кулдарынан түрады. Драптар біртегіс боялған және тығыз киізделген болып өндіріледі.
Бақылау сұрақтары:

1. Жібек матасының ассортименті

2. Жүн матасының ассортименті
Дәріс № 20. Трикотаж жаймасының, беймата материалдарының ассортименті

Дәріс жоспары:

1. Трикотаж жаймасының ассортименті

2. Беймата материалдарының ассортименті


Дәрістің мақсаты: Трикотаж жаймасының, беймата материалдарының ассортиментіне қысқаша тоқталу;

1. Трикотаж жаймасының ассортименті

Трикотаж жаймасының ассортименті әртүрлі, өндіріс әртүрлі талшықты қүрамды жаймаларды өндіреді: мақталы, жүнді және жібекті. Әсіресе, химиялық талшықтан жасалған жібек жаймасының ассортименті кең тараған әрі көп. Әртүрлі қүрамды талшықтар негізгі қасиеттері мен тағайындалуы бойынша трикотаждық жайманың ерекшелігін қамтамасыз етеді, ал қасиеті өз кезегінде трикотаждық жаймалар өндірілген, өрімдермен анықталады, 1 м2 30-84 г дейінгі шамада ауытқиды. Трикотаждық жаймалар талшықтық қүрамы бойынша топқа және өндірілген тәсілі және машина түрі бойынша топшаға бөлінеді, әрбір топша өрімі бойынша жайма түріне бөлінеді. Ассортименттің осылай бөлінуіне топтарға, топшаларға сәйкес трикотаждық жаймаларға арналған артикуляция жүйесі орнатылады, олардың артикулының бірінші саны жайманың талшықтық қүрамын, екіншісі - өндіру тәсілі мен тоқу машинасының түрін, үшінші және төртіншісі - топшадағы жайманың қатарлық санын білдіреді.

Топтар мен топшаларға бөлінуі келесі сызба түрінде көрсетуге болады: 0 - мақта иірімжібінен жасалған жайма, 1 -жасанды жібектен жасалған жайма, 2- химиялық талшықпен біріктірілген мақта иірімжібінен жасалған жайма, 3- синтетикалық жібектен жасалған жайма, 4-эластикалық және көлемді жіптерден жасалған жайма, 5-жасанды жібекпен біріктірілген синтетикалық жіптен жасалған жайма, 6-аралас иірімжіптен жасалған жайма, 7- көлемді иірімжіптен жасалған жайма, 8-жүн иірімжібінен жасалған жайма, 9-жібек пен иірімжіптің әртүрлі түрімен араластырылған түрімен жасалған жайма. Осы топтардың әрбірі сәйкесінше трикотажды өріммен өндірілуі мүмкін және келесі топшаларға бөлінеді: 1-біркелкі таралған жайма, 2-қосарланған жайма, 3-үршықты жайма, 4-рашель-үршықты және негізі тоқылған рашелдік жайма, 5- жалпақ фангалық жайма, 6 - дөңгелек фангалық жайма. Бөлінуі бойынша трикотаждық жаймалардың ассортиментінің негізгі белгісі олардың тағайындалуы болып табылады.

Жаймалар тағайындалуы бойынша екі түрге бөлінеді: ішкиімдік бүйымдарға арналған жаймалар және сырт киімдік бүйымдарға арналған жаймалар. Ішкиімдік бүйымдарға арналған трикотаждық жаймалар барлық талшықтар түрінен және барлық дерлік өрім түрінен өндіріледі. Осы түрдің жаймасы екінші түрдің жаймасынан аз массасымен ерекшеленеді, бірақ оларды қүрайтын талшықтың табиғатына байланысты әртүрлі салмақты болады: 1 м2 мақта жаймасында салмағы 130- 200 г, химиялық талшықтан жасалған жаймада - 115-185 г, ал капрон- ды талшықтан жасалған жаймада - 35-125 г дейін ауытқиды. Қыстық ішкиімге арналған 1 м2 салмағы 285-410 г. Біржағынан ішкиімдік трикотажды жаймалар салмағына тәуелсіздік олардың гигиеналық қасиеттерінің қатынасында белгілі талаптармен көрсетіледі. Олар ылғал тартқыштық, жүмсақ, қысымсыз қозғалысты, созылмалы, ауа және бусіңіргіштігі жоғары, сонымен қатар жууға, буға, қажалуға бояуының беріктіктігі жоғары болуы қажет.

Ішкиімдік тиркотажды жайманың негізгі салмағы осы талаптарды қанағаттандырады, бүдан басқа синтетикалық талшықтардан жасалған кейбір жаймалар, бір жағынан жаймалардың ауа және бу сіңіргіштігін жоғарылату үшін оларды жоғары емес тығыздықты суретті өрімнің әртүрлі туындысынан өндіріледі. Осындай трикотаждан жасалған бүйым тез жуылады, бірақ жайма беттігіне тамған, теріден шыққан тер үшін жиі жуып түруды талап етеді. Жақсы ылғал сіңіргіш және жоғары тозуға төзімділік қасиетпен сипатталатын, мақта-лавсанды иірімжіптен жасалған ішкиімдік жай- малар кеңінен тарады. Жоғары электрленушілікпен сипатталатын, хлоринді талшықтан жасалған трикотаж жаймасының ассортименті емдік ішкиім ретінде қолданылады. Бүйымның сыртқы түрін жақсарту үшін, беттік жағы жібек жібінен, ал ішкиімнің жақсы гигиеналық қасиетін, оның ішінде тердің жақсы сіңуін қаматамасыз ету үшін, теріс жағы - мақтадан жасалған жамылғылы жайма ішкиімдік жайма ассортиментінде ең үлкен орын- ды алады. Әйелдер менерлердың жылы ішкиіміндайындау үшін қолданылатын жүн жаймасы ішкиімдік жайма ассортиментінде орташа меншікті орынға ие. Бүл жаймалар бүйымның жоғары жылусақтағыштық қасиеті мен жақсы бусіңіргіштігін қамтамасыз етеді. Ішкиімдік бүйымдарға арналған трикотажды таңдау және өңдеудің технологиялық тәртібін орнату кезінде ең алдымен вискозалы және ацетатты жібектен жасалған трикотажды жаймалардың өзімен бірге тігімді жасау орнында ілмекті тартқанда, тігін инесінің үлкен тесуімен, тіккенде жайма беріктігінің азаюымен сипатталуына ерекше назар ау- дару қажет. Мақта мен вискоза талшығынан жасалған трикотажды жаймалар жуу кезінде бойлық бағытында шамалы отырады және жиі көлденеңнен үлғаяды. Осындай жаймадан жасалған ішкиімді конструк- циялау кезінде кейбір бүйымдардың ені бойынша тарлануын және три- котажды жайманың отыру көлемімен байланысты үзындығы бойынша шамалы қосымшаларды қарастыру қажет.

Сырт киімдерге арналған трикотажды жаймалар бірінші жайма түріне қарағанда 1 м2 жаймада 430 г, ал кейде одан жоғары үлкен массасымен ерекшеленеді. Бүл жаймалар свитерлер, көйлектер, блузкалар, көкірекшелер, жемпірлер, әйелдер, ерлер және бала- лар костюмдері, пальтолары, әртүрлі спорттық бүйымдар үшін қолданылады. Сыртқы бүйымдарға арналған жаймалар тағайындалуына сәйкес бүйымға қатысты әртүрлі қүрылымды және қасиетті трикотаждық жай- маны алуға мүмкіндік беретін, табиғи жібек пен зығырдан басқа, барлық талшықтардан, әртүрлі өрімдерден өндіріледі. Жайма тегісбоялған, меланжды, ала шүбар тоқылған, ақ, баспа суретті, жуылған, металдық жіпті болуы мүмкін. Сыртқы бұйымдарға арналған жаймаларға ішкиімдікке қарағанда, бірнеше басқа талаптар қойылады. Бәрінен бұрын олар қызмет көрсетудің барлық кезеңінде немесе ұзақ уақытта тігін өндірісі бер- ген бұйымның пішінін сақтауды қамтамасыз ететін, пішін тұрақылығы болуы керек. Жоғарғы киімді дайындауға арналған жайма жақсы жылусақтағыш қасиетімен сипатталады. Сыртқы трикотажды өңдеу үшін басты түрде жүн, химиялық талшықтарды, кейде аз мөлшерде мақтаны қолданады. Өйткені мақталы трикотаждық жаймалардың пішін тұрақтылығы төмен және сыртқы түрінің дайындалуы бойынша жүн және синтетикалық талшықтарды қолданады.

Трикотажды жайма ассортиментінде басты орынды ала шұбар жайма мен жаккардты ірі суретті жайма алды. Кейбір трикотажды жаймалардың жылусақатғыш қасиетін жоғарылату үшін олардың теріс жағын таралған түкпен жасады. Бұйымды модельдеуге арналған трикотажды жаймаларды таңдау кезінде, сондай-ақ, осы жаймалардан киімді конструкциялау кезінде көптеген көлденең тоқылған өрімдер бойлық бағытта трикотаждың отыруын және көлденеңде созылымдығын ұлғайтатындығын ескеру қажет. Созылмайтын трикотаждың жаңа құрылымы ерлер костюмін модельдегенде және дайындағанда қолданылады. Бұл трикотаж құрылымында синтетикалық талшық бар, ол синтетикалық талшықты жұмсарту температурасы кезінде пішіннің қалыптасу қасиетімен сипатталады және әртүрлі ерлер костюмінің моделін жасауға мүмкіндік береді. Трикотаждық созылмайтын жаймалар әйелдер костюмі мен жеңіл пальтосында қолданылады.

Тегіс және суретті беттікті пүліштік жаймалар 11, 13,3, 16,6, 22,2 текс вискозалы жіппен араласқан 11,8, 16,5, 18,5 текс сызықтық тығыздықты мақта иірімжібінен өндіріледі. Жайма сыртқы түрі әдемі, жақсы гиигиеналық қасиеті бар, жақсы пішін сақтағыштығымен ерекшеленеді, олардың беттік тығыздығы - 220-315 г/м2. Жайма ішкиімдерде және сырт киімдерде қолданылады (балалар костюмінде, футболкаларда). Жақсы көркемдік-түстік әсерлі жоғарғы трикотаждық жаймалардың әртүрлі ассортименті келесідей фасонды иірімжіптен өндіріледі: 175- 180 текс сызықтық тығыздықты түйіндік, ілмектік - 130 текс, бұрымды - 100 текс, тарақты біркелкілікті - 175 текс қолдану арқылы. Фасонды иірімжіпке компенент ретінде 22 текс х 2, 31 текс х 2 сызықтық тығыздықты жүн, 28 текс х 2 жартылай жүн, 25 текс; 25 текс х 2; 31 текс х 2 ПАН талшығынан алынған жоғары көлемді иірімжіптер, 11 текс х 2 полиэфирлі, 5 текс полиамидті жіптер, 430 текс жартылай жүн біркелкілік қолданылады. Толық емес ластик аумағында толық емес аралас престелу, иілмелі біртегіс өрім пайдаланылады.

Шибарқытты жайма жоғарғы трикотажды (көйлектерді, белдемшелерді, костюмдерді) дайындау үшін арналған, ол 18, 20 кл. дөңгелек тоқымалы қүрылғыда және 18, 22 және 26 кл. негіздік тоқымалы машиналарда өндіріледі. Дөңгелек тоқымалы қүрылғыдан алынған жайма пішінтүрақтылығы жоғары, мыжылмайды және аз отырады, ол полиэфирлі текстурленген жіптерден және олардың әртүрлі шикізат түрімен - мақта иірімжібімен, созылмалы және капронды жіптермен араласуы арқылы өндіріледі, олардың беттік тығыздығы - 180-220 г/м2. Негіздік тоқымалы машинадан алынған шибарқыттүрді (бойлық және көлденең ши-шилі) капронды және вискозалы жіптерден ара- лас және пүліштік өрімдерден жасалады. Олар да пішінтүрақтылығы жоғары, мыжылмайды, бірақ дөңгелек тоқымалы қүрылғыдан алынған жаймаға қарағанда гигиеналық және жеңіл (150-190 г/м2), көбіне балалар ассортиментінде қолданылады. Жеңілдетілген пішіні түрақты аз отыратын трикотаждық жайма дөңгелек тоқымалы қүрылғыда келесідей өрімдермен өндіріледі: жалаң жаккардты, аралас немесе жаккардты өрімдердің аумағында толық емес, 16,6 текс сызықтық тығыздықты полиэфирлі текстурленген жіптен не- месе 11 текс х 2 және 3,3 текс капронды жалаң жіптен жасалған ажурлы өрімдерден. Олардың беттік тығыздығы - 120-260 г/м2. 18, 22, 26 кл. негіздік тоқымалы машинада өндірілген жеңілдетілген пішіні түрақты жаймалар әртүрлі ассортимент - филейлік жайма (үсақ- немесе іріүялы суреттермен), іріраппортты өрнекті жайма, джинсалы жайма, бояуға және баспа суретті жағуға арналған жеңілдетілген жай- малардан түрады. Жайманың беттік тығыздығы - 100-190 г/м2. Пішін түрақтылығы мен күлтеленуінің арқасында осы жаймалар көйлектер, блузкалар, костюмдер және белдемшелер дайындау үшін кеңінен қолданылады.

Кестелі әсерлі негіздік тоқылған жаймалар 10, 15 кл. «Комец» жаңартылған машинасында өндіріледі. Кестенің әсері көлемді- жайылған пішінді жасаушы, жаймада спандекс жібімен немесе рәзеңкелі өзекпен тоқу нәтижесінде алынады. Крептік жайма полиэфирлі текстурленген жіптің ПАН-иірімжібімен араласуынан жасалған жіптерді немесе полиэфирлі текстурленген комэлан жіптерін қолдану арқылы жалаң жаккардты өрімдермен 18, 20 класты дөңгелек тоқымалы машинада дайындалады. Жайма жақсы күлтеленеді және көйлектер, костюмдер, блузкалар үшін қолданылады, олардың беттік тығыздығы 140-240 г/м2. Негіз жібі аз созылатын жаймалардың мол ассортименті дөңгелек тоқымалы қүрылғыда полиэфирлі текстурленген жіптен, комэлан жібінен, жоғары көлемді ПАН-иірімжібінен, бүртіктелген иірімжіптен жасалған толық емес аралас өріммен өндіріледі. Жайма мататүрді және кеңінен қолданысқа ие (костюмдерде, белдемшелерде, күртешелерде, көйлектерде, жемпірлерде, балалар бүйымдарында). Негіз жіп твидті жаймалар текстурленген полиэфирлі жіппен араласқан иірімжіптен дайындалған, сыртқы түрі матаға үқсас және костюмдер мен белдемшелерді жасауда қолданылады.



2. Беймата материалдарының ассортименті

Киімді дайындау үшін жылытушы материал ретінде жайғақ тігілген және инемен тесілген дәкелер, мата сияқты мата тігілген, жайғақ тігілген жаймалар қолданылады. Пішінді сақтауды қамтамасыз ететін және киім бөлшектеріне қаттылық беретін іштіктер үшін негізмдік бейматалы материалдар пайдаланылады. Киімде қолданылатын бей- мата жаймалары ағартылған, тегіс боялған, ала шүбар, баспа суретті болып шығарылады. Тоқымалы-тігілген бейматалық материалдың ассортименті әртүрлі қүрылымды және тағайындалуы бойынша әрқалай мақта маталы және жартылай жүнді материалдардан түрады. Мақтадан тігілген материалдардың ассортименті тоқылған талшықтық жайғақтан алынған, балалар ішкиіміне арналған бейматалық жаймадан, Василек бейматалық жаймадан, Бориславка бейматалық бәйкеден және балалар ішкиіміне арналған материалдар- дан түрады. 1 м2 осындай материалдардың массасы - 141-270 г, ені - 150-250 см. Олар тегіс боялған, баспа суретті болуы мүмкін (балалар ішкиімінен басқа), көйлек, күртеше дайындауда қолданылады. Осы бейматаның кейбірі вискозды штапельді талшықпен мақтаның қоспасынан өндіріледі және мақта маталы иірімжіптер, не болмаса капронды жібекпен тігіледі. Екінші жағдайда материал жылтыр- мен және жібектікпен сипатталады. Осы бейматалардың барлығы қажалуға жоғары төзімділігімен, әсіресе капронды жібекпен тігілуімен ерекшеленеді. Олардың кейбірі жуғаннан кейін бойылық бағыт бойын- ша отырады және кейде көлденеңнен созылады. Тоқымалы-тігілген жайма көлденең бағытта қолдық деформацияны жасау арқылы әдеуір созылымдығы оның қүрылымының ерекшелігімен түсіндіріледі және бүл ерекшелік бүйымды жобалау кезінде ескерілуі керек, сонымен қатар, ені бойынша бүйымның тарлануын қарастыру қажет, ал деформациядан алдын-ала сақтау үшін зығыр немесе мақта ызбадан жасалған жиекпен қиық бойынша тігіледі. Тоқымалы-тігілген жартылай жүн бейматалы материалдардың ассортименті қүрылымында 30-60% дейін жүн бар, Крцаниси, Местия, Спортивное тігілген жаймалардан түрады. Талшықтық жайған мақта иірімжібімен, не болмаса капронды жібекпен тігіледі. 1 м2 жайманың салмағы 319-450 г, ені 95-150 см. Бүл материалдар тараққа және білікшеге оралып түруы мүмкін, сондықтанда, олардың беті түкті не- месе киіз тәрізді болады. Өңделуі бойынша олар тегіс боялған және меланжды. Жартылай жүнді материалдар жоғары қажалуға қарсылықпен және созуға төзімділікпен сипатталады және пальто, күртеше, спорттық киімдер дайындауда қолданылады.

Тігілген материалдардың ішінде перспективалығы малимо болып табылады, оның құрылымында аз созылғышты бойлық және көлденең жіптері бар. Бұл материалдар кез-келген жіп немесе иірімжіптен дайындалады және олар мақта, жүн, жібекті болуы мүмкін. Бұл материалдардың салмағы қолданылатын жіптердің немесе иірімжіптердің сызықтық тығыздығына байланысты. Тағайындалуы бойынша әртүрлі бейматалы материалдардың ассортиментінің кеңею мүмкіндігі шектелмеген, сондай-ақ, малимо материалдары олардың талшықтық құрамына байланысты кез-келген өңдеу түріне қолданылады. Тігілген бейматалық материалдар аймағы өте кеңейтілген: яғни олар пальто (әртүрлі мезгіл бойынша қолданылатын), костюмдер, шал- барлар, төсек-жабдықтық жаймалар, әйелдер мен балалар көйлектері, шомылатын халаттар мен костюмдер, күртешелер мен тағайындалуы және әртүрлі түрі бойынша өндірілгент киімдер сияқты бұйымдарды дайындау үшін қолданылады.

Желімдік бейматалық материалдар мақтадан, вискозалы штапельді талшықтан, зығырдан немесе мақтаның не болмаса вискозалы штапельді талшықтың штапельді синтетикалық талшықпен қоспасынан өндіріледі, жоғарғы киімдерді дайындау кезінде іштік материал ретінде қолданылады. Олар 1 м2 - 60-180 г салмақты, өте арзан және зығырлық іштікке қарағанда өте жеңіл. Бұл материалдар құрылымына байланы- сты жоғары серпімділік қасиеті, қаттылығы және тығыздығы бойынша сипатталады. Синтетикалық талшықты негізмдік бейматалық материалдар үлкен серпімділікпен, аз мыжылуымен және зығырлық қатырғыға қарағанда аз салмағымен сипатталады, олар ауа мен буды жақсы сіңіреді. Бойлық бағытта жоғары берік талшықтың орналасуына бағытталған негізмдік бейматалық материалдарды дұрыс пайдаланбау, бұйымда әртүрлі бағытта созылғанда, олардың көлденең бағытта жиі жыртылуына алып келеді. Желімдік бейматалық материалдар тығыз және тегіс, борпылдақ және кеуекті болуы мүмкін. Екінші жағдайда олар жылы киімдерде қолданылады. Мұндай материалдар жоғары серпімділігімен ерек- шеленеді және киген кезде ауалық қабаттын өзгермеуін қамтамасыз етеді, сондықтанда, киімде жақсы жылылықты өткізбеушілік қасиетпен сипатталады. Желімдік бейматалық материалдардың ассортименті іштік материалдардың кеңею арқасында кеңейеді, киімге арналған бір реттік қолданылатын жаңа негізмдік материалдар шығарылды. Бұл жағдайда бейматалық материалдар бояу, баспа суретпен жоғары емес тығыздықты болып өңделуі керек. Бүл көйлек, блузка, ерлер жейдесін дайындауда, немесе арнайы қасиетті, жоғары тығыздықты өндірістік және қорғағыш киімдердің әртүрін жасауда қолданылады.

Инемен тесілген бейматалық материалдар ассортименті көбіне техникалық мақсатта қолданылады. Бүл материалдар сырт киімде жылытқыш материал ретінде қолданылады, ол синтетикалық талшықтан түратын, талшықтық жайғақтың жоғары серпімділігімен сипатталады, жоғарғы жылусақтағыш киімді жеңілдетеді, астарлық материалдың жеңілдігін және үлкен ауалық қабатты қамтамасыз етеді. Нитрондық және лавсандық талшықтан жасалған инемен тесілген дәкелер пальто, күртеше тігуге, қыстық жамылғы дайындауға арналған жылусақтағыш материал, әрлеуші бүйым, синтетикалық үлбірге арналған негіз ретінде қолданылады. Бүдан басқа, ауыр жаймалар (800 г/м2 дейін) аяқ киімдік үлтарақ, еденге төсейтін кілемдік жабын түрінде пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары:

1. Трикотаж жаймасының ассортименті

2. Беймата материалдарының ассортименті
Дәріс № 21.
Дәріс жоспары:

1. Бағалы үлбір шикізаты және жартылай фабрикаты

2. Бағалы - үлбір терілерінің құрылымы


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет