Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту теориясы» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


,3-тақырып. Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері



бет18/160
Дата09.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#78615
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   160
Байланысты:
физика ожб
Геометрия, 7 кл, каз, №55
2,3-тақырып. Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері.

Дәріс мақсаты: Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін көрсету. Политехникалық оқыту және кәсіби бағыт беру жайында мағұлыматтар беру.

Жоспар:


  1. Физиканы оқытудың мақсаттары.

  2. Физиканы оқытудың негізгі міндеттері.

  3. Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру.

  4. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды кәсіби бағыттау.

  5. Ғылыми дүниетаным қалыптастыру.

  6. Оқушылардың ойлауын дамыту


Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Физиканы оқытудың мақсаттары.

Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының негізгі саласының бірі болып табылады.

Қазіргі кезде ғылымның қарқындап дамуына байланысты әрбір ғылым негізінің мазмұны кеңейіп, тереңдеп, сәйкесінші оларды оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері де пайда болуда. Сол себепті әр пәнді оқыту әдістемесі ждеке ғылым саласы болып қалыптасып, ірге тасы қалануда. Барлық жеке пәндерді оқыту әдістері дидиактикаға негізделеді.

Мектептегі білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен, оның ғылымның қарқындап дамуына тигізетін шешуі ықпалымен анықталады.

Мектепте физиканы оқыту барысында оқушының қалыптасуы, ең алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс. Физиканы үйрету – белгілі бір жүйеде (жоспар) бойынша мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқыту әдістемесі міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т.б. кіреді.

Мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім білім беру, оларды жан-жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.

Білім беру міндеті – физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеті. Соның нәтижесінде оқушылар физиканың негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.

Дамыту міндеті – оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Әртүрлі ақпараттарды дұрыс бағдарлай білуге, логикалық амалдарды меңгере алуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға жеткізеді.

Тәрбиелеу міндеті – негізгі міндеттердің бірі. Себебі, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері - өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.

Сондықтан мектепте мұғалім қызметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту негізінен алғанда, оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, ой-өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі-үлгілі болуға баулиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   160




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет