PhotoShop графикалық редакторы. Негізгі құралдары. PhotoShop терезесі. ТҮс палитралары



бет2/6
Дата31.07.2020
өлшемі0,77 Mb.
#75853
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
PhotoShop графикалық редакторы
ZOOM пайдалану, Сызықты емес программалау есебі, «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» курстық жұмыс, Практикалық жұмыс 1, 2 лекция, Лекция 1, Лабораторная работа Ин дизайн, № 1, № 1, 1 лекция, жаңа дәріс
11.2. ТҮс палитралары.
Бағдарламаның көптеген функциялары палитралар көмегімен орындалады. Палитралардың басқа сухбат терезелерінен айырмашылығы, үнемі экранда көрініп тұрады. Бұл жұмыс істеп отырған адамның бейнеден палитраға және керісінше ауысуын жеңілдетеді, команданы таңдау уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер палитра қажет болмаса, оны экраннан алып тастауға болады. Палитраларды бір топқа жинауға да болады, сонда олар экранда көп орын алмайды.

2-сурет. Стандартты палитра.


PhotoShop-та 15 стандартты палитра бар. Олардың көпшілігінің стандартты құрылғылары бар. (2-сурет). Палитра ішінде: батырмалар, үлгілер, жылжымалы батырмалар, енгізу алаңы болуы мүмкін. Жоғарғы оң жақ бұрышта орналасқан бағыттауышы бар батырма палитра мәзірін шақырады. Онда әртүрлі командалар бар, кейбіреулері палитраның төменгі жағына батырма түрінде орналасқан.

Палитраны экранға шақыру үшін және оны экраннан алып тастау үшін Window (Терезе) мәзірінің командаларын пайдаланамыз. Палитралар топқа бірігеді. Палитраны екпінді жасау үшін, оның белгісінде тышқан көрсеткішін шерту қажет. Топта бір ғана палитра ағымдағы болады. Қалғандарын көру үшін палитраны топтан шығару керек. Ол үшін, тышқан көрсеткішін палитра белгісіне апарып, курсорды жылжытамыз. Курсор артынан палитра сызбасы да жылжиды. Енді екі палитра экранда көрініп тұрады. (3-сурет).



3-сурет. Палитра топтарын экранға шығару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет