PhotoShop графикалық редакторы. Негізгі құралдары. PhotoShop терезесі. ТҮс палитралары


Құралдар панелі мен атрибуттар панелі



бет3/6
Дата31.07.2020
өлшемі0,77 Mb.
#75853
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
PhotoShop графикалық редакторы
ZOOM пайдалану, Сызықты емес программалау есебі, «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» курстық жұмыс, Практикалық жұмыс 1, 2 лекция, Лекция 1, Лабораторная работа Ин дизайн, № 1, № 1, 1 лекция, жаңа дәріс
11.3. Құралдар панелі мен атрибуттар панелі.
Палитралардан басқа бағдарламаларда екі панель бар: Toolbox (Құралдар) және Options (Параметрлер). Бейнені өңдеу көптеген іс-әрекеттердің жиынынан тұрады. Әрбір іс-әрекет үшін арнайы құрал қолданылады. Ол құралдар экранның сол жағында вертикал орналасқан.

Toolbox (Құралдар) панелінде орналасқан. Әрбір құралға белгісі бар батырма сәйкес келеді, құралды таңдау үшін осы сәйкес батырманы шерту қажет.

Орындайтын функцияларына сәйкес құралдар топтарға біріктірілген. Панельде осы топтың бір ғана құралы көрініп, қалғандары жасырылып тұрады. Бұндай құралдың батырмасында кішкентай қара бағыттауыш бар. Жалған құралдарды таңдау үшін батырманы бір секундтай уақыт басып тұру керек, сонда қалған құралдар тізімі бос жанама мәзір ашылады. Тышқан батырмасын жіберіп, қажет құралды таңдауға болады.



Енді таңдалынған құрал панельде көрінеді де, қалғандары жасырылады. Құралдар панелінің төменгі жағында негізгі түстерді басқару батырмалары мен бағдарлама терезесінің түрін басқару батырмалары бар. Түрлі түсті квадраттар - бұл фондық және жұмыс істейтін түс түрлерінің үлгісі. Жұмыс істейтін түс үлгісі алдыңғы жақта орналасқан, фондық түс артында орналасқан. Екі түсті де таңдауға болады. Түстерді таңдамаған болсақ, қара мен ақ түс шығады. Екі түсті алмастыру үшін екі жақты бағыттауышты қолдануға болады.

Бас терезе режимдері тек қана ашылған құжат бар болғанда ғана жұмыс істейді. Толық экран режимі құжатты экранда қарау үшін қолданылады, бұл жағдайда ешқандай басқару элементтері жұмыс істемейді. Стандарттық режим жұмыс істеуге ыңғайлы. жиі қолданылады. Тәжірибелі компьютермен жұмыс істейтін адамдар аралық мәзірі бар толық экранды режимді қолданады. (4-сурет).
А б


В г
4-сурет. Режимдер батырмалары (а) және оларға сәйкес бас терезе түрлері: стандартты (б), мәзірі бар толық экран (в), толық экран (г).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет