ПОӘК 042-18. 30. 30-2014 Баспа №



бет1/5
Дата06.07.2018
өлшемі0,6 Mb.
#47413
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-18.30.30--2014

Баспа № _____

03.09.2014



34 беттің -сі






Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультеті


3 деңгейдегі СМК құжаты

ПОӘК Баспа

№____


ПОӘК 042-18.30.30-2014


«Шағын жинақты мектептегі педагогикалық үдерістің теориясы мен технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар

«Шағын жинақты мектептегі педагогикалық үдерістің теориясы мен технологиясы»

пәнінен оқыту-әдістемелік кешен

5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығына арналған
Оқу-әдістемелік кешен

Семей-2014


МАЗМҰНЫ





Глоссарий






Дәрістер






Практкалық сабақтар






Студенттердің өздік жұмыстар жоспары



1. Глоссарий


Педагогикалық үрдіс- білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызмет.

Новация – ұғымы бір жүйеден екінші жағдайға ауысу барысында сапаға қол жеткізу

Инновациялық үрдіс -жаңалықты жасақтау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекет.

Инновациялық іс-әрекет-педагогикалық еңбектің сапасын арттыратын оқу-тәрбие үрдісін жаңа бағытта құру бойынша түбегейлі өзгерістермен ерекшеленетін жаңаша іс-әрекет

Технология-бұл қандай да бір істе, өнерде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы, дидактиканың құрамдас бөлігі

Зерттеу нысанасы: тәрбие, білім, даму, жеке тұлғаның, ұжымның қалыптасуы

Интеграция- пән аралық байланыс

Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.

Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.

Тәрбиелік әлеуметтену - қоғамның тәрбиелік күшін, адамды әлеуметтендіру процесін, әлеуметтік институт ретінде тәрбиені зерттейтін ғылым саласы.

Тұлға – 1) дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам болмысының қайталанбас, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны;

2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Тұлға қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым –қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам, тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.

Тәрбиелік қарым–қатынас – баланы дамытуға, яғни оның өзін - өзі тәрбиелеуіне, өздігінен білімін жетілдіруіне бағытталған қарым – қатынас. Тәрбиелік қарым–қатынас – адамзат тәжірибесінің алмасуы, берілуі, меңгерілуі және пайдаланылуы.

Тәртіптілік – адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын тәртіпке, ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік – адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси –этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе.

Теория – практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім.

Іскерлік ойын - әр түрлі жағдайларда берілген неме­се қатысушылардың өздері бекіткен ережелер бойынша басқаратын шешімдер қабылдауының еліктеушілік әдісі (имитация).

Өзін-өзі бағалау - өзін-өзі білу арқылы өзіне баға беретін өзіндік сананың құрамдас бөлігі.

Өзін-өзі тәрбиелеу - саналы түрде қойылған мақсатқа сәйкес адамның тұлға ретінде қалыптасуы.

Даму- өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың турі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез келген баму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды

Ақыл-ой тәрбиесі- тәрбиенің басқа салаларымен үздіксіз байланысты ойлаудың шығармалық қабілеттерін мақсатқа сай дамыту.Ойдың жұмысы адам өмірінің шарттары мен

жағдайларында болатын обьективтік қарама-қайшылықтарды шешуге әрдайым бағытталып отырады.

Диагностика - жұмыс тәртібінде мүмкін болатын ауытқуларды болжау үшін, процестерде, машиналарда ақауларды сипаттайтын белгілерді техникальқ басқару және зерделеу, ауруларды анықтау және диагноз қою әдістері мен принцптері туралы ілім.

Гуманистік- адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен қарау

Ғылыми абстрактілеу- заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, турі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімдігін әдістемелік дайындығын көтеру педагогиканың ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау оқушылар мен жұмыста тиімді әдістер мен жұмыс турлерін қолайлы пайдалануды өндіру.

Дәстүрлер -ұзақуақыт бойына қоғамда адамдар арасындағы қатынасқа сақталып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеумттік және мәдени мұралардың құрыамды болігі.

Диагностика - жұмыс тәртібінде мүмкін болатын ауытқуларды болжау үшін, процестерде, машиналарда ақауларды сипаттайтын белгілерді техникальқ басқару және зерделеу, ауруларды анықтау және диагноз қою әдістері мен принцптері туралы ілім.

Дербестік (индивидуальность) - жеке адамныц өзіне ғана тән ерекшелігі. Адам және оның тұлғасының жеке жағдайда көрінуі.

Еліктеу - басқаның ic-әрекетіне еру; басқаның ic-әрекет нәтижесіне еру;

Жеке адам (индивид) - жеке өмір сүретін ағза; жеке адам, адам жаратылысының бірегей өкілі.

Жеке даму - жеке адамның өмірі мен ic-әрекеті процесінде даму.

Жеке тұлғаның дамуы - жеке адамды әлеуметтендіру және тәрбиелеу нәтижесінде, жеке адамды әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастыру процессі.

Жетекші ic-әрекет - онтогенездің белгілі кезеңінде психикалық дамуды сипатын анықтайтын ic-әрекет.

Концепция (тужырымдама) - қандайда бip кұбылысты түсінудің бeлгiлi тәciлi, түсіндірмесі, пікірдің нeгiздeлyi, жeтeкшi идеясы, әр түрдің құрамалы принципі.

Көрнекі әрекетті ойлау - қабылдау көрнекі жағдайда өтетін, заттармен байланыс сыртқы бағдарлық әрекет көмегімен орындалатын ойлау.

Көрнекі бейнелі ойлау - бейне мен байланыс ішкі бағдарлық әрекет көмегімен орындалатын ойлау.

Көрнекілік принципі- сабаққа оқушының дұниетанымы негізінде оқуды көрінекілік арқылы жүзеге асыру

Қарым-қатынас - ортақ рухани немесе материалдық нәтижеге жету және байланысты жақсарту мақсатындағы күш-жігерді бipiктipy және үйлестіруге бағытталған адамдардың өзара әрекеті.

Әдіснама- грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді

«Метод» «әдіс»- термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады.

Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім.

Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді



Бір сабақты жоспарлау -мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру.
Білімді адам деп – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін кей кезде оқығанын қолдана білетін білімді дұрыс ойлай алатын жоғарғы қасиетті адам
Білім – тарихи тәжірибені іздестіру процесінде жинақталған адамзаттың рухани байлығының көрінісі жеке тұлғаны әлеуметтендіруге мүмкіншілік туғызу адамның социуиға енуі.

Тәрбие принциптері- тәрбие процесінің мазмұнына , әдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі тплаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары.

Оқу- құрал жабдықтары- бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері.
Модуль 1.ШЖМ оқыту үрдісінің теориялық негізі

Дәріс №1- 2.Шағын жинақты мектеп, мәнді белгісі.Оқу үрдісінің басты міндеттері (2 сағ.) ШЖМ-те инновациялық білім беруді ұйымдастыру

Мақсаты: ШЖМ-те инновациялық үрдісті ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекетті қарастыру

Негізгі ұғымдар: инновациялық білім, инновациялық үрдіс. , инновациялық іс-әрекет

Жоспар:


  1. Инновациялық білім беру-педагогикалық теорияның бастапқы мәселесі

  2. Инновациялық үрдіс түрлері

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.

Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).

Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.

«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

Шағын жинақты мектептің алдына қойған міндеттерінің бірі- шағын жинақты мектептерде инновациялық білім беру үрдісін қолдану. Инновациялық үрдіс деп-жаңалықты жасақтау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекет. Инновациялық іс-әрекет-педагогикалық еңбектің сапасын арттыратын оқу-тәрбие үрдісін жаңа бағытта құру бойынша түбегейлі өзгерістермен ерекшеленетін жаңаша іс-әрекет.Инновациялық білім беру-үздіксіз өзгеріс жағдайындағы педагогикалық болмысты нақты айқындайтын педагогикалық теорияның бастапқы мәселесі, негіздері мен құрылымы, білімді меңгеру әдістері мен тәсілдерінің принциптері туралы білім жүйесі болып табылады.Инновациялық үрдісті шартты түрде төмендегідей топқа бөлуге болады: 1) білім беру жүйесіндегі инновациялық қызмет; 2) оқу-тәрбие жұмысы жоспарымен бағдарламасы мазмұны мен құрылымына қатысты инновация; 3) оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдеріне қатысты инновация. Зерттеушілер инновациялық-педагогикалық үрдіске әсер ететін мынандай факторларды атап өтуде. Оларға мыналар жатады.: -жаңалықтың мақсатына сай әдістемесін жасақтау; -жаңалыққа деген мотивацияны туғызу; -мектепте жаңашылдық үрдісін енгізу және бекіту; -қоғам талаптарын қанағаттандыру; -жаңалықтың жұмыс нәтижесі мен білім сапасын арттыру. Инновациялық білім беру-ұстаз бен оқушыың бірлескен әрекеті мен шығармашылығын қамтитын мектептің білімдік ортасын ұйымдастырушы субъект-субъект қатынасында жүзеге асады. Инновациялық білім беру кеңістігінде дәстүрлі әдістер мен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету—әрбір оқытушының міндеті.

Білімдерін бақылау сұрақтары:

1. Біртұтас педагогикалық процес-ң мәні, негізгі компоненттері әлеуметтік бөліктері мен азаматтық факторларын атаңыз 2. Оқыту технологиясындағы инновацияларға тоқтал 3. Сапалы білім берудегі инновациялық технологияның рөлін айқында



1. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова - «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» Алматы,- 2010 ж.

2. Адильгазинов Г.З., Хмель Н.Д. Особенности организации управления педагогическим прцессом в малокомплектной школе -А. 2002

3. Адильгазинов Г.З. Педагогические основы подготовки учителя к управлению процессом обучения в малокомплектной школе: теория и практика (монография).-Усть-Каменогорск:Изд.-ВКГУ, 1997.- 180с.

4. П.Т. Фролов «Особеннности педагогического процесса в малокомплектной школе».,-М.-1991



Дәріс №3-4 Шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайы. ШЖМ ерекшелігі (2 сағ.)

Мақсаты: Педагогикалық үрдістің мәні және шағын жинақты мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындау

Негізгі ұғымдар:педагогикалық үрдіс, іс-әрекет бөліктері (компоненттері), нысана

Жоспар:


  1. Педагогикалық үрдіс оның мәні

  2. ШЖМ-гі тұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері

  3. Оқу-тәрбие үрдісінің нысанасы- сабақ

Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі мектептердің атқаратын ролі орасан зор.

Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде.

Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.

Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.

2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.

Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында «қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп, дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде (Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы оқушы саны –22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті.

ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер). Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-кластық – оқу мерзімі – 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада – старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды.

ХХғ. бас кезінде «Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер туралы» (1906) ережеге сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ училищелеріне айналдырылды.

ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы мектептердің жанынан 32 кәсіптік бөлімше және 270 қол еңбегін оқытатын кластар ашылды.

Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты алғашқы ескертпелер 1906 жылғы «Россияның шығысында тұратын бұратана халықтар үшін ашылған бастауыш училищелер» туралы ережелерде берілген. «Ережеде» оқу жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар да берілген (арифметика бойынша да қосымшалар бар). Бірдей ортақ типтік бағдарламалар болған жоқ, жер ерекшеліктеріне қарай мектеп директорлары бағдарламаларды не қысқартып, не кеңейтіп, өз жағдайларына қарай үнемі өзгертіп отырды.

Сонымен бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар, кейінірек башқұрт, латыш, украин, өзбек, татар, чуваш халықтарына арналған кітаптар пайдаланылды.

Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады.

Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқандардың бірі – Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі журналында «Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау керек ?», 1965 жылы «Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы», 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған «Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2 және 4-сыныптарды қатар оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты сабақты жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді. Р.Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе, шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.

1870 жылғы 26 наурызда жарияланған «Россияда тұратын басқа ұлттарға білім беру шаралары туралы заң» мен «Басқа ұлттарға арналған бастауыш училищелер туралы» ереже (1906, 1907, 1913) Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық бастауыш мектептерде бастауыш оқуды ана тілінде оқытуға рұқсат берді. ХІХ ғ. 70-жылынан бастап орыс-қазақ мектептеріндегі бастауыш оқу қазақ тілінде жүргізілетін болды.

Орыс-қазақ мектептерінде арифметиканы оқыту бір орынға қарайтын оқу мекемелері басшыларының пікірі бойынша ауызша және жазбаша санауға, арифметикалық амалдарды орындауға үйрету міндеттерін шешуге тиіс болды. Арифметика ғылым ретінде қажет деген пікірге ерекше көңіл бөлінді.

ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ. бас кезінде Ресейдің бастауыш мектептерінде оқытылатын арифметика бойынша 200-ден астам әр түрлі оқулықтар, оқу құралдары, есеп жинақтары басылды. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда аса кең тараған К.П.Арженниковтың, В.А.Евтушевскийдің, Г.М.Вишневскийдің, А.И.Гольденбергтің, К.П.Бурениннің, А.Ф.Малиннің, Н.И.Паульсонның, С.И.Шохор-Троцкийдің кітаптары еді. Бұдан басқа орыс-қазақ училищелеріндегі ұлт мектептеріне арналған Н.А.Бобровниковтың, С.М.Граменицкийдің, Т.Г.Лубенцтің, И.С.Михеевтің т.б. кітаптары пайдаланылды.

Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда «Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында» қарары қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. «ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру» атты зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі де кез-келген ғылым саласы сияқты екі жағдайда дамиды. Оның біріншсі - әдіскер, психолог, педагог сияқты ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асса, екіншісі – кейбір мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелерін оқып үйренудің, оларды ғылыми түрде негіздеу, жалпылау арқылы жүзеге асады.

Шағын жинақты бастауыш мектептерде де математика пәні қалыпты мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының көмегімен оқытылады.

Қазақстанда қазақ бастауыш мектептері төл оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі әріден келе жатқан, нақтырақ айтсақ, бастауыш қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өзінен алатыны, бір жарым ғасырға жуық уақыт бойы күн тәртібінен түспеген мәселелердің бірі.

«Ы.Алтынсарин орыс - қазақ мектептері үшін математика оқулықтарын таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде қолданылып жүрген оқу-құралдардың ең жақсыларын енгізуге тырысты»-дейді Б.М.Қосанов.

ХХ-ғасырдың басында М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ оқымыстылары бұл істі жаңа сатыға көтереді. Басқа салалардың мамандары бола тұра, олар мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз етудің зор маңызын түсініп, осы іске бел шеше кірісті. Соның нәтижесінде Қазан төңкерісіне дейін-ақ математика пәндерінен төл оқулықтар қазақ балаларының қолына түсе бастады. 1920-1930 жылдары математика пәнінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындауға М.Дулатұлы, С.Қожанұлы, К.Жәленұлы, Қ.Сәтбаев т.б атсалысты. Сөйтіп, сол заман тұрғысынан қарағанда, қандай да деңгейде болмасын білім дәрежесі көтеріліп, жүйеленіп бір ізге түсе бастады.

1930 жылы жеткіншек ұрпақтың санасын өз қажетінше қалыптастыруға бағытталған Мәскеу шенеуніктерінің қаулылары Қазақстандағы қауырт дамып келе жатқан бұл істі пышақ кескендей тыйды. Яғни, математика құралдары тек қана орталыққа дайындалып, жергілікті жерлерде олардың аудармаларын ғана пайдалануды міндеттеді. Мұндай әрекетке ғалым-педагогтар тарапынан қарсылық болды.

1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш сыныптағы оқыту әдістемесін зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың бірі – Б.Құлмағанбетова. Ол мақалаларында мұғалімге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулар беруді мақсат ете отырып, қазақ тілі сабақтарында өздігінен орындалатын жұмыстардың түрлері мен оны ұйымдастыру жолдарын көрсетуге баса мән береді.

1974 жылы Б.Құлмағанбетованың «Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мынандай мәселелер қарастырылды: 1) аз комплектілі мектептердің қазіргі жайы; 2) аз комплектілі мектептерде жұмыс түрлерін ұйымдастыру; 3) аз комплектілі мектептерде сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері; 4) аз комплектілі мектептерде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Автор алдымен шағын жинақты бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне шолу жасай келіп, әрбір сыныпта оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты материалдарды, көрнекі құралдар мен әдістемелік жаттығуларды орынды пайдаланып, жұптасқан сабақтардың құрылысын, өздік жұмыстардың түрлерін, көлемін, оған кететін уақытты т.с.с дұрыс белгілеп алса, мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы нәтижелі болады деген қорытынды жасайды.

1980 жылы Ш.Әуелбаевтың «Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері» атты еңбегі жарыққа шықты. Автордың бұл еңбегі шағын жинақты бастауыш сынып мұғалімдері үшін қиындық келтіріп отырған қазақ тілі сабақтарының мазмұнын анықтау мәселесін шешуге байланысты жасалған алғашқы әрекет болып есептеледі. Өйткені бағдарламада үлкен тақырыптарға арналған сағат сандары ғана көрсетіледі де, әрбір жеке сабақтың мазмұнын белгілеу үлкен қиындық туғызады. Сондықтан бұл құралда қазақ тілі сабағының мазмұны мен көлемі анықталып, оның толық жоспарлау үлгілері берілген.

1981 жылы басылып шыққан А.Асқарбаева мен Г.М.Храпченковтың «Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері» деп аталатын еңбегінің маңызы аса зор болды. Бұл құралдағы көңіл аударарлық мәселе – шағын жинақты бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарын бір пәндік жүйемен жоспарлағанда қатар сыныптарда тақырыбы мен мазмұны жағынан жақын, бір-біріне ұқсас материалдарды іріктеп алып, жұптастырып, бір мезгілде өткізудің тиімді болатындығы. Осы тұста шағын жинақты мектептегі оқыту мәселесіне қатысты әдістемелік нұсқаулар да пайда бола бастады. Атап айтқанда: Қ.Аймағамбетованың «Аз комплектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту», М.Сайпиннің «Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту» (1984), О.Сатқановтың «Еңбекке үйрету методикасының кейбір ерекшеліктері» (1990) атты еңбектері. Аталған еңбектерде шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жеке пәнді оқыту әдіс-тәсілдері, ұтымды жұмыс түрлері, сабақ жоспарлары тәрізді негізгі мәселелер қамтылған. Олар, негізінен, бір пәннің бір мезгілде өткізілуін қолдап, соған сай бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау үлгісін көрсеткен.

1970-1980 жылдары жоғарыда аты аталған ғалымдар мен кейбір мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Мектеп» баспасынан бірнеше көрнекі құралдар да жарық көрді. Мысалы: «Ана тілінен тіл дамытуға арналған сюжетті картиналар» (1976), «Аз комплектілі мектептер үшін грамматикалық таблицалар» (1979), «Ана тілінен үлестірмелі картиналар» (1981).

Бұл еңбектерден шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие ісі жалпылама сөз болмай, негізгі жұмыс түрлері көбірек қамтылып, нақты нұсқаулар беріле бастағанын байқаймыз.

Бірақ, тек қана 1980 жылдары Самарқан Егізбаев, Төлеген Оспановтардың батыл қадамдарының арқасында бастауыш мектепте математикадан республика ерекшеліктеріне лайықталған оқулық пен әдістемелік құрал мәселесі Мәскеу ғалым-педагогтармен келісілді. Соның нәтижесінде 1986 жылы қазақ баласының табиғатына жақындау математика пәнінен оқулықтар шыға бастады. Бірақ бұл мәселе шешімін Мәскеу ғалымдарының кереғарлығына байланысты аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік болмады. Дегенмен, жарты қадам болса да бұл мәселе алға жылжыды.

Еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресі мен оған ие болуы ұрпақ тәрбиесі мәселесін жаңа құндылықтар негізінде ешкімге жалтақтамай, қайта қарауға мүмкіндік берді.

Соның арқасында және мемлекетіміздің білім саясатын анықтайтын азаматтардың жігерлі қимылының негізінде Республика мектептері 1992-1993 оқу жылынан бастап төл оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге көше бастады. 1996-жылғы 26-маусымдағы № 1173-қаулысына сәйкес республика мектептерін жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік топтамалармен қамтамасыз ету мақсатты бағдарламасы қабылданды. Осының негізінде 1997-1998 оқу жылынан бастап, барлық тілдегі бастауыш мектептер толығымен жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз етілді.

Бұл құралдар ҚР бастауыш білімнің мемлекет стандартының негізінде дайындалған бағдарламаға сәйкес жазылған, қазіргі кезде негізгі құрал болып саналады.

Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де 379319 оқушы дәріс алады, 51796 мұғалім қызмет атқарады. Министрліктің 1997 жылғы «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» әдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25.02.2000ж қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.

Тәуелсіздік жылдарында толық орта мектептер саны мен шағын жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-4229-ға жетті, оның 2156-сы (50,9 %) қазақ тіліндегі мектептер.


Педагогикалық үрдіс білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызмет. Яғни педагогикалық үрдіс - бұл арнайы тар мағынадағы оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мәндегі тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс. Педагогикалық процесс деген сөзді ғылыми айналымға 19 ғасырдың екінші жартысында еңгізілгенімен , ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.

Мәндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-әлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты-қоғамның әлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамның жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Қазіргі педагогикалық үрдістің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ ол біртіндеп зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарының күш салуы нәтижесінде бірқатар жинақталған материалдар негізінде жасалды. Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері бұл оқу мен тәрбие. Ол мақсатты іс-әрекет. Оны ұйымдастыратын педагог қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің әлеуметтік бөліктеріне ұстазды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикаылық процестің азаматтық факторы. Олардың іс-әрекетінің бөліктеріне (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақты тапсырмалардың түрін жатқызамыз.Сондықтан процестің бөліктері ұстаздар мен оқушылар жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болады.

  1. Педагогикалық процесс бірнеше элементтен тұрады. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады:

  1. Педагогикалық құрылымы: мақсат-принциптер-мазмұн-әдістер-құралдар

  2. Әдістемелік құрылымы сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау т.б.

  3. Психологиялық құрылымы: таным процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру, оқуға қызығушылық, қуат.)

2 .ШЖМ-те оқу-тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: Бірнеше сыныпты қатарынан оқытудың айырмашылығы-сабақты ұйымдастыруда.Бірнеше сыныпты бір мұғалім оқытқандықтан оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жолы, әдістері өзгешерек. Бұл өзгешеліктер оқу материалының мазмұны, көлемі жөнінде емес. Мұғалім оқушының өз бетімен орындайтын жұмыстарын, оның мөлшері мен түрін, оған кететін уақытты анықтап алуы керек. ШЖМ-те оқу-тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар

  • біріншіден бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылымын анықтауды қажет етеді. Өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы керек

  • екіншіден тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өзіндік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі. ШЖМ-те сыныптарды дұрыс бөлу, тиімді сабақ кестесін жасау, өзіндік жұмысты ұйымдастыру, қатар сыныптардағы сабақтың үлгі жоспарларын мұқият дайындау тиісті. Сондай-ақ, бір сабақтың үстінде мұғалім әр жастағы оқушылармен жұмыс жасайды, және бір пәннен екінші пәнге ауысып отырады. Оқушының жас ерекшелігіне қарай ыңғайланып, білім дәрежесіне сай түсінік беруге ауысу мұғалімнен баланың психологиясын жақсы біліп, сабаққа мұқият дайындалуы қажет етеді.

  1. Оқу-тәрбие үрдісінің нысанасы- сабақ. Сабақ құрылымы әр түрлі. Мұғалімнің негізгі мақсаты- өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Мұғалім бір уақытта бірнеше сыныптарды қатар оқытады. Сабаққа мұқият дайындалған мұғалім, сабақ уақытын үнемді пайдалана отырып:

-Жана тақырыпты түсіндіру; -Оқушының сабақ барысындағы іс-әрекетін қадағалау сияқты негізгі міндеттерді атқара отырып:

-әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді;

-бір пәннен екінші пәнге ауысып отырады;

-әр сыныпқа жұмыс жасауға көшкенде оқушының жас ерекшелігіне, олардың білім дәрежесіне сай түсінік беруге ауысады;

-Мәселені өз бетімен шешуге, шығармашылыққа баулиды. Мұғалімнің өздігінен орындауға беретін жұмыстарының әдістері оқушыларға түсінікті және бағаланып отыру керек. Шағын жинақты мектепте бағалау жүйесінің жаңа өлшемдерін еңгізу білім сапасының негізгі кепілі.

Білімдерін бақылау сұрақтары:

  1. Педагогикалық үрдістің басты мақсатына тоқталыңыз

  2. Педагогикалық процестің компоненттерін атаңыз

3.Педагогикалық процестің құрылымына тоқталыңыз 4..ШЖМ-те оқу-тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшеліктерін атаңыз

Білімдерін бақылау сұрақтары:

1. Біртұтас педагогикалық процес-ң мәні, негізгі компоненттері әлеуметтік бөліктері мен азаматтық факторларын атаңыз 2. Оқыту технологиясындағы инновацияларға тоқтал 3. Сапалы білім берудегі инновациялық технологияның рөлін айқында

1. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова - «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» Алматы,- 2010 ж.

2. Адильгазинов Г.З., Хмель Н.Д. Особенности организации управления педагогическим прцессом в малокомплектной школе -А. 2002

3. Адильгазинов Г.З. Педагогические основы подготовки учителя к управлению процессом обучения в малокомплектной школе: теория и практика (монография).-Усть-Каменогорск:Изд.-ВКГУ, 1997.- 180с.

4. П.Т. Фролов «Особеннности педагогического процесса в малокомплектной школе».,-М.-1991
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет