ПОӘК 042-18. 30. 30-2014 Баспа №


Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар



бет4/5
Дата06.07.2018
өлшемі0,6 Mb.
#47413
1   2   3   4   5

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Сыныптас тыс тәрбие міндеттерін атаңыз.

2.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметтеріне анықтама беріңіз.

3.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына анықтама беріңіз.

4.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттерін анықтаңыз.


Дәріс №17-18 ШЖБМ жағдайында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

ШЖБМ жағдайында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

 

Сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың табиғи жалғасы болып табылады.



Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік береді. Онда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ қандай да бір іс-әрекеттері, есептеу шапшаңдығы, тапқырлығы, ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуы тиіс.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім сынып-комплектінің балаларының жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеріп, әр сынып балаларына шамалары келетіндей, қиынырақ материалдарды немесе материалдардың негізгі курсын оқып-үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды таңдап алуға болады. Аталмыш жұмыстардың өзгешелігі – математикалық ойын-есептер, ойындар, жарыс т.б. сипатта болады, онда балаларды қызықтыратын формадағы жаттығулар қолданылады, бірақ ол жаттығулар мәселенің математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерін тереңдетуге және айқындауға себі тиюі тиіс.

Мұғалім сыныптан тыс жұмыстардың түрін таңдауды, оны ұйымдастыруды, белсенділікті және оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей мұқият ойластыруы тиіс.

Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс сабақтар, математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктер, математика үйірмелері, олимпиадалар, спартакиадалар, ҚМК (КВН), т.б.

Сыныптан тыс сабақтар (қызықты математика сабағы). Сабақ барлық сыныпарға арналып жүргізіледі, сабақтың ұзақтығы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 30-40 минутқа дейін, сабақ айына бір рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен сабақтағы жұмыспен байланысты болуы керек, бірақ қиын есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептерді шығару көзделеді. Сиқырлы шаршыларды толтыру, ойлаған санды табу, ребустарды, шарадаларды, жұмбақтарды шешу (балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріле) ұсынылады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылады, ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе, сабақ әсерлі өтеді.Онда топтық және жеке-дара жұмыс ұйымдастыруға мүмкіншілік мол, сонымен бірге оқушылардан тапсырмаларды тек дұрыс орындау ғана емес, оны дәлелдей, негіздей білу де ескеріледі, талап етіледі.

1. Біріктірілген 1 және 2-сыныптардағы сыныптан тыс сабақ:

Алдымен оқушыларға сабақтың түрі, балалар деңгейіндегі сабақ мақсаты хабарланады. Содан кейін тақтаны екіге бөліп, бір бөлігіне 1-сынып, келесі бөлігіне 2-сынып деп жазылады.



  1.               «Тез есепте!» 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10

  2.               Топқа бөлініп әр топ капитанын сайлайды, оларға өз деңгейінде (бірінші сыныпқа арналған тапсырма жеке, ал екіншіге- бөлек) тапсырмалар беріледі, неше тапсырма дұрыс орындалғаны есептеледі. Мысалы:

2+8         9+1        10-10                                   20+3       30+10       60-4

10-8        5+5        10-0                                     4+20       50-20        86-6

Әр топқа түстері әр түрлі жетондар дайындалады да, тапсырмаларын Тапқышбектің қалтасына салады.

Эстафета. Әр бала санайды, санаған сандары есте сақталады. Сол сан баланың нөмірі болып есептеледі. Қалтадан бір сан алып, оны өз нөміріне қосады. Келесі бала оған өз нөмірін қосады, осылай соңғы балаға дейін жалғасады, кім бұрын және дұрыс есептесе, сол топ жеңіске жетеді.

2. Математикалық бұрыш. Оны оқушылар мұғалімнің басшылығымен құрады. Онда математикалық дәптерлер көрмесі, есеп құрастыру үшін цифрлі мәліметтері бар газет қиындыларынан жасалған альбомдар, өз бетімен құрастырылған есептер жинағы, математикалық есептер, мысалдар және түрлі жаттығулар орындауға арналған тапсырмалары бар түрлі-түсті кестелер болады. Математикалық газеттің атауы қызықты болуы тиіс, мысалы, «Жас математик», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Тапқышбектер клубы», «Ойлан, тап!», «Ойлайық та, ойнайық!», «Математик-ғалымдар», «Менің білгім келеді» т.б. Газет бетінде берілетін тапсырмалар әр сынып балаларына арналуы тиіс, мүмкін болса, әр сынып балаларына арнап, жеке-жеке газет шығарылса ролі орасан зор болар еді. Әрбір газетте балалардың тізімі, апталық не бір күннің тапсырмалары, оқушының жауабына арналған конверт болуы тиіс. Газет тапсырмалары мерзімі келгенде, міндетті түрде тексеріліп, бағаланып, ұпаймен қорытындыланады.

3. Математикалық кеш (математикалық ертеңгілік). Математикалық кеш өткізілмес бұрын газет шығарылып, онда әрбір сынып арасында жарыс ұйымдастырылатыны айтылады. Әділ қазылар мүшелері сайланып, карточкалар, тапсырмалар дайындалып, оқушыларға қарсы топқа сұрақтар дайындауға тапсырмалар беріледі. Кеште 3 және 4 сынып оқушылары жарысуы мүмкін.

Жоспары:


  1.    Кешті ұйымдастыру.

  2.    Әңгіме. (жалпы кеш белгілі бір тақырыпқа құрылуы мүмкін). «Адамдар санауды қалай үйренген?», «Бізді қоршаған ортадағы шамалар»

  3.    Жарыс – тапсырмалар (екі топқа ортақ сұрақтар).

  4.    Ойын «Арифметикалық жүгіру».

  5.    Тақырыпқа берілген тапсырмалар.

  6.    Ең мықты есептеушіге сұрақ.

  7.    Топтардың қарсы топқа қоятын сұрағы.

  8.    Викторина.

  9.    Қорытынды.

4. Математика үйірмесі. Онда математикаға ерекше бейімі бар оқушылардан 3-4-сыныптан бастап ұйымдастырылады. Үйірме сабақтары белгілі жоспар бойынша, оқушылардың тұрақты құрамымен жүйелі түрде айына 2-3 рет жүргізіледі. Онда балаларды есептеудің жаңа әдістерімен, қиынырақ есептерді шығару тәсілдерімен, кейбір математика тарихы мәселелерімен таныстырылады. Үйірме мүшелері газет шығаруға, бұрыш жасауға, кеш ұйымдастыруға ерекше тартылады.

Дәріс №19-20 Шағын комплектілі бастауыш сыныптардағы бағалау(Оқушылардың ауызша, жазбаша жауаптарын бағалау)

Оқушылардың математикадан алған білімдері, біліктері мен дағдылары күнделікті сабақта ауызша сұрау мен оқушылардың білім деңгейлерін анықтау, яғни бақылау жұмыстары алынатын сабақтарда тексеріледі және бағаланады.



А) Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау: (Т.Қ.Оспанов)

«5» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады;

-         Қойылған сұрақтарға толық және дұрыс жауап берсе;

-         Есептерді дұрыс және барынша тез орындаса;

-         Есеп шығаруда өзіндік жоспар құра алса немесе шығара алса, қзінің амалдарын түсіндіріп және есептің сұрақтарына берген жауаптарын дәл тұжырымдап бере алса;

-         Практикалық жұмыстарды дұрыс орындаса.

Егер оқушының жауабы негізінен «5» деген баға үшін тағайындалған талаптарға сәйкес болып, мына төмендегі жағдайлар орындалса, «4» деген баға қойылады:

-         Жауап берген кездегі тұжырымдауларда жекелеген дәлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;

-         Есептеу берген кездегі жекелеген ұсақ қателер жіберген болса және оны түзетуге шамалары жететін болса;

-         Есептерді шығарған кезде дәлдігі жеткіліксіз (шешу жолы дұрыс) түсініктемелер болса;

-         өлшеулер мен сызулар орындаған кезде дәлсіздік жіберілген болса.

Мұғалім аздап көмектессе, оқушы бұл кемшіліктердің барлықын да оп-оңай түзете алады.

«3» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:

-         есептеулерде жекелеген өрескел қателер жіберсе, бірақ оларды мұғалімнің көмегімен түзете алса;

-         есепті мұғалімнің көмегімен ғана шығара алса.

Егер оқушы өздеріне қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алса, есептерді тіпті, мұғалімнің көмегімен де шығара алмаса және есептеулерді жүргізе алмаса, онда «2» деген баға қойылады.

Егер оқушы бағдарламалық материалды түгелімен білмейтін болса, онда «1» деген баға қойылады.

 

Ә) Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау (Т.Қ.Оспанов)

Бақылау жұмыстарының көлемі оқушылар орындай алатындай өткен материалға байланысты әр тараудың, тоқсан және жылдың соңында беріледі.

45 минут ішінде оқушылар жұмысты орындап және тексеріп үлгерулері тиіс.

Математикадан жазбаша бағылау жұмысын бағалауда өрескел және өрескел емес қателер кездеседі.

Өрескел қателерге мыналар жатады:

-   есепті немесе мысалды есептеуден жіберілген қате;

-   арифметикалық амалдардың орындалу тәртібінен жіберілген қате;

-   есептің шешуін дұрыс орындамау (амалдарды қалдырып кету, амалдарды дұрыс таңдай алмау, артық амалдар орындау);

-   есепті немесе мысалды есептеуде аяқтамау;

-   орындалмаған жұмыстар.

Өрескел емес қателерге мыналар жатады:

-   есептеп шығару тәсілі орынды болмау;

-   есепті шығаруда амалдарға қойылған сұрақ дұрыс болмау;

-   есептің тұжырыдалу жауабы дұрыс алмау;

-   берілген сандардан, белгілерден көшіргенде қате жіберу;

-   қайта құруды соңына дейін аяқтамау.

Жұмысты тексеруге қатысқан адам есептеу дағдыларына баға қоюына болады:

-   егер жұмыс қатесіз орындалса, «5», ал жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады;

-   егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел, 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «3», ал өрескел қате 3-тен, өрескел емес қате 2-ден артса, «2» қойылады.

-   барлық тапсырма қате орындалса, «1» деген баға қойылады.

Тек есептерден ғана құралған жұмыс былай бағаланады:

-   егер есеп дұрыс орындалса, «5» деген баға қойылады.

-   егер есепті шығарғанда, 1-2 өрескел қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады.

-   егер есепті шығарғанда, 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, «3» деген баға қойлады.

-   егер есеп шығарылмаса, «1» деген баға қойылады.

Құрама бақылау жұмыстары былай бағаланады:

-   егер жұмыс қатесіз орындалса, «5» деген баға қойылады;

-   егер орындалған жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате болса (есепті шығаруда өрескел қате болмау керек), «4» деген баға қойылады;

-   егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, бірақ есептің шығарылу жолы дұрыс болса, «3» деген баға қойылады;

-   егер орындалған жұмыста 4 өрескел қате жіберілсе, «2» деген баға қойылады;

-   егер оқушы барлық тапсырманы дұрыс орындамаса, «1» деген баға қойылады.


Дәріс №21-22 Әр пәндік және бір пәндік сабақ кестесі

«Бастауыш мектеп» журналдарында шағын комплектілі бастауыш мектеп мұғалімдерінің тәжірибелері таратылмай, жарияланбай келеді. Біздің қолымызға Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Көкбастау шағын комплектілі бастауыш мектебінің әрі мұғалімі, әрі меңгерушісі Н.Ә.Базарабаеваның тәжірибесі тиді. Н.Ә.Базарбаева бір комплектілі мектепте жұмыс істейді, онда бір мезгілде, бір бөлмеде, бір мұғалімнің жетекшілігімен 1 сыныпта - 3 оқушы, 2 сыныпта - 3, 3 -іншіде 3, 4 - сыныпта 3 оқушы  яғни, барлығы 12 оқушы оқиды. 

Бір пәндік сабақ кестесі, соның негізінде бір пәндік жүйедегі сабақты өткізу жөніндегі мұғалімнің ой – пікірі мынадай: «… бір мезгілде барлық сыныптармен мазмұн жағынан бір тектес пәндер оқытылса, мұғалімге сабақ өткізу жеңіл, яғни мұғаліс өз назарын математикадан ана тіліне немесе дүниетанудан қазақ тіліне ауыстырудан гөрі, қосудан көбейтуге немесе жай сөйлемнен құрмалас сөйлемге көшу мұғалімнің ойын бөлмей жұмыс істеуге ықпалын тигізеді.»

Бір пәндік жүйеде 4 сыныпта бірдей сабақ өткізу негізінде баланың психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктерін ескерсек, онда математика пәні 2 сабақта өткізілгені тиімді екен. Мұнымен қатар 3 және 4- сыныптарда математика сабағы аптасына 5 рет, ал 1 және 2-сыныптарда 4 рет болады. Демек, мүмкіндігінше 3 пен  4, 1 мен 2 сыныптарын біріктірген қолайлы, өйткені 1 және 2 сыныптарда қосу және азайту, ал қалған екі сыныптағы оқу материалы көбінесе көбейту және бөлу амалдарымен байланысты. Сонда бұлай біріктіргенде 2 сынып оқушылары «Қайталау- білімнің атасы » деген қағиданы ұстанужағдайында болса, 1 сынып оқушылары  «Алдын - ала оқыту» әдісін ұстану жағдайында болады.

Н.Базарбаеваның біріктірілген 4 сыныпқа арналған сабақ кестесінің үлгісі:

 


Күні

Р.с

4 - сынып

3 – сынып

2 - сынып

1 -  сынып

Дүйсенбі 

1

2

3



4

5


Қазақ тілі

Математика

Ана тілі

Валеология

Сынып сағаты


 

Математика

Ана тілі

Валеология

Сынып сағ

Қазақ тілі



 

 

Ана тілі



Валеология

Сынып сағ

Қазақ тілі

Математика



 

 

 



Валеология

Сынып сағ

Ана тілі

Математика

Ана тілі


Сейсенбі 

1

2

3



4

5

6



Қазақ тілі

Математика

Ана тілі

Дене –шынық

Дүниетану


 

Математика

Ана тілі

Дене-шынық

Дүниетану

Қазақ тілі



 

 

Ана тілі



Дене шынық

Дүниетану

Қазақ тілі

Математика



 

 

 



Дене шынық

Дүниетану

Ана тілі

Математика

Ана тілі


Сәрсенбі 

1

2

3



4

5

6



Қазақ тілі

Математика

Ана тілі

Бейн.өнері

 

 


 

Ана тілі


Бейн. өнері

Қазақ тілі

 

 


 

Ана тілі


Бейнелеу өнері

Қазақ тілі

Математика


 

 

Бейн. өнері



Ана тілі

Математика

Ана тілі


Бейсенбі 

1

2

3



4

5


Қазақ тілі

Математика

Ана тілі

Дене-шын


Дүн. тану

 

Математика

Ана тілі

Дене-шын


Дүн. Тану

Қазақ тілі



 

 

Ана тілі



Дене-шын

Дүн. Тану

Қазақ тілі

Математика



 

 

 



Дене-шын

Дүн. Тану

Қазақ тілі

Математика

Ана тілі


Жұма 

1

2

3



4

5


Орыс тілі

Математика

Тіл дамыту

Музыка


Қыз. Мат

Орыс тілі

Математика

Тіл дамыту

Музыка


Қыз. Мат

 

 

Тіл дамыту



Музыка

Қыз. Мат


 

 

Тіл дамыту



Музыка

Қыз. Мат


Сенбі 

1

2

3



4

Орыс тілі

Еңбек


Еңбек

Дене-шын


Орыс тілі

Еңбек


Еңбек

Дене-шын


 

Еңбек


Еңбек

Дене-шын


 

Еңбек


Еңбек

Дене-шын


 

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының ғылыми қызметкерлері З.Бейсенбаев, Ә.Наурызбаевалар төмендегідей алты күндік сабақ кестесінің үлгісін келтіреді:

Қатар оқытылатын 1-2 сыныптар үшін

 


Күні

Сабақ реті

1 - сынып

2- сынып

ДҮЙСЕНБІ

1

2

3



4

Әліппе 

Математика 

Денешынықтыру 

Айналамен таныстыру



Қазақ тілі 

Математика 

Денешынықтыру 

Дүниетану



СЕЙСЕНБІ

1

2

3



4

Математика 

Жазу 


Әліппе 

Әліппе


Математика 

Қазақ  тілі 

Ана  тілі 

Ана  тілі



СӘРСЕНБІ

1

2

3



4

Әліппе 

Математика

Еңбек 


Ана  тілі 

Математика 

Еңбек 

Қазақ тілі 



БЕЙСЕНБІ

1

2

3



Әліппе 

Айналамен таныстыру 

Бейнелеу өнері


Қазақ тілі 

Дүниетану 

Бейнелеу  өнері


ЖҰМА

1

2

3



4

Математика

Әліппе 


Ән

Жазу 


Математика 

Ана  тілі

Ән 

Қазақ тілі 



СЕНБІ

1

2

3



Әліппе 

Еңбек 


Денешынықтыру 

Бейнелеу өнері 



Көркем  жазу 

Еңбек 


Денешынықтыру 

Бейнелеу  өнері 



Шағын комплектілі бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және жетілдіру мәселесімен жан-жақты айналысқан әдістер Б.Құлмағамбетова: «Аз комплектілі мектептердегі мұғалімнің жұмысында негізгі мәселе - сабақ кестесін дұрыс жасау, сабақ жоспарын жан-жақты ойластыра отырып құрастыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сонымен қатар, әр сыныптағы сабақ уақытын орынды пайдалану»,- дей келіп, төмендегідей сабақ кестесін ұсынады:

Қатар өткізілетін 1, 2, 3 сыныптарға арналған сабақ кестесі:

 

Күні

реті

1 - сынып

2- сынып

3 сынып

Уақыты

ДҮЙСЕНБІ

1

2

3



4

 

5



6

7


Ана тілі 

Жазу    Математика 

Денешынықтыру 

 


 

 

 



Дене

шынықтыру 

Математика 

Қазақ тілі

Ана тілі


 

 

 



Дене

шынықтыру 

Математика 

Қазақ тілі

Орыс  тілі


30 мин

30 мин


30 мин

30 мин


 

30 мин


30 мин

30 мин


СЕЙСЕНБІ

1

2

3



4

5

6



7

Ана тілі  

Жазу 


Математика 

Еңбек 


 

 

 



Еңбек

Математика 

Дүниетану   

Ана  тілі 



 

 

 



Еңбек

Математика 

Дүниетану   

Ана  тілі 



30 мин

30 мин


45 мин

30 мин


45 мин

45 мин


45 мин

СӘРСЕНБІ

1

2

3



4

5

6



7

Әліппе 

Жазу


Математика 

Сурет  


 

 

 



Сурет   

Математика 

Ана  тілі   

Қазақ тілі 



 

 

 



Сурет 

Математика 

Ана тілі

Қазақ тілі 



30 мин

30 мин


30 мин

45 мин


45 мин

45 мин


45 мин

БЕЙСЕНБІ

1

2

3



4

5

6



Математика 

Ана  тілі 

Жазу 

Ән


 

 

Қазақ тілі 



Ән

Математика 

Ана тілі 


 

 

Қазақ тілі 



Ән

Математика 

Ана тілі


30 мин

30 мин


45 мин

45 мин


45 мин

45 мин


ЖҰМА

1

2

3



4

 

5



6

7


Ана тілі 

Жазу 


Математика

 

 

 



Дене

шынықтыру 

Математика 

Қазақ тілі 

Сурет 


 

 

 



Дене

шынықтыру 

Математика 

Қазақ тілі 

Сурет 


30 мин

30 мин


30 мин

30 мин


 

45 мин


45 мин

45 мин


СЕНБІ

1

2

3



4

5

6



7

Ана тілі 

Жазу 


Математика

Еңбек 


 

 

 



Еңбек 

Ана тілі 

Ән Математика 


 

 

 



Еңбек 

Ана тілі 

Ән

Математика 



30 мин

30 мин


30 мин

45 мин


45 мин

45 мин


4мин


Дәріс №23-24 ШЖБМ-тегі сабақ жоспарларының үлгілері

ШЖБМ-тегі қазақ тілі және математикадан сабақ жоспарларының үлгілері

Ақтөбе облысы Алға ауданынынң №1орта мектебінің аға мұғалімі Т.Баймурзинаның үш сыныпты (1-2-3) біріктіре жүргізген сабағының жоспарын ұсынамыз.



1-СЫНЫП

Әліппе


2-СЫНЫП

Қазақ тілі



3-СЫНЫП

Қазақ тілі



Сабақтың тақырыбы:

Өлең жолдарын баспа түрден жазба түрге аударып жазу

Зат есімнің көпше түрі

 


Зат есімнің барыс септігінде септелуі

 


Сабақта көзделген мақсат:

Оқушыларды жазуға үйрету; тілін дамыту, сауаттылығын арттыру

1)Оқушылардың зат есім туралы білімдерін толықтыру;

2) Көптік мағынасын білдіретін жалғауларды түсіндіру.



Барыс септігінің сұраулары мен жалғаулары, жай және тәуелді түрі, түбір сөздің соңғы буынына орай жалғаулардың түрлері

Сабақтың көрнекілігі:

Түрлі заттардың суреттеі, көрсеткіш сигналдық карточкалар, «Мақтақыз бен мысық» ертегісінің күйтабағы

Жеке және көп затты бейнелейтін суреттер, әр оқушыға арналған тапсырмасы бар конверт, кесте

Барыс септігінің кестесі, зат есімді септеуге арналған перфокарта-лар, барыс септігінің сұрақтары

Сабақтың барысы:

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы. 1) жеке заттардың доп, шар, гүл, балық, бала және т.б. суреттер бойынша диктант жазуы

 

 



Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыстар.

(2-3- сыныптарға ортақ қайталау)

Зат есім туралы өткен ұғымдар сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады. Сұрақ екі сыныпқа ортақ қойылады:


  •       Зат есім дегеніміз не?

Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? Оқушылар зат есімнің анықтамасын айтып, сигналдық карточкаларынан сұрақтарын көрсетті. Содан соң екінші сынып оқушыларына өздігінен орындайтын жұмыс тапсырылды, ал үшінші сынып оқушыларына ауысып, сұрақтар жалғастырылды.

2) «Қай буынды жоғалттым?» ойыны. Тақтаға сурет ілініп, суреттегі заттың бір буынын оқушының өзі тауып жазуы керек. М: торғай суретінің астына: Тор... деп, бақа суретінің астына ..қа деп жазылған. Көп нүктенің орнына керекті буында оқушылар өздері жазады.

 


  •       Зат есім сөзді қатыстырып, үш сөйлем ойлап жазыңдар да, зат есімнің астын сызыңдар.

  •       Оқушылар жаңа сабаққа даярлық ретінде жеке және көптік мағынаны білдіретін сурет бойынша жұмыс жасады. Сол суретте бойынша оқушылар үстел-үстелдер, ешкі-ешкілер, әтеш-әтештер, бала-балалар, т.б. сөзде-рін жазды. Қосымша заттың көпше түрін қандай жалғау арқылы білетіндігін анықтау да тапсырылды.

Зат есімнің қандай жалғаулары бар? Қан-дай септіктерді өттік? Қазақ тілінде неше септік бар? Сұрақтар-ына жауап алып, өткен материал пысықталды. Жаңа материалды түсін-діру.

Барыс септігінің кесте-сіндегі сөйлемдерді оқытып, оқушыларға бір септіктің жалғауын жабу тапсырылды. Осындай жұмыс арқа-сында оқушылардың өз-деріне «Барыс септігі қандай сұраққа жауап береді және қандай жалғау жалғанып тұр? деп сұралды. Оқулық-тан барыс септігінің ережесін оқытып, өздік-терінен орындайтын жұ-мысқа237-жаттығу бе-рілді.



3) Мұғалім басшылығы-мен орындалатын жұ-мыс.

1.Суретті диктантты тексеріп, кейбір сөз-дердегі дауысты дыбыс-тарды сигналдық кар-точкалар арқылы қай-талату. М: доп сөзіндегі дауысты дыбыс қайсы?

2. «Қай буынды жо-ғалттым?» тапсырмасы бойынша бір оқушы сөздің бір буынын оқыса, екінші оқушы екінші буынын оқиды. Оны тексерген соң, Әліппедегі өлең оқыл-ды.

Өз бетімен орындала-тын жұмыс.

Өлеңді дәптерлеріне қа-тесіз көшіріп жазу.

 


Өз бетімен орындала-тын жұмыс.

Кестеде жазылған зат есім (жеке және көпше түрін) сөздерін, сұрақ-тарын оқып, танысып, өздеріне мысалдар жазу тапсырылды.

 

 

Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс



а) сурет бойынша жа-зылған сөздерді оқытып, «бұл көп пе, әлде аз ба? екені сұралды.

ә) қалған тапсырмалар да осындай ретпен тек-серілді.

б) кестеде жазылған сөз-дерді оқытып, зат есім-нің жеке түріне –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғануы арқылы көпше түрі жасалатыныныа көздері жеткізілді. Оқулықтан ережені оқытып, ауызша мысал айтылды.

Өз бетімен орындала-тын жұмыс.  Дайын тұрған конверттен кар-точкаларды алып, бе-рілген тапсырмаларды орындату (онда жеке заттарды көпше түрде және керісінше, сөз құ-растыру.



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Өз бетімен орындала-тын жұмыс.

Әр оқушы күні бұрын алдарына қойылған конверттен перфокарта алып, берілген сөздерді өздері білетін септікке дейін септейді.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Мұғалім басшылы-ғымен орындалатын жұ-мыс.

Орындалған жұмыстар тексерілді. Жаттығу жә-не перфокарта бойынша жазғандарын кезек-тестіріп оқытылды.



Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс.

Күйтабақтан «Мақтақыз бен мысық» ертегісін тыңдату арқылы оқушыларды сергітіп алып, ертегі үш түрлі мақсатта пайдаланылды.



Бірінші сынып оқушы-лары өздерінің түсін-гендерін айтты.

Екінші сынып оқушы-лары зат есімдерді теріп жазып, оны көпше түрге айналдырылды.

Үшінші сынып оқушы-лары барыс септігінде айтылған сөздері бар сөйлемдерді жазды.

Осылайша сабақ соңында бірінші сыныпта тіл дамыту жұмысы жүргізілсе, екіші және үшінші сыныптарда жаңа материалға қорытынды жасалды.

Ендігі ретте Орал қаласындағы педагогикалық колледжінің аға оқытушысы Н.Мусинаның 2-3-4-сыныптарды біріктіре өткізген сабағының үлгісін келтірейік.

 


2-СЫНЫП

3-СЫНЫП

4-СЫНЫП

Сабақтың тақырыбы:

Жіңішке дауысты дыбыстар, олардың айтылуы мен жазылуы

Буындардың екі түрлі айтылуы мен жазылуы

 


Қос сөздердің күшейткіш буын арқылы айтылуы.

 


Сабақ мақсаты:

Жіңішке дауысты дыбыстарды игерту, олардың айтылуына қарай жазылатынын есте қалдыру.

Буын туралы білімдерін тиянақтау, дыбыстың әсерінен буынның екі түрлі айтылып, жазыла-тындығын меңгерту.

 


Қос сөз туралы түсі-ніктерін толықтыру, сөздің алдынан кү-шейткіш буын қосу ар-қылы жаңа мағыналы сөз жасауға болатын-дығын меңгерту.

ә) Тәрбиелік мәні:

Отанды сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу, эстетикалық сезімін қалыптастыруға, ізгілікке баулу.

б) Ой-өрісін дамыту

Әр сынып оқушыларынан сұраққа жауап алып, талдау-жинақтау әдісі арқылы оқушылардың ой-өрісін арттыру.

С а б а қ    к ө р н е к і л і г і:

Сурет: (Алма, әтеш, қарбыз, көгершін, орақ, ұя, құс, түйе)

Перфокарта


«Қай дыбысты жоғалт-тым?»

Бар-бер


«Тез тап!»

Асылан-Ерлан



1.Қос сөзге сөйлем жаз.

Сан-сән

Күн-құн


ОР-өр

Ыс-іс


Асан-Әсет

Үміт-Ұлдай

Омар-Өркен

Ыбырай-Іңкәр



2. мына сөздерге (үйрек-қаз, тау-тас) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.

3. мына қос сөздерге  (айта-айта, бара-бара) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.



Кесте

Жуан дауыстылар:

а, о, ы, ұ;

Жіңішке дауыстылар:



ә, е, ө, і, ү.

Жуан буынды сөздер:орман, ыдыс, құлын.

Жіңішке буынды сөздер:



бәйшешек, өріс, үлкен.

қып-қызыл, әп-әдемі, біп-биік, тіп-тік, жып-жылы, тәп-тәтті, өп-өткір, қап-қара.

а)Күйтабақ.

ә) Жұмбақ жазылған плакат. Кіп-кішкене қараша,

                                             Тұрған жері тамаша.

                                             Бірақ сәтте жер-көкті,

                                           Алады шарлап қараса. (Көз)

б) магнитофон. «Отан». (Ө.Тұрманжановтың өлеңіне жазылған).

в) мазмұнды сурет (көктемгі табиғат көрінісі).

г) тақтамен жұмыс. «Отан». Ө.Тұрманжанов.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді,

Отан дейміз туған жер, атамекен.

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, тас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгіме.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың түрі: шеберлік пен дағдыны қалыптастыру, жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың барысы: Тақтаға ілінген суреттер бойынша сөздік диктант жазу.



Жазылған сөздердегі жуан дауысты дыбыс-тардың астын бір, жі-ңішке дауысты дыбыс-тардың астын екі сызу.

 


Жазылған сөздерді шартты белгісімен буынға бөліп, буындардың жуан және жіңішке болып келетінін ажырату.

Перфокартамен жұмыс.

1.Қос сөз деген не?

2.Жазуда қос сөздің арасына қандай белгі қойылады?

3. Қос сөздер қалай жасалады?

4.Қос сөзге екі сөйлем жаз.

5.Мына қос сөздерге  (үйрек-қаз, тау-тас) сөйлем құра.

6. Мына қос сөздерге (айта-айта, бара-бара) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.


Ескерту...- Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс. ..- Оқушылың өздігінен орындайтын жұмысы.

    Тапсырманы қалай орындағандарын бір-біріне тексерттіру. Осы кезде дайындалған кестені пайдалануға болады.



 

 

Перфокарта бойынша берілген тапсырманы қалай орындағандарын тексеру, бағалау. Көрнекілігінедайындалған кестені пайдаланып, күшейткіш

буын арқылы да қос сөз жасалатынын түсіндіру.



...Тапсырманы қалай орындағандарын тез қарап шығу.

«Қай дыбысты жоғалттым?», «Тез тап» ойынын ойнату.



 

 

 



 

 


 

Тақтадағы суреттерді пайдаланып, күшейткіш буынды қос сөзі бар сөйлемдер жазуды тапсыру.

Көрнекіліктегі жазылмаған дауысты дыбысты таптырып, оның жуан не жіңішке дауысты дыдыбыс екенін анықтау және сөз мағынасына көңіл бөлу. Әр сөзді мұғалім оқып тұруы керек: Сан-сән,

күн-құн, ор-өр, ыс-іс.



Бірінші дыбысы аталған дауысты дыбыстан басталатын кісі аттарын айту. Айтылған кісі аттарының жуан не жіңішке буынды сөз екенін анықтау. Асан-Әсет; Үміт-Ұлдай;

Омар-Өркен; Ыбырай-Іңкәр.



Мысалы: Ағашта қып-қызыл алма өсіп тұр. Біздің үйде әп-әдемі әтеш бар және т.б.

Оқулықпен жұмыс.

68-жаттығу.

169-жаттығу.

... Сурет бойынша жазған сөйлемдерін тексеру, ондағы қос сөздің жазылуына көңіл бөлу.

...Жаттығуды қалай орындағандарын тексеріп, бір-бірінің білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.

 

 

 


.. Оқулықпен жұмыс.159-жаттығу.

...Жаттығудың қалай орындалғанын тексеріп шығу.

...Сергіту. Музыкамен қозғалыс жасау. (Күйтабақ).

...Жұмбақ жазылған плакат. Шешуін тапқан соң, асты сызылған сөздерге тақырыпқа байланысты талдау жасау. Үш сынып оқушыларын қатар қатыстыруға болады.

Көз сөзіндегі дауысты дыбысты ата, ол жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па?

«Көз» сөзінде неше буын бар, ол қандай буын, себебін түсіндір.

Жұмбақта қос сөз бар ма?

Кіп-кішкене (күшейткіш буын), жер-көкті (әр түрлі сөз). Қос сөздер қалай жасалған?



    Сабақты қорытындылау. «Отан» (Ө.Тұрманжанов). ...Өлеңді магнитофоннан тыңдату, мәтін мазмұнына сай сурет пайдалану, өлеңді қалай түсінгендерін сұрау.

     Тақтаға осы өлеңнің бірінші шумағын бұрын жазып қойып, мәтінді қалай түсінгендерін байқаған соң:



Өлеңнің 1-2 тармағынан дауысты дыбыстарды таптыру, астын жаздыру.Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді,

 


Өлеңнің 3-4-тармағындағы сөздерді буынға ажыраттыру. Отан дейміз туған жер, атамекен.

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

 


Өлеңнің 4-тармағындағы сөздерді пайдаланып, күшейткіш буынды сөз тіркестерін айтқызу.

Біп-биік тау, қап-қалың орман, кеп-кең тоғай, үп-ұлкен көл.

2-3-сынып оқушылары жаңылысса, 4-сынып оқушыларының толықтыруына болады.

...Үйге тапсырма: §4. 67-жаттығу.     §15. 168-жаттығу       §13. 166-жаттығу

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет