ПОӘК 042-18. 30. 30-2014 Баспа №



бет2/5
Дата06.07.2018
өлшемі0,6 Mb.
#47413
1   2   3   4   5

Дәріс №5-6 Шағын жинақты мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері. Шағын жинақты мектептеғі оқу үрдісінің өзіндік ерекшелігі. (2 сағ.)

Пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру жолдары

Мақсаты: Пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру бағыттарын қарастыру
Жоспар:

1.Шағын кешенді мектептерде педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың тиімді бағыттарының бірі пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға негізделген оқу пәндерін инеграциялау

2. Шағын кешенді мектептерде оқу үрдісін интеграциялаудың тиімді тәсілдерін таңдаудағы принциптер

Жалпы білім беретін мектептерде, әсіресе, шағын кешенді мектептерде пайдаланылатын пәнаралық интеграцияны жүзеге асыруды іздеу бағыттары қарастырылады.


Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқыту үрдісін ұйымдастырудың ерекшелігі
Мақсаты: Педагогикалық үрдістің мәні және шағын жинақты мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындау

Негізгі ұғымдар:педагогикалық үрдіс, іс-әрекет бөліктері (компоненттері), нысана

Жоспар:


  1. Педагогикалық үрдіс оның мәні

  2. ШЖМ-гі тұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері

  3. Оқу-тәрбие үрдісінің нысанасы- сабақ

Педагогикалық үрдіс білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызмет. Яғни педагогикалық үрдіс - бұл арнайы тар мағынадағы оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мәндегі тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс. Педагогикалық процесс деген сөзді ғылыми айналымға 19 ғасырдың екінші жартысында еңгізілгенімен , ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.

Мәндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-әлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты-қоғамның әлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамның жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Қазіргі педагогикалық үрдістің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ ол біртіндеп зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарының күш салуы нәтижесінде бірқатар жинақталған материалдар негізінде жасалды. Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері бұл оқу мен тәрбие. Ол мақсатты іс-әрекет. Оны ұйымдастыратын педагог қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің әлеуметтік бөліктеріне ұстазды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикаылық процестің азаматтық факторы. Олардың іс-әрекетінің бөліктеріне (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақты тапсырмалардың түрін жатқызамыз.Сондықтан процестің бөліктері ұстаздар мен оқушылар жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болады.



  1. Педагогикалық процесс бірнеше элементтен тұрады. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады:

  1. Педагогикалық құрылымы: мақсат-принциптер-мазмұн-әдістер-құралдар

  2. Әдістемелік құрылымы сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау т.б.

  3. Психологиялық құрылымы: таным процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру, оқуға қызығушылық, қуат.)

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.

Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).

Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.

«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.



  • өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;

  • сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;

  • осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.

Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.

- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.



ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.

- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.

- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.

- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.

- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.

- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.

- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар:

- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;

- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;

- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;

- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;

- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;

ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;

- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.



ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.

Шағын кешенді мектептерде педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың тиімді бағыттарының бірі пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға негізделген оқу пәндерін инеграциялау болып табылады.

60 жылдардың өзінде П.Я.Гальперин өзінің оқушыларымен бірге ақыл-ой әрекетінің психологиялық тұжырымдамасын жасады. Оқу жұмысының көптеген зерттеулеріне сүйенген бұл тұжырымдаманың табиғаты келесідей. П.Я.Гальперин мен Н.Ф.Талызинаның ойынша, психикалық қызметтерді субъектінің іс-әрекетінің нақты пәндік формасы ретінде қарастыру керек. Тұжырымның авторлары психикалық қызмет формалары бастапқыда сыртқы іс-әрекетте болады, кейін ішкіге ауысады деп есептейді.

Сыртқы пәндік іс-әрекеттің «ішкіге» ауысуы бірнеше кезеңнен өтеді. Әр кезең өз оқу әдісін қажет етеді. 1-кестеде белгілі бір кезеңге сәйкес келетін оқу әдістері көрсетілген.

1-кестеде

Ақыл-ой әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясын жүзеге асыру

(П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина)

Кезең атауы

Педагогикалық үрдіске қатысушының іс-әрекетінің мазмұны

Қолданылатын әдістер

  1. Іс-әрекеттің бағдарлы негізін құру

Оқушылардың мұғаліммен, іс-әрекет мақсатымен, оның пәнімен, іс-әрекетті орындау шарттарымен танысуы;

Әңгіме, талқылау, нұсқау;

  1. Материалды және жүзеге асырылған түрде әрекеттерді қалыптастыру

Барлық анализаторларды пайдалана отырып, материалды (табиғи түрде) және жүзеге асырылған (үлгі) объектілерді зерттеу;

Кітаппен, көрнекі құралдармен жұмыс істеу, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар;

  1. Сыртқа сөйлеудегі әрекеттерді құрастыру

2-ші кезеңнің материалдарын жалпылау, ортақ белгілерді бөліп көрсету, топтастыру, жүйелеу, ауызша және жазбаша түрде қорытындылар жасау;

Әңгіме, оқу пікіталасы;

  1. Ішкі сөйлеудегі әрекеттерді құрастыру

Әрекет жалпыланған түрде көрініс береді, бірақ оны вербальды игеру сыртқы сөйлеудің қатысынсыз жүзеге асады;

Жаттығулар, бақылау, баяндамалар дайындау, кітаппен жұмыс;

  1. Әрекеттің интериоризациясы

Ақыл-ой әрекеті. Әрекет ойдың актісі, ішкі үрдісі болып табылады.

Өздік жұмыс, тәжірибелік және бақылау жұмысы.

Ғылыми түсініктерді қалыптастыру бойынша жұмыс барлық оқу пәндеріне ортақ екенін және пәнаралық интеграцияның бір жолы екендігін ескере отырып, оқушыларды алгоритмге үйретуді – түсінік қалыптастыру деп санау керек. А.В.Усова, В.В.Орехованың жұмыстарының негізінде түсініктерді қалыптастыру бойынша жұмыстың келесідей интегративті бағыттарын ұсынуға болады:

  • Үрдіс, объект, құбылыстарды нақты-сезімдік қабылдау;

  • Түсініктердің белгілерін бөліп көрсетуге әкелетін үрдістердің (құбылыс, объект) қатынасы мен қасиеттерін талдау;

  • Бөліктерді салыстыру, меңгеріп отырған пәндердің негізгі және қосымша белгілерін бөліп көрсету;

  • Белгілерді біріктіру, осының негізінде түсініктің басты мазмұнының білімдерін қалыптастыру;

  • Зерттеп отырған түсініктің басқа түсініктермен сандық және сапалық байланысын көрсету;

  • Түсініктің белгілерін нақтылау;

  • Түсініктердің мазмұны мен көлемі арасындағы қатынасты нақтылау;

  • Түсінікті пайдалануды нақтылау;

  • Теориялық жалпылау негізінде түсініктерді жүйелендіру.................

2.Шағын кешенді мектептегі педагогикалық үрдісті басқару бойынша интегративті бағыт келесі себептер бойынша сыныптарды біріктіру қажеттілігімен анықталады: а) оқушылар санының аздығы (1-ден 10 адамға дейін) және осымен байланысты қарым-қатынас шеңберінің тар болуы, эмоционалды және интеллектуалды фонның төмендігі; б) әр түрлі пәнді бір мұғалім жүргізеді.

Негізгі және орта мектептердегі біріктірілген сынып-кешендердегі оқушыларды оқытудың мазмұндық жоспарының ішкі мәселелерін талқылау қажет.

Көрсетілген бағыт шағын кешенді мектептердегі біріктірілген сыныптардың оқу іс-әрекетін басқару мәселесін шешудің маңыздысы болады.

Шағын кешенді мектеп қызметінің тәжірибесі бұл сатыдағы пәндердің ерекшелігі өздік жұмыстар үшін көп немесе аз мүмкіндіктер беретінін көрсетеді. Бұл сабақтың мақсатына, оқу материалының мазмұнына және оны меңгерудің кезеңдеріне байланысты.

Біріктірілген сынып топтарының әрқайсысындағы оқушылардың іс-әрекеті мен мұғалімнің іс-әрекетін координациялау қажеттігін көруімізге болады.

Біріктірудің сыртқы белгілері анықталды - бір пән бойынша әр түрлі жастағы оқушыларды бір сыныпқа бір сабаққа біріктіру. Біріктірудің бұл принципін «вертикальды интеграция» деп те атайды (Г.Ф.Суворова және т.б.).

Тәжірибелік жұмыстардың көрсетуінше, «вертикальды интеграция» сыныптағы оқушылар санының аз болуы кезіндегі (10 оқушыға дейін) оқу үрдісін ұйымдастырудың рационалды (ақылға жендірушілік) әдісі болып табылады. Оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне байланысты оқу материалының мазмұнын таңдау керек.

«Вертикальды интеграция» жағдайында кеңінен таралған бір пәндік сабақтың ұйымдастырушылық нақтылығы мұғалім жұмысының бір сыныптың оқушылары мен басқа сыныптың оқушыларының өздік іс-әрекеттерінің бірігуін қамтамасыз етеді. Мұғалімнің басты міндеті – сабақтағы оқушылар мен өзінің қызметінің тәртібін дидактикалық сауатты түрде сәйкестендіру. Оны шешу үшін келесі жолдарды қарастыруға болады:

Шағын кешенді мектептердегі оқу үрдісін интеграциялаудың тиімді тәсілдерін таңдау бірнеше принциптердің негізінде жүзеге асырылады:

  1. Біріктірілген сыныптарда оқу материалының мазмұнын тақырыптық сәйкестендіру (мысалы, орыс және қазақ әдебиеті, тілдер және т.б.);

  2. Тарихи бірегейлік (Қазақстан дүние жүзі тарихы);

  3. Оқу пәндері негізінде мәселесін байланыстарды орнату жолымен (әдебиет сабақтары, бейнелеу өнері, тарих, музыка және т.б.)......


Дәріс №7-8 ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама (2 сағ.)

Оқыту құралдары – оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесінің бір компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптері сияқты).

Оқыту құралдары заттар мен құбылыстардың жиынтығы (В.Е.Гмурман, Ф.Ф.Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П.Р.Атутов, И.С.Якиманская), сондай-ақ тікелей оқу-тәрбие үдерісіне қатысушы, жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етуші және ойлау қабілеттерін дамытушы (Г.С.Костюк, А.Р.Лурия, М.Н.Скаткин) сөз деп түсінеміз. Оқыту құралдары – бұл ақпарат алу тіреккөздері, бұл әр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады.

Оқыту құралдарын табиғаты әр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ал әрбір модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде жаңа мәліметтер береді

Оқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер заттай-материалдық (иллюстрациялық) және идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.

Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық т.б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия моделі) болады.

Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т.б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т.б. жатқызуға болады.

Оқыту үдерісінің екі жақты үдеріс екенін ескере отырып, А.П.Усова педагог пен баланың әрекетін бөле көрсетіп, оқыту құралдарын жіктемелеудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Осыған орай, ол дидактикалық құралдарды екі топқа бөледі. Құралдардың бірінші тобы педагогтың іс-әрекетін қамтамасыз етеді және ересек адамның оқытуды негізінен сөздің көмегімен жүзеге асыратынын сипаттайды. Оқытудың екінші тобында оқытуға әсере ететін құралдар етіліп, дидактикалық материалдар мен дидактикалық ойында ерекшеленеді, олар өз кезегінде білім беру міндеттерін, яғни көрнекілік пен баланың ондағы практикалық әрекетін ескере отырып құрылады.

Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен, Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер үшін өте қажетті және таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады.

А.П.Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.



Оқу-әдістемелік құралдарға оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) құрамына енетін мына құралдар жатады:



  1. Бағдарлама (1-4 сыныптар);

  2. Оқулықтар (1-4 сыныптар);

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар)

  4. Математикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар);

  5. Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал (1-4 сыныптар);

  6. №1 және №2 - математика дәптерлері (1сынып);

  7. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар (1-2 сыныптар)

  8. Бастауыш математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: оларды орындау технологиясы (1-4 сыныптар);

ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мектеп оқушыларына арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады.

Оқу құралдарының әдістемелік аппараты алдымен онда кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, жабдықтар да, оқу құралдары да оқушының өз бетімен жұмысын басқаруға септігін тигізуі керек.

Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке арналған оқу құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.

1964 жылы В.П.Стрезикозиннің басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, әр түрлі үлгілері жасала бастады. 1970 жылдан Г.Ф.Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пәндерін оқытып-үйрету мәселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты жалғастырды.

Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны – стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.

Сынып-кабинетті әдістемелік жабдықтауға да баса назар аударылуда. Әдістемелік жабдықтауға мыналар кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша тақырыптық жоспарлар.

Бұлармен қоса, арнайы ШЖМ-ке арналған құрал-жабдықтар бар:


  1. Қарапайым лингофондық құрылыс, бір сынып оқушыларымен мұғалім жұмыс істеп жатқанда, екінші сынып оқушыларының өз бетімен жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

  2. Шахтылы (шахтный) экран, жарықта қолдануға болатын экран, яғни оларды қолдану кезінде бөлмені қараңғылау қажет емес.

  3. Әр түрлі перфокарталар, планшеттер, блок-сигналдар; олар оқушылардың білімдерін тиянақтау, бекіту, тексеру, есепке алу кезінде, сондай-ақ оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады.

Практика көрсеткендей, қалыпты мектептерде қолданылатын оқыту, көрнекі құралдарды, жабдықтарды ШЖБМ ерекшеліктеріне сәйкестендіре қолдануға болады. Мысалы, сынып тақтасы, қалталы полотно (өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға болады), карточкалар (мұнда фланелограф не магниттік тақтаға көлемі мен мазмұны әр түрлі тапсырмалар беріледі), тәжірибелер жасау және ірі көрнекі құралдарды пайдалану үшін астына қойылатын (подставка) заттар.

Сабақта үнемі пайдалану үшін суреттер, кестелер, плакаттар алдын-ала ілініп, беті жабылады.

Көптеген мұғалімдер диафильм және эпифильмдермен жұмыс істеу кезінде отырған оқушылардың бойына қарай сынып бөлмесін шымылдықпен бөлуді пайдаланып жүр.

ШЖБМ-те қалыпты мектептерге арналған оқу құралдарын қолданатындықтан, аталмыш мектептердің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, типтік оқыту құралдарын толықтырып, сәйкестендіріп, мүмкін болса, күнтізбелік жоспарды сынып-комплектінің ыңғайына қарай қайтадан жасауға, өңдеуге болады.



ШЖБМ мұғаліміне баспадан шыққан не қолмен плакатқа түсірілген жазба көрнекі құралдары қажет. Оқушылар кестемен жұмыс жүргізу кезінде оларға арналған ескертулер, нұсқаулар жазылған көрнекі-көрсету кестелері, дәптер-блокноттар, анықтама материалдар, оқушының өз бетімен қорытындылауына үйрету мақсатында берілетін баспаға түсірілген ережелер жан-жақты қолданылады. Ал ол кестелерде тек орындауға арналған жаттығулар ған емес, нақты тапсырма мен оны орындау үлгісі де берілуі тиіс.

Шағын жинақталған мектепте қолданылатын оқытудың жалпы әдіcтері

Мақсаты: Бастауыш мектепте қолданылатын оқытудың жалпы әдіcтеріне сипаттама беру, шағын жинақталған мектепте сапалы білім беруде инновациялық педагогикалық технологияның орнын айқындау

Жоспар:

  1. Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама

  2. Шағын жинақталған мектепте сапалы білім беруде инновациялық педагогикалық технологияның орны

Білімдену процесінің табысты болуы көбінесе қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді. Оқу әдістері –тарихи категория.Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал- жабдықтарына өз ықпалын тигізеді.

Оқыту әдісі-дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқтыу әдістері дегеніміз-оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеуі әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылыардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. (педагогикалық энциклопедия)

Оқу әдісі –білім беру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс-әрекеттік қимыл-тәсілдері.

Оқу әдісі дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.(Г.И.Шукина)

Оқу әдісі дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру(Ю.К.Бабанский)

Қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәжірибесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекетті қимыл тәсілдер.

Оқытудың төмендегідей дәстүрлі әдістері бар:

.Ауызша әдіс (түсіндіру, әңгіме, сұқбат-дәріс);

Суретпен жұмыс (сипаттау,демонстрация, иллюстрация)

Практикалық (лабораториялық, практикалық жұмыстар,

И.П.Подласый оқыту әдістерін бес топқа бөлді:

а) практикалық, іс-тәжірибе, оқу еңбегі;

ә) көрнекілік, иллюстрация, демонстрация;

в) сөздік, түсіндіру, әңгіме, дәріс, пікір-талас;

г) кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттау, реферат, жазу, жоспар құру, конспект жазу;

д) бейне таспа әдісі, көру, «электрондық мұғалім», бақылаушы, бақылыау.

Оқыту әдістерінің келесідей түрі бар:

Репродуктивтік әдіс:

-оқушыға білім дайын түрінде беріледі;

-мұғалім білімді жеткізіп қана қоймай оны түсіндіреді;

-оқушылар білімді саналы түрде қабылдап түсінеді және ойына сақтайды;

-білімнің беріктігі бірнеше қайталаумен анықталады.

Проблемалық баяндау әдісі: Мұғалім оқушыға сұрақ қояды, шешудің ғылыми жолын көрсету.

Эвристикалық немесе ішінара іздеу әдісі

-Оқушылар білімді өз бетімен ізденіс үстінде табады;

- Мұғалім әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып білімді дайын түрінде ұсынбай; оқушының өз бетінше тапқан дәлелін құрастыруды талап етеді;

-Оқушылар мұғалім басшылығымен проблемалық ситуация шешеді, танымдық есептер шығарады, талқылайды, салыстырады, қорытынды жасайды.....

2.Шағын жинақталған мектепте сапалы білім беруде инновациялық педагогикалық технологияның орны

Бүгінгі таңда заман талабы білім мекемелері мен ұстаздар алдына орасан зор міндеттер жүктейтіні анық.Сондықтан қазіргі таңда ауыл мектебіне, оның ішінде шағын комплектілі мектепке ерекше көңіл бөлініп, оның мәселелері мемлекеттік деңгейде шешілуде. Ауыл мектебі қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы.

Қазазстан Республикасының ШЖМ-ді дамыту тұжырымдамасында «Шағын жинақталған мектептер оқушылардың жалпы орта білімге деген сұранысын қанағаттандырады, сондай-ақ мектеп түлектерінің одан әрі кәсіптік білім алуына қажетті олардың бастапқы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету міндеттерін шешеді» делінген.Осы міндеттерді жүзеге асыру ауыл мектебінің мұғалімдеріне үлкен жауапкершілікті жүктейді.

ШЖМ оқушылардың білім спасын арттырып, толық қанды білім алуы үшін оқыту әдістерін түрлендіріп отыруымыз қажет.

Қазіргі таңдағы оқытудың басты міндеті-мұғалімнің білім беру және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігін көреміз.Сондықтан қазір оқушының қызметі басым, үйренуші тұлға-шәкірт.

ШЖМ үшін өзекті мәселені шешудің бір нұсқасы-оқушыларды олардың жеке таным қабілетіне және мүмкіндігіне сәйкес оқыту.Осы орайда ШЖМ-те сапалы білім берудегі иннновациялық педагогикалық технологияның орны ерекше.

Инновациялық технологиялар бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелерінің жиынтығы.

Оқыту технологиялары бойынша жұмыс істеу барысында мынандай талаптар сақталуы қажет:

-Жаңа материалдан негізгі идеяны бөліп көрсету, білімдерін еске түсіру мен түзету туралы мәлімет, алғашқы бақылау жүргізу;

-Материалды жақсы түсінуге және есте сақтауға мүмкіндік беретін ақпаратты ықшамдаудың тиімді тәсілдерін үйрету

Инновациялық технологияларды меңгеру мұғалімнен асқан кәсіптік шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттылықты талап етеді.

Инновациялық оқыту білімді тереңдету мен қатар оқушыны оқу әрекетіне қалыптастырып, олардың оқуға деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттырады.Шығармашылықпен жұмыс істеуге бейімдейді.

Дәріс №9-10 ШЖБМ оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу. ШЖБМ-те пәндерді оқыту нәтижелерін бақылау

Шағын жинақты мектепте оқыту әдістемесін ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық технологиялар (2 сағ.)

Мақсаты: Шағын жинақты мектепте оқыту әдістемесін ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық технологиялардың рөлін айқындау

Жоспар:


  1. Оқушының білім сапасын көтерудегі педагогикалық технологияның ролі

  2. Педагогикалық технологиялардың сабақта қолдану әдістемесіне тоқталу

Оқыту үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушылардың білімін бағалау және есепке алу. Олар оқу үдерісін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты. Бағалау деп оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижені, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Ал есепке алу – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар мен оқытушының жұмысын жинақтап қорыту.

Үлгерімді бағалаудың білімділік және тәрбиелік маңызы бар. Білім беру мағынасы - оқушылар объекті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді.Тәрбиелік мағынасы - объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастыратын құрал.

Білімді, білікті және дағдыны тексеру мен бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және оқытудың кері байланысын есепке алу. Оқушылардың білімін бағалау үшін мынандай жағдайларды ескеру қажет:

- оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;


  • баға әділетті болуы қажет;

  • әрбір баға –бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал;

  • бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды;

  • оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске асыру керек.

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау - өте күрделі мәселе. Сабақ барысында уақытты үнемдеу үшін арнайы тексеруге уақыт қалдырмаса да болады, бірақ үй тапсырмасын тексеруді алдын-ала қоңырауда көмекші-лаборанттың көмегімен іске асыруға болады. Сонымен бірге, оқушылар жұмысының барысын өзі бағалай және дұрыс бағалай білуге үйрету абзал. Өз жұмысын бағалай білген оқушы өз сыныптастарының, өзінен кіші сынып оқушыларының еңбегін тексеріп, бағалауға үйренеді. Оқушы өз жұмысын мұғалімге тапсырмас бұрын тексеріп, өзгенің жұмысын тексеріп, бағалап, мұғалімнің бағасымен салыстырады. Сонымен бірге, берілген өзіндік жұмысты да міндетті түрде тексеру қажет. Ол жұмысты тексеру кезінде тек қана оның қорытындысы тексерілмей, сол қорытындыны шығару үшін қалай жоспарлағаны, қандай тәсілдер қолданып орындағаны, өзінің қалай тексеріп отырғандығын – осының бәрін ескеріп, бағалаған жөн.

ШЖБМ мұғалімдері оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауда өз тәжірибелерінде әр түрлі әдістерді және құралдарды қолданады. Көпшілік жағдайда тапсырмалар әр оқушыға жеке-дара түрде беріледі де, мұғалім тапсырма орындала салып, өз қолындағы жауаптармен іле-шала тексереді. Сондай-ақ тапсырма жауаптары перфокарта түрінде дайындалып, оқушының жауабы соның ішіне салынады. Кейбір мұғалімдер оқушылардың білімдерін бағалау үшін алдын-ала дайындалған геометриялық фигураларды, суреттерді (ұшақ – «5», жеңіл машина – «4», ат –«3», тасбақа – «2» суреттері), жетондарды пайдаланады.

ШЖБМ оқушыларының білім, білік және дағдылар деңгейін бағалау кезінде тест әдісін қолданудығ да ролі өте зор. Тест әдісін қолданғанда оқушының жасын ескеріп, оларды жаңалыққа үйрету, ізденіске талпындыру, жинақылыққа, шапшаңдыққа, өзін-өзі тексеруге, қатесіне көзін жеткізуге, уақытты үнемдеу, салыстыру және тексеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктер мол. Тесттің тақырыптық, тараулық, тоқсандық, жарты жылдық, бір жылдық, қорытынды түрлері болады.

Тақырыптық тест белгілі бір тақырыпты меңгергеннен кейін жүргізіледі. Бұл тесте баланы ойландырып, оның іздену қабілетін дамытатын, аз уақыт жұмсап, нәтижелі қорытынды шығаратынын, логикалық ойлау қабілетін дамытатын, есептеу нәтижелерін салыстыру процестеріне арналған және арнайы жетілдіруге іріктеп алынған тапсырмалар болуы мүмкін.

Педагогика ғылымында тестік тапсырмаларды зерттеумен айналысқан ғалымдар В.И.Огорелков, В.С.Аванесов, т.б тестің бірнеше түрлері бар екендігі тағайындаған. Ал кейбір әдіскерлер және практик мұғалімдер мектептің бастауыш буынында қолдануға болатын тесттің төмендегідей түрлерін ұсынады.

Біріншісі - білімді қарапайым түрде еске түсіруді жүзеге асыруға арналған “ашық” немесе “конструктивті” тест. Мұнда жауап беруші тестің талабына сай тапсырманы әрі қарай не сөзбен, не санмен, не болмаса графикпен жалғастырады: Мысалы: математикадан тест тапсырмаларын келтірейік.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет