ПОӘК 042-18. 30. 30-2014 Баспа №



бет5/5
Дата06.07.2018
өлшемі0,6 Mb.
#47413
1   2   3   4   5

 

Кербұлақ ауданы, Көкбастау шағын комплектілі бастауыш мектеп мұғалімі Н.Базарбаеваның біріктірілген 1 және 2 сыныптарға арналған күнделікті сабақ жоспарын келтіреміз. 

Сабақ: математика

 


1- сынып

2 сынып

Тақырыбы :

7 санын қосу және азайту тәсілі.

(89-90 б.)



78+22 және

100-22 жағдайларындағы

қосу мен азайту тәсілі


Мақсаты :

  1.   7 санының құрамын білуге үйрету;

7 санының құрамы жайлы түсінікті 2 санның қосындысы түрінде жазуды,

сәйкес кері амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру.



Санның құрамы, амалдардың қасиеттерісәйкес ондықтар мен бірліктерге амалдар жүргізу сияқты білімге сүйене отырып, орындалатын қосу мен азайту тәсілдерін түсіндіріп беру.

  1.   Өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

Цифрларды дәптерге әдемілеп жазуды жаттықтыру.

  1.   Оқушыларды адамгершілікке баулу; тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Әдістері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімен.

Көрнекілігі: разрядтық кесте, карточка, суреттер, үнтаспа.

Формасы: Ұжымдық-дербестік.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.   Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру барысында байқалған кемшіліктерді жою, білімін, білікті бағалау.



ІІ. Өткен материалды қайталау:

1.Оқушылардың білімін тексеру

а) тез есептеу сәті.

ә) көркем жазу.


7   . . . .  .  . . 1

70 . . . . . . . . .   79

б) матем  диктант 

7 бірлік 

5 бірлік 

3 бірлік


7 ондық  3 бірлік, 

9 жүздік,   4 бірлік

8 жүздік, 6 ондық


ІІІ. Жаңа  білімді  меңгерту  кезеңі:

Практикалық  іс әрекет:



  1.   7 асықты қоржынның  екі басына  қалай  бөліп салуға  болады?

7 = 1 + 6            7=  2 + 5

7 =3 + 4            7 = 4 + 3

7= 5 + 2            7 = 6 +1          7 = 7 + 0

 

 



 

2.  Өздігімен  жұмыс:

№ 1ж.         + 7

қосындыларды  құрастырады

№ 1ж.         - 7

қосынды  кестесінің   негізін туындайтын жағдайларды  қарастыру. 

3. Тақтада  ілініп тұрған сюжетті  суреттерге  сәйкес әңгіме құрып, 7 цифрын пайдаланып, 7 санының құрамын  схемаға сәйкес анықтау.

    7             7             7                7

 

6    1        5    2       3     4        7     0



Бұл тұста қосудың ауыстырымдылық

қасиетін  еске  түсіру  арқылы  білімі 

бекітіледі. 

 


1. 70 асықты қоржынының екі басына  қалай  бөліп  салуға  болады?

70 = 70 + 0      70 = 10 + 60

70 = 20 + 50    70 = 30 + 40

70 = 40 + 30    70 = 50 + 20

70 = 60 + 10     70 =  0  + 70


  1. № 1ж. Мұғ. басш. жұмыс. Оқуш. назарын берілген  4 мысалға  аударту:

78 +  22

70 + 20, 8 + 2.  90 + 10

мұнда, 78 + 22 қосындысын ондықтардың және  бірліктердің  қосындысы түрінде жазып, 78 + 22 =

(70 +8) + (20 + 2), содан кейін терімділік қасиетін  пайдаланып мынандай жазу  шығарып беріледі:

78 + 22 = (70 +20) + (8 + 2),

осыған  сүйеніп ондықтан аттайтың жағдайлардағы  түрлі тәсілдерді қалай  пайдалануға болатының  түсіндіреді:

78 + 22 = (78 +20) +  2

78 + 22 = (78 +2) +  20



  1.            №2 ж. – оқуш өздігімен орындайды:

66 + 34 = (60 +6) = (30 + 4)

66 + 34 = (60 +30) = (6 + 4)

66 + 34 = (66 +4) + 30

66 + 34 = (66 +30)  + 4



Сергіту  сәті.

Үнтаспа  музыка  ырғағына  сәйкес.

Оңға,  оңға  түзу  тұр

Солға, солға  түзу  тұр

Алға қарай  бір  адым,

Атрқы  қарай  бір  адым.

Жоғары- төмен  қарайық

Орнымызды  табайық.


IV. Оқылған  материалды  бекіту  кезеңі:

2.№3 жұмыс. Мұғ.басш жұмыс

100 – 22; 100 – 10;

90 – 20; 10 – 2; 70 + 8;

Мына  жазулар  нені  білдіреді? – деп талдай  отырып

айырманың  мәнін  түсіндіруге  болады. 

100 – 22 = (100 – 20) – 2;

100 – 22 = (100 – 2) – 20.

 

 



5. 1) №3 – дәптермен , өзіндік  жұмыс

көк к. минус 9 см

қызыл к. + 7 см                   ?

ж.к. – 3 см

9 < 7 + 3


2) Практикалық  жұмыс – дәптерге  кесінділерді  сызып, тапсырмаларды  орындайды.

 


  1.   №4 ж оқуш. өз бетімен  орындайды.

100 – 34; 100 – 0,

90 – 30, 10 – 4,  60 + 6,

100 – 34 = (100 – 30) – 4

100 – 34= (100 – 4) – 30



IV. Оқылған  материалды  бекіту  кезеңі. 

6. Өздігімен   есептер  шығарады:

1)    № 4

Үлкен қ – 10     ? артық

Кіші қ – 7

10 – 7 = 3

3 – үі артық

2)    № 5. Салыстыр.



9 – 3    9 – 4

9 – 5    9 – 6

9 – 7    9 – 8

9 – 1    9 – 2



№ 5.

Қ – 35 тг.

Т. қ. – 28 тг. қымбат                  ?

36 + (36 + 28) = 100 тг.

Жауабы = 10 тг.

№ 6 - әр қатардағы  сандарды кему ретімен  жаз. 

 

 


IV. Өткен сабақты  бекіту  кезені:

Мұғ.:  Балалар, біз  бүгінгі  сабақта  7 санының  құрамымен таныстық, ал  енді одан  басқа 

-             7 саны  қандай  сан, ол сан  туралы  не  білесіңдер?

-             «Жеті ата, «Жеті» қазына;

-             «Жеті күн», «Жеті шелпек»

-             7 саны  туралы  қандай  мақал-мәтелдер білесіңдер?

-             «Жеті рет өлшеп, бір рет  кес»;

-             «Жерден  жеті  қоян  тапқандай».

V. Қорытынды кезен:

1) Үйге:  Жасыл  қоршаумен  берілген   тапсыманың  шешуін табу. 

2) Оқушылардың   білімін  бағалау.

3)    Сабақты  қорытындылау. 



М.Сайпин «Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту» атты еңбегінде күнделікті сабақ жоспарын жасауда мұғалімнің  басшылығымен  орындалатын жұмысты екі жұлдызшамен (**), ал өзіндік жұмысты бір жұлдызшамен (*) белгілеуді ұсынады. Біз осы ұсынысты басшылыққа алып, сабақ жоспарымен дайындауда рет нөмірінің маңдайшасына  жұлдызшаларды  сәйкесінше  белгілейміз. 

Біріктірілген 1 және 2 сыныптардың күнделікті сабақ жоспары:

 


1 сынып

2 сынып

6 санын  қосу  және  азайту

Білімді тиянақтау 

Мақсаты

Санға 6-ны қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру, қосылғыштардың  біреуі 6болатын өрнектер  құрастыра  білуге және  тез  есептеуге  дағдыландыру 

Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту тәсілдерін көрсетіп  беру, оны есептеулер жүргізуде қолдануға машықтандыру; есеп құрастыру  және  шығару, түрлендіру.

Сабақтың  түрі;  аралас

Сабақтың  әдіс-тәсілдері;  әңгіме,  көрнекілік,  оқулықпен  жұмыс. 

Көрнекілігі:  карточкалар, геометриялық  фигуралар, тест тапсырмалары.

Сабақтың  барысы: 

Ескерту: ** - мұғалімнің  басшылығымен  жүргізілетін  жұмыс.

                 * - оқушылардың  өзіндік  жұмысы.



1 сынып

2 сынып

 

1** Ұйымдастыру  кезеңі.

-          Балалар,  қазір  математика  сабағы, мен сендерге  жұмбақ  оқимын,  шешіп  көріңдер. 

а)  Бір шеңберді бір шеңбер

Көтеріп  тұр білсеңдер.

Бұл не?  (8 саны)

ә) Бүкірлеумін, имекпін

Мойынындай  үйректің

Оқымасаң, білмесең

Мені аласын  күнде сен. ( 2 саны)

2** Өткен  материалмен  жұмыс 

а) Сандарды  оқы, жаз:

Тақтада мынадай сандар жазылған?

Бір таңбалы  сандарды  1  сынып,  екітаңбалы  сандарды

2 сынып   оқушылары  жазады. 

0, 1, 14, 26, 3, 80, 18, 5, 91, 7.

(жазу барысында әр сынып оқушыларыда дауыстап, қандай санды жазғанын айтып отырады).

ә) көркем жазу  сәті

6. . . . . . . . .  1                                               66 . . . . . . . . . .  61

3. * + 6,  - 6   өрнектер  жазыңдар.

3**. Жаңа  материалмен  жұмыс.

- Балалар № 1 жаттығуға қарайық  не  берілген?

- түсіндірмелер және кесте.

- Осы түсіндірмелер және кестені пайдаланып, жазбаша есептеу тәсілдерін үйренейік.



4**. Қандай  қосындылар  жаздық.

0 + 6               2 + 6             4 + 6

1 + 6               3 + 6             6 + 4

6 + 0               6 + 2            

6 + 1               6 + 3      

Енді  мәнін  табайық

- Неше  қосынды  болды?

- 10 қосынды.

- Басқа қосынды  жаза аламыз ба?  (жоқ)


 

5**. а) Оқулықпен  жұмыс.

№ 3 жаттығуға  қарайық

а) 0-ден болатын өсу  ретіменжазайық. 0, 5, 10.

1-ден бастап, 4 сан аттай жазайық.

1, 6;        2, 7;        3, 8;       4, 9;

ә) Кему  ретімен  жазайық

10,  5,  0.  9, 4;  8, 3;   7, 2;  6, 1;


5*. № 2 жаттығуды талдап жіберейік.

(Тақтаға плакат ілінеді. Онда жазбаша есептеудің алгоритмі жазылған.) Сандарды баған түрінде жазып орындап көрейік.

 


6**. Сергіту   сәті

Бір, еік, үш,

Дем аламыз  жинап  күш.

Қандай есеп  болса да,

Шығарамыз  біз.


7*. Сандардың парынтабыңдар

 

 



 

 

 



 

әр оқушының тапсырмаларыналып, тексеремін.



  1.   ** Балалар, № 3 тапсырмаға  қарайық.

- Берілген  өрнектердің мәнін тауып көрелік.

- Алдымен сандарды қалай жазатынымызды еске түсірейік.

- Бірінің астына бірін келтіріп, жазамыз.

- Осылай етіп, барлық мысалдарды өздерің орындаңдар.



8.** Әр оқушының  білім деңгейлерін тексеруге  арналған  тест  тапсырмалары  беріледі. 

№ 1 тест

  1.   6 + 1

а) 5       ә) 6        б) 7         в) 4

№ 1 тест

  1.   15 + 10

а) 20      ә) 25      б) 30         в) 35

№2 тест 

х + 0 = 5

а) 5    ә) 4      б) 3      в) 6


№2 тест 

х + 2 = 24

а) 22      ә) 24      б) 25      в) 26


№2 тест 

Нүктені  тап.

а) ○   ә)         б),          в) .


№2 тест 

Шаршыны  тап

а) ○   ә)          б),          в) .


 

9. ** Сабақты қорыту

- Балалар  біз сабақта не өттік?

- Математика сабағы сендерге ұнады ма?

10.** Бағалау:

Әр оқушы тапсырманы орындағанына қарай геометриялық фигуралар («5» - бесбұрыш, «4»-төртбұрыш, «3» –үшбұрыш, «2»-дөңгелек) таратылған.  Фигуралардың санына қарай оқушылардың білімі бағаланады.

 

Дәріс №25-26 -27-28-29-30

ШЖБМ жағдайында пәндерді оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары
Соңғы кезде көптеген мұғалімдер оқу үдерісін жандандыру, оқушылар білім сапасының денгейін, олардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында түрлі әдістер қолданып ізденістер жасауда. Дегенмен бұл әлі жеткіліксіз. Оқушының білім сапасын көтеріп, білім стандарты денгейіне дейін жеткізуде педагогикалық технологияның ролі ерекше. В.П. Беспалько «педагогикалық технология іске асырылатын жүйенің жобасын айтады» десе, В. М. Монахов мынадай анықтама береді: «педагогикалық технология – оқу процесін жоспарлаудың жүйелілік әдісі, оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технологиялық ресурстарды, олардың ара – қатынасын ескере отырып, бүкіл оқыту мен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау».

Технология - бұл әдістеме емес, одан күрделірек түсінік. Қазіргі педагогика теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық технологияның бірнеше түрлері келтіріліп, кейбіреулері тәжірибеде қолданылуда.

Педагогикалық технологияның түрлері өте көп солардың ішіндегі дәстұрлі технологияларды жетілдіру, модернизхациялау барысында С.В.Кукушин математика сабағында қолдануға болатын педагогикалық технологияның төмендегідей түрлерін ұсынады:

-   педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру және демократияландыру негізіндегі (ынтымақтастық технологиясы, Ш. А.  Амонашвилидің  гумандық-тұлғалық  технологиясы); 

-   оқушының  әрекетін  белсендіру  және  интенсифтендіру (ойын технологиясы;  проблемалық  оқыту; В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары негізінде  оқыту технологиясы; Е.И.Пассовтың коммуникативтік (құзіреттілік) оқытуы);

-   оқу  процесін  басқару  және  ұйымдастырудың  тиімділігі  негізіндегі (бағдарламалық оқыту; дифференциялап оқыту технологиясы; саралап  оқыту технологиясы; талдау  барысында басқаруда  тірек  схемаларды  қолдана  отырып,  оза  оқыту (Лысенкова С.Н.); топтық және  ұжымдық  оқыту; компьютерлік технология);

-   оқу  материалын  әдістемелік  жетілдіру және  дидактикалық  қайта  құру  негізіндегі технология (дидактикалық  бірлікті  ірілендіру  П. М. Эрдниев); 

-   оқушының  білім  деңгейін  жетілдіру  (денгейлеп  оқыту  Ж.  Қараев,  Т. Қ.  Оспанов, Б.М.Қосанов);

-   дамыта  оқыту технологиясы (В. В. Давыдов,  Д. В. Эльконин,  Л. В. Занков).

Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру, демократияландыру, гуманитарландыру ұстанымдарының ролі зор. 

Ізгіліктендіру - мектеп назарын баланың жеке басының тұлға ретінде дамуына, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, мейірім мен бақытты тілейтін ішкі жан дүниесіне үңіле білу.

Балаларға ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз - оларға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына алаңдау, баланың болашағына сену, олардың қабілеттеріне сену, ынтымақтастық, қарым – қатынас шеберлігі, балаларды ынталандыру, келешегіне алаңдау, шыдамдылық, дер кезінде түзету, көмек беру деген сөз. 

Демократияландыру дегеніміз мұғалім мен оқушының тең құқықтығы, оқушылардың оқыту формаларын еркін таңдауы, оқушылардың өзіндік көзқарас құқығының болуы, қарым – қатынас стилі, оқушыларға бағып беру, оқу процесін бірге басқару, бірге ұйымдастыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, «демократияландыру – оқушы деп аталатын адамға бұрылу»

(П.И. Пидкасистый). 

Гуманитарландыру ұстанымының негізгі мақсаты - жеке тұлғаның өзін - өзі анықтау, яғни оның өз табиғатын айқындау, өз ісін көрсете алуы, жүзеге асырылуы және өзектендіре алуы болып табылады. 

Ынтымақтастық - балалар мен үлкендердің өзара түсіністік, бір – бірінің ішкі жан дүниесіне үңілу негізіндегі біріккен дамыту іс-әрекетінің барысы мен нәтижелерін ұйымды, ұжымды түрде талдау жасаудың гуманистік идеясы. Осының негізінде мектептің барлық іс-әрекеті мұғалім мен оқушының іс-әрекетін жеке тұлға - оқушыға қызмет етуге бағытталады.

Ынтымақтастық педагогикасы оқушыны әр түрлі өзара тығыз байланыстағы іс - әрекеттердің, ең алдымен оқу – білім, қоғамдық-пайдалы еңбек, ақыл – ой шығармашылық, т. б. іс-әрекеттердің субьектісі ретінде түсінеді. Осы аталған педагогикалық технологиялардың түрлерін математика сабағында қолданудың әдістемесіне тоқталайық.

Математика сабағында оқушылардың оқу әрекетін белсендіру және интенсивтендіру негіздеріндегі педагогикалық технологияларға ойын, проблемалық оқыту, тірек сигналдары негізінде оқыту технологияларын жатқызуға болады. ШКБМ математика сабақтарында оқушылардың жас ерекшелеріне қарай ойын түрлерін қолдануға болады. Математикалық ойындардың бір түрлері логикалық ойын мен математикалық сызбаларға негізделеді, ал кейбіреулері тез ойлап, шешуді талап ететін ауызша есептен тұрады. Ондай ойындарға фигураларды бірден сызып шығу, логикалық есептер, өлең есептері, сөзжұмбақтар шештіру сияқты түрлерін жатқызуға болады.

Педагогикалық технологияның келесі түрі - проблемалық оқыту технологиясы. Бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.  Проблемалық оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, білікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Проблемалық оқыту кезінде оқушылардың алдына бір проблема қойылады. Олар оның шешу жолын іздестіреді, шешудің нұсқаларын қарастырады, қорытынды жасайды, оны практикада қолданады, мысалы, 4-сынып оқулығының  49 – бетіндегі  № 9  жаттығу.

 : 24 + 499 = 501 «әйнекшенің» орнына қандай санды қойғанда тура теңдік шығады? сұрағына жауап беру үшін оқушы іздеу нұсқаларын қарастырады: «Әйнекше орнына 24-тен артық және оған қалдықсыз бөлінетін сан болуы тиіс. Мен сол саннан бастауым мүмкін, яғни орнына сан қойып, сынап көремін. Бұл – бірінші нұсқа. Екіншісі өрнектің нәтижесінен бастап, кері орындаймын. 501-ден 499-ды азайтамын, екі қалады, енді оны 24-ке көбейтемін, белгісіз сан – 48. Дәлелдеу және тексеру: 48: 24=2; 2+499=501.

Бағдарламалап оқыту оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың, оқу үдерісін үйлесімді басқарудың негізгі құралдарының бірі. Бағдарламалап оқытуда қандайда бір материалды бөліктерге бөліп (порциялап) оқиды. Математика сабағында бағдарламалап оқыту амал алгоритмін меңгеру, яғни  көп таңбалы сандарды бір, екі және үш таңбалы сандарға бөлу тәсілдерін меңгеру барысында жүзеге асырылады.

Бірінші «порция» - көп таңбалы сандарды нөлмен аяқталатын сандарға бөлу. Мұнда оқушылар бөлгішті бір таңбалы сан мен 10, 100, 1000-ның көбейтіндісі түрінде ойша жүктеуге үйренеді. Санды алдымен нөлмен аяқталатын санға, сосын бір таңбалы санға бөлуга үйренеді.

Екінші «порция» - бөлінді мәнінде неше таңбалы сан шығатынын анықтау. Мысалы, 5260-ты  жиырмаға бөлу керек болсын. Оқушы бес мыңдықтар қайырады, оны жиырмаға бөлсем, бөлінді мәнінде мығдық шықпайды. Сондықтан 52 жүздіктен қайырамын, жүздікте үш таңбалы сан бар, яғни бөлінді мәнінде үш таңбалы сан шығады, сондықтан үш нүкте қоямын. Сосын бөліндінің мәнін табу үшін оқушы жиырманы, 2·10 түріне келтіреді.

Үшінші «порция» - үш таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу. Мұнда оқушы бөлгішті алдымен өзіне жақын нөлмен аяқталатын санға айналдырады. Мысалы: 756:84. Оқушы санды 84-ке емес, 80-ге бөледі. Ол үшін 75-ті 8-ге бөледі, 9 шығады. Келесі кезең - бөлінді мәніндегі ақтық санды табу. 9 ақтық сан ба, анықтау керек. Ол – байқау цифры. 9·8онд.= 72онд.; 9·4бірл. =3онд. 6бірл. 72онд.+3онд.6бірл.=75онд.6бірл. Олай болса, 9 бөлінді мәні болмайды, енді одан кем санды табу қажет.

Осылай порциялап оқыту бөлу амалының алгоритімін біртіндеп игере отырып,  оқушы  бастауыш  мектеп  математикасының  ең  күрделі  жазбаша  бөлу тәсілі - көп таңбалы сандарды екң және үш таңбалы санға бөлу тәсілін меңгереді.

Қазіргі білім беру саласындағы жеке тұлғаға бағытталған, жан-жақты тәрбиелі тұлға қалыптастыруға ұмтылған тенденцияға орай оқыту мәселесіне ерекше мән беріле бастады. Дифференциялап оқыту дегеніміз оқушының дара ерекшелігіне қарай, дифференциялды өзіндік жұмыс, үйге тапсырмалар беру, өзін - өзі бағалауға үйрету деп ойлаймыз.

Дифференциялды өзіндік жұмысты карточкамен және перфокартамен жұмыс, дифференциалды тест тапсырмалары арқылы ұйымдастыруға болады.

Соңғы жылдары әр мектептің өз мүмкіндіктеріне орай математиканы оқытуда компьютерлік оқыту да кеңінен қолданыла бастады. Ал жаппай ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге балаларды дайындау үшін төртінші сыныптың соңына қарай микрокалькуляторларды пайдаланып, есептеулер жүргізуге машықтандыруға арналған арнайы сабақтар өткізіледі. Оның алғашқы сабағында микрокалькулятор, оның құрылысымен таныстырып, түрлері қарастырылады. Оқушылар өмірден оның бірнеше түрлерін көрген, кейбіреулері оны пайдалануы да мүмкін. Мұғалімдердің мақсаты –оқушыларға микрокалькулятормен үлкен сандармен есептеулер жүргізуде әр түрлі амалдарды тез әрі жеңіл орындауға болатынын түсіндіру

Математика сабағында қолданылатын оқу материалдарын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар қатарына: білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру технологиясын жатқызуға болады. Білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру дегеніміз материалдарды өзара байланыста қатар оқыту деген сөз. Теріс емес бүтін сандардың нумерациясын, оларға амалдар қолдану, сандарды салыстыру, санғы көбейту және бөлу мәселелерін оқытып-үйретуде шамалардың өлшем бірліктері, оларға амал орындау қатар қарастырылады

Дамыта оқыту - оқу процесін жеке тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктеріне және оларды жүзеге асыруға бағыттау.

Дамыта оқыту үдерісі кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеті – оқушылардың танымдық өз бетінділігін қалыптастыруға, қабілеттерінің дамуы мен қалыптасуына, саяси және адамгершілік көзқарастарына, белсенді іс - әрекеттеріне бағытталған оқу әрекеттерін ұйымдастыру.

Дамыта оқытудың түпкі мақсаты – оқушыларға әр түрлі ситуацияларды талдап, одан қорытынды шығару; бір объектіні екіншісімен салыстырып, ерекшілігін, ұқсастығын ажырату; бақыланған құбылыстарды, жалпылап, белгілі әрекет тәсілдерін таныс емес жағдайларда қолдану.

Дамыта оқыту әдістемелеріндегі ең басты нәрсе - оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу, мұның өзі оқытудың зерттеу әдістеріне ерекше мен берілетінін көрсетеді. Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған арнайы жасыл қоршаумен берілген тапсырмалар бар. Бұған қоса, математика сабақтарында есептермен байланысты, төмендегідей шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болады: берілген есепте кері есеп құрастыру және шығару; белгілі шешуі, берілген қатынас, сызба, сурет бойынша есеп құрастыру; сұраққа сәйкестендірілген және керісінше, шартқа сәйкестендірілген сұрақты түрлендіру; есептің шартын және сұрағын түрлендіру; жай есепті, екі немесе одан да артық амалдармен шығарылатын есептерді түрлендіру; әр түрлі есептер құрастыру және оны тиімді жолдармен шешу және т.б.

 


3. Практикалық сабақтардың мазмұны

Тақырып №1-2

Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру мен жоспарлаудың спецификасы

1.Шағын жинақты мектептің ерекшелігі неде?

2. Шағын жинақты мектепте сабақты ұйымдастыру мен жоспарлаудың спецификасы қандай?

3.Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру мен жоспарлаудың тиімді жақтарын атаңыз

Тақырып №3-4

Шағын жинақты мектеп жұмысын жоспарлау


1 . Жоспар жасау дегеніміз не?
2. Жоспардың түрлеріне тоқталыңыз:
3.Перспектива

лық жоспар аудандық (қалалық) оқу бөлімдерімен келісілеме?.
4.Жылдық жоспарлар оқу жылының қай мерзімінде жасалады және кімдер бекітеді?.
5.Перспективалық жоспарға не кіреді?:
6.Оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарының, құрылымына не кіреді, үлгі ретінде көрсетіңіз?

Тақырып №5-6 ШЖМ-те оқушының сабақтан тыс әрекеттері



1.ШЖМ-тегі тәрбие процесінің ерекшелігі неде?

2. ШЖМ-тегі тәрбие процесінің бағыттары қандай?
Тақырып №7-8 Кіші мектеп жасындағы оқушыларға өздік жұмыс орындатуда көрнекіліктердің рөлі

1.Өздік жұмыстың түрлерін дайындаңыз

2. Көрнекіліктер жасаңыз

Тақырып №9-10 ШЖМ-те оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

ШЖМ жайында оқу-әдістемелік құралдар жинақтаңыз.

Тақырып №11-12 ШЖМ-ті басқарудағы мәселелер

1.ШЖМ-тегі кейбір шешімін таппай келе жатқан мәселелерді атап көрсетіңіз
Тақырып №13-14-15

ШЖМ оқушыларының білімін бағалау және есепке алу


Тесттің түрлерін көрсетіңіз

1- 2 тақырып Шағын жинақты бастауыш мектепте нновациялық үрдіс
Мақсаты: Шағын жинақты бастауыш мектепте нновациялық үрдіс тұтас педагогикалық процесс ретіндегі мәнін ашу және қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі мазмұнын сипаттау.

Сұрақтар:
1.Шағын жинақты мектепте нновациялық үрдіс ұғымы

2. Шағын жинақты мектепте нновациялық үрдісті ұйымдастыру мен жоспарлаудың тиімділігі.

3-4 тақырып Шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы мектеп жетекшілерінің қызметтері.
Мақсаты: Студенттерге шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жетекшілері жайлы толық мәліметпен қаруландырып, мектептегі тәрбие жүйесінің маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар сынып жетекшісінің рөлі мен қызметі жайлы нақты ақпарат беру.
Сұрақтар:

1.ШЖМ оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы мектеп жетекшілерінің қызметi мен

Мiндеттері туралы түсінік беру.

2.ШЖМ оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда әдістемелік жұмыстың

стратегиялық бағыттарына тоқталу.

.3.ШЖМ-гі сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланысты жүзеге асыру іс-әрекетін зерттеу
5-6 тақырып ШЖМ-те интеграция арқылы оқушылардың білім сапасын артырудың педагогикалық негізі

Мақсаты: : Студенттерге интеграция арқылы оқушылардың білім сапасын артырудың педагогикалық негізі туралы түсінік беру, пәнаралық байланысты күшейтудің оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда тигізетін әсері туралы мәлімет беру, алған білімді қолдана білуге үйрету, іскерлікке, педагогикалық шеберлікке төселту.
Сұрақтар:
1.ШЖМ-те итеграция арқылы оқытудың жолдарын айқындау
2 ШЖМ-гі сыныпты оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері
3.ШЖМ-гі сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланысты жүзеге асыру іс-әрекетін зерттеу

7-8 тақырып Шағын жинақталған мектепте қолданылатын оқытудың жалпы әдістерін топтастыру
Мақсаты: Студенттерге шағын жинақталған мектепте қолданылатын оқытудың жалпы әдістерін топтастыру туралы толық мағлұмат беру. Оларды болашақ педагогикалық жұмыс барысында орынды да шебер пайдалана білудің амалдарын оқып-білу және жетік меңгерту.

Сұрақтар:

1. ШЖМ-тегі оқыту процесінің мәні .

2. ШЖМ-тегі қолданылатын педагогикалық әдістерді жіктеу және оларға сипаттама беру.

3.ШЖМ-тегі педагогикалық әдістерге таңдау, талдау жасаңыз.
9-10 тақырып ШЖМ-те оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
Мақсаты: Студенттерге оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру әдістерін меңгерту;
Сұрақтар:

1.ШЖМ-те оқыту әдістемесін ұйымдастырудағы педагогикалық технологиялардың топ пен жеке оқушымен жұмыс істеудегі маңыздылығы, әдістемесі.

2.ШЖМ-те оқыту әдістемесін ұйымдастырудағы педагогикалық технологиялар оқушылардың шығармашылығын дамытуда қолданылатын элементтерді таңдау.

11-12 тақырып ШЖМ-ті оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын оқу құрал - жабдықтары
Мақсаты: ШЖМ-ті оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын оқу құрал – жабдықтарына сипаттама бере отырып талдау жұмыстарымен таныстыру.
Сұрақтар:

1.ШЖМ-ті оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын қосымша материалдарға қойылатын талаптар қандай?

2.ШЖМ-тегі кейбір шешімін таппай келе жатқан мәселелерді атап көрсетіңіз

13-14 тақырып ШЖМ –те тәрбие жұмысын және сыныптан тыс жұмыстарын жоспарлау, өткізу.
Мақсаты: Тәрбие жұмысы және сыныптан тыс жұмысының мазмұнын түсіндіру. Тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлін анықтау. Тәрбие жұмысы және сыныптан тыс жұмысының міндеттерін және формаларын сипаттау.
Сұрақтар:

1.ШЖМ-те тәрбие жұмысын және сыныптан тыс тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлі.

2. Тәрбие жұмысын және сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, мазмұны, формалары.

3. ШЖМ-те тәрбие жұмысын және және сыныптан тыс тәрбие жұмысына қойылатын негізгі талаптар.

4. Тәрбие жұмысын және және сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарының құрылымы және тәрбиелік іс- шаралардың формаларын , тәрбиелік шараларды ұжым болып талдау.
. 15- тақырып Қазіргі жағдайда тәрбие принциптері.
Мақсаты: Тәрбие процесінің принциптері мазмұнына, әдістеріне ұйымдастыру жолдарына қоылатын талаптар туралы түсінік беру. Педагогикалық қызметтегі тәрбие принциптері мен ережелерінің маңызын ашу.
Сұрақтар:
1.Тәрбиенің өмір және еңбекпен ұтымды ұштастыру ережесі

2.Тәрбиелік ықпалдар бірлігі приципінің маңызы.

3 Құқықтық тәрбиенің мақсаты

4. Тұлғаның өзіндік тәрбиесі мен қайта тәрбиелеу
4.Студенттердің өздік жұмыстары

4.1. БАӨЖ №1 ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқада оқыту құралдарына сипаттама (реферат)

4.2. БАӨЖ №2 Реферат жазу: Шағын жинақты мектептегі оқушыларды еңбекке даярлау (Шағын жинақты мектептегі тәрбие үрдісінің ерекшеліктері,бағыттары.Еңбек тәрбиесінің мақсатына тоқталу)

4.3. БАӨЖ №3 Реферат жазу: ШЖБМ жағдайында пәндерді оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары (Қазіргі кезде оқу үрдісінде қолданып жүрген педагогикалық жаңа технологиялардың теориялық негізі )


5. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі

1.Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер.-Алматы, 2002.

2.Адильгазинов Г.З., Хмель Н.Д. Особенности организации управления педагогическим прцессом в малокомплектной школе -А. 2002

3. Астамбаева Ж.Қ. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы.-Алматы, 2002.

4. Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектеп жұмысын ұйымдастыру. Алматы, 2001.

5.Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері.-Алматы, -2001.

6.Кондратенко.А.Е.,Осовский.Е.Г.Сельская малокомплектная школа:целовая программа иследования//Советская педагогика-1987№7.-С.53-57

7.Суворова.Г.Ф.Совершенствовать работу малокомплектных сельских школ// Советская педагогика-1986№2.-С.66-69.

8.республикадағы аз комплектілі мектептер ондағы проблемалар(социологиялық зерттеу материалы бойынша)/Дайындаған Жандарина.М.Ж. жәнет.б-Алматы,1990.-80С.

9.МамироваК.Н.Малокомплектные школы:состаяние,проблемы,перспективы.Алматы,2000.С.134-136

10. Сельская малокомплектная школа:Пособие для руководителейшкол/НИИшкол/Сост.Давыдов.В.П.,Валенко О.И-М.:НИИШ,1986.-150с

11. Суворова.Г.Ф.,Кудрявцев.С.В.Рациональное использование кадрого потнециала сельских малокомплектных школ// Советская педагогика-1984№9.-С.88-92.

12.В помощь малокомплектной школе:Сб.материалов/Составители:Ж.А.Караев,Е.А.Ушуров идр.-Астана,2000.-69 с

13,Аналитический доклад« О состоянии малокомплектных школ »/Рассмотрен на Республиканском семинаре, проведенном Фондом Сорос-Казакстан 10-11апреля , г.в.г.Алматы.

14.Аскарбаев.А.,Хранченков.Г.М. Содержание и методыобучения в малокомплектных школе.-Алма-Ата:Мектеп,1985.-88с.

15. Адильгазинов Г.З Педагогические основы подготовки учителя к управлению процессом обучения в малокомплектной школе: теория и практика (монография).-Усть-Каменогорск:Изд.-ВКГУ, 1997.- 180с.

16. П.Т. Фролов «Особеннности педагогического процесса в малокомплектной школе».,-М.-1991

17. В.П. Стрезикозин «Урок в сельской малокомплектной школе».,-М.



Емтихан сұрақтары ...

1.ШЖМ мектептің ерекшелігін, мәнді белгілерін атаңыз

2.ШЖМ мектептегі оқыу үрдісінің басты міндетері қандай?

3.Білім-біліктілікті пәндік тұрғыда бытыраңқы меңгертудің оқу үрдісіндегі мүмкіндіктері қандай?

4.Шағын жинақты мектептеғі оқу үрдісінің өзіндік ерекшелігі қандай?

5.Шағын жинақты мектептің өзіне тән тиімді жақтарына тоқталыңыз

6. Шағын жинақты мектептің кемшілік тұстары барма, оны шешу жолдарын атаңыз

7. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттеріне кіріктіру, жүзеге асыру дегенді қалай түсінесіз?

8. Оқушыладың сабақтан тыс әрекеттіндегі оқу мен тәрбие үдерістерін кіріктіруді жүзеге асырудың шарттарын атаңыз

9. Л.И. Новикова атап өткен шағын комплектілі мектептің тәрбие жүйесі

10. Тәрбие жүйесінің тұтас топтамасына зерттеушілер қатары сипаттама беруде бұрын атап өтілген мақсаттармен қатар, тағы нені басты атап өткен?

11.Шағын жинақты мектептің ерекшелігі неде?

12. Шағын жинақты мектепте сабақты ұйымдастыру мен жоспарлаудың спецификасы қандай?

13.Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру мен жоспарлаудың тиімді жақтарын атаңыз

14. . Жоспар жасау дегеніміз не?
15. Жоспардың түрлеріне тоқталыңыз:
16.Перспективалық жоспар аудандық (қалалық) оқу бөлімдерімен келісілеме?.
17.Жылдық жоспарлар оқу жылының қай мерзімінде жасалады және кімдер бекітеді?.
18.Перспективалық жоспарға не кіреді?:
19.Оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарының, құрылымына не кіреді, үлгі ретінде көрсетіңіз?
20.ШЖМ-тегі тәрбие процесінің ерекшелігі неде?

21. ШЖМ-тегі тәрбие процесінің бағыттары қандай?

22.Өздік жұмыстың түрлері

23. Көрнекіліктердің маңызы

24. Көрнекіліктер жасауға қойылатын талап

25 Революцияға дейін Қазақстанда қандай типтегі мектептер құрылды.

26. Ауыл мектептерінің қоғамдағы рөлі қандай?

27.Н.А.Бобровников,айтуы бойынша ұжымдық оқу жұмысы бастауыш сыныпта аз болшекті мектептерде неге байланысты болды

28. Шағын мектепте педагогикалық процесті басқрудаағы пәнаралық интеграция

29. Пәнаралық интеграцияның мәні

30. Пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру жолдары

31.В.М Монаховтың орта мектептердегі берілетін сынып пәндерінің оқу процестеріндегі технологиялық ерекшеліктеріне тандау жасау.

32.Ұсынылып отырған технологияның оң және теріс жақтарын бағала, шағын жинақы мектептерде педагогикалық процестерге ену мүмкіндігін көрсет.

33. дәрежелі меңгерудің (В.П Беспалько бойынша) нақ бөлінісі қаншалықты ақталған?

34.ШЖМ жайында оқу-әдістемелік құралдар жинақтаңыз.

35.ШЖМ-тегі кейбір шешімін таппаған мәселелерді атап көрсетіңіз

36.ШЖМ-тегі кейбір шешімін таппаған мәселелерді атап көрсетіңіз

37.ШЖМ оқушыларының білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтауда тесттің маңызы зор. Тесттің түрлерін көрсетіңіз

38. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттеріне кіріктіру, жүзеге асыру дегенді қалай түсінесіз?

39. Оқушыладың сабақтан тыс әрекеттіндегі оқу мен тәрбие үдерістерін кіріктіруді жүзеге асырудың шарттарын атаңыз

40. Л.И. Новикова атап өткен шағын комплектілі мектептің тәрбие жүйесі

41. Тәрбие жүйесінің тұтас топтамасына зерттеушілер қатары сипаттама беруде бұрын атап өтілген мақсаттармен қатар, тағы нені басты атап өткен?

42.Шағын жинақты мектептің ерекшелігі неде?

43. Шағын жинақты мектептің кемшілік тұстары барма, оны шешу жолдарын атаңыз

44. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттеріне кіріктіру, жүзеге асыру дегенді қалай түсінесіз?

45. Оқушыладың сабақтан тыс әрекеттіндегі оқу мен тәрбие үдерістерін кіріктіруді жүзеге асырудың шарттарын атаңыз

46. Л.И. Новикова атап өткен шағын комплектілі мектептің тәрбие жүйесі

47. Тәрбие жүйесінің тұтас топтамасына зерттеушілер қатары сипаттама беруде бұрын атап өтілген мақсаттармен қатар, тағы нені басты атап өткен?

48.Шағын жинақты мектептің ерекшелігі неде?

49. Көрнекіліктер жасауға қойылатын талап

50 Революцияға дейін Қазақстанда қандай типтегі мектептер құрылды.

51. Ауыл мектептерінің қоғамдағы рөлі қандай?

52.Н.А.Бобровников,айтуы бойынша ұжымдық оқу жұмысы бастауыш сыныпта аз болшекті мектептерде неге байланысты болды






Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет