Практикадағы ең басты мақсаттарым


, 5 сурет- сүттің сапасын анықтау жұмыстары



бет9/22
Дата12.03.2020
өлшемі4,94 Mb.
#60030
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
практика есеб3
Сәйкестендіру

4, 5 сурет- сүттің сапасын анықтау жұмыстары.

3.2 Сүттің құрамын анықтау әдістері.

Сүт – сапалы, қоректік қасиеті жоғары, бірақ тез бұзылатын өнім. Сиыр сүтінің құрамына ақуыз, көмірсу, май, сүт қанты минералды заттар, ферменттер, витаминдер, гормондар, пигменттер, газдар кіреді. Адам ағзасы оның құрамындағы қоректік заттарының 98-99%-ін пайдаланады. Ылғалды жойғаннан кейін қалатын сүттегі құрғақ қалдық (май, белок, қант, минералды заттар ) 11 – 15 % аралығында ауытқиды. Сүтті қабылдау кезінде ең бірінші оның құрамына аса мән беру керек. Сүттің химиялық құрамы тұрақты емес және ол лактация кезеңіне, малдардың күйіне, тегіне, жасына және басқа факторларға тәуелді.

Су. Сүттің міндетті түрде болатын бөлігі және оның физикалық күйін анықтайды. Сүт құрамында орташа есеппен 87% су облады.

Белоктар – сүттің ең құнды құрамдас бөлігі.Сүтте үш негізгі белок бар: казеин, альбумин және глобулин белоктар бар. Сүтте казеин мөлшері басым (82%), содан кейін альбумин (12%) алады, аз мөлшерде (6%) глобулин болады. Сүт белогында 18 аминқышқылы бар, оның ішінде: 8-і ауыспайтын аминқышқылы.



Сүт липидтері жай глицеридтер болып табылады, оның ішінде үшглицеридтер көп. Сонымен қатар сүтте фосфолипидтер, стериндер және бос май қышқылдары бар. Сүт майының құрамына 60 астам май қышқылдары мен көп қанықпаған төмен молекулалы май қышқылдары кіреді.

Көмірсулар. Сүттің құрғақ заттарының 40%-ын табиғи органикалық қосындыдан тұратын көмірсулар құрайды және олар негізінен (90%-ға дейін) сүт қанты – лактоза, сонымен қатар галактоза және глюкоза түрінде кездеседі.

Сүттің құрамын зерттеу жұмысының орындалу реті:

1.Зерттеу жұмысын жүргізерде ең алдымен сүт құйылған құрылғыдан 10 мл сүттің орташа сынама үлгі алынады. (1сурет)

2. ”Лактан 1-4 М” деп аталатын сүттің құрамын анықтауға арналған құрылғының арнайы ыдысына сүтті құйып, “Пуск” батырмасын басып, 3 минут күту керек. (2-сурет)

3.Нәтижесі: майлылығы- 3,56%; сүттің құрғақ қалдығы- 8,17%; ақуызы-3,07%; тығыздығы - 0,29%; су-0%. (3-сурет)

«РЗА-Сүт» ЖШС зауытында сүттің құрамын арнайы «Лактан 1-4 М» құрылғысы арқылы анықтайды.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет