Практикадағы ең басты мақсаттарым



бет1/22
Дата12.03.2020
өлшемі4,94 Mb.
#60030
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
практика есеб3
Сәйкестендіру
Кіріспе

Сүт саласы өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі болып табылады . Қазіргі таңда республикамызда сүт өндірісінің құрамында шамамен 186 сүт қабылдау және өңдеу мекемелері бар. Қазақстанның сүт индустриясы өнімнің негізгі түрлерін өндіруден одақтық республикалар арасында алдыңғы орындарға ие .

Мен, Төрехан Жаңыл Аманбайқызы, өндірістік практиканы 2.01.2020ж. - 28.03.2020 ж. аралығында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Мұратбаев №1 көшесінде орналасқан « РЗА-Сүт » ЖШС кәсіпорыннан өттім. Тәжірибе жетекшісі болып Ауеспаева Зухра тағайындалды.

Практикадағы ең басты мақсаттарым:



  • кәсіпорынның қауіпсіздік ережелерімен, бөлімдерімен, жұмыс жасау принциптерімен толық танысу, кәсіпорын туралы мағлұматтар алу.

  • теориялық білімімді тәжірибе жүзінде шыңдау.

  • лабораториялық жұмыстар жүргізу .

  • құрал-жабдықтарды қолдана отырып, сүт өнімдерін өндіру технологиясын меңгеру.

Сүт өнеркәсібі халық шаруашылығының маңызды саласы, сондықтан сүт және сүт өнімдерін өндіру тиімділігі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етеді және тұтынушыларды сүт өнімдерімен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. « РЗА-Сүт » ЖШС Қазалы ауданымызды ішкі нарықта сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етіп отыр.

Өндірістік практика барысында орындалатын жұмыстар мен міндеттер:

- өнеркәсіп туралы мәліметтер жинақтау;

- кәсіпорынның қауіпсіздік ережелерімен танысу;

- сүт зертханасында тәжірибелер орындау.

- сүт өңдеу аппараттарының жұмыс жасау принциптерін меңгеру.

1.«РЗА-Сүт» ЖШС сүт өнеркәсібі туралы жалпы сипаттама

« РЗА-Сүт » ЖШС сүт өнеркәсібі халықты табиғи сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді. « РЗА-Сүт » ЖШС зауыты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы өңірдегі РЗА-АҚ акционерлік қоғамының құрамына кіреді. Кәсіпорын 2010 жылдан өз қызметін бастап, өңір экономикасына үлкен үлестерін қосып келеді. 2015 жылы өткен президенттік сапа байқауында

« Алтын сапа » алтын мүсініне ие болды. Кәсіпорын басшысы - Самұрат Жұманұлы Имандосов. Кәсіпорын тәулігіне 30 тонна сүт өнімдерін өңдейді. Кәсіпорынның негізгі қызметі - асыл тұқымды сиырларды асырап, олардан көп мөлшерде сапалы әрі құнарлы сүт алып, тұтынушаларды сүт өнімдерімен қамтамасыз ету. Венгриядан 660 бас голштин - фриз асыл тұқымды қашарлары әкелінген. Қазіргі таңда олардың саны 1600 басқа жетті.

« РЗА-Сүт » ЖШС зауытында 30 - дан аса адам еңбек етеді. Әр сиыр күніне 30 литр сүт береді, жылына орта есеппен 5500 тонна сүт өндіріледі. Арнайы аппаратпен сауылған сүт сүт өңдеу зауытына жеткізіледі. Онда бірнеше өңдеу процестерінен өтіп, « Дәмді » маркасымен пастерленген және ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май, құрт сияқты сүт өнімдерін шығарады. Алдағы уақытта балмұздақ, йогурт, ряженка, брынза өнімдерін шығару жоспарлануда. Тәулігіне алынған сүт мөлшері өнеркәсіптің экономикасына тікелей әсер ететіні белгілі. Өндірілетін өнімнің сапасы жоғары болған сайын сұраныс артып, тұтынушылар көлемі ұлғаяды. « РЗА-Сүт » ЖШС-нің соңғы 6 жылдағы өндірілген сүт мөлшері 1-кестеде көрсетілген.



1-кесте Әр жыл сайын өндірілген сүт мөлшері



Өндірілген жылы

Өндірілген сүт мөлшері

Жалпы құны,

1.

2014жылы

3960 тонна

659,7 млн теңге

2.

2015 жылы

5500 тонна

916,2 млн теңге

3.

2016 жылы

5793 тонна

965,0 млн теңге

4.

2017 жылы

5874 тонна

1021,5 млн теңге

5.

2018 жылы

6150 тонна

1034,5 млн теңге

6.

2019 жылы

6635 тонна

1116,2 млн теңге

Зауыттың негізгі міндеті - сүт өнімдерін кең ауқымын жасап, оның балғындығын сақтап қалу, дәмі мен басқа да қасиеттерін жақсартып, оның қоректік және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ дайын өнімді жинау және оларды сауда орындарына жеткізу. Сонымен қатар өнеркәсіпте өндірілге сүт өнімдері Сыр өңірімен қатар Маңғыстау,Атырау,Ақтөбе,Батыс Қазақстан облыстарында сатылуда. Барлық өнімдердің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігінің менеджменті жүйелері бойынша сүт өнімдерін өндіру, өңдеу, таратуға қатысты арнаулы сертификаттары бар.



Өнеркәсіп заманауи және жоғары технологиялық талаптарға сай аппараттармен жабдықталған. Зауытта дайын өнімді қабылдаудан бастап, сүт өңдеудің толық циклына арналған түрлі жабдық пен технологиялық қондырғылардың көптеген түрлері бар. Кешенге қажетті құрал-жабдықтар Голландия, Ирландия, Германия мемлекеттерінен алынған. Өнімдерді өндіру үшін пайдаланылатын жабдықтарды таңдағанда, оның қуаттылығына, сондай- ақ өнімділігіне басты назар аударылады. Зауыттың технологиялық желісі келесі құрылғыларды қамтиды : сүтті қабылдау және сүзу қондырғылары; ваккумдық реактор мен резервуар: қайнату реакторы; ваккумдық стационарлы араластырғыш; ұйытқыш; май қорытқыш, балқытушы; ұзартылған пастерлеу ванналары; тағамдық ортадан тепкіш сорғы; сүтті салқындатқыш танкі; механикаландырылған сепаратор; гомогенизатор; сақтау ыдысы; қаптаушы жабдықтар; өнімді сақтау камерасы. « РЗА-Сүт » ЖШС-де қолданылатын құрал - жабдықтардың негізгі түрлері 2 - кестеде көрсетілген.

2-кесте машиналар мен механизмдер.



Қолдану бағыты

Маркасы

Жасалған мемлекеті

1.

Сүт сақтауға арналған

Mueller O-2500

Германия

2.

Пастерлеуге арналған қондырғы

REDA HTST

Италия

3.

Сепаратор

GEA WESTFALIA 500-01-777,MSE-140-48-177

Германия

4.

Гомогенизатор

Rannie R132T-85,140

Германия

5.

Салқындатқыш

First SV 2.0

Франция

6.

Сорғы

GEA SsT 3Ph

Германия

7.

Май өндіргіш құрылғы

FBFC-1

Германия

8.

Ірімшік алуға арналған қондырғы

WESTAFALIA QUARK M150909

Германия

9.

Сауу агрегаты

DELAVALCARROUSSEL 28 STANDS

Голландия

10.

Құю және қаптау қондырғысы

CFT

Италия



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет