Проза Поэзия


З.Ахметов. Прозалық шығарманы талдау үлгісі



бет7/11
Дата21.03.2022
өлшемі29,78 Kb.
#136508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жанрр (1)
волонтерство План , 屏幕截图-2021-09-27-212333, AA Kaplan Pocket Notes 2022, Алтынайға, бөж пед1, ТАРИХ СЕССИЯ ..
З.Ахметов.
Прозалық шығарманы талдау үлгісі
Прозалық шығарманы талдау кезіндегі басты талап:

  1. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын айқындау: автордың басты ойын, шығармада қозғалған проблеманы, пафосты ашу.

  2. Сюжет пен композицияның өзара байланысын көрсету.

  3. Көркем шығарманың субъектілік ұйымдастырылуын ашу: көркем бейне, персонаждың жасалу тәсілдері, бейне-персонаждың түрлері, бейне-персонаж жүйесі.

  4. Автордың шығарманың тақырыбына, идеясы мен кейіпкерлеріне қатынасын айқындау.

  5. Туындыдағы көркемдік-бейнелілік, тілдік ерекшеліктердің мәнін ашу.

  6. Туындының жанрлық ерекшелігін және жазушы стилін айқындау.

Туындыны талдауда ең алдымен көркем шығарманың жазылу кезіндегі нақты тарихи контекске назар аудару керек. Бұл ретте, тарихи және тарихи-әдеби ахуалды айқындап алған жөн. Мәселен,
- дәуірдің әдеби бағыты;
- осы кезеңде жазылған басқа авторлардың туындыларының арасында бұл көркем шығарманың алатын орны;
- туындының шығармашылық тарихы;
- туындының сында бағалануы;
- қаламгер замандастарының бұл туындыны қабылдаудының өзіндік ерекшелігі;
- туындыны бүгінгі әдеби үдерісте бағалануы,
- қазіргі оқырманның бағалауы.
Көркем туындының концептуалдық деңгейі (тематикасы, проблематикасы, конфликт және пафос). Мұнда тақырып, проблема, идея, пафос айқындалады.
Туындының көркемдік тұтастық деңгейінде ұйымдастырылуы. Композицияның негізгі құралдары: сюжет, конфликт, пролог, экспозиция, байланысу, әрекеттің дамуы, шарықтау шегі (кульминация), шешімі, эпилог.
Сюжет – оқиғаның бірінен кейін бірі хронологиялық ретпен тікелей баяндалуы; - ретроспектілі – өткенге шегіну, болашаққа «саяхаттау».
Сюжеттен тыс элементке оқшау эпизодтар және лирикалық шегініс жатады. Олардың басты қызметі – бейнеленіп отырған оқиға, құбылыстың мәнін кеңейту, авторға сюжетке тікелей кірікпейтін өмірдің әр қилы құбылыстары туралы өз ойын, сезім-эмоциясын бере алуға мүмкіндік жасау; Композициялық принциптер мен элементтер: жетекші композициялық принцип (композиция көпжелілі, бір сызықты, шеңберлі, оқиғалар хронологиясы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет