Проза Поэзия


Абайдың осы ойлары оның мақсатын айқындайды: ол –әрекет, іздену, үлгі болу



бет5/11
Дата21.03.2022
өлшемі29,78 Kb.
#136508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жанрр (1)
волонтерство План , 屏幕截图-2021-09-27-212333, AA Kaplan Pocket Notes 2022, Алтынайға, бөж пед1, ТАРИХ СЕССИЯ ..
Абайдың осы ойлары оның мақсатын айқындайды: ол –әрекет, іздену, үлгі болу.


Пейзаж - жаратылыстың, кеңістіктің, көбіне табиғат суретінің бейнеленуі. Пейзаж әдебиетте ұлттық сипат иеленеді. Жанр түрлеріне қарай пейзаж әр қилы суреттеледі.


Ыбырай Алтынсарин. Өзен

Таулардан өзен ағар сарқыраған,


Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің cуын ішсең ашылады,


Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да


Шуылдап желмен бірге бас ұрады...

Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,


Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шығып, шөп бітпеген жай қалмайды.

Ел қыстап, күн көреді жаныбында,


Дәм болар алуан-алуан балығында...
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.

Құдіретін Құдайымның көресің бе?


Не нәжіс тоқтар өзен денесінде...
Арыстан демалуға суға кірсе,
Балықтар шымшып ойнар төбесінде.

Ақын Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңінде табиғаттың бір бөлшегі – өзенді сипаттайды. Ағартушы өзінің шығармаларында үнемі ғибрат, таным мәселесін алдыңғы кезекке қояды. Жаз маусымы кезінде сарқырай аққан арналы өзеннің тек табиғаттың көркіне сән берген сипатын ғана емес, тіршілік үшін, жан-жануар үшін пайдасын да қоса жеткізген. Өзеннің айнадай жарқырауы, салқындығы, дертке шипа болуы, аптап ыстықта жаныңды рақатқа бөлеп («Өксіген оттай жанып жануарлар, Өзеннен рақат тауып басылады»), қорған болатыны – осының бәрі өзеннің қасиетін айғақтап тұр. Бұл өлең қаламгердің «Таза бұлақ» әңгімесімен идеялас. Онда да бұлақтың тазалығын, мөлдірлігін, суының мейір қандыратын қасиетін дәріптейтін үш жолаушының ойы берілетін еді ғой. Сол сияқты өзеннің де баршаға пайдасы бар екендігін суреттейді.



«Лирикада әрекет, жағдай болады. Лирикалық туындының ерекшелігіне орай, автор мен кейіпкер қатынасы өз кезегінде лириканың бейнелілігін тудырады. Лирика тілінің ерекшелігі жан-жақты көрінеді: сөздің меңзеулі түрі, берілген нысанның мәні айтылған сөзбен сәйкеспеуі, қысқалық пен бейнеленген құбылыстың ішкі мәнінің тереңдігі, семантикалық күрделілік, рефлексивтілік. Мұндай ерекшелік лириканың тереңінде жасырынады». Б.В.Томашевский.
Сәкен Сейфуллин өз заманындағы жаңалық-өзгерісті бірден өлеңдеріне арқау етіп отырды. Ең алдымен Сәкен қазақтың қара өлеңіне ерекше екпін, ырғақ әкелді. Өз ортасындағы күрес пен әрекеттің шапшаңдығы Сәкен поэзиясына да екпінділік әкелді. Мәселен, «Біздің жақта» өлеңі ақынның шалқыған көңіл-күйін, туған жеріне деген мақтанышты көрсетеді:
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын,
Меймандос берекелі елдері бар.

«Ақын үнемі жаңа өмірді құрап жатқан халық күші мен оның бойындағы сарқылмас қуатын жыр етумен болды. Ақынның жеке басының алып адамгершілік қасиетіне дәуір талаптарының сай келуі Сәкенді қазақ поэзиясының төріне шығарды». М.Базарбаев.
Сәкен табиғат құбылысы мен оны мекен еткен жан-жануарлардың болмысын да кең ашады. Ондағы ақынның идеясы – адамзатты гуманизмге, табиғат байлығын қорғауға шақыру. «Арқаның Бетпақ деген даласы бар» өлеңінде ақын қазақтың кең даласының ерекшелігін, көшіп-қонып жүрген халқымыздың дала сырын жақсы білгендігін Арқа жеріндегі Бетпақ дала арқылы береді.
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген,
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді,
Адамның баласынан кем көрмедім.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Ақынның туған жерінің керемет табиғатымен қоса, мекендейтін жануарын да дәріптейді. Бетпақтың кең даласын кезіп, өңірді жандандырып, көрік берген аңның ерекшелігін жырға қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет