Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы 1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы Жоспары



бет4/19
Дата20.10.2023
өлшемі82,6 Kb.
#187021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы
қазақ тілі тест
Инновациялық білім беру жүйесі

«Инновация» ұғымы латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiредi.
ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50-жылдары педагогикалық инноватика қалыптасты. Жалпы, инноватика – жаңару үдерісі, жаңалық үдерістерінінің теориясы, жаңалық ендірулер туралы ғылым. Яғни, педагогикалық инноватика осы ғылым саласындағы жаңалықтар үдерісін зерттейді. Бұл мәселені шетелдік К.Ангеловский, М.В.Кларин, В.Я.Ляудис, М.М.Поташник, С.Д.Поляков, Т.И.Шамова, В.И.Загвязинский , П.И.Пидкасистый, Н.И.Лапин, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова, Н.Д.Никандров, Я.А.Пономарев, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, және отандық Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Нұрахметов, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева , Т.О.Балықбаев, Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог ғалымдар зерттеген.
Инновациялық оқыту түрлері мен әдістеріне: «ой арқылы шабуылға шығу», «кейс-стадия», «жобалау әдісі», «swot –анализ», «матрица идеясы», «автомобиль әдісі», «экибано», «генеалогиялық ағаш», « сервировка әдіс» және т.б. жатады. Мектептегі оқытудың негізгі формасы сабақ болса, жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың формасына дәріс, семинар, лабораториялық сабақтар жатады. Сонымен қатар, оқытуды ұйымдастыру ойын, дебат, дөңгелек үстел, конференция т.б. түрінде жүзеге асырылады. Мысалы, дәріс: мәселелік, бағдарламалық, екеуара, кеңес беру дәрісі т.б. түрде болады.
Қазіргі оқыту мен оқу ойындары оқу үдерісінде компьютердің қолданылу аясын кеңейтетін мультипликацияны, видео, графиктер мен текстерді қолдануға мүмкіндік беретін мультимедиялық технологияларсыз мүмкін емес. Алайда бағдарламалық өнімдермен жұмыс сапасы компьютер жадысының көлеміне және жылдамдығына, дыбыстық сипатына, қосымша жабдықтардың, соның ішінде CD-ROM-ның болуына байланысты. Оқыту үдерісінде электронды оқулықтар да кеңінен қолданылуда. Электрондық оқыту – бұл, ең алдымен, сабақ беру немесе үйрету үшін элекрондық бизнес сервистерін және технологияларды пайдалану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұжымдық жұмыс құралдарын және электрондық контентті қолдану қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет