Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы 1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы Жоспары


дәріс. Оқу әрекеті және оның негізгі компоненттері



бет5/19
Дата20.10.2023
өлшемі82,6 Kb.
#187021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы
қазақ тілі тест
3 дәріс. Оқу әрекеті және оның негізгі компоненттері.


Жоспары:

    1. Оқу әрекеті

    2. Оқу әрекеті негізгі компоненттері.



Ұғымдық сөздер: оқу, оқыту, үйрену, дағдылану, білім, білік, нәтиже.


Әдебиеттер тізімі:

      1. Әлқожаева Н.С. Педагогика: Оқу әдістемелік кешен. –Алматы:, 2006. –155 б.

2. Зимняя И.А. Педагогическая психология. М, 2004.


1.Оқу әрекеті
Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс- әрекетіне тәуелді болады. Ресей педагогы Чередов И.М. бойынша: «Педагогикалық іс- әрекетті бұл бірімен – бірі, өзара байланысты ықпалдасық, әсер етушілік белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым -қатынасы» деп түсіндіріледі. Оқытудың формасы – оқыту үрдісінің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс- әрекетін басқару мен оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. болып саналады. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішімін белгілейді, мұның өөзі оқушылардың білім сапасының көрсеткішімен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Педагогикалық сөздікте: «Оқуды ұйымдастыру формасы- оудың -әдіс тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін оқушыларды топтастыру» деп анықтама берілген.
Г.Усмановтың «Педагогика» атты оқулығында: «Оқытуды ұйымдастырудың формасы- бұл мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған? белгілі бір тәртіппен өтілетін жұмыс» деп қарастырылады.
Оқытуды ұйымдастырудың формалары-белгілі бір тәртіп пен режим негізінде жүзеге асырылатын оқыту процесін ұйымдатыру тәсілі.
Мектептердің даму тарихыда ұлы педагогтардың тұжырымдамалары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары белгілі. Оның дамып жетілуі, қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүдесіне қатысты.
Оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселелерімен педагогиканың «дидактика» деп аталатын арнаулы саласы шұғылданады. Дидактика бұл - білім мен оқытудың теориясын жасап шығаратын, педагогика саласы. Дидактиканың негізгі проблемалары оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын жасап шығару болып табылады.
«Оқытуды ұйымдастыру формасы» ұғымының мәнін ашу үшін оқыту ұғымының педагогикалық анықтамасы на тоқтала кетейік:
Оқыту- жеке адамның қалыптасуының және бірінші кезекте, ақыл -ойы мен жалпы білімін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың білім алудың қалған барлық басқа түрлерінен және өздігінше білім алудан мынадай айырмашылығы бар. Ол белгілі бір жүйеде және жоспар бойынша, мұғалімнің басшылығымен өтіп жатқан бағдарлы мақсатқа бағытталған процесс болып табылады. Әрбір пәнді оқыған кезде оқушылар білімнің кейбір жиынтығын меңгереді және сол саламен байланысты белгілі іскерлік пен дағдыға ие болды. Іскерлік – деп іс жүзіндегі қимыл шәкірт алған білімнің негізінде жүзеге асырылатын және жаңа білім алуға алдағы уақытта ықпал жасай алатын әрекет деп айтуға болады.
Сонымен оқытуды ұйымдастырудың формасы ұғымының мәні «Оқыту» және «Ұйымдастыру формалары» деген категориялардың жиынтығы ғана емес, олардың синтезі болып табылады.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігімен сұраныстың талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың формалары бойынша жәктеледі:

  • оқушыың саны мен құрамы

  • жұмыс орны

  • оқу жұмысының ұзақтығы

Оқушылар санына байланысты оқытуды ұйымдастырудың формасының жіктелуі мынадай:
Оқыту процесінің әрқашанда мұғалімнің басшылығымен өтеді. Сын көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әртүрлі формалары шетел педагогикасынан ауысып, мектептерде қолданылады. Біріншіден, мұғалім ролінің төмендеуі; екіншіден оқушылардың ғылым негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет