1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет1/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа
Г.Ж.Тұрдалиева b1661, ytzh ne ms metodichka 20211, Engl 10,11

1.Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары.Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы.
Фонетика – (гр.дыбыстық, дауыстық) тіл білімінің тілдік дыбыстық жағын зерттейтін ғылым. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылатын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Дауысты дыбыстар (вокализм) – дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуын, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуын жасалатын дыбыстар.
Дауысты дыбыстардың басты қасиеті – сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралады: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү.
Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің тілдік қатысу дәрежесіне қарай ашық-қысаң, еріндік-езулік, жуан- жіңішке болып бөлінеді.
Дауыссыз дыбыстар (консонантизм) тек салдар немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын буын құрай алмайтын дыбыстар.
Дауыссыз дыбыстардың айтқанда көмейде кедергіге ұшыралмаған фонациялық ауа ауыз ауасына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан көмей арқылы келіп қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соқтығады.
Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б,в,г,ғ,д,ж,з, й,к,қ,к,л,м,н,ң,с,т,п,х,ф,ц,ш,һ (у).

Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейді.


Дауысты дыбыстардың жіктелуі:
Тілдің қатысу қалпына қарай: жуан, жіңішке
Жақтың ашылу қалпына қарай: ашық, қысан
Еріннің қатысу қалпына қарай: еріндік,езулік
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестеу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дыбстар (тір арты дыбыстар) деп атайды. а, о, ұ,ы, у
Тілдің ұшы кейін тартылып үсті дөңестеу арқылы жасалған дауысты дыбыстар жіңішке (тіл алды) дыбыстар деп атайды: ә, ө, ү, і, е, и, у, э
Ашық дауыстылар: жақтың кең ашылуы арқылы жасалады а,ә,о,ө,е,э
Қысаң дауыстылар:жақтың тар ашылуы арқылы жасалады ы,і,и,у,ү,ұ
Еріндік дауыстылар: еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқ.жасаладыо,ө,ұ,ү,у
Езулік дауыстылар: езудік кейін тартылуы арқ. а,ә,е,ы,і,и,э




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет