Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет18/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа  бағдар  –  рухани  жаңғыру»  мақаласы 
12.04.2017. 
2. Гершунский Б.Г. Философия образования ХХI века. М., 2008ж.  
3. Күнқожаев Н. Адамтану. Алматы, 2002ж, 190 б. 
4. https: // egemen.kz 2017. 
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ 
 
Алибекова Жанар Мырзахановна 
«Шолпан» бөбекжай балабақшасы МКҚК меңгерушісі 
Ордабасы ауданы, Түркістан  облысы 
 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
мақаласында  аталмыш  жанғырудың  негізгі  қызметі  мен  ерекшеліктеріне  ой 
жүгіртіп,  бұл  жаңғырудын  маңыздылығына  тоқталды:  Жаңғыру  атаулы 
бұрынғыдай  тарихи  тәжірбие  мен  ұлттық  дәстүрлерге  шекеден  қарамауға 
тиіс.  Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық  дәстүрлерді  табысты 
жаңғырудын маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру 
елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адаса бастайды. Сонымен 
бірге,  рухани  жаңғыру  ұлттық  сананың  түрлі  полюстерін  қиыннан 
қиыстырып,  жарастыра  алатын  құдіретімен  маңызды»  [1,7бет].  Саяси 
экономикалық  реформаларда  егеменді  еліміз  бірқатар  жақсы  нәтижелерге 
қол  жеткізгені  баршаға  мәлім.  Ол  адами  құндылықтар,  рухани  қазына, 
жастарды  тәрбиелеу,  олардың  бойына  патриоттық  рухты  сіңіре  білу 
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. 
Бұл  дегеніміз  –  ұлтымыздың  барлық  ұлттық  салт-дәстүрлерін,  мемлекеттік 
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген 
асыл  ұғымға  келіп  саяды.  Елбасымыздың  рухани  жаңғыруға,  руханиятқа, 
білім,  ғылымға  мағыз  беруі  -  үлкен  көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерілеуін 
жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Өйткені рухани байлықтың 
кемел  болғаны  бұл  жеке  азаматтарымыз  үшін  де,  әрбір  жеке  тұлғадан 
құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үрдіс. Ұлт болашағының 
тарихи  маңызға  ие  болатын  бағдарламасын  жасап,  бағытын  айқындап  өте 
орынды  қорғады.  Қазақстан  дүниежүзінде  дамушы  ел  ретінде  танылып, 
біртұтас  ұлт  болу  үшін  болашаққа  қарай  қадам  басуымыз  керектігін  өте 
орынды  айтты  деп  ойлаймын.  Бүгініміз  бен  болашағымыз  жарқын,  білімді, 
көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің 
салтанат құруы жайлы да тереңнен сөз толғады. Тәуелсіз еліміздің көк туын 
желбіретер ертеңгі азамат, ол бүгінгі бүлдіршіндер. 

173 
 
Бала  білім  мен  тәрбиенің  негізін  балабақшадан  алады,  сондықтан 
жүргізілетін  жұмыс  жоспарымыз  мемлекеттік  стандартқа  сай  дұрыс  болса, 
Қазақстанның болашағына сенімді боламыз. Мектеп жасына дейінгі балалар 
түсінгенін,  қабылдағанын,  естігенін,  көргенін  ой-қимылын  тіл  арқылы 
жеткізеді.  Сондықтан  баланың  өз  ана  тілінде  дамуы,  сөйлеуі,  ойлауы  басты 
мәселе. Адам ағзасының тіршілік ету үшін ауа мен тамақ қаншалықты қажет 
болса,  санасының  жетілуіне  өз  ана  тілі  мен  тарихы  соншалықты  қажет.  Әр 
ұлттың тұтастығы, тәуелсіздігі, мемлекеттің өркендеуі үшін де ана тілі қажет 
екені белгілі. 
      Ұлттық  тарихымыздың  рухани  жаңғыруы  туралы  еліміздің  әрбір 
азаматы  санасын  жаңғыртып  отырса,  әлемде  болып  жатқан  жаңалықтарды 
қабылдап,  бірнеше  тілді  меңгеріп  отырсақ,  біз  ешнәрседен  ұмытылмайтын 
ұрпақ тәрбиелеп шығаратын едік. Қазіргі таңда өзім басқарып отырған 70-тен 
астам бүлдіршіні бар  «Шолпан»  балабақшасының болашағы жарқын. Алар 
асуы  алда.  Рухани  жаңғыру    аясында  жылдық  жоспар  түзіліп,  сол  жоспар 
бойынша әр түрлі іс-шаралар, ертеңгіліктер мен ашық ұйымдастырылған оқу 
іс-әрекеттері,  семинар  кеңестер  жүйелі  түрде  ұйымдастырылып  тұрады. 
Сапалы білім мен өнегелі тәрбиені әрбір бүлдіршіннің бойына сіңіру мекеме 
қызметкерлерінің  басты  мақсаты.  Бүгінге  нақты  бағдарлама  жасай  отырып, 
болашаққа  ұмтылу,  жетістікке  жету  жолында  қызмет  етіп  келе  жатқан 
балабақша  қызметкерлерінің  жаңа  педогогикалық  технологияны  меңгеруге 
деген талпыныстары нәтижесінде зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік және 
басқа  да  қабілеттерінің  қалыптасуы  нәтижесінде  оқу-тәрбие  үрдісі  алға 
жылжиды.  Тәрбиешінің  иновациялық  іс-әрекетін  қалыптастыру  –  нақты 
міндет. Жаңа педогогикалық әдіс-тәсілді меңгерген әрбір тәрбиеші баланың 
жан-жақты  дамуына  игі  әсер  етеді.  Бәсекеге  қабілетті  маман  қалыптастыру 
балабақшадан  басталатынын  ескерсек,  балабақша  үшін  келер  күннің 
игілігіндегі атқаратын жұмыстары көп екендігінде дау жоқ.  
Сондай-ақ,  Елбасымыз  өзінің  2012  жылғы  14  желтоқсандағы 
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 
атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік 
тідің  позициясын  нығайту  үшін  көп  жұмыс  атқарып  келеді.  Қазақ  тілін 
кеңінен қолдану жөніндегі кешенді  шараларды жүзеге асыруды жалғастыру 
2025  жылға  дейін  әліпбиімізді  латын  қарпіне,  латын  әліпбиіне  көшіруге 
кірісуіміз  керек.  Бұл  –  ұлт  болып  шешуге  тиіс  принципті  мәселе.  Бір  кезде 
тарих  бедерінде  біз  мұндай  қадамды  жасағанбыз.  Менің  ойымша 
Елбасымыздың 
бұл 
Жолдауы, 
еліміздің 
ертеңі, 
ұлт 
болашағы  
бүлдіршіндерімізге  балабақша  жасынан  санасына  сіңіру  деп  қабылдап, 
балабақшада  бүлдіршіндер  арасында  «Өзге  тілдің  бәрін  біл,  өз  тілімізді 
құрметте»  деген  қағидасын  ұстанып  түрлі  іс-шаралар  өткізілуде.  Ұлттық 
мәдениетіміз  деп  болашақ  ұрпақ  бүлдіршіндеріміз  тәртіпке  бағынған  құл 
болмас  дегендей  мәдениетке  тіл  мен  білімді  сауатты  болса,  біз 
Елбасымыздың  қадап  айтқан  қатаң  қағидаларын  қолданып  отырсақ,  рухани 
жаңғыруымыз жаңғырық болып қалмас еді деп ойлаймын. Қазір бәсекелестік 

174 
 
рухани  жаңғыру  үшін  маңызы  зор,  мына  бәсекелестік  заманда  қазір 
балабақшамызда  заман  талабына  сай  оқу  тәрбие  жұмыстарын  атқарып 
келеміз.  Біздің  әрқайысымыздың  басты  тілегіміз    бүлдіршіндеріміздің 
бақытты  балалық  шағы,  лайықты  білім  алуы  және  сүйікті  Отанымыздың 
толыққанды  азаматына  айналуы.  Тек  қана,  білімді  және  тәрбиелі  ұрпақ 
Қазақстан  халқының  мақтанышы  болмақ.  Үш  тілде  білім  алып,  білімге 
сенген  заманда  қапы  қалып  жүрмелік  деп  Абылай  хан  айтқандай  тек  қана 
бүлдіршіндерімізді алға деп тәрбиелейік! 
                                     
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ТӘРБИЕ ТҰҒЫРЫ 
 
Алыбаева Бахыткул Нуркасымовна, 
С.Бердіқұлов  атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі  
Алматы облысы,  Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы 
 
 
 
«Қазақстанды ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп
 өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер  
бірден-бір құдірет – білім, білімді ұрпақ».   
Н.Ә.Назарбаев. 
                                                                                     
 
Қоғамдық  жаңару  мен  елдігімізді  жалпақ  жұртшылыққа  паш  етумен 
есте  қалған  өткен  жылдың  сәуіріндегі  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы дамуымыздың 
жарқын  үлгісін  көрсетіп  қана  қоймай,  болашағымызға  жол  сілтер  нақты 
қадам  мен  шешімдерге  негізделген  маңызы  зор  құжат  болып  тарихымызда 
қалады. 
 
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. 
Біз  болашақтың  жоғары  технологиялық  және  ғылыми  өндірістері  үшін 
кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі 
алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз 
инновациялық  экономика  құра  алмаймыз.  Демек,  барлық  деңгейдегі  білім 
беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт». Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  осы  тапсырмасын  берік 
ұстанған  еліміздің  білім  саясаты  әлемдік  аренадан  өз  орнын  нақтылауда. 
Себебі, білімді де білікті жастар экономиканы қарқынды дамытуда, елімізді 
рухани жаңғыртуда маңызды ресурс болып табылады. 
 
Сонау  ХІХ  ғасырда  ұлы  ағартушы-педагог  Ы.Алтынсарин:  «Өнер  – 
білім бар жұрттар тастан сарай салғызған, айшылық алыс жерлерден көзіңді 
ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызған», - деп қазақ сахарасын өнер-білімі 
дамыған Еуропадай білімі, ғылымы және мәдениеті дамыған өркениетті елге 
айналдыруды  арман  етсе,  ұлы  ағартушының  бұл  арманы  ХХ  ғасырда  ғана 
жүзеге асты.     

175 
 
 
Бүкіл  қазақ  жұртының  мақтанышы  болған  мақалада  ХХІ  ғасырдағы 
сананы  жаңғырту,  ұлттық  болмысымыз  бен  ұлттық  кодты  сақтай  отырып, 
оны  жаһандық  құндылықтармен  қуаттандырып,  еліміздің  болашақтағы 
мақсат-мүдделері  туралы  өзекті  мәселе  көтерілді.  Елбасы  Қазақстан  үшін 
қайта  жаңғырудың  өзекті  әрі  ұлттық  маңызға  ие  екі  үдерісін,  яғни  алдағы 
саяси  реформалар  мен  экономикалық  жаңғыруды  басым  бағытта  көрсете 
отырып,  Мәңгілік  Ел  жолында  Біртұтас  Ұлт  пен  бұқаралық  сананы 
өзгертудің нақты механизмдерін саралап, жүйелеп берді.  
 
Қандай  қоғамда  және  қайбір  тарихи  кезеңде  болмасын  ұрпақтың 
саналы  білімі  мен  сапалылығы  өзекті  мәселе  болып  келгендігі  баршамызға 
белгілі. Жаһандық мәселелер орын алып, түрлі сын-қатерлер көбейіп жатқан 
тұста білімге көзқарас түбегейлі өзгеріп, талап күшейді. 
 
Рухани  жаңғырудың  басты  бағыты  да  –  білімнің  салтанат  құруымен 
тығыз  байланысты.  Жаһандық  бәсекеге  төтеп  бере  алатын  және  елімізді 
дамыған  30  елдің  қатарына  қосатын  сөз  жоқ  дүниетанымы  мығым,  саналы 
өрелі  білімді  ұрпақ  деп  білеміз.  Үстіміздегі  жылдың  10  қаңтарындағы 
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа 
мүмкіндіктері» атты Жолдауында да қоғамның даму кілті білімді адамдардың 
жаңаша  қызмет  атқаруын  талап  ететінін  тағы  да  дәлелдей  түссе,  сол 
жаңашыл  адамдарды  қалыптастыруда  білім  беру  ұйымдарына  ерекше  жүк 
артылады. 
 
Сөз  жоқ,  рухани  жаңғырудың  негізі  тарихи  сананы  жаңғыртумен 
ұштасқанда ғана өзінің нәтижесін көрсетеді. Бүгінгі уақыт бізден көп нәрсені 
талап етеді. Тарихтан сабақ алу – берекелі болашағымыздың негізі болмақ. 
 
«Болашаққа  бағдар:  Рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласында 
қазіргі  заман  мен  болашақты    терең  бағамдап,  түсіне  алатын  мамандар 
дайындау үшін гуманитарлық бағытта білім беруді жаңғырту қажеттілігі атап 
көрсетілген болатын. 
 
«Біздің  бабаларымыз  ғасырлар  бойы  ұшқан  құстың  қанаты  талып, 
жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар 
ұлттың  болашағын,  келер  ұрпағын,  бізді  қорғады.  Сан  тараптан  сұқтанған 
жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті» дей 
келе,  әрбір  өлкенің  халқына  суықта  пана,  ыстықта  сая  болған,  есімдері  ел 
есінде  сақталған  біртуар  перзенттерін  жас  ұрпаққа  таныту  қажеттігін  атап 
өтті. 
 
Әрбір  елдің,  әрбір  мемлекеттің  болашағының  жарқын  болуы  ұрпақ 
тәрбиесіне  тікелей  байланысты.  Атадан  балаға,  баладан  немереге  жалғасып 
келе жатқан халқымыздың ұлттық тәрбиесі ең алдымен келешегінің өркенді 
болуына негізделген. Сондықтан да болар, «Адам ұрпағымен бақытты», «Өз 
балаң өзектен тепсең де кетпейді»  деген тәмсілдерді өміріне жиі қолданған. 
Шыны  керек,  бүгінгі  біздің  ұрпағымызды  теледидар,  интернет,  компьютер 
клубтары  тәрбиелеп  жатыр.  Соның  кесірінен  ұрлық,  зорлық-зомбылық,  кісі 
өлтіру  секілді  сұмдық  оқиғалар  орын  алып,  ағайын-туысты,  әке-шешені 

176 
 
қуанышқа бөлеуі тиіс балалардың жат ағымның жетегінде жатқаны жасырын 
емес. 
      Ендеше  баласын  тастамаған,  жетім  мен  жесірін  жылатпаған,  ағайын 
туыстың  амандығын  біліп  тұрған  қазақи  тәрбиені  өзінің  алтын  тұғырына 
қондыру  өскелең  ұрпақтың  тәлім-тәрбиесі  қалыпты  жолға  түсіп,  ұлт 
болашағының даңғыл жолы ашылады.      
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
5. Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Төртінші  өнер 
кәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  Қазақстан 
халқына Жолдауы (10.01.2018 ж.). 
6. Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласы 
(12.04.2017ж). 
7. Н.Назарбаевтың  «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы (15.12.2017 ж.) 
8. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы Жол 
- болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауы  
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ТАБЫСТЫ ЕЛ БОЛУЫМЫЗДЫҢ 
КЕПІЛІ 
 
Аманова Алтын Илиасовна 
Дарынды  балаларға арналған үш тілде 
оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназия 
Алматы облысы, Қарасай ауданы 
                                                                   
                                                     Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,  
                                                                  Шайыр жазбай, кім жазады 
дастанды?!  
 
                                                                  Сүйінші, Алаш! 
                                                                  Тарихыңда толғаулы  
                                                                  Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды! 
                                                                                                  Серік Сейітман 
 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  қай  бағдарламасын  алсақ  та  өзіндік 
өзектілігі  бар.  Сондай  маңызды  да  өткір,  көрегенді  саясат  деп  «Болашаққа 
бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласын  айтуға  болады. 
Мемлекет басшысы тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге 
жан-жақты  баға  бере  отырып,  рухани  жаңғыру  арқылы  болашаққа  деген 
өзінің  парасатты  пікірлері  мен  көзқарасын  білдірді.  Көреген  көшбасшы  
Қазақстанға  түбегейлі  жаңғыру  және  жаңа  идеялар  арқылы  болашағын 
баянды  ете  түсудің  теңдессіз  тарихи  мүмкіндігін  беріп  отыр.  Тұңғыш 
Президент  өз  сөзінде:  «Мен  барша  қазақстандықтар,  әсіресе,  жас  ұрпақ 
жаңғыру  жөніндегі  осынау  ұсыныстардың  маңызын  терең  түсінеді  деп 

177 
 
сенемін.  Жаңа  жағдайда  жаңғыруға  деген  ішкі  ұмтылыс  –  біздің 
дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады. Ендеше, 
сенімнен шығып, бағдарламалық мақалада көрсетілген ел дамуының жарқын 
үлгісі  мен  нақты  қадамдарын    барша  қазақстандықтар  келелі  ойға  салып, 
салиқалы  пікір  мен  батыл  шешімдерге  ұмтылғаны  абзал  дер  едім.  Себебі, 
онда Елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі  – 
саяси  реформа  мен  экономикалық  жаңғыруды  қолға  ала  отырып,  Біртұтас 
Ұлт  болу  үшін  болашаққа  қалай  қадам  басатынын  және  бұқаралық  сананы 
қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Бұл 
әрине  бүгінгі  жаһандану  кезеңінде  Қазақстанның  игілігіне  жарату 
жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.                
           Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлының  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру»  атты  жаңа  мақаласын  оқып,  болашаққа  бағдарланған  соны 
өзгерістермен  таныстым.  Мақалада  баяндалған  біраз  жайттар  «Қазақстан-
2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа   саяси  бағыты» 
Жолдауында  көрсетілген  болатын.  Оның  ішінде  халықтың  өзінің  ұлттық 
сана-сезімі мен қалыптасқан кодын сақтай отырып, жаңғыруы бүгінгі заман 
талабы.  Жаһандану  үрдістері,  өркениеттер  тайталасы  шарықтаған  заманда 
халықтың  халық болып қалуы, мемлекет іргесінің беріктігі осындай кешенді 
қадамға  байланысты  болмақ.   Бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі  болып  отырған 
мақалада  көтерілген  латын  әліпбиі  туралы  кесек  ой  да  елді  жаңа  өзгерістер 
белесіне  бастары  анық.  Дүйім  жұрт  жаңа  әліпби  арқылы  әлемдік  өзгерістер 
көшіне  еркін  араласа  алады.  Бұл  бағытта  арнайы  бағдарлама,  әдістеме, 
әліпбидің  өзіндік  стандарты  әзірленетін  болады.   Қазақстанды  өркениет 
көшінің алдына бастайтын жаңа бастамалар қашанда көпшіліктің қолдауына 
ие.  Рухани  жаңғыру  –  адам  баласының  оның  ішкі  әлемінің  жаңаруы,  сана-
сезімі,  жаңа  өзгерісті  қабылдай  білуі.  Рухани  жаңғыруда  өркениеттің  өрге 
жүзуімен  байланыстырамыз.  Тарих  сахнасына  көз  жүгіртсек,  өскен  ұлттың 
өрби  түсуіне  осы  «рухани  жаңғыру  дәлел».    Ұлан  ғайыр  қазыналарымызды 
қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы 
түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. 
Ұлттық  бірегейлікті  сақтау.  Елбасымыз  үшінші  қағидасында  ұлттық  код, 
яғни  халқымызға  тән  салт-санамыз,  асыл  мәдениетіміз  бұлардың  барлығы 
бойымызда  жалындап,  үні  шырқалып  тұруын  баса  айтты,  сонда  ғана  алға 
басулар  болатының  ескертті.  Білімнің  салтанат  құруы.  Қазіргі  таңда  білім 
бағдарламаларының  елімізге ұтымды үлес  қосып келе  жатқанын  айта  келіп, 
табыс  тізгіні  –  білімді  болашақ  жастардың  қолында  екеніне  баса  назар 
аударды. 
         Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және 
білімділікке  ұмтылу  Елбасы  мақаласының  өн  бойына  алтын  арқау  болып 
өрілген.  Тәуелсіздіктің  нығаюы,  дамыған  елге  айналуымыз  үшін 
қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, 
озық  стратегиялармен  жарақтануы,  халықаралық  коммерциялық  һәм 
концептуалды жобаларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан көшбасшысы 

178 
 
айтқан  «бәсекеге  қабілеттіліктің»  бір  шарты. Тәуелсіздік  ала  отырып,  Қазақ 
елі  «күрес  кеңістігіне»  аяқ  басты.  Бодандықтағы  ел  бәріне  мойынсынуы, 
көндігуі,  ассимиляцияға  ұшырап,  жойылып  кетуі  мүмкін.  Тәуелсіз  елге 
ешқашан  ертеңге  енжарлық  танытуға,  саяси  және  экономикалық  өмірге 
селқос  қарауға  болмайды.  Оның  үстіне  мемлекеттілікке  төнген  жаһандық 
сын-қатерлер  саны  артқан  сайын  «күрес  кеңістігі»  де  кеңеюде.  Тәуелсіз 
мемлекеттер үш басты аждаһадай анталаған экстремизммен, сепаратизммен, 
терроризммен  күресуге  мәжбүр.  Жас  мемлекеттер  тәуелсіз  ел  ретінде  өмір 
сүруі үшін күресуге мәжбүр. Бұл күрестен мемлекет ешқайда қаша алмайды. 
Қашса,  тек  тарихтың  қойнауына,  тұңғиығына  ғана жол  тартады.  Сондықтан 
Мемлекет  басшысы  жат  идеологияларға  ұлттық  құндылықтарымыз  бен 
отаншылдығымыз  арқылы  төтеп  беретінімізді  атап  көрсетті. Елбасы 
мақаласының «Прагматизм» атты бөліміне назар аудартқым келеді. Батыста, 
ірі державаларда болып жатқан сайлау науқандары тіпті дамыған елдерде де 
жұртшылықтың  бос  демагогия  мен  популизмге  қарсы  иммунитетінің 
жоқтығын, өтірік – қаңбақ, шын – салмақ екенін түсіне бермейтінін паш етті. 
Әлемде шын жүйріктердің емес, «тіл жүйріктердің» заманы туған ба дерсіз. 
Бұл  халықаралық  қоғамдастық  кезігіп  отырған  кезекті  «сын-қатер»  болса 
керек. «Ұлт  немесе  жеке  адам  нақты  бір  межеге  бет  түзеп,  соған  мақсатты 
түрде  ұмтылмаса,  ертең  іске  аспақ  түгілі,  елді  құрдымға  бастайтын 
популистік 
идеологиялар 
пайда 
болады» 
деген  
Н.Назарбаев алдағы онжылдықтардың ұранына «реализм мен прагматизмді» 
ұсынады. «Жалғандық  жарға  жығады»  дейді  қазақ  даналығы.  Біз  –  бабалар 
батасы дарыған, ата аманатын аялаған елміз. Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік 
жылдары  қоғамды  бос  демагогия  дертінен  арылтуға  күш  салды.  Оның 
орнына  елді  өркендетер  түбегейлі  жаңаруларға  жұмылдырды.  Білім  биігіне, 
ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді қауіпті 
өмірге 
айналдырмаудың 
және 
нақты 
жаңғырудың 
қамы.  
Біз  ұлтымыз  бойындағы  тек  жақсы  қасиеттерді  дамытсақ,  озық  білім  мен 
үздік  жаңалықтарды  дарытсақ,  жымиып  күліп,  жылмаң  сөйлеп,  жыландай 
жылжыған  жат  идеологияларға  лайықты  тойтарыс  берсек,  жерұйықтай 
мемлекетке айналамыз. 
        Елбасымыздың жаңғыруы өскелең ұрпақтың болашақта дамуына аса зор 
мүмкіндік  береді.  Сондықтан  заман  талаптарына  сай  өмір  сүріп  жүрген 
жастардың түйсігіне сіңдіру мақсатында Елбасының аталған мақаласының іс 
жүзінде  жүзеге  асырылуына  қолдау  көрсетіп,  күш-жігер  салуға  ықпал  ету 
үшін насихаттау міндетті.  Жаңғырудың маңыздылығы мемлекет пен ұлттың 
саналы  түрде  жаһандық  үрдістерге  бейімделуіне  септігін  тигізетіндігіне 
сенім білдіреміз. Елбасымыздың рухани жаңғыруының әрбір тармақтарының 
өзектілігіне  мән  бере  отырып,  алға  басатын  қадамымызды  үш  ойлап,  бір 
басуымызды ұмытпайық. 
          Қорыта айтқанда, бұл Елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген 
үндеу  өсиеті  деп  білемін.  Ішкі  руханиятымыз  арқылы,  сыртқы  өзгерістерді 
жақсы  жағынан  қабылдап,  жаңғырудың  даңғыл  жолына  түсуге 

179 
 
көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай 
өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді.  
Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа 
меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық! 
 
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ – БІЛІМ  САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА  КӨКЖИЕГІ 
 
Аталыков Боранбай Беккасымович 
Алматы облысы, Көксу ОМ мектепке дейінгі шағын орта КММ 
мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 
 
                                                               «Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі, 
                                                           Ақыл-ой  –  азаттығымыздың  алдаспаны». 
                                                                                                         Н.Ә. Назарбаев 
 
         Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы  «Егемен»  баспасы  –  ел  дамуының 
жарқын  үлгісі  мен  нақты  қадамдарын  көрсететін  келелі  ой,  салиқалы  пікір, 
батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Ел  Президентінің «Болашаққа 
бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласын  зер  сала  оқып 
шықтым.  Елбасы  елдің  бүгіні  мен  болашағы  туралы  ой  толқындарын  – 
қуатты  сезім  ағысымен  жүректен  өткізе  отырып  толғана,  тебірене  сыр 
шерткенде,  таңданыстан  бас  шайқамау  қиын.  Оның  Отанға,  елге,  ұлттық 
құндылықтарға  деген  сүйіспеншілігі  сүйсінтеді. Мемлекет  басшысы 
аталмыш жаңғырудың негізгі  қызметі мен  ерекшеліктеріне  ой  жүгіртіп,  бұл 
жаңғырудың  маңыздылығына  тоқталады:  «Жаңғыру  атаулы  бұрынғыдай 
тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, 
замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық  дәстүрлерді  табысты  жаңғырудың 
маңызды  алғышарттарына  айналдыра  білу  қажет.  Егер  жаңғыру  елдің 
ұлттық-рухани  тамырынан  нәр  ала  алмаса,  ол  адасуға  бастайды.  Сонымен 
бірге,  рухани  жаңғыру  ұлттық  сананың  түрлі  полюстерін  қиыннан 
қиыстырып,  жарастыра  алатын  құдіретімен  маңызды»  [1].  Саяси, 
экономикалық  реформаларда  егеменді  еліміз  бірқатар  жақсы  нәтижелерге 
қол  жеткізгені  баршаға  мәлім.  Ол  адами  құндылықтар,  рухани  қазына, 
жастарды  тәрбиелеу,  олардың  бойына  патриоттық  рухты  сіңіре  білу 
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. 
Бұл  дегеніміз  –  ұлтымыздың  барлық  ұлттық  салт-дәстүрлерін,  мемлекеттік 
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген 
асыл  ұғымға  келіп  саяды.  Елбасымыздың  рухани  жаңғыруға,  руханиятқа, 
білім,  ғылымға  маңыз  беруі  –  үлкен  көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерлеуін 
жылдам  қарқынмен  жылжытатын  қозғаушы  күш.  Бұл  –  тәуелсіз  еліміздің 
бақытты  болашағы  мен  алаңсыз  келешегі  үшін  жасалып  жатқан  жұмыс. 
Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, 
әрбір  жеке  тұлғадан  құралған  қоғам,  туған  еліміз  үшін  де  өте  маңызды 

180 
 
үдеріс. 
        Әсіресе,  көптен  күтіп  жүрген  латын  қарпіне  көшу,  жазуымызды 
қалыптастыруға  байланысты  айтылған  мәселесі  орынды  көтерілді  деп 
ойлаймын.  
        Мемлекет  басшысы  2012  жылы  желтоқсан  айында  жария  еткен 
«Қазақстан  –  2050»  стратегиясында  «2025  жылдан  бастап  латын  әліпбиіне 
көшуге  кірісуіміз  керектігін»  мәлімдеген  болатын.  Сондықтан  бұл 
мақаласында  Үкіметке  нақты  тапсырма  бере  отырып,  қай  уақытта,  қалай 
латын қарпіне өтетінімізді айтып отыр. Яғни, 2025 жылға қарай іс-қағаздары, 
мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі де латын әліпбиімен басылады деген сөз. 
Бұл  қоғамдық  ғылымдар  үшін  міндеттелетін  үлкен  шара  болары  анық. 
Әсіресе,  Тіл  білімі  институтына  үлкен  жауапкершілік  артып  отыр.  Елбасы 
биылғы  жылдың  соңына дейін  қазақ әліпбиінің  жаңа графикадағы бірыңғай 
стандартты  нұсқасын  қабылдау  жөнінде,  2  жылда  ұйымдастыру  және 
әдістемелік жұмыстар жүргізілетіні айтылған. Әрине, бұған үлкен дайындық 
керек. Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»  дейді  ұлы  Мұхтар  Әуезов.  Әрбір 
білімгер  өз  жері  мен  оның  байлығының  иесі  болу  үшін  жаңа 
технологияларды  меңгеріп,  жаңаша  өмір сүруге  үйренудің  жолдарын  білуге 
тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын 
керек  ететін  болса,  сол  жаңашыл  адамдарды,  болашақ  қоғам  мүшелеріне 
білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім 
беру  ұйымдары  Елбасы  көздеген  бағыттарға  лайықты  болуы  тиіс.  Ең 
бастысы,  білім  беруге  қойылып  отырған  жаңа  талаптарды  орындауда 
көптеген  жұмыстар  жүргізіліп,  жастардың  үш  тілде  білім  алуына,  жаңа 
технологияларды  білім  беру  жүйесіне  енгізуде  өңірімізде  келелі  жұмыстар 
атқарылуда. 
       Ұлт  жоспарын  орындауда  әр  саланың  өзіндік  үлесі  болса,  ұзтаздар 
қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие 
беруді  жаңаша  құру,  оны  осы  Елбасымыз  көрсетіп  отырған  талаптарға  сай 
орындау деп білемін.  «Жалғандық жарға жығады» дейді қазақ даналығы. Біз 
–  бабалар  батасы  дарыған,  ата  аманатын  аялаған  елміз.  Сондықтан  Елбасы 
Тәуелсіздік жылдары  қоғамды бос  демагогия дертінен  арылтуға  күш  салды. 
Оның  орнына  елді  өркендетер  түбегейлі  жаңаруларға  жұмылдырды.  Білім 
биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді 
қауіпті өмірге айналдырмаудың және нақты жаңғырудың қамы. Тоқсан ауыз 
сөздің тобықтай түйіні, Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың «Болашаққа бағдар: 
рухани  жаңғыру»  мақаласы  тәуелсіз  еліміздің  даму  бағыты  өрілген  өзекті 
мақала екені даусыз. 
       Бұл  мақалада  сананы  жаңғырту,  ұлттық  болмыстан,  ұлттық  кодтан 
айырылып  қалмай,  оны  әлемдік  құндылықтармен  үйлестіріп,  Қазақстанның 
игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп 
отыр.  
         Елбасымыз  Қазақстан  үшін  қайта  түлеудің  айырықша  маңызды  екі 
үдерісі  –  саяси  реформа  мен  экономикалық  жаңғыруды  қолға  ала  отырып, 

181 
 
Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық 
сананы  қалай  өзгертетіні  жөнінде  алысты  болжайтын  көзқарастарымен 
бөліседі.  Мемлекет  басшысы  аталмыш  жаңғырудың  негізгі  қызметі  мен 
ерекшеліктеріне  ой  жүгіртіп,  бұл  жаңғырудың  маңыздылығына  тоқталады: 
«Жаңғыру  атаулы  бұрынғыдай  тарихи  тәжірибе  мен  ұлттық  дәстүрлерге 
шекеден  қарамауға  тиіс.  Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық 
дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу 
қажет.  Егер  жаңғыру  елдің  ұлттық-рухани  тамырынан  нәр  ала  алмаса,  ол 
адасуға бастайды.[2]  
       Саяси,  экономикалық  реформаларда  егеменді  еліміз  бірқатар  жақсы 
нәтижелерге  қол  жеткізгені  баршаға  мәлім.  Ол  адами  құндылықтар,  рухани 
қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу 
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр.             
Елбасының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық 
мақаласында 6 бағытқа басымдық берілген. 
1. Бәсекеге қабілеттілік
2. Прагматизм; 
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау; 
4. Білімнің салтанат құруы; 
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 
6.Сананың  ашықтығы. 
        Соның бірі  - білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру. Осы жүйе бойынша 
ауқымы  кең  жұмыстар  атқарылып  келеді.  Құндылықтар  жүйесінде  тек 
білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана зор табысқа жетеді. Жастар басымдық 
беретін  межелердің  қатарында  білімнің  үнемі  бірінші  орында  тұруы  шарт. 
Бұл  –  Елбасының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласында 
айтылған ой. Іргелі ілім үйрету арқылы шәкірттерді шынайы патриот қылып 
қалыптастыруға болады, - дейді шара бастамашылары.  
      Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында бізге сергектік пен серпіліс керек. 
Президент  ұсынған  тың  идеялар  -  жаңа  нәтижелі  көкжиектерге  бастайтын 
серпіліс.  Бұл  ретте  барлық  оқу  орындары  қоғамдық  сананы  жаңғыртудың 
қозғаушы күші болуы тиіс. 
       Төл  тарихымызды  білу  де  –  парыз.  Өткенге  зер  салмай  болашақты 
болжауға  болмайтындығын  түйсінген  жастар   конференцияда  өздерінің 
ғылыми  жобаларын  қорғады.  Қоғамдық  сананы  жаңаша  жаңғыртуда 
мектептер  мен  жоғарғы  оқу  орындарының  білім  беру  және  жас  ұрпақты 
тәрбиелеу  ісінде  алар  орны  ерекше.  Табысты  болудың  ең  басты  факторы  - 
білім екендігін әркім терең түсінуі керек. Жиында ортаға салынған ортақ ой – 
осы. 
       Аталмыш  бағыттардың  бәрі  барынша  өзектендірілген  және  уақыттың 
талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай 
қажетті  қасиеттер  мен  құндылықтардың  қайнары  тоғысып,  ақыл-парасаты 
толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, 
бәсекеге  қабілетті  болатыны  ақиқат.  «Болашақта  ұлттың  табысты  болуы 

182 
 
оның  табиғи  байлығымен  емес,  адамдарының  бәсекелік  қабілетімен 
айқындалады. Сондықтан,  әрбір  қазақстандық, сол арқылы  тұтас  ұлт ХХІ 
ғасырға  лайықты  қасиеттерге  ие  болуы  керек.  Елбасының  бағдарламасын 
толық  қолдай  отырып,  рухани  мәдениеттің  дамуы  үшін  тағылымды  ұлттық 
тәрбиенің  қайнарынан  сусындап,  биік  адами  құндылықтардың  кемелдену 
барысында әрбір маман иесі атсалысу керек. 
         Мемлекет  басшысының  «Қазақстанның  Үшінші  жаңғыруы:  жаһандық 
бәсекеге  қабілеттілік»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы  біздерге,  ғылым 
адамдарына  нағыз  прагматикалық,  нақты  әрі  түйінді,  еліміздің  болашағы 
үшін тағдыршешті мәселелерді көтерген атаулы құжат болды. 
Жолдау  біздің  еліміздің  ширек  ғасыр  ішіндегі  екі  жаңғырту  үрдісін 
аяқтап, үшінші, экономикамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін 
қамтамасыз ететін, жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына 
көшуімізді айқындап берді. 
          Цифрлы  технология  біздің  өмірімізге  тәуелсіздігіміздің  бастапқы 
жылдары-ақ  батыл  енгізіле  бастады.  Ең  алдымен,  мектептерді  жаппай 
компьютерлендіру  қолға алынды.  Компьютерлер  кеңседе де, үйде де негізгі 
ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады, ақпаратпен орындалатын кез 
келген  жұмыс  компьютер  көмегімен  жүзеге  асырылатын  болды.  Ақпаратты 
сақтау  да,  тасымалдау  да  жолға  қойылды.Сымсыз  телефондар,  желілік 
телеарна  –  осы  бағдарламаның  жемісі.  Жаңа  дамып  келе  жатқан  жасанды 
интеллект  белгілі  бір  алгоритм  жоқ  жерде  пайдалануға  жол  ашады.  2011 
жылдың 18 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұлттық 
жерсеріктік  «OTAU  TV»  телерадио  хабар  тарату  желісі  іске  қосылған 
болатын. 
Бүгінде 
ұлттық 
оператор 
қызметін 
пайдаланатын 
үй 
шаруашылықтарының  саны  миллионға  жетуге  жақын.  Цифрлы  стандартқа 
көшкен  сәтте,  Қазақстанда  жерсеріктік  жүйе  абоненттерінің  саны  небәрі  6 
300  болғанын  ескерсек,  бұл  көрсеткіш  аталған  қызметтің  халық  арасында 
үлкен  сұранысқа  ие  екенін  көрсетеді.  Бұл,  әсіресе,  ауыл  тұрғындарына 
қатысты, өйткені, оның абоненттерінің 70 пайызы ауылдық жерлерге келеді. 
           Президенттің    Жолдауында  елімізде  үлкен  экономикалық  және 
технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, 
тағы  сол  IT  саласына  басымдық  беріледі.  Жалпы,  Қазақстанда  ақпараттық 
технологияларды  мемлекеттік  секторға  ендіру  жұмыстары  осыдан  он  жыл 
бұрын  сәтті  басталған.  Оған  мысал  келтіруге  болады,  ол  –  «eGov»  жүйесі 
немесе  Қазақстанның  электронды  үкіметі.  Дәл  осы  жүйенің  көмегімен 
бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізе аласыз. 
Құжат  ресімдеу,  коммуналдық  қызмет  түрлерінің  ақысын,  салық,  айыппұл, 
сақтандыру  және  өзге  де  қызмет  түрлерін  үйде  отырып  төлеуге  кез  келген 
қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле 
түседі.  Ақпараттық  технологиялар  қарыштап  дамып  бара  жатқан  мына 
заманда  IT  саласын  дамытпасақ,  дамыған  30  елдің  қатарынан  көріну  қиын. 
Өйткені,  өркениетті  елдердің  барлығы  осы  цифрлы  жүйеге  көшіп, 
өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып 

183 
 
келеді.  Жолдауда  Елбасы:  «Білім  беру  ісінде  қолданылатын  және  басқа  да 
перспективалы  салаларды  дамыту  керек.  Жалпы    халықтың  бақуатты  өмір 
сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың 
әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті 
елдердің  қатарына,  яғни  алдыңғы  «отыздыққа»  қосыла  алады.  Ал,  бұл 
мақсатқа  жету  үшін  еліміз  Үшінші  жаңғыруды  еңсеруі  тиіс.  Алдағы  кезде 
замана  көшінен  қалғысы  келмеген  әрбір  азамат,  мамандар,  ғалымдар  мен 
студенттер  ұялы  байланыс,  телекоммуникация,  сандық  ТВ,  кеңжолақты 
интернет,  ақпараттық  технологиялар,  Е-үкімет,  Е-сауда,  интерактивті 
жарнама  және  әлеуметтік  медиа  саласындағы  өзекті  тақырыптардан  тыс 
қалуына болмайды. 
            Мұғалім    ретінде  маған  Елбасының  мақаласында  айтылған 
гуманитарлық бағыттағы 100 ең жақсы оқулықтарды әртүрлі тілдерден қазақ 
тіліне  аудару  туралы  жобасы  қатты  ұнады.  Өйткені,  бұл  біздің  жас 
жеткіншектер  мен  мамандарымызға  білімі  жағынан  жаһандық  бәсекеге 
дайын болуға әсерін тигізеді. 
           Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамудың жаңа 
деңгейіне  көтерілуіне  өз  септігін  тигізетініне  сенімдімін.  Нақты  жаңғыру  – 
білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке талпыну деп санаймын. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет