Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет14/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  халқына  жолдауы.  «Жаңа  әлемдегі  жаңа 
Қазақстан» 
2.  Химия анықтамалығы 2015ж 
3.  Химия мектепте журналы №1-3, 2015ж 
4.  Қазақстан мектебі 2014/2015ж 
5.  Нұрахметов 
Н.Н.  Химия.  Әдістемелік  нұсқау.6.  Исабек.  Н. 
«Компьютерлік технологияны пайдаланудың оңтайлы өлшемдері» 
 
 
НАСЛЕДИЕ – ДЕТЯМ.  СОХРАНЕНИЕ КУЛЬТУРНО-
ИСТОРИЧЕСКОГО НАСЛЕДИЯ В УСЛОВИЯХ ДДУ 
 
Мухаметжанова Загира Калкамановна 
Заведующая КГКП «ДДУ «Балақай» 
ГУ «Отдел образования города Балхаш» 
 
из личного педагогического опыта  реализации программы  
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» -  
«Курс в будущее: духовное обновление»  
 
Сравнительно недавно казахстанское общество стало следовать новому 
курсу  социального  сознания.  После  опубликования  статьи  Главой 
государства  Нурсултаном  Назарбаевым  весной  2017  года,  сберечь  и 
приумножить  исторические  ценности  нашей  страны  -  стало  основным 
движущим  аспектом  программы  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  - 
«Курс в будущее: духовное обновление». [1/  Назарбаев  Н.А.  Статья  «Взгляд 
в будущее: модернизация общественного сознания», 12 апреля 2017года.] 
Как  известно,  данная  программа  включает  в  себя  6  специальных 
проектов: «Туған жер», «Сакральная география Казахстана», «Казахстанская 

132 
 
культура    в  современном  мире»,  «100  новых  учебников»,  «Перевод 
казахского  языка  на  латинскую  графику»,  «100  новых  лиц»,  которые 
реализуются  по  четырем  базовым  программам:  «Атамекен»,  «Тәрбие  және 
білім»,  «Рухани  қазына»,  «Ақпарат  толқыны».  [2/infourok.ru  Статья 
Темирбаева  М.Е.  Воспитание  казахстанского  патриотизма  в  условиях 
поликультурного общества] 
В  разнообразии  представленных  направлений  важно  понять,  что 
духовное  возрождение  Казахстана  началось  не  сегодня.  За  годы 
независимости проделана большая работа. В рамках программы «Культурное 
наследие» обновлены историко-культурные памятники, в рамках еще одной 
программы  –  «Народ  на  волнах  истории»  –  собраны  самые  важные 
документы,  касающиеся  истории нашей  страны и народа. Теперь предстоит 
еще  более  масштабная  работа.  В  ежегодном  Послании  Президента  Глава 
государства  пишет,  что  стремление  к  образованию  всегда  было  характерно 
для нашего народа.[(3/www.ducalem.kz ] 
В 
современных 
условиях 
успешно 
жить 
сможет 
только 
высокообразованный  человек.  Каждый  казахстанец  должен  понимать,  что 
дошкольное  образование  –  самый  начальный  фундаментальный  фактор 
успеха в будущем.  
Действительно,  новое  поколение  характеризует  желание  понять 
историю  и  культуру  своего  народа.  Важно,  что  мы  не  просто  храним 
традиции, а стараемся перенести их в будущее, не утратив самого главного. 
Работа над этим особо значительна в дошкольные годы. Именно в этом 
периоде  начальной  социализации  ребенка,  мы,  воспитатели,  приобщаем 
маленького человека к мирозданию. [4/    Комарова Т. Искусство как фактор 
воспитания любви к родному краю // Дошкольное воспитание 2006 №2, с.3-
8.] 
Что  касается  личного  профессионального  опыта  по  реализации 
президентской  программной  статьи,  считаю  основополагающим  акцентом 
знакомство  детей  с  историей  Родины,  ее  достопримечательностями,  как 
одним из важных путей заявленной модернизации общественного сознания. 
В  ДДУ  «Балақай»  г.Балхаш  активно  ведется  работа  патриотического 
кабинета,  деятельность  которого  считается  проектной,  но  уже  по 
достоинству  оценена  как  педагогическим  составом,  так  и  самими 
воспитанниками. 
Тематическое  оформление  и  занятия  на  государственном  языке  с 
использованием современных пособий погружают детей в уникальную среду 
- родную колыбель - духовно обогащая каждого. 
Мои  же  педагогические  усилия  направлены  на  то,  чтобы  вырастить  в 
маленьком ребенке большого патриота, любящего свою Родину, настоящего 
гражданина Казахстана. 
Именно  с  этой  целью  в  нашем  ДДУ  создана  рабочая  программа 
нравственно-патриотического  воспитания  «Рухани  жанғыру  –  взгляд  в 

133 
 
будущее»,  соавторство  которой  считаю  новым  веянием  и  опытом  в 
организованной деятельности.  
Целью  указанной  рабочей  программы  является  формирование  у 
дошкольников чувства патриотизма на основе познания родного края. 
Планируемые  результаты  освоения  данной  программы  на  этапе 
завершения  значительны.  В  первую  очередь,  это  наличие  у  детей  знаний  о 
родном городе, появление заинтересованности к познанию родного края. Мы 
намерены  пробудить  в  каждом  малыше  чувство  бережного  отношения  и 
патриотизма к Родине.  
В  стенах  детского  сада  систематически  проходят  тематические 
выставки  совместной  деятельности  детей  и  взрослых  декоративно-
прикладного творчества. 
В своей ежедневной работе воспитательский состав широко использует 
народный  фольклор  и  игры,  отражающие  художественные  вкусы  и  быт 
наших  предков.  Народные  праздники  в  качестве  утренников  также  вносят 
свою лепту в познание народной мудрости. [5/ 
Казакова  Н.В.  Большая 
река начинается с родничка, любовь к родине с детского сада // Воспитатель 
ДОУ 2008 №12, с.31-36.] 
Информирование  о  ходе  реализации  программы  проводятся  через 
тематические собрания и педсоветы, выставки, информационные стенды. 
Проделываемая  работа  уже  дает  положительные  результаты.  Дети  с 
каждым  днем  все  больше  узнают  о  родной  культуре.  Укрепилось 
сотрудничество с родителями через совместное привитие детей к традициям 
и обычаям, воспитанию патриотических чувств. 
В  нашем  дошкольном  учреждении  родители  не  просто  гости,  они 
полноправные  участники  воспитательного  процесса,  знающие  о  том,  что 
любовь к Родине рождается из чувства любви к семье. 
Не  стану  скрывать,  что  такое  взаимодействие  –  длительный  процесс, 
совместный труд, требующий следования выбранной цели. 
Искренне  верю,  что  выбранный  нами  путь  по  реализации  программы 
«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  -  «Курс  в  будущее:  духовное 
обновление» - верный и является успешной ранней социализацией личности, 
которая  уже  сейчас  выбирает  для  себя  осознанное  и  ответственное 
отношение к Родине. 
 
Список литературы: 
1.  Назарбаев Н.А. Статья «Взгляд в будущее: модернизация общественного 
сознания», 12 апреля 2017года. 
2.  infourok.ru 
Статья  Темирбаева  М.Е.  Воспитание  казахстанского 
патриотизма в условиях поликультурного общества. 
3. www.ducalem.kz 
4.  Комарова  Т.  Искусство  как  фактор  воспитания  любви  к  родному  краю  // 
Дошкольное воспитание 2006 №2, с.3-8. 

134 
 
5.  Казакова  Н.В.  Большая  река  начинается  с  родничка,  любовь  к  родине  с 
детского сада // Воспитатель ДОУ 2008 №12, с.31-36. 
 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАРҚЫН 
БОЛАШАҒЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ 
 
Бельгибаева Гульнар Айтбаевна 
№ 57 балабақшасының меңгерушісі Алматы қаласы 
 
«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз,  
әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда  
ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» 
Нұрсұлтан Назарбаев 
  
Елбасының «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» атты  мақаласында  
қазіргі  Қазақстанның негізгі  рухани  құндылықтары айқын көрініс тапқан. 
Бұл мазмұны мағыналы, ауқымы өте кең,  ұлттық  сананы  ХХІ ғасыр  биігіне  
көтеретін рухани  жаңғыру  бағдарламасы  деуге  болады. Көшбасшы ғылым, 
білім,  мәдениет  пен  тарихты  тұтастай    қамтитын  ұлттық    рухани    жаңғыру 
бағдарламасын  халыққа  ұсынып,  жаңа    ұлттың,  жаңа    қазақтың    феноменін 
анықтап беріп, осы жаңа дәуірдегі  ұлттың  рухани  жаңғыру  жолының алты  
бағдарын  айқындап  ұсынды.    Оның  ең  негізгісі  ұлттың  терең  тарихынан 
бастау  алатын  рухани  ұстанымды  сақтап  қалу.      Мақаланың  әр  тармағы 
жарқын болашаққа жетелейтін бағыт-бағдарға тұнып тұр. 
 
       Елбасының    мақаласын  біз    мектеп  жасына  дейінгі балалардың,  яғни 
еліміздің болашағы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы басты 
міндетіміздің тұғыры ретінде, олардың бойына рухани құндылықтарды сіңіре 
отырып,  қазақтың  салт-дәстүрін  сақтап,    мұратын  жүзеге  асырудың  түп 
негіздерін 
көрсетіп 
берген 
тұжырымдамалық 
бағдарлама 
ретінде 
қабылдадық.  
             Ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлық арманын, 
осынау  ұлан  байтақ  жерін  қорғап,  осы  уақытқа  жеткізгені  баршамызға  аян. 
Рухани жаңғырған,  дамыған елдің  ұрпақтары сондай текті бабаларымыздың 
ұрпағы екендіктерін сезініп, еркіндік, білімді  ұғымдарын саналарына сіңіріп, 
қастерлеуі қажет.    
            Ұрпақ  тәрбиесі  –  ата-бабамыздан    келе  жатқан  рухани  мұралардың 
бірі. Қай елдің болсын бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дәстүрлі ұлттық 
тәрбие  мен  рухани    құндылықтарымен    сабақтасып    жүзеге  асатындығы 
белгілі.  Сол  себептен  де  төл  дәстүрімізді,  әдебиетіміз  бен  мәдениетімізді  
жаңғырту,    тілімізді  өркендету,  еліміздің  болашағы  қазіргі  ұрпақ 
болғандықтан  оларды  қазірден    бастап,  ең  алдымен,  білімді,  ұлттық 
құндылықтар  мен  заманауи  игіліктерді  өз  бойына  біріктіріп,  ұштастыра 
білетін,  өз  елінің  нағыз  жанашыр  азаматтары  ретінде  қалыптастыру, 

135 
 
бүлдіршіндердің    бойына    ұлттық    құндылықтарды    дарытып,  рухани  бай 
мұрамызды бойларына  сіңіре тәрбиелеу  біздің міндетіміз. 
 (http://rc-dd.kz/kk 1б)   
      Рухани жаңғыруда  маңызды   бағдардың  бірі  «сананың ашықтығы».   
Сананы  рухани  жаңғыртуға  бәсекеге  қабілетті,  білімді  елдің  ғана  қолынан 
келеді.  Бұл  тұрғыда  Алматы    қаласы  Білім  басқармасының  МКҚК  «№57 
балабақшасында»   жас ұрпақты болашағына сеніммен қарайтын, елін, жерін 
сүйетін,  өнер,  білімге  құштар  болу  үшін  мектеп  дейінгі  ұйымда  заманауи 
технологияларды  қолдана  отырып,  заман  талабына  сай    жаңғыру 
қағидаларын  алға  қоя  отырып,  ұлттық  сананы  оятатын  іс-шаралар  мен 
жұмыстар  жүйелі атқарылады. 
      Балалардың    сөздік    қорын    молайтып,    ана  тіліне  деген 
қызығушылықтарын  арттырып,  қазақтың  данышпан,  Ұлы  адамдарының  
айтқан  нақыл  сөздерін  есте  сақтап  және  туған  елге,  жерге  деген 
сүйіспеншілікке,  патриоттық  сезімге  тәрбиелеп,  рухани  сезімдерін 
қалыптастыру, ұлттық сананы оятуда  тәрбиеленушілер  арасында «Мың бір 
мақал» атты мақал-мәтел жарысы ұйымдастырылды. 
            Ұрпақ  тәрбиесі  жайындағы  озық  ұлттық  мұраны  бүгінгі  тәлім-тәрбие 
барысында  әдет-ғұрпымызды,  салт-дәстүрімізді,  жаңғырта  отырып,  жас 
ұрпақтың қалыптасуына тәрбие құралы ретінде қолданатын  ұлттық ойындар 
балаларды  әділдікке,  достыққа,  сыйластыққа,  кішіпейілділікке  тәрбиелей 
отырып, рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. 
Алматы  қаласы  Білім  басқармасының  ұйымдастырумен    «Балабақшада 
«Рухани  жаңғыру»    аясында  ақпараттық  технологияның  қолданылуы» 
тақырыбында  ұйымдастырылған  қалалық  семинар  тыңдаушыларына 
көрсетілген  «Ұлттық  ойын  қобдишасы»  атты  оқу  қызметінде    ұлттық 
ойындар туралы тәрбиеленушілердің  білімдерін кеңейтіп,  баланың  бойына 
ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда тәжірибе алмасты.  
           Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуда  педагогикалық  үрдісті 
ұйымдастырудың  негізгі  түрі  ойын  іс-әрекеті  болғандықтан    сананы  рухани 
жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруда ұлттық ойындар өте тиімді.    
           Мектеп    жасына  дейінгі  балалардың  бойында  отансүйгіштік  сезімді 
дамытуға,  ұлттық  салт-  дәстүрді  сақтау,  мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеу 
сияқты  сезімдерді    қалыптастыруды    жүзеге    асыру  мақсатында  мектепке 
дейінгі  ұйымда  күнделікті  оқу  қызметтерінде,  сонымен  қатар  «Тәуелсіздік 
күні», «Тұңғыш  Президенті күні», «Қазақстан халқының тілдер күні» сияқты 
айтулы мерекелер кезінде еліміздің болашағы балабақша тәрбиеленушілеріне 
рухани  тәлім-тәрбие  беріп,  ұлттық  рух  сезімін  қалыптастыруға  негізделген 
іс-шаралар  жүйелі түрде ұйымдастырылып  өткізіледі.   
           Ұлттық  бірегейлікті  сақтау    бағдарында
    «Ұлттық  жаңғыру  деген 
ұғымның  өзі  ұлттық  сананың  кемелденуін  білдіреді.Оның  екі  қыры  бар. 
Біріншіден,  ұлттық  сана-сезімнің  көкжиегін  кеңейту.Екіншіден,  ұлттық 
болмыстың  өзегін  сақтай  отырып,  оның  бірқатар  сипаттарын  өзгерту»  деп  
атап көрсетті.  

136 
 
          Ұлттық  бірегейлікті  сақтау  мектепке  дейінгі  ұйымдарда    «отбасы», 
«бала»  және  «педагог»    деген  үш  одақ    арасындағы  қарым  қатыныстың 
беріктігінен  басталады.    Баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік, 
қайырымдылық сынды қасиеттерді саналарына сіңіріп, жаһандану заманында 
өз  елін  қорғайтын,  үлкенді  сыйлайтын,    рухани  бай  тәуелсіз  елдің  ұрпағын 
тәрбиелеуде  отбасы  мен  тәрбиешінің  серіктесе  жұмыс  жасауының  маңызы 
зор.  Осы  тұрғыдан  балабақшада  ұйымдастырылатын  әрбір  іс-шара  және 
балабақшадағы    жылдық  жоспардың  құрылымы  ата-аналармен  серіктесе 
жұмыс жасауға бағытталған.  
          Ұлттық  бірегейлікті  сақтау  барысында  ата-анамен  балабақшаның 
ынтымақтастығын  арттырып,  бірлескен  жұмыстарда    ұлттық  құндылықтар 
мен  салт  дәстүрлерді,  тіліміз  бен  музыкамызды,  әдебиетімізді,  ұлттық 
рухымызды   жас ұрпақтың бойына қалыптастыруда: 
1.Балабақшаның дәліздері, топ бөлмелері   ұлттық  нақышта ою-өрнектермен,  
жәдігерлермен,  ұлттық  бұйымдармен  безендірілді.  Ата-аналар    көрмеге 
шығармашылығымен өз қолдарымен жасаған қазақтың қол өнер бұйымдары, 
әшекейлерін және тұрмысқа қажетті заттарын сыйлады.  
2.«Қарты  бар  ел-қазыналы  ел»    атты  1-қазан  қарттар  күніне  арналған  іс 
шараның  мақсаты  өскелең  ұрпақтың  бойына    инабаттылық,    адамгершілік 
қасиеттерді  сіңіре  отырып,  үлкенді  сыйлауға,  құрметтеуге  тәрбиелеуге 
негізделген. 
 3.  «Өнеге  отбасынан»  атты  жанұялық  сайыс  құндылығын  жоғалтпай 
ұрпақтан  –  ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  салт  –  дәстүрімізді  қадірлеп, 
қастерлеп келер ұрпаққа жеткізу үшін ұйымдастырылады. 
4.  Ұлыстың  ұлы  күні  наурыз  мерекесіне  орай,  отбасы  мен  балабақшаның 
серіктестігін  нығайту    мақсатында  «Наурыз-той  думан»    атты  іс  шара  кең 
көлемде  балабақша  ауласында  ата-аналармен  бірлесіп  өткізілуі,  жыл  сайын 
дәстүрлі  іс-шараға  айналған. Бұл іс-шарада ата-аналар  батыр-билер ауылы, 
сазгер-әншілер  ауылы,  қол-өнер  ұсталар    ауылы,  аңыз-ертегілер  ауылы 
болып,  өз  өнерлерін  көрсетіп,  балаларына  ұлттық  салт-дәстүрді  дәріптеуге 
үлестерін қосты.  
5. «Туған жерге - тағзым»  атты бағыт бойынша барлық топтың  ата-аналары 
балабақшаның ауласына  шырша, тал, гүлзарлар отырғызып,  көгалдандыру 
жұмыстарына белсенді араласады.      
           Елбасы  «Қоғамның  эволюциялық  дамуы  қағида  ретінде  мәңгі 
тұмшаланудың  синонимі  емес  екенін,  сол  себепті,  тарихтың  ащы  сабағын 
түсініп  қана  қоймай,  өзіміз  күнде  көріп  жүрген  қазіргі  құбылыстардан  ой 
түйіп,   болашақтың  беталысына  қарап,  пайым  жасай  білу  де  айрықша 
маңызды»    екенін  атап    көрсеткендей    ,еліміздің    болашағы  жас    ұрпаққа  
қазіргі  заман  талабына сай  тәлім-тәрбие  беретін    білікті де  білімді,  замануи 
технологияларды  меңгерген  педагогтардың    болуын  көздейді.    Қазақтың 
көрнекті жазушысы, 
драматург, 
публицист, 
қазақ 
әдебиетін 
қалыптастырушылардың  бірі    Жүсіпбек  Аймауыттың  «Тәрбиешінің  
айналысатыны  -  үнемі    қозғалып,  өзгеріп,  өсетін,  өркендейтін  тірі  адам 

137 
 
болғандықтан, біркелкі әдістен  табан  аумай  шектеліп  қалуға  болмайды 
...    Сабақ  беру  үйреншікті  жәй  шеберлік  емес,  ол  үнемі  жаңадан  жаңаны 
табатын  өнер»    деген    даналық  сөзін  еңбек  жолымызда  қағида  ретінде 
ұстана  отырып,    балабақша  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттырып,  жас 
педагогтарға  тәжірибелік  көмек  ұсынуда,  заманауи  технологияларға    сай 
семинарлар  ,    кеңестер  балабақшаның  жылдық  жоспарына  сәйкес    және  
жоспардан тыс ұйымдастырылады. 
           Қазір  білімге,  инновацияға  толық  мүмкіндіктер  жасалған.  Әр  адам       
өз  өмірінің  маңызды,  мәнді  болуы  үшін,  қоғамға  қажетті  болуы  үшін  еңбек 
ететін  болса,  осы  арқылы  біздің  әрқайсысымыз  Еліміздің  гүлденуіне 
үлесімізді қосамыз! 
           Сондықтан    «Жаңа  жағдайда  жаңғыруға  деген  ішкі  ұмтылыс  –  біздің 
дамуымыздың  ең  басты  қағидасы.  Өмір  сүру  үшін  өзгере  білу  керек.  Оған 
көнбегендер  тарихтың  шаңына көміліп  қала  береді»  деген  Елбасының  сөзін 
есімізден  шығармағанымыз  жөн.  Тұжырымы-      болашақ  ұрпақтың  ұлттық 
сана  сезімінің  көк  жиегін  кеңейтуге,  ұлттық  болмыстың  өзегін  сақтауға  
негізделген.  Сондықтан  дені  сау,  білімді,  саналы,  рухани  бай,  салауатты, 
жан-жақты  дамыған,  елін,  жерін  сүйетін,  салт-дәстүрді  құрметтей  білетін 
ұрпаққа    тәрбие  мен  білім  берудің  мазмұнын  жаңарту  аясында,  ұлттық 
құндылықтарды  мектепке  дейінгі  ұйымда  кеңінен  қолданудың  маңызы  зор 
және      мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жарқын  болашағының  тұғыры-
рухани жаңғыру болып табылмақ! 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.    Мемлекет  басшысының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
мақаласы 
2.    «Мәңгілік  ел»  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  рухани  –адамгершілік 
тәрбиелеу бойынша ұлттық идея мән мәтінінде әдістемелік ұсынымдар 
3. 
 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдау  “Төртінші 
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” 
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ 
 
Кульпейсова Гульмира Балгабаевна 
Целиноград ауданының білім бөлімі жанындағы Софиевка  
ауылының «Жарқын Ай» балабақшасы МКҚК 
меңгерушісі 
 
        Жоғары білімді әрі рухани бай адамдар ғана заманның жаңа талаптарына 
дер  кезінде  жауап  қатып,  дұрыс  шешім  қабылдай  алады.  Бұл  мақалада 
қоғамдық-саяси  және  мәдени-ағартушылық  бағыттағы  маңызды  жобаларға 
қатысты  қабылданар  нақты  қадамдар  көрсетілген.  Бұлардың  әрбіріне  үлкен 
жауапкершілікпен қарауға тиіспіз. 

138 
 
       Только  духовно  богатые  люди,  причем  с  высшим  образованием, 
своевременно  отвечает  требованиям  нового  времени  замерзания,  может 
принять  правильное  решение.  В  этой  статье  общественно-политической  и 
культурно-просветительской  направленности,  принятием  важных  проектах 
реальные  шаги.  Для  каждого  из  которых  должны  отнестись  с  большой 
ответственностью. 
       «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»  деген  халқымыздың  ежелден  келе 
жатқан  нақылы  бүгінгі  күні  де  өз  маңыздылығын  жоғалтпай  келеді.  XXI 
ғасырға  аяқ  басып,  тәуелсіз  мемлекетіміздің  көк  байрағы  әлемдік  аренада 
желбіреп,  мемлекетіміз  бен  ұлтымызды  дүниежүзі  тануда.  Күн  санап 
өзгерген  заман  талабы  жаңа  тарихи  кезеңге  қадам  басқан  жаһандану 
ғасырында  ұлттық  санамыз  бен  діңгегімізді  сақтап  қалу  барша  қазақ 
халқының  алдында  тұрған  үлкен  мүдде.  Мәңгілік  ел  орнатып,  дамыған  30 
елдің  қатарына  қосылуды  мақсат  етіп,  өркениеттің  ұлы  көшіне  өз 
халқымыздың  мәдениетін,  тарихын,  салт-дәстүрін  ұмыттырмай,  келер 
ұрпаққа жеткізу керек.  
       Елбасы  «Рухани  жаңғыру:  болашаққа  бағдар»  атты  Қазақстан  халқына 
жолдаған саралы мақаласында: 
-  Күллі  жер  жүзі  біздің  көз  алдымызда  өзгеруде.  Әлемде  бағыты  әлі 
бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі 
дүниеде  сана-сезіміміз  бен  дүниетанымымызға  әбден  сіңіп  қалған 
таптаурын  қағидалардан  арылмасақ,  көш  басындағы  елдермен  тереземізді 
теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, 
заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға 
сіңіруіміз керек, -  деген тың көзқарасын білдірді. [1, 8 бет] 
       Осы  орайда,  зиялы  қауым,  білім,  ғылым,  ағартышулық  саласындағы 
кәсіби  қауымдастықтың  өкілі  ретінде    рухани  жаңғыру  -  балабақшадағы 
сәбилерімізге  тәлім-тәрбие  беруден  басталады  деген  ұстанымдамын.  Рухты 
жаңғырту үшін  – сананы жаңғырту керек. Ата-баба тарихын толық зерттеп, 
бала  санасына  сіңіріп,  тәрбиелеуіміз  керек.  Балабақша  қабырғасынан 
«Алпамыс»,  «Қобыланды»,  «Ер  Тарғын»  сияқты  батырларымызбен  «Ер 
Төстік»,  «Толағайдай»  ертегілерді  дәріптеп,  солар  туралы  кітап, 
мультфильмдер  көрсетіп,  бала  қиялын  дамытуымыз  керек.  «Жеті  атасын 
білмеген  –  жетесіз»  дегендей,  әр  балаға  өз  ата  -  бабасын  білуді,  солармен 
мақтануды  үйрету  –  басты  әрі  маңызды  міндет.  Балабақша  балалары  өз 
отбасын,  ауылын,  өзі  туылған  елді-мекендер  тарихын  біліп,  сонымен 
мақтанып,    өсетін  болады.  Тарихи  құндылықтарды  біз  үнемі  бала  санасына 
жеткізіп  отыруымыз  керек  және  зерттеп,  зерделеп,  бүгінгі  заманның 
көқарасына  ұштастырып,  бала  санасына  ерік  бергеніміз  жөн.  Бұл  ұзақтау 
процесс  болғанымен  бір  жүйеге  нақты  қойылса,  бас-аяғы  4-5  жылда  жаңа 
буын  мүлде  басқа  формацияда  елге,  жерге  деген  сүйіспеншілікпен  қарай 
бастайды.  Сонда  ғана  елін,  жерін  мақтан  етіп,  рухы  мықты,  ата-баба  салт-
дәстүрін  білетін  «Мәңгілік  елдің»  негізін  қалаушы  жас  қырандар  биікке 
көтерілері нақ.  

139 
 
      Маған бағынышты мектепке дейінгі мекеме Ақмола облысы, Целиноград 
ауданына  тиесілі   Софиевка  елді-мекенінде  орналасқан  «Жарқын  Ай» 
мемлекеттік    балабақшасы.    Мекеме  2016  жылдың  басында  жергілікті 
әкімдіктің  қолдауымен  «Балапан»  бағдарламасы  аясында  өз  есігін  ашты. 
Қазіргі  таңда  балабақшада  орыс  және  қазақ  тобында  барлығы  78  бүлдіршін 
тәлім алуда.  Ең алдымен балабақша жетекшісі ретінде, мектептегі ұстаздық 
білімім  мен  тәжірибемді  кеңінен  қолданып,  адами  капиталды  басқарудағы 
замануи  менеджмент  құралдарын  жан-жақты    пайдалануға  тырысамын. 
Көптеген  әріптестерімнің  пікірінше,  рухани  жаңғырудың  педагогтар  үшін 
маңызы  зор.    Жаңғыру  –  мемлекет  пен  қоғамның  өзегін  жаңарту,  ұлттың 
санасын  өзгерту  арқылы  елге  жаңа  сапа  берудің  әлемде  баламасы  жоқ, 
ерекше  бағдарлама.  Олай  болса,  ұрпақ  тәрбиелеу,  жан-жақты  дамыған, 
бәсекеге  қабілетті  азамат  өсіру,  білім  беру  жұмысымен  қатар  жүреді.  Сол 
себепті,  рухани  жаңғырудың  басты  тірегі  –  ұстаздар  қауымы  деген,  кәсіби 
қауымдастықтың  көзқарасына  толығымен  қосыламын.  Осы  орайда 
балабақша  жетекшісі  ретінде   заман  талабына  сай  көштен  қалмай,  соңғы 
жаңалықтарға  көз  жүгіртіп,  назардан  тыс  қалдырмауға  тырысамын.  
Әрдайым жұмыс процесстеріне жаңашылдық енгізіп, қызметкерлердің кәсіби 
біліктілігін арттыруға  көп  көңіл  бөлемін.  Жетекшілік  лауазымына келгенде, 
ең алдымен әлемдік мектепке дейінгі мекемелердің озық тәжірибесін кеңінен 
зерттедім. 
      Бір  сөзбен  айтқанда  балабақшадағы  рухани  жаңғыру  –  бұл  барлық 
мекемелердің  бірегей  жүйесі,  жеке  және  бірлесе    іске  асырылатын,  жаңа 
қоғамның кірпішін қалайтын   заңнамалар мен бұйрықтардың жиынтығы деп 
есептеймін.  Табысты  болудың  ең  іргелі,  басты  факторы  білім  екенін  әркім 
терең  түсінуі  керек.  Жастарымыз  басымдық  беретін  межелердің  қатарында 
білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. 
      Өзім  басқарып  отырған  «Жарқын-Ай»  мемлекеттік  балабақшасында 
жоғарыда  аталған  ұтымды  әдістерді  әрдайым  енгізуге  тырысамын,  рухани 
жаңашылдыққа  ұмтылудың  өзі  –  табыс  деп  есептеймін.  Балалардың 
адамгершілік  құндылықтарын,  отанға  деген  саналы  құрмет  пен  махаббат  
сезімін,  танымдық  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  мақсатында 
үнемі  түрлі:  «Сәлем,Наурыз!»,  «Қысқы  ертегі»,  «Біз  бейбітшілік  үшін», 
«Менің  көгілдір  ғаламшарым»    атты  республикалық  қашықтан  интернет  -
байқауларына  қатысып,  жүлделі  орындарға  ие  болдық.    Байқауға  қатысқан 
балабақша  бүлдіршіндері  Бас  жүлде,    I,  II,  III  дәрежелі  дипломдармен 
марапатталды,  сонымен  қатар  жеңімпаздарды  дайындаған  жетекшілерге 
алғыс хаттар берілді. 
  Үстіміздегі  жылы  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  аясында    «Туған  жер  –
алтын  бесігім»  атты  Ақмола  облыстық  Білім  басқармасының    байқауына 
қатысып,  3-орынға  ие  болдық.  Сонымен  қатар,  аудан  бойынша  Гран-при 
иегері  атандық.  Бұл  жетістік  –  бүкіл  ұжымымыздың  еңбегінің  жемісі  деп 
білемін. Табысқа қол жеткізудің бірден-бір маңызды бөлігі – топтық жұмыс, 
бірегей рух пен ауызбіршілік. 

140 
 
     «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдармалық  мақаласында  Елбасы 
Нұрсұлтан  Назарбаев  өз  елін,  жерін,  Отанын  құрметтеуге  шақырған.  Туған 
өлке әрқайсымыз үшін қымбат болғандықтан, Целиноград ауданы Софиевка 
ауылының  дамуына,  көркеюіне  үлес  қосуға  алдыма  мақсат  қойдым.  Әрине, 
жас жетекші ретінде айтарым, мұндай ауқымды мекемені басқару мен үшін 
бастапқы  кезеңде  күрделі  болды.  Алайда,  табанды  еңбек  арқасында  алдыма  
бірқатар  жеке  марапаттарға  ие  болдым:    «Көшбасшы  -2017»  мараптқа  ие 
болып,  Баку  қаласында  өткен  салтанатты  іс  -шараға  шақырылдым, 
Целиноград  ауданынның  90-жылдығына    елеулі  үлес  қосқан  үшін  Құрмет 
грамотасына  ие  болдым,  қашықтан  интернет-байқауларына  белсенді 
атсалысқан үшін және көптеген қоғамдық жұмыстарға үнемі қатысқан үшін 
алғыс хаттармен марапатталдым.   
     Сөз соңында айтарым«Жерде жатқан жұмыртқа – аспанға ұшар қыран 
болар»  дегендей,  бүгінгі  балабақшадан  дұрыс  тәлім-тәрбие  алған  ұрпақтың 
рухы жаңғырары сөзсіз.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет