Реферат тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында шетел тілі сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері


Жаңартылған білім беру мазмұны аясында шет тілі сабағын бастауыш сыныптарда ұйымдастыру



бет2/4
Дата26.12.2023
өлшемі28,26 Kb.
#199505
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
жаңартылған бб реферат нұртай арайлым ка 24
оқу үдерісін жоспарлау жоба, педагог уровень
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында шет тілі сабағын бастауыш сыныптарда ұйымдастыру
Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор.Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құпалып оқушының сөздік қорының молаюына ықпал етеді.Ән,өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады.Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді,сөйлемге дұрыс екпін қояды.Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл – күйі көтеріліп,тілге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы тиіс.Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор.Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға,ізденісін ұлғайтуға,танымдық көзқарасын қалыптастыруға,өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтанады. Электронды оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі,анықтамалық сөздік,әр тарау бойынша тесттік сұрақтар бар.Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады. Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік туады.Бұл оқушының ақпаратты,қоғам жағдайында ойлау қабілетін арттыра түседі.Осынай бағыттағы білім оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке,достық пен ынтымақтастыққа баулиды.
Оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып,танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін,көрнекі құралдар,техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет.
Мұнда оқушылар кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды.Яғни адамның ішкі жан дүниесіне сезімдік,эмоционалдық із қалдырады,сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қарым-қатынас туындатып,білімнің негізін қалайды.
Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз нағыз қабылдау жасында болғандықтан,мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады.Үш тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі балабақшадан бастап өтуді негіз етіп отыр.Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса,алдағы болашақта нұрлы жолға қадам басуына негіз қаланар еді.
Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине,ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен,соңына келе біртіндеп қалыптасып,жатық әрі әдемі шет тілінде сөйлеуіне болады.Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша әдіc-тәсілдермен тәрбиелеуіміз қажет.
Қазіргі таңда мектептерде жаңартылған бағдарлама бойынша ағылшын тілі 1-ші, 2-ші, 5-ші және 7-ші сыныптарда оқытылуда. Негізінен ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазіргі таңда ағылшын тілін білу – уақыт талабы.
Шет тілін оқытуда мотивацияның басты рөлін түсіну үшін, білім беру мекемелерінде мұғалімдерге оның негізгі әдіс-тәсілдерін, құрылымын жақсы білуі қажет. Мотивация мәселелерін қарастыруда және қалыптастыру жолын іздестіруде оны түсінуге мүмкіндік бола бермейді, себебі, мотивацияның қалыптасуы бұл мұғалімнен оқушыға берілмейтіндігі әр сабақтың үрдісінде көрінеді.
Қазіргі кезде 1- ші және 2-ші сыныптар «Smile» оқулығымен оқытылуда. Бұл кітаптың ерекшелігі сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен дискілер, жазу тапсырмалары бар жұмыс кітабы және әр сабақтың жоспары мен әртүрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген мұғалімге арналған кітабы, тақырыпқа сай көрнекіліктері берілген.
Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясына байланысты. Осы стратегиялардың үйлесімімен ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа жету үшін ең басты фактор мыналар: мұғалімнің білім алушыға немесе оқушыға деген педагогикалық іс- әрекеттің тиімділігін жетілдіру және сабақтағы әлеуметтік-психологиялық бірлестік жағдайындағы қарым-қатынасы. Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту және сабақта ойын түрлерін қолдануы керек. Өйткені, ойын – көңіл-күй, ойлау күштерін талап ететін, ұйымдастырылған сабақ болып табылады. Әр кез ойын шешім қабылдауды ұсынады, себебі, жеңіске жету мақсаты болады. Осы сұрақтарды шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Пән бойынша алған білімі емес, тіл бойынша дайындығы төмен оқушылар ойында алдыңғы, бірінші болуы мүмкін, себебі, олардың тапқырлығы, жинақтығы ойын барысында көрінеді.
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана білу, проблеманы шешу, дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған. Тиімді қолданылған кез келген технология білім сапасын арттыратыны ақиқат.
Ойын оқушылар үшін - айналадағыны танып-білу тәсілі» - деп тұжырымдайды . Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет