Реферат тақырыбы: Жұқпалы емес аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық санитарлық сараптау ережелері және тәртібі



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі22,72 Kb.
#94203
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
жұқпалы емес аурулар
вд 10, 11 БЖБ І тоқсан түзетілген, химия сессия, химия сессия, КНИГА№1 каз (1), Электро из Приборы, Численные методы 1 лабка Бактыбай Аксункар , Ләззат Жаратылыстану 66-68 сабақ 4-сынып, Диагностикалауды негізгі ралы
Бауырдың бүрісуі (цирроз печень) әртүрлі себептерден пайда болатын бауырдың атрофиялық (кішірейуі) және гипертрофиялық (ұлғаюы)түрінде кездесетін ауруы.
Ветеринариялық- санитариялық бағалау. Бауырды техникалық утилизацияға жатқызады.
Көк еттің қабынуы (перитонит). Егерде құрсақ қуысының сүбе көк еті қабынса жылтыры жоғалады,сипап қарағанда бұдырланып, қан тамшылары айқын байқалады және ішектің қабырғалары көк етке жабысып қалуы мүмкін.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Зақымданған ішкі мүшелер техникалық утилизацияға жатқызады.Ұшаның қалған мүшелері бактериологиялық зерттеулерден кейін, зарарсыздандырған соң пайдалануға жібереді.Ал егер перитонит селеудің енуінен болса , онда оларды тазартқан соң тағамға босата береді. Егер селеу іріңді жаралар туғызса, не басқадай қабыну үдірістері байқалса , ұшаны техникалық утилизацияға жатқызады.
Уремия-бүйрек аурулары немесе бүйректің зәр шығару қызметінің бұқылуы , зәр шығару түтіктерінің бтелуі нәтижесінде болатын несептің құрамдас бөліктерінің өнімдерімен организмнің өзіндік улану үрдісі.
Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Қансыздандыру кезінде қанда несеп иісі болады. Тері асты және бұлшық еттер аралық дәнекер ұлпа несеп иісі бар сұйыққа толы кейде, қан құйылулар болады.Құық жыртыдған кезде , несеп құрсақ қуысына жиналады. Уремия кезінде несеп және аммиактың иісі бүкіл ұшадан шығып тұрады.,қайнатқан кезде иіс күшейеді.Сондықтан да, уремиямен ауырған қояннан алынған барлық сойыс өнімдерін утилизацияға жібереді.
Сары ауру. Сойғаннан кейін анықталатын ұлпалардың сары түске боялуы көптеген себептерге – өт жолдарының бітелуі, лептоспироз, салмонеллез,бауыр аурулары және т.б аурларға байланысты.Бұл кезде тұрақты сары түске боялу барлық ұлпаларда байқалады-майда,бұлшық етте,сіңірлерде байқалады.Лимфа түйіндері сарғыш түсті,басқан кезде сары-жасыл немесе қызғылт-сары түсті лимфа бөлінеді. Бірақ қояндарда ұлпалардың сары түске боялуы жаз кезінде каротин мен каротиноидтарға бай жасыл шөп жеген кезде,сонымен қатар рациондарда зығыр және рапс күнжарасы болған кезде болуы мүмкін екенін ескеру қажет.
Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Ұлпалардың 48 сағат өткеннен кейін де жоғалмайтын сары түске боялуы кезінде және қайнатқан кезде ащы дәм және нәжістің иісі болса, ұшаны техникалық утилизацияға жібереді.
Егер жағымсыз иісі және ащы дәмі болмаса, сары түс 48 сағаттан кейін жоғалып кетсе, ет бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне байланысты босатады.Сары түске боялудың себебі азықтандыруға байланысты болса,ұшаларды шектеусіз босатады.


ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын , оның ішінде – мал ,құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік,өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор.Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды.Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі: ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады.
Жұқпалы емес ауруларды адын алу проблемалары бүгінгі таңда үкіл әлемде , соның ішінде Қазақстанда өзекті мәселе болып табылады. Бұл жұқпалы емес ауру 77% , ал оның салдарынан орын алатын өлім 86 % құрайды.АҚШ және Батыс елдерінің тәжірибесіне сүйенсек алдын алу шаралары қажет және оларды іске асыруға боладв.Сонымен қатар, ДДҰ санағы бойынша денсаулық жағдайы 55% адамның өмір салтына байланысты тек қана 9% денсаулық сақтау жүйесіне байланысты болады екен.Әлемнің жұқпалы емес ауруларды проблемасына қатысты назары теңдесіз маңыздылыққа жетті.Оны жаһанды және аймақтық деңгейде өткізіліп жатқан іс-шаралармен куәландыруға болады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТЕР
1.”Мал дәрігерінің анықтамалығы” Қайнар 1986 ж
2.К.Н.Қожанов. “Малдың ішкі жұқпады емес аурулары” Семей-2005 ж.
3. Қ.Қожанов “Мал аурулары” Қайнар баспасы,Алматы-1989ж
4.М.Қожабаев, Ш.М.Қаратаев, “Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары”-Шымкент 2006ж
5.Қибасов Мади “Мал аурулары және оларды емдеу”Қайнар,Алматы 2004ж
6.Б.К.Ілиясов “Ветеринариялық хирургия”,Алматы 2009ж
7.”Ішкі жұқпалы емес аурулар,балау рентгенологиясы” Біләпов К.-Алматы:Қайнар, 1983 ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет