Реферат Тақырыбы: рнқ, днқ вирустары тудырған инфекциялардың микробиологиялық диагноз қою, алдын алу және емдем қағидаттары



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі198,13 Kb.
#35958
түріРеферат
1   2   3   4
Негізгі бөлім
Вирус (лат. vīrus — «у») – тірі организмдердің ішіндегі клеткасыз  тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан –кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі.
Вирустардың ашылуы темекі өсімдіктері ауруын зерттеумен тығыз байланысты. А.Мейер 1879-1882 жылдары аралығында темекі дақылының ауруын зерттеп, ол өсімдіктермен қоректенуінуіне байланысты емес екенін және ауру өсімдік шырындары арқылы берілетінін анықтады. Шырында ешбір бактерияларды таппаған соң,и ауру ферменттеріне байланыстыболы мүмкін деп ойлады. Ал 1887 жылы орыс ғалымы Д.И.Ивоновский мен В.В.Половцев, А.Мейер зерттеген темекі теңбілі ауруының екі түрін – рубуха мн темекі теңбілін тапты. Кейініен Д.И.Ивоновский тек темекі теңбілімен айланысты. Ол ауру жапырақтардың шырындарын Шеңбнрлен фильтрінен (бактерияларды ұстап қалатын) өтккізіп, алынған фильтратты сау жапырақтардың бетіне уйкеп жақты. Ауру қоздырғыштарға байланысты болмаса, өсімдік сау қалуға тиіс еді. Бірақ шырын сіңгеннен кейін сау өсімдік ауруға ұшырады, яғни теңбіл ауруының белгілері пайда болады. Сау жапыраққа ауру жұқты деген божамға келді. Жүргізілген бүкіл тәжірибелердің нәтижелері мен алынған деректі мәліметтердің бәрі бірдей болып шықты. Сонымен зерттелген фильтратта бактериялардың өзгеше бір ауру қоздырғышы бар деген қорыиындығы келді. Бырақ, оларды белгілі қоректік орталара өсіре алмады. 1892 жылы Д.И.Ивоновский жоғарыда айтылған жұмыстарды Санкт-Петербург ғылым академиясының бюллетенінде басылып шықты.
Д.И.Ивоновскийдан басқа, М.Бейернек (1851-1931жж.) Голландия да темекі теңбіл ауруын зерттеді. Д.И.Ивоновский сиякты ол да 1898жылы белгісіз бір ауру қоздырғыш бар екенін дәлелдеді. Сонымен қатар жаңа қасиеттерін анықтады-шырынды кептіргенде және спиртпен өңдеп тұнбаға түсіргенде, инфекциялық қасиетін жоғатпайтындығын байқады. Мұндай ауру қоздырғышты Бейернек латынша « contagium vivum fiuidum» (сұйық аууру қоздырғышы) деп атады.
Ф.Лефлер мен П.Фроски (1892) аусылмен ауыратын ірі қара малдардың ұлпаларында сүзгіден өтетін және көбейе алатын қоздырғышты тапты. Гаванада 1900 жылы сары безгектің індеті пайда болды. Бұл аурудың қоздырғышы бөлініп алынды. Бірақ, У.Рид ауру массалар аоқвылы таралатындығын, Д.Керфол ауру адамның қанында сүзгіден өтетін қоздырғыш болвһытындығын дәлелдеді. Осындай сүзгіден өтетін ауру қоздырғыштарын вирус (лат.virus – «у») деп атады.
1892 жылы В.Бабеш және 1903 жылы А.Негри құтырған иттердің бас ми клеткаларынан сау клеткаларда болмайтын қосындыларды тапты. Әлі күнге дейін Бабеш-Негри дәнешіктері деп атайды.
А.Боррель (1903) ісік аурулары вирустарымен байланысты болуы мүмкін деген ойға келді. Оны 1911 жылы П.Роус тауық ісігінен және Р.Шауп (1932-1934 жж.) қоян фибромасынан және попиллома (бөртпесі) ісіктерінен вирусты бөліп аалды.
Полиомиелиттің вирусты табиғатынан К.Ландштейнер мен Э.Попперс (1909) ашты. 1933-11199947 жылдары аралығында адамда, жануарларда, құстарда тұмау ауруын тудыратын грипп вирустарының А,В,С типтері ашылды. У.Смит, К.Эндрюс, П.Лэйдлау гриптің А-типін , Т.Фрэнс пен ТМеджилл В-типін, Т.Тэлор С-типін ашты. Вирус қоздыратын аурулардың басым көпшілігі 20ғ, бірінші жартысында ашылды.
20ғ. Ортасында іштен не сыртқы ортаның зиянды әсерінен адамның иммунды жүйесі бұзылып, ауру пайда болатындығыанықталды. Оларды иммунды тапшылық ауруларға жатқызды. Бұл ауру жаңа түрі, пневмоцитті пневмония, 1981 жылы АҚШ-та жас ер адамдардың арасында табылды. Кейін бұл ауруды AIDS ( Acquirea Immune Defiency Syndrome ), орысша СПИД (Синдром приобретенного иммунодефицита), қазақша ЖИТС ( Жүре пайда болған иммундық тапшылық) деп аталатын болды.
Бактерияларды зақымдайтын агентті алғашқы рет Ф.Туорт (1915) стафилококтарды зеттеу барысында ашты. Одан тәуелсіз Ф. Де Эрель (1917) дизентерияны қоздыратын бактериялардың сүзгден өтетін және бактерия клеткаларын ыдырататын агентті бөліп алып,оны бактериофаг деп атады. Содан бері фагтар жан-жакты зерттейді. Олар медицинада диагностикалық мақсатта қолданылады, ал молекулярлы биология мен гендік инженерияда прокарит пен эукариоттардың гендерін клондау үшін вектор ретінде пайдаланылады.
Вирустардың химиялық қасиеттерін анықтауда Ф.Стенли үлкен үлес қосты. Ол 1935 жылыы темекі теңбіл вирусты таза кристалл күйінде бөліп алып, вирус құрамындағы белоктың белсенділігінін анықтады және оның белсенділігі тікелей белок мөлшерімен байланысты екенін дәлелдеді. А.Херши мен М.Чейз (1952) фагтардың генетикалық информациясын ДНҚ-да сақталатындығы және клетка фагпен зақымданғанда оған тек ДНҚ-сы енетіндігі дәлелденді. Кейін Френкель – Конрад (1955) вирустардың РНҚ-сы да генетикалық информацияны сақтайтындығын көрсетті, ал А.Гиеред пен Г.Шрамм (1956) темекі теңбіл вирустың РНҚ-сы ауру қоздырғыш қасиетіне ие екендегін ашты.
Биохимиялық әдістерің қолдануы вирустардың ферменттерін, нейроминидаза мен РНҚ-полимеразаны ашуға мүмкіндік туғызды. Тіпті, 1970 жылы Г.Темин мен Д. Балтимор саркома мен лейкоз қоздыратынвирустарды транскриптаза ферментінің өзгеше түрін, кері транскриптазаны ашты. Сонымен, транскриптациятікелей ДНҚ- иРНҚ жолымен емес, кері де иРНҚ-ДНҚ жолымен жүретіндігі дәлелденді. Бұл жұмыс үшін 1975 жылы Г.Темин мен Д. Балтимор Нобель сыйлығына ие болды.
Практикалық маңызды мәселелердің біріуі – жұқпалы аурудың белгілі бір қоздырғышпен байланысты екенін дәлелдеу. Р.Кох -(1876) бактериялды аурулардың қоздырғыштырын анықтауға арналған постулаттарды (міндетті ережелерді) ұсынды:

  • патоген (қоздырғыш) ауру белгілері бірдей адамдардың бәрінде болуы керек;

  • патогенді адамнан бөліп алып таза күйінде алу қажет;

  • патогеннің таза дақылынаналынған үлгісі сезімтал жануарларға енгізгенде ауру қоздыру қажет;

  • ауру жануарлардан бөлініп алынған патоген ауру адамнан бөлініп алынған патогенмен бірдей болуы керек;

Вирустар тіршіліктің ерекше түріне жатады.Олар тек сезімтал организмдардың клетка ішінде тіршідігін бітіреді. Ал сыртқы ортада ешбір тіршілік белсенділігін білдірмейді. Басқа тірі организмдерден өзгеше, тек өздеріне тән қасиеттері бар:

  • Барлық вирустар сүзілгіш келеді;

  • жасанды қоректік ортада өспейді;

  • тірі клетка ішінде тіршілік ететін облигатты паразиттер;

  • нуклеин қышқылдарының бір түрі ғана болады:РНҚ немесе ДНҚ;

  • Нәруыз түзетін жүйесі болмайды;

  • Өсіп- өнуі өзгеше- вирустың жеке компоненттері («мүшелер») сезімтал клеткалардың әр жерінде түзіліп құрастырылады, дисъюнктивті өну деп атайды. Осыған орай вирустарды жеке «viva» патшалығына жатқызатын болды.

  • Вирустардың микробтардан өте ұсақтығы;

  • Кейбір вирустарың кристалл түзетіндігі;

300 мың есе ұлғайтып көрсететін электрондық микроскоппен қарағанда вирустардың өзіндік ерекшеліктері байқалды оны полиморфтық қасиет деп атады. Соның нәтижесінде табиғаттағы шар тәрізді, эллипс пішінді, таяқша немесе жіп тәрізді түрлері анықталды. Вирустар тіршілік жағдайларына сәйкес езгергіш келеді. Олардың осы қасиетін ескере отырып, қазіргі кезде аса тиімді шипалық қасиеті бар вакциналарды жасайды.
Төменгі температурада вирустар тіршілігін жоймайды. Ал температура +55—60°-қа кетерілгенде олардың кейбіреулері бір сағаттың ішінде, ал кепшілігі Ң-90о-та қырылып бітеді. Вирустар қүрғатуға да төзімді, олардың тіршілігі жойылмайды. Ультракүлгін сәулелер де бүларға күшті әсер етеді. Көптеген химиялық заттар: этил, метил спирттері, эфир және хлороформ, вирустарды қырып жібереді. Мәселен, құтырма вирусына формалин, сулема және карбол қыиғқылымен әсер еткенде олар тез өледі. Вирустар иесіне қарай жануарлар, өсімдіктер және бактериялар вирустары болып бөлінеді.
2.1 Вирустардың негізгі ерекшеліктері

Вирустардың негізгі ерекшеліктері
1. Вирустың қүрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы). Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді.
2. Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді.
3. Вирустардың көбею ерекшеліктерін "дисьюнктивтік" түрге жатқызады. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп-өнуі одан да ерекше.
Вирустар клетка ішінде болады да жоғалып кетеді. Себебі вирус бөлшектерін, серологиялық не микроскоп әдістері арқылы клетка ішінен кездестіре алмаймыз, клетка ішінде белок пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Ал болашақ вирустың компоненттері клетканың әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы — ядрода, цитоплазмада, белоктары — цитоплазмада, содан кейін барып вириондар кұралады.
Күрделі вирустардың өсіп-жетілуі бұдан көп ерекше. Олар уақыт және кеңістікте бірнеше сатыға бөлінеді. Себебі олардың, көбеюі де бірнеше сатыдан тұрады. 
4. Вирустардың белок құрайтын жүйесі — рибосомдары жоқ. Демек вирустар өздері белок құрай алмайды.
5. Вирустар — генетикалық деңгейдегі арамтамақтар. Вирустар жасанды орталарда (ЕПА, ЕПС) өспейді. Себебі оларда ассимиляция, диссимиляция, тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі клетка керек, тек клетканың ішінде ғана, клетка материалдарын пайдаланып қана көбейе алады. Вирустар өзінің геномымен (РНҚ не ДНҚ) клетка геномына әсер етіп белгілі бір байланысқа түседі. Осылайша клетка бірге жұмыс істейтін күйге түседі, мысалы, рак ауруының вирустары. Осының салдарынан торшаның өлуі де мүмкін, себебі торша геномы зақымдалады, сондықтан торшалық РНҚ-лы құралмай, вирус геномы рибосомға еніп, оны жеңіп шығуы мүмкін.
Осындай зақымға ұшыраған клеткаларда вирустар көбейе бастайды. Демек вирустар клетканың генетикалық аппаратына "өз дегенін" істетіп көндіреді.
6. Вирустардың ендігі бір ерекшелігі ол өте ұсақ. Олар нанометрмен өлшенеді. 1 нм — метрдің миллиардтан бір бөлігі 1/1000000000 м. Демек 1 метрде - 1 000 000 000 нм, ал 1 мм - 1 000 000 нм, 1 мкм - 1 000 нм, 1 нм - 10 А°.
Мысалы, ең ірі деген шешек ауруы вирусының мөлшері жөнінен бактерияға жақындайды. Үлкендігі 250 — 350 нм. Ең кіші вирустың ірілігі (мысалы, аусыл ауруын қоздыратын вирус) 20 — 30 нм. Осындай өте ұсақ вирусты тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Себебі ондай микроскоп 200000 — 500000, не 1 — 2 млн рет үлкейтіп көрсетеді. Вирустардың осындай ұсақ болуына байланысты оларды зерттеу үшін сүзгіден өткізу тәсілдері қолданылады. Сондықтан да уақытында " Сүзгіден өтетін вирус" деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде "Вирус" деген ұғым ғана қолданылады.
7. Вирустардың тағы бір ерекшелігі — олар кристалл ретінде де кездеседі. Мұндай қасиет тек өлі дүниеде ғана болады (минералдарда). Темекі жапырақтарының ауруын қоздыратын вирусты кристалл түріндегі вирусты американдық ғалым — биохимик, вирусолог Уэнделл Стенли алған еді. Оған сол еңбегі үшін Нобель сыйлығы берілді.
1955 жылы полиомиелит (балалардың сал ауруы) вирусының кристалл түрі алынды. Вирустардың кристалл түрін жай микроскоппен де көруге болады. Бір кристалда бірнеше миллион вирус болады. Кристалдар оншақты жыл бойы сақталуы мүмкін. Дегенмен кез келген уақытта олардың өсіп-өніп миллиондап көбейіп кетуі де мүмкін.
8. Вирустардың кейбір түрлері торша ішінде "денешіктер", "қосылыстар" ретінде кездесуі мүмкін және олар торшада өздері өсіп көбейген жерде ғана болады. Мысалы: құтырық жұқтыратын вирус — цитоплазмада, аденовирустар — ядрода болады.
Вирустардың тағы бір айта кететін ерекше қасиеті бар — ол тек белгілі органдар клеткаларында және клетка ішіндегі органеллаларда өніп-өседі. Демек, вирустар клетка ішіндегі ядрода, ядрошықтар мен рибосомдарда, митохондрияларда кездеседі.
Осы айтқандардан нендей шешімге келуге болады? Вирус дегендер қандай заттар? Оларды тірі организмге жатқызуға бола ма немесе олардың табиғаты қандай?
Вирустардың пайда болу табиғаты
Вирустарды жай, майда торша ретінде қарауға болмайды. Вирустар — клеткаға дейін пайда болған нәрселер. Оларды организм ретінде де қарауға болмайды. Себебі организм дегеніміз (А. Львовтың айтуы бойынша) — өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше құрамдар мен қозғалыстар. Мысалы, ит — жүгіреді, үреді, тірі; құрбақа — секіреді, құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады. Бұл — организмдер. Бір торшадан тұратын қарапайымдылар (амебалар)—организмге жатады, ал торша ішіндегі органеллалар (хромосомдар, митохондриялар) организмге жатпайды. Себебі олар өздігінше тіршілік ете алмайды. Демек, вирустарды организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне торша керек. Сонда вирустарды қайда жатқызуға болады: жануарлар әлеміне ме немесе жансыздар әлеміне ме?
Вирустардың табиғаты ерекше. Оларда әрі тірі жануар дүниесінің қасиеттері бар, яғни көбейеді, нәсілдік және өзгеру ерекшеліктері тағы бар. Ал сонымен бірге вирустарда тірі жандар дүниесінде жоқ қасиеттер де кездеседі: вирустардың кристалл ретінде болуы, кебеюінің ерекшеліктері (дисьюнктивті түрі), нуклеин қышқылының бір түрінің ғана кездесуі. Тіпті вирустар қоректенбейді, қозғалмайды, тыныс алмайды, ештеңе бөлмейді. Осының бәрі вирустардың өлі және тірі дүние арасында тұратынын дәлелдейді. Вирустарды тірі дүниеге жатқызуға 1915-1917 жылдардағы бактериофагтың — бактериялар вирусының ашылуы әсер етті (ағылшын ғалымы бактериолог Туорт пен канадалық микробиолог Д'Эррель).
Демек бактерия клеткасының ішінде тіршілік ететін тірі арамтамақ бар екені дәлелденді. Содан соң да көптеген деректер белгілі болды. Сөйтіп, вирус қоздыратын темекі ауруының бар екені, бактерияны құртатын бактериофаттың ашылуы, адам және жануарлар дүниесіндегі жұқпалы аурулардың қоздырушылары — вирустармен байланысты екені анықталды.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет