Рефераты қызылорда 2013



бет2/2
Дата21.03.2017
өлшемі488,38 Kb.
#12039
түріРеферат
1   2

Нәтиже


Халық өнері арқылы көркемдік және эстетикалық талғамдары қалыптасқан оқушы

Сурет 1. Оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын қалыптастырудың теориялық моделі


«Модель» термині көп мағыналы, бір заттың кішірейтілген көшірмесін (самолет моделі, тұрғын үйлер макеті), математикалық формулаларды, бұрыштан горизонтқа лақтырылған дененің ұшу моделін, іштен жану двигателі жұмысының моделін, құрамы бойынша сөйлем талдау моделін, қандай да бір нәрсенің эталонын (метр эталоны, килограмм эталоны) айтамыз.

Модель – модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің кейбір жақтарын ұқсастырып бейнелейтін жаңа объект.

Модельдеу - бұл:

  • нақты бар объектілердің моделін құру;

  • нақты объектіні қолайлы көшірмемен алмастыру;

  • таным объектілерін модельдері арқылы зерттеу.

Модельдеу танымның негізгі әдістерінің бірі.

Нақты қызметтердегі объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады:



  • материалдық заттарды бейнелеу;

  • белгілі фактілерді түсіндіру;

  • болжамдар құру;

  • зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу;

  • болжау;

  • басқару және т.с.с.

Педагогикалық технологияның құрылымы мотивациялық, мазмұнды және іс-әрекеттік компоненттерден тұрады. Мотивациялық компонентінің дидактикалық мақсаты - қазақ халық өнерінің тарихын зерттеу, тәрбиелік - эстетикалық сезімін, талғамын жетілдіру, шығармашылық - әдемілікті қабылдау қабілеттерін дамыту қажеттілігін қарастырады.

Мазмұнды компонентті тұжырымдамалық - мақсатқа жету құралдары, оқыту-тәрбиелеу үрдісінің тиімділігі туралы оқулық материалдары, халық өнерінің тарихы жайлы видеоматериалдар, қолөнер арқылы оқушыларды эстетикалық бағытта тәрбиелеу және көркемдік-эстетикалық тәрбие беруде модульдік оқыту технологиясын енгізуін көздейді.

Іс-әрекеттік компонент қолөнері технологиясын үйрету барысында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін арттырып, жаңа үлгіде, жаңа технологияны пайдалана отырып, әдемілікке, сұлулыққа бауылып, өз бетінше ізденіп шығармашылық жұмыс жасауға жағдай жасап, одан әрі қарай дамытуға мақсат қойып отырмыз. Мәселен, оқытудағы ұстаным мектептегі оқыту бағдарламасында көрсетілген нұсқауды орындап, ондағы мағлұматтарды беру, оны қайталап пысықтап меңгерту болса, инновациялық оқытудағы мақсат іс-әрекет барысында оқушының эстетикалық қабілетін оятып, түрлі жағдай жасау арқылы олардың өзінше әрекеттенуіне бағдар беріп, шығармашылыққа талпындыру.

Мұғалімнің оқытатын пәні негізгі қаруы болғандықтан, біз де қолөнердің қыздарға тән бөлігін негізгі қаруымыз ете отырып, оқушыларға көркемдік және эстетикалық тәрбие берудегі тәжірибемізді көпшілік назарына ұсынбақпыз.

Әрбір сабақтың тиімді формалары мен көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің әсерлі тәсілдерін табу мұғалімнің негізгі міндеті. Оқушы әр сабақ сайын есейіп, жаңа білім үйренуі керек. Біздің көздейтін мақсатымыз оқу барысында оқушылардың белсенділігін арттырып, алған білімдерін өмірде, күнделікті тұрмыста пайдалана білуге үйрету.

Төменде технология пәні бойынша 8-сыныпта жүргізілетін «Матамен жұмыс істеу» бөліміне құрастырылған оқу бағдарламасын ұсынамыз.


Кесте 2 – «Халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын қалыптастыру» оқу бағдарламасы



Бөлімі

Сағат саны

Модульдің мазмұны

Уақыты

Ескертпе

1

2

3

4

5

Кіріспе

1 сабақ-


Кіріспе

1. Халық өнері жайлы мәліметтер, жүнді өңдеу технологиясы

2. Көркемдік және эстетикалық талғамдар түсініктері

45 мин.










2 сабақ

1.Қолөнер бұйымдарын эстетикалық безендіру.

2. Киіз өңдеудің қазіргі заманғы технологиясы



45 мин.




Түзету бөлімі


3 сабақ

Практикалық жұмыс Жүнді алақанда «Үстемелеу» тәсілімен илеп басу. Моншақ жасау, оның формасының, түстерінің үйлесімділігі.

45 мин.


Жеке жұмыс

4 сабақ


Жүннен білезік пен сырға жасау, олардың формасы-ның, пропорциясының, түстерінің үйлесімділігі.

45 мин.

Жеке жұмыс

5 сабақ

Жүннен сәнді түймемен гүл жасау және оларды бисермен, моншақпен безендіру (олардың формасының, түстерінің үйлесімділігі).

45 мин.

Жеке жұмыс




6 сабақ

1. Киіз өнімдерінің жаңа үлгілерін жасау

2. Киізден бойтұмар сувенирін жасау жолдары



45 мин.

Жеке жұмыс






7 сабақ

Киізден ұялы телефон қапшығын жасау және оны бисермен, моншақпен безендіру (олардың формасының, түстерінің үйлесімділігі).

45 мин.

Жеке жұмыс

Қорытынды




1.Сынақ






2 кестенің жалғасы
Берілген теориялық модельдің негізінде зерттелген компоненттердің қалыптасу деңгейлері анықталды.

Жоғары деңгей: халық өнерінің тарихы мен түрлері туралы білімі терең, киізден және жүннен жасалған сәнді бұйымдары жөнінде өзіндік талғамы айқын және тұрақты, халық өнерінің жасалу техникалары мен кәсіби орындалуын толық меңгерген, халық өнері құндылықтарын меңгеру барысында олардың өмірлік маңызын жете түсінеді, қажеттілігін ұғынады, сәнді бұйымдардың жасалу технологиясына қызығушылығы, көркемдік және эстетикалық талғамдары жоғары, теориялық білімі мен практиканы ұштастыра отырып меңгерген технологиялық білім, біліктіліктерін жаңа білім алуда тиімді пайдалана біледі.

Жоғары деңгей оқушының даярлығының өте жақсы дәрежеде қалыптасуымен ерекшеленеді.



Орта деңгей: халық өнерінің тарихы мен түрлері туралы біршама білімі бар, киізден және жүннен жасалған сәнді бұйымдары жөнінде өзіндік талғамы бар, бірақ тұрақты емес, халық өнерінің жасалу техникалары мен технологиясын біршама меңгерген, халық өнері құндылықтарын меңгеру барысында олардың өмірлік маңызын түсінеді, қажеттілігін ішінара ұғынады, сәнді бұйымдардың жасалу технологиясына қызығушылығын, көркемдік және эстетикалық талғамдарын таныта алады, теориялық білімі мен практиканы ұштастырады, меңгерген технологиялық білім, біліктіліктерін жаңа білім алуда пайдалана біледі.

Сонымен, орта деңгей оқушысы өз бойындағы даярлықтың құрамдас компоненттерін өздігінен қалыптастыруға деген ұмтылысымен, талпынысымен ерекшеленетіндігін байқаймыз.



Төменгі деңгей: оқушы халық өнерінің тарихы мен түрлері туралы білімі жеткіліксіз, киізден және жүннен жасалған сәнді бұйымдары жөнінде өзіндік талғамы байқалмайды, халық өнерінің жасалу техникалары мен технологиясын аз меңгерген, халық өнері құндылықтарын меңгеру барысында олардың өмірлік маңызын жете түсінуге, қажеттілігін ұғынуға мән бермейді, сәнді бұйымдардың жасалу технологиясына қызығушылығы, көркемдік және эстетикалық талғамдары тұрақты емес, теориялық білімі мен практиканы ұштастыра білуде сырттан көмек келуін қажет етеді, технологиялық білім, біліктіліктерін жаңа білім алуда пайдалануда қиналады; өз мүмкіндігіне сене бермейді, тек дайын үлгілермен жұмыс жасауға икемді.

Төменгі деңгейдегі оқушы шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетімен ізденуден гөрі дайын біліммен қанағаттануымен сипатталады.

Зерттеу барысында оқушыларға қазақ халық өнері негізінде көркемдік және эстетикалық талғам қабілеттерін қалыптастырудың одан әрі іс- әрекеттерге ұштасатыны эксперимент арқылы дәлелденді. Оқушылардың қазақ халық өнері негізінде көркемдік-эстетикалық талғамдарын қалыптастырудың жүйесі жасалынды.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Қызылорда қаласындағы № 136 Т.Жүргенов атындағы орта мектебінде және №39 Қызыл Өзек орта мектебінде жүргізілді.

Экспериментке 84 оқушы қатысып, оның 44-і эксперимент тобында, ал 40-ы бақылау тобында болды.

Кесте 3 – 8 сынып оқушыларының халық өнері негізінде көркемдік және эстетикалық талғамын қалыптастырудың көрсеткіші




Деңгей


Қалыптастыру кезеңі

Эксперименттік топ

(44 оқушы)



Бақылау топ

(40 оқушы)



Жоғары

8,2

6,5

Орташа

50,5

53,4

Төмен

41,3

40,1

Эксперименттің қалыптастыру кезеңі нәтижесінде мынаны ескеруге

болады: анықтау экспериментінің басында эксперимент және бақылау

топтарында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.



Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық

талғам қабілеттерін дамыту үшін ең қолайлы шарттарды беретін технология

пәні болып табылады. Оқушылардың белсенділігі мен көркемдік және

эстетикалық танымдық іс-әрекеттері арқылы дамыту көптеген ғалымдардың

еңбектерінде қарастырылған. Оқу мақсаты меңгерілетін мазмұнның көлемімен

қоса оны меңгеру деңгейлерін де көрсетеді, онда модульдік оқыту арқылы

оқушылардың мұғаліммен қалай тиімді әрекет жасау керектігі жөнінде жазбаша

түрде ақыл-кеңес алады. Бірақта оқушылар көркемдік және эстетикалық



танымдық қабілетін дамыту көптеген еңбектерде зерттелгенмен де,

бұл мәселені толықтай шешілген деп есептеуге болмайды.

Осы орайда, ең алдымен көркемдік және эстетикалық түсініктеріне тоқталып өтелік. Оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдық қабілеттерін дамытуда оқытудың модульдік технологиясын пайдаланған жөн. Білім беру саласын дамытуға оқу бағдарламасын қолдануда төмендегідей мүмкіншіліктерді, оқытудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін - білім жүйесін меңгеру және оқушылардың көркемдік және эстетикалық таным белсенділігін дамыту ұжымдықпен ғана емес, өзіндік жұмыстарды орындау үрдісінде жүзеге асыратын дербестік әрекетті ұйымдастыру қажет.

Қорытындылап айтар болсақ, оқушының көркемдік және эстетикалық таным белсенділігі дамуының маңызды шарты болып табылатынын болжауға болады.

Қазіргі кезде қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаның эстетикалық талғамын қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақты белсенді өмірлік эстетикалық ұстанымда тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі оқыту үрдісінде оқушының эстетикалық талғамдық ұстанымын қамтамасыз ету міндетін жүктейді.


Кесте 4 - 8 сынып оқушыларының халық өнері негізінде көркемдік және эстетикалық талғамын қалыптастырудың көрсеткіші

Деңгей


Қалыптасқан эксперимент соңы

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

басы

Соңы



басы

соңы



Жоғары

8,2

35,3

-27,1

6,5

13,9

-7,4

Орташа

50,5

42,5

8,0

53,4

55,1

-1,7

Төмен

41,3

22,2

19,1

40,1

32

8,1


Сурет 2- Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру

деңгейінің диаграммасы.

Эксперименттің қорытынды нәтижесінде байқалғаны:

Бақылау тобында экспериментінің басында төмен деңгейді оқушылардың

40,1 % - ы көрсетсе, соңында олардың саны 8,1 %-ға азайды, орташа деңгейді

оқушылардың 53,4 % - ы көрсетсе, соңында олардың саны 1,7 %-ға өсті,

жоғары деңгейді оқушылардың 6,5 % -ы көрсетсе, соңында олардың көрсеткіші 7,4 % -ға өсті (сурет 5).

Эксперимент тобында экспериментінің басында эксперимент топтарында

төмен деңгейді оқушылардың 41,3 % - ы көрсетсе, соңында олардың саны

19,1 %-ға азайды, орташа деңгейді оқушылардың 50,5 % - ы көрсетсе, соңында

олардың саны 8,0 %-ға азайды, жоғары деңгейді 8,2 % -ы оқушылардың

көрсетсе, соңында олардың көрсеткіші 27,1 % -ға өсті (сурет 5).

Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Жүргізілген тәжірибелі-эксперимент жұмыстарының нәтижесі оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларының қазақ халық өнері негізінде көркемдік және эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық моделі бойынша ұсынған оқу бағдарламасы мен әдістеменің тиімділігін дәлелдейді.


Қорытынды

Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси қөзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда таныта біліп, салт-дәстүрі, рухани мұрасы ерекше маңызға ие болып отыр, сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қолөнері.

Әр халықтың қолөнері оның тарихы мен әдет-ғұрып, салт-санасымен астасып қатар өркендейді, қолөнері адамның әсемдікке, нәзіктікке деген сезімін тербеп, сол салада табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты қабылдау қабілеттілігін арттырады. Ол арқылы біз зор рухани эстетикалық тәлім алып, әлемдік өнер шыңына қанат қағамыз. Кішкене түймеден бастап, толып жаттқан үй жиһаздары, киім кешек, ыдыс-аяқ, әсемдік, сәндік бұйымдары т.б., барлығы да халық қолөнерінің туындылары болып табылады.

Заман талабы халық мұраларына қашанда қырағы көзқарастың, ізгі қамқорлықтың қажет екенін пайымдайды. Оны қорғауды, зерттеу нәтижесін ұрпақ игілігіне ұсынуды алға тартып келеді. Елдік қамқорлықтан қағажу көріп, шеттеліп қалған халық мұрасына деген көзқарасты түбірімен өзгертіп, рухани кемелдік тұрғысынан нақты шаралар белгілеу, оны нақты іске асыру - уақыт талабы, ұрпақ міндеті. Тәрбиелік мәні бар алуан түрлі халық мұраларымен таныстыру, бұрынғысы мен бүгінгісін салыстырып, құрметтеуге баулу - бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбекқор, жан - жақты жетілген, ұлттық өнерді сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Қолөнер - ғасырлар бойы дамып, жетіліп, уақыт сынынан сүрінбей өтіп, қаланып келе жатқан халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы.

Оқушыларға халқымыздың қолөнерін үйретумен эстетикалық тәрбие береміз, өнер мектеп өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретінде, әлемді біртұтас жағымды мәнімен қабылдауға, бағалауға үйретеді. Қол өнеріндегі әртүрлі көркем іс-әрекеттерді меңгере отырып, адам тек өнершінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар өзін талғампаздыққа тәрбиелейді.[ Бастауыш мектеп - республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал. № 9,10, 2005.]

Оқу-тәрбие үдерісінде қазақ халық өнері негізінде технология пәні арқылы сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыруда жаңа міндеттер жүктейтіні, эстетикалық тұрғыда қоршаған ортаны қабылдау сияқты мәселелер теориялық зерттеу мен, бұл тұрғыда әдістемелер жалпы тәжірибелі-экспериментте тексеріліп, дәлелденді. Сонымен, қорыта келе айтарымыз мынандай болды:

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық............................... қалыптастырудың теориялық негіздері, ұғымдар мен анықтамалар нақтыланды;

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастырудың мүмкіндіктерін, оның моделі жасалып, негізделді;

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастыруда мұғалімдер үшін арналған әдістемелік жұмыстардың мазмұны және оның құрылымы, оқу бағдарламасы жасалынды;

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастыруға арналған әдістеменің тиімділігін практикалық тұрғыда тексеріліп, орта мектептің оқу жоспарына енгізуге ұсынылды.



Қорыта айтқанда, технология сабағында оқушыларға көркемдік-эстетикалық тәрбие беруде халық дәстүрлерін, тарихи өнердің, қолөнердің түрлерін көбірек пайдалану қажет. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, кәсіби мазмұны арқылы жетіп отырды.

Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша жарияланған

еңбектер тізімі
1.Совершенствование технологического образования студентов к эстетическому воспитанию школьников // Республиканская научно-практическая конференция: «Повышение качества дополнительного образования в условиях модернизации педагогического процесса в современной школе» г.Семей, 26-27.04.2012 – 69-73 бет (Қошқарова Ш.З., Жунисова А.Т. авторлық бірлестікте)

2. Оқушылардың эстетикалық талғамын халық өнері арқылы қалыптастыру //

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция: «Жоғары кәсіптік білім берудің инновациялық дамуы: тәжірибесі, мәселелері және келешегі» Қызылорда, 18-19.10.2012 (Қошқарова Ш.З. авторлық бірлестікте)

3. Халық өнері негізінде жастарға эстетикалық және ұлттық тәлім-тәрбие беру / /Қарағанды Болашак университеті «Қазіргі заманғы маңызды мәселелері» (халықаралық ғылыми журнал) № 6(86), 2012




Резюме

Наурызбаева Айгерим
Формирование художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства
на соискание академической степени магистра педагогических наук по специальности 6М012000 – Профессиональное обучение (по отраслям)
Актуальность исследования:   В  концепции воспитания министерства образования Республики Казахстан показаны: «Всестороннее воспитание к красоте и опрятности на основе национальной культуры и искусства, систематическое усвоение культурного наследия прошлого  человеческого общества, воспитание знаний красоты духовных ценностей.

  На основе этой концепции одной из важных проблем современной отечественной системы образования является воспитание гражданина подрастающего поколения интеллектуальным, в сочетании с высокой культурой, соответствующего требованиям времени.

Ручное искусство, процветая наряду с историей, традициями, обычаями каждой народности, совершенствует способность человека к восприятию прекрасного, развивает чувства к красоте, нежности по-своему орнаментируя символику природы. Мы через него поднимаемся к вершине мирового искусства, получая духовное эстетическое вознаграждение. Начиная с маленькой пуговки до мебели, одежды, посуды, декоративных изделий и т.п. все относится к источникам народного искусства.

«Не получив энергии от искусства угасает свет жизни» так как говорил М.Ауезов, сегодня одним из неотложных вопросов является привитие искусства своего народа подрастающему поколению.


Цель исследования: теоретическое обоснование и разработка методики

формирования художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства.

Объект исследования: Процесс формирования художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства.

Предмет исследования: использование формирования художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства.

Гипотеза исследования: если, теоретически обосновать, определить возможности, обеспечить методикой формирования художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства, претворить содержание казахского национального искусства, тогда при формировании
эстетического вкуса учащихся народному искусству будет отводится особая роль.
Задачи исследования:

- теоретически обосновать формирование художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства;

  • разработать теоретическую модель формирования художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства;

  • разработать методику формирования художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства;

  • экспериментально проверить эффективность методики формирования художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства.

Научная новизна и теоретическая значимость исследования:
- теоретически обосновано формирование художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства;

  • разработана теоретическая модель формирования художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства;

  • разработана эффективная методика формирования художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства и экспериментально проверена на практике.

Практическая значимость исследования: полученные в ходе исследования результаты формирования художественного и эстетического вкусов учащихся на основе народного искусства могут быть использованы в практике учебно-воспитательного процесса.


Summary

Nauryzbayeva Ajgerim
Formation of the art and the aesthetic tastes of students on the basis of folk art
for the academic degree Master of Education Sciences, specialty 6M012000 - Vocational training (by industry)
Relevance of the research: The concept of education Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan shows: "A comprehensive education to beauty and neatness on the basis of national culture and art, the systematic assimilation of the cultural heritage of the past of human society, education of beauty knowledge of spiritual values.

 Based on this concept, one of the most important problems of modern national education system is to educate the citizens of the younger generation of intelligent, combined with high culture, the relevant requirements of the time.

Manual Arts, flourishing along with the history, traditions and customs of every nation and improves a person's ability to perceive beauty, developing a sense of beauty and tenderness in his ornamentiruya symbolic nature. We climb through it to the top of the art world, receiving spiritual aesthetic reward. Starting with small buttons to furniture, clothes, dishes, decorative items, etc. applies to all sources of folk art.

"Do not get the energy from the art of fading light of life" as the saying M.Auezov, today one of the most urgent issues is to impart the art of his people, the younger generation.

        The purpose of the study: theoretical basis and development of methods

the formation of the artistic and aesthetic tastes of students on the basis of folk art.

Object of study: The formation of the artistic and aesthetic tastes of students on the basis of folk art.

Subject of research: the use of the formation of the artistic and aesthetic tastes of students on the basis of folk art.

Research hypothesis: if, theoretically justify, identify opportunities, provide the method of formation of the artistic and aesthetic tastes of students on the basis of folk art, put the contents of the Kazakh national art, while the formation of

aesthetic taste of folk art students will have a special role.

Research objectives:

- Theoretically justify the formation of the artistic and aesthetic tastes of students on the basis of folk art;

- To develop a theoretical model of artistic and aesthetic tastes of students on the basis of folk art;

- To develop a method of forming the artistic and aesthetic tastes of students on the basis of folk art;

- Experimentally verify the efficiency of the method of formation of the artistic and aesthetic tastes of students on the basis of folk art.

      Scientific novelty and theoretical significance of the research:

- Theoretically justified the formation of the artistic and aesthetic tastes of students on the basis of folk art;

- Developed a theoretical model of artistic and aesthetic tastes of students on the basis of folk art;

- Developed an effective method of formation of the artistic and aesthetic tastes of students on the basis of folk art and experimentally verified in practice.

Practical implications: The obtained results in the study of formation of the artistic and aesthetic tastes of students on the basis of folk art can be used in the practice of the educational process.





Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет