Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет27/27
Дата29.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#115984
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
457 журн Сбор
1- сабақ математика,6кл,каз,№132 (2), Документ Microsoft Office Word (2), Әлемнің Абайы эссе, Әлемнің Абайы эссе, Әлемнің Абайы эссе, Әлемнің Абайы эссе, 457 журн Сбор, 457 журн Сбор, 8723344261 20210927 112209 0000, PDF Scanner 311023 9.25.08
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



33 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 2.  Қолыңда қанша саусақ болса, сонша дөңгелектің суретін сал. 

 

_________________________________________________ 



№3. Қандай сурет болуға тиіс? Суретін сал, боя. 

 

№4. Тізбекті жалғастырып боя. 

 

№5. Заттарды топта. 

 

 



Сергіту сәті 

Орнымыздан тұрайық 

Мойнымызды бұрайық 

Қолымызды көтеріп 

Саусақты ашып жұмайық. 

Ой 


сергітеді, 

шаршаған-дары 

басылады. 

Ой толғаныс 

Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендік



Нені санадық? 



Бағалау 

Оқыту  үшін  бағалау 

және оқуды бағалау 

Бағалау парақшасын толтырады. 



Кері байланыс 

 

Рефлексия 

 

Ұнады 



 

Ұнамады 


 

Оқушыға  қай  тапсырма  ұнаса,  сол 

тапсырманы көрсетеді. 

 

 



 


 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



34 

Джангырхан Гауһар Саламатқызы

 

Маңғыстау облысы 



Жаңаөзен қаласының 

«Каспий» педагогика және  

салалық технологиялар колледжінің  

«Бастауыш білім беру мұғалімі»  

мамандығының 4-курс студенті 

 

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы 

 

Мамандық  –  қарапайым  өмір  сүру  көзі  болып  табылатын  және  қандайда  бір 



дайындықты,  жауапкершілікті  талап  ететін  еңбек  қызметінің  маңызды  бөлігі.  Өмірде  тек 

екі  нәрседен  қателеспеу  керек.  Оның  бірі  жар  таңдаудан  болса,  екіншісі  мамандық 

таңдаудан. Бұлай айтылудың себебі: сенің таңдаған мамандығың - сенің болашағың. 

Мамандық таңдаудан қателеспедім деп ойлаймын. Себебі оқыту бұл ұлағатты да ұлы 

іс.  Ұстаздық,  бала  тәрбиелеу  –  зерделі  де  зерек,  парасатты,  ұлттық  және  азаматтық 

құндылықтарды  ұрпақ  бойына  дарыту.  Алға  талпынған  оқушының  алдында    ұстаздың  

жауапкершілігі зор. Сондықтан оқытушылық жолды таңдауда, алдымен, мың ойланып, жүз 

толғану  керек.  Өйткені,  ол  –  жауапты  мамандық.  Адамның  адам  болып  қалыптасуында 

үлкен рөл атқарады. 

Мұғалім  болуды  өзім  кішкентай  кезімнен  армандадым.  Ұстаздарыма  еліктеп, 

мектепте  болатын  көрініс  сайыстарында  мұғалім  рөлін  сомдайтынмын.  Өзімнің 

қалауыммен  және  ата-анамның  рұқсатымен  қаламыздағы  «Каспий»  педагогика  және 

салалық  технологиялар  колледжіне  «Бастауыш  білім  беру  мұғалімі»  мамандығына  оқуға 

түстім.  Содан    тек  бастауыш  сынып  мұғалімі  емес,  арнайы  сабақтан  беретін  мұғалім 

болғым  келді.  Оған  себепкер  болған  менің  топ  жетекшім  және  қазақ  тілі  және  әдебиет 

пәнінің  оқытушысы  Бурабаева  Назгул.  Маған  білгенінің  бәрін  үйретіп,  түрлі  сайыстарға 

қатыстырып,  мені  алға  сүйреп,  маған  мотиватор  болған  ұстазым.  Ешкім  көрсетпеген 

қолдауды осы Назгул апайым көрсеткен болатын. Бұйырса осы колледжді бітіргеннен соң 

үлкен  оқу  орнына  «Қазақ  тілі  және  әдебиет»  пәні  мұғалімі  мамандығына  тапсыратын 

боламын. 

«Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы» - деп бекер айтылмаған. Ұстаз  

алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие – әрбір  жанның  өміріне  жол  

сілтер  шамшырақ  болары  анық. 

Бала  өмірге  қадам  жасаған  сәтте  оның  жолында  небір  қиындықтар  кездеседі,  сол 

кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-

анамыз  біз  өмірге  келген  күннен  бастап:  жүріп-тұруға,  оқуға,  санауға,  жаза  білуге, 

қоғамдық  орындарда  өзімізді  қалай  ұстау  керек  екендігін  үйретеді.  Алайда    ата-ананың 

үйде  берілген  тәрбиесі  жеткіліксіз,  өйткені  олар  балаға  өзінің  нәрестесі  ретінде  қарайды. 

Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол 

– ұстаз. 

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, 

Ұстаз болу – жүректің батырлығы. 

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 

Азбайтұғын адамның асылдығы. 

Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. 

 



 «Білім айнасы» 2021 ж. 

 

 



35 

Ноғаева Нурсая         

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы  

 «Каспий педагогика және технология салалық колледжінің 

бастауыш өзін-өзі тану мамандығының 1 курс студенті 

 

Тәуелсіздікке 30 жыл 

 

«Тәуелсіздік»...  Осынау  тарихқа  тұнған  ұлы  сөзді  естігенде  «Мен  қазақпын»  деген 



әрбір  жанның  жүрегінде  үлкен  сезім  орнайды  деп  ойлаймын.  Себебі,  сонау  алмағайып 

кезеңдерде  қазақ  халқы  үшін  қымбатқа  түскен,  ғасырлар  бойы  ата-бабаларымыздың 

аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді.  

Біз  бұл  кезеңді  көрмесек  те,  қазақтың  таңғажайып  тарихын,  деректерін  оқу  арқылы 

білеміз.  Бұл  қол  жетпес  бақытқа  жету  жолында  Алаш  ардақтыларының  басын  бәйгеге 

тіккені,  әсіресе  1986  жылы  болған  Желтоқсан  оқиғасына  қатысқан  қайсар  аға-

апаларымыздың  ұмытылмас  ерліктері  көз  алдымызға  елестейді.  Еліміз  тәуелсіздіктің 

бесігінде  тербелгелі  биыл  30  жыл.  Жиырма  бес  жыл  ішінде  Қазақстан  етек-жеңін  жиып, 

шекарасын  бекітіп,  өз  алдына  дербес  зайырлы  ел  болды.  Бұл  атадан  келе  жатқан  ұлы 

жеңістің  жемісі.  1991  жылы  16  желтоқсанда  егемен  алған  еліміздің  өз  Президенті,  ұлты 

мен  ұлысы,  салты  мен  дәстүрі,  мәдениеті  мен  экономикасы  болды.  Желтоқсанның  желі 

мен  ызғарына  қарсы  тұрған  жастардың  жалынды  рухы  мен  ерліктерінің  арқасында 

шаңырағы  биік,  керегесі  кең  мемлекет  болып  қалыптастық. 1991  жылы  ел  тәуелсіздігін 

алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын 

қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл 

ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі 

үшін  ерен  еңбек  керек.  Ол  оның  ішкі  және  сыртқы  әлемі,  экономикасы,  ақшасы  деген 

секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл 

ішінде  үлкен  мақсатқа  айналдырған  еліміз  астанасын  да  бекітті.  Тіпті  бүгінде  Астана 

арман  қалаға  айналды.  Апортына  бүкіл  ел  сүйсінген  Алматының  өзін  мәдениет  пен 

әдебиеттің  қаласына  айналдырды. Өзінің ішкі  туризмі, теңгесі,  ұзын  сонар  қара  жолдары 

тарамдалып  жатты.  Жер  бетіндегі  қарапайым  тірі  жандарға  зер  салсақ  та,  олардың  өз 

бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың 

символы  болған  қыран  құс  та  аспанда  еркін  самғағысы  келеді  емес  пе!  Әлемде  екі  жүз 

қырыққа  жуық  мемлекет  болғанымен,  оның  ішінде  күні  бүгінге  дейін  басқа  мемлекетке 

бағынышты  өмір  кешіп,  тәуелсіздігін  алмағаны  қаншама!  Сонау  1776  жылдың  

4 шілдесінде Америка Құрама Штаты құрылып, тәуелсіздік декларациясын қабылдады, ал 

осы кезде қазақ халқының тағдырына егеменді ел болу үшін жоңғар, қалмақтармен соғысу 

жазды.  Бұл  күндері  Қазақстан  -  егемендігін  алған  жас  мемлекет,  алайда,  оның  үш  мың 

жылдық тарихы бар қасиетті ел екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Сол уақыттан бері 

қазақ  халқы  егеменді  ел  боламыз  деп  талай  тар  жол  тайғақ  кешті,  сондықтан  мен 

тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білемін. Әлемнің алпауыт елдерінде өтіп келе жатырған 

ЕХРО-ның  2017  жылғы  көрмесі  өзіміздің  Астана  қаласында  өткізілді.  Бұл  бағындырған 

биік белестер Қазақстандай жас елдің күннен-күнге өркендеп келе жатқанын көрсетеді.Бір 

кездері арман  болған азаттықтың жоғары жетістіктері жанымызды жадыратады. Тұңғыш 

рет  қолымызға  тиген  тәуелсіздіктің  асыл  құсын  ұшырып  алмай  берік  ұстау  бүгінгі 

ұрпақтың  қолында.  Сондықтан,  егеменді  елміздің  қазіргі  өскелең  ұрпақтарына 

тәуелсіздіктің  тарихын  тереңірек  түсіндіру,  қастерлете  білу  баршамыздың  міндетіміз 



болуы тиіс.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет