Құрметті әріптес!



бет6/24
Дата08.10.2022
өлшемі0,76 Mb.
#152220
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Көркем еңбек 1-тоқсан 3-сынып
наурыз, Задания МОДО
Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Сызық туралы не білесің? Есіңе түсір.

2. Оның қандай түрлері бар?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31мин.

Сызықтың сенімді көмекшісі – штрих. Штрих дегеніміз – қысқа сызықтар. Ол да сызық тәрізді әртүрлі болады.

Штрихпен сары үрпек балапанды, тікенекті кірпіні, қылқан шөптерді, бұйра жүнді қойды және тағы да басқа көптеген қызықты заттарды бейнелеуге болады. Кішкене талпынсаң, әдемі сурет саласың!



Мына картиналарға қарап, оларды суреттеп бер. Штрихтің әсерлілігіне назар аудар.

Әртүрлі сызық, штрихтармен бірнеше жапырақтың, шөптер мен ағаш бұтағының, тіпті ағаштың тұтас суретін сал.



Мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

3-сынып оқулығы, жұмыс дәптері






Қылқалам – кескіндемеші-суретшінің қолындағы ең басты құрал. Қылқаламмен жұмыс істеудің көптеген тәсілі бар. Соның бірі – бояуды баса жағу. Оның алуан түрі болады. Суретшілер бояуды баса жаға отырып, толқын, шөп, ақша бұлттарды шебер бейнелейді.

Голланд суретшісі В. Ван Гогтің кескіндеме жұмысына қара. Бояуларына назар аудар. Суретші егіс даласын, шөпті, ағаштарды, аспан мен бұлттарды бейнелеу үшін пайдаланған бояуларды суреттеп бер.

Сабаққа қатысу белсенділігіне байланысты қалыптастырушы бағалау бойынша мадақтау сөздері арқылы ынталандырады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.





«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет