С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз



бет9/26
Дата21.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#2219
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

2. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а)+ негізгі мақсат

ә) қадағалау санитарлық

б) тамаққа өнімдері

в) бақылауды жүргізу

г) жоспарлы керек



3. Дұрыс аударылған сөзді көрсетіңіз

а)+ қадағалау-следить

ә) күдік-вредный

б) қоспа- сомнение

в) жедел-результат

г) талап- неотложный



4. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз

Жоспарлы гигиеналық сараптау қандай бағыттарда жоспарлануы керек?

а) +Тез бұзылатын азықтардың сапасын бақылауға жоспарлануы керек.

ә) Азық-түліктер сатып алу керек.

б) Зиянды қоспалар бар.

в) Тағамның сапасын арттыру керек.

г) Әр түрлі қоғамдық орындарда дайындалады.



5. Сөйлемді аяқтайтын тіркесті көрсетіңіз.

Сүт өнімдері ... ....

а) тамақ өнеркәсібінің.

ә) +тез бұзылатын тағамдарға жатады.

б) арнайы гигиеналық сараптауға.

в) денсаулығы мықты.

г) тоңазтқыш сақталды.



6. Келер шақта тұрған етістікті сөйлемді көрсетіңіз

а) Ол кеше сағат тоғызда келді

ә) Ол бұрын осы университетте оқыған

б)+Ол университетке ертең келеді

в) Ол аудиторияда сабақты оқып отыр

г) Ол кеше кітапханаға барды



7. Болжалды келер шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз

а) Мен сүт іштім

ә) Сіз сүт іштіңіз

б)+Ол сабаққа келер.

в) Мен сүт ішемін.

г) Әнел сабақ оқыды



8. Болжалды келер шақта тұрған сөздерді көрсетіңіз.

а) көрермін, барғанмын

ә)+айтармын, барарсың

б) айттым, айтқанмын

в) келіп отыр, келген

г) тыңдаған, жазыпты



9. Сөйлемдердің келер шақта тұрғандарын көрсетіңіз.

а) бүгін кітап оқыпты

ә) + кітапты ертең алмақ

б) алып қарадым

в) жақсы оқығанмын

г) дүкенге бардым



10. Етістіктің келер шақ формасында тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

а) +Әлия ертең ауруханаға бармақшы.

ә) Кітапты досынан алды.

б) Дәріс тез аяқталды.

в) Дәріханада дәрі сатып алған.

г) Сабақ 8-де басталды.



11. Келер шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) айтқан

ә) айтты

б) +жазармын

в) жаз

г) жазды


12. Болжалды келер шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) +айтар

ә) барған

б) кел


в) оқы

г) жазды



11.Негізгі әдебиеттер:

Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж. 53-55 бет


Қосымша әдебиеттер:

Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы: Атамұра, 2008.






ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

13 тақырып: Тамақтан улану.

Етістіктің райлары

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суата

1. Тақырыбы: Тамақтан улану

Етістіктің райлары.

.



2.Мақсаты: Етістіктің райлары туралы мағлұмат беру, оны орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту;

Мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру;

Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету.

3. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістік райлары, олардың қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

лексикалық материал бойынша

Адамдардың микробтардан улануы; тағамды дұрыс жерде сақтау; адамның стафилококпен улануы; уланған адамның дене қызуы; тағамнан улану; уланудың болуы; тағам бұзылмау үшін қажетті нәрселер; тағамнан уланған адамда белгілердің байқалуы; уланған адамды емдеудің жолдары;



грамматикалық материал бойынша:

Етістіктің райлары; шартты райдың, бұйрық райдың және қалау райдың жасалу жолдары;



5. Сабақты өткізу жоспары:

  • Ұйымдастыру кезені - 5 мин.

  • Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин

  • Өткен сабақты қорыту - 15 мин.

  • Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.

  • Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин

  • Мәтінмен жұмыс – 25 мин

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин

  • Бақылау жұмыстары – 15 мин

  • Үй тапсырмасын беру – 7 мин

  • Студенттің білімін бағалау – 8 мин

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату.
7. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск
8. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Бұйрық райлы етістіктерді табыңыздар, қай жақта айтылғанына назар аударыңыздар. Үлгі: айтпа – 2 жақ, жекеше

Мақал –мәтелдер

Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атыңа ауыр жүк артпа.

Аға алдында пейіліңді көрсет,

Іні алдында мейіріңді көрсет.

Оң қолың ұрыс бастаса,

Сол қолың арашашы болсын.

Атың барда жер таны,

Асың барда ел таны.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.



2-тапсырма. Етістіктердің бұйрық райда тұрғанын дәлелдеңіздер. Батаны жаттап алыңыздар.

Бата

Бір үйдің баласы болма,

Бүкіл елдің санасы бол.

Бір елдің баласы болма,

Бар елдің данасы бол.

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол

Ақты ақ деп бағала

Қараны қара деп бағала

Өзіңе –өзің кәміл бол

Халқыңа әділ бол

Жауыңа қатал бол

Досыңа адал бол


9. Бақылау жұмыстары:

Дағды құзырлылығы бойынша:



1-тапсырма. Төмендегі қалау райлы етістіктерді жіктеңіздер.

Көргісі келді,орындағым келді, үйренгім келеді.



2-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктердің қай райда тұрғанын анықтаңыз.

Мен өз ойымды айтқым келеді. Ол медицина тарихын оқып білгісі келеді. Ол келсе, театрға барар едік. Мен білімді де білікті дәрігер болғым келеді. Мен науқастарға көмектескім келеді. Сабаққа кешікпе, берілген тапсырмаларды уақытында орында. Сабақ басталғанда ұялы телефоныңды сөндір. Ертең күн ашық болса, біз тобымызбен бірге «Медеуге» барамыз.



Білім құзырлылығы бойынша

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.

Тамақтан улану

Мәтінге байланысты тірек сөздер: тамақтан улану, бұзылған тағам, іші өту, өмірге қауіп төнеді, жылы жерде тұрса, жүрегі айниды, тағамды қабылдағанда, қол-аяғы дірілдейді, жүрек соғуы нашарлайды.
Тамақтан улану – белгілі бір микроорганизммен уланған тағамды қабылдаудан болатын ауру. Тамаққа түсіп адамды уландыратын микробтар табиғатта жиі кездеседі. Мысалы: сальмонелл, протей, стафилакокк сияқты микробтар етке, балыққа, сүтке, жеміске, көкөніске түсіп көбейеді де, оларға уын (токсин) жаяды. Егер машинаға тартқан ет жылы жерде 24 сағат тұрса, оның 1 грамында 100 195 100 шамасында бактерия өседі.

Тағам бұзылмау үшін, оны салқын жерде сақтаған жөн. Бұзылған кейін жүрегі айнып, құсады, іші өтеді, дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріледі, асқа тәбеті болмайды. Егер қатты уланса, сандырақтайды, есінен танып, тамыр соғуы нашарлайды, тіпті өміріне қауіп те төнеді. Мұндай жағдайда көбіне стафилакокк микробы уландырған тағамды қабылдағанда кездеседі. Бұл микроб көбіне консервіге түседі. Бұзылған консервіні, әсіресе, балық консервісін жеген адам 24 сағаттан соң уланады, оның іші ауырады, жүрегі айнып құсады, іші өтеді. Кейде қол-аяғы дірілдейді, денесі терлейді, жүрек соғуы нашарлауы мүмкін.

Уланған адамға тек дәрігер ғана көмектесе алады. Ауру асқынбаса, науқас 2-3 күнде тәуір бола бастайды. Уланған адамды емдеудің басты шарасы: жылы су ішкізіп құстыру (қарынды жуу), немесе ішті өткізу арқылы тазарту.

2-тапсырма. Мәтін бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

тағамды қабылдау-прием пищи

тәуір болу-выздороветь

өседі-растет

тазартады-очищает

улану-отравление

құстыру-вызывать рвоту

дірілдеу-дрожать

бұзылған-испорченный

3-тапсырма. Мәтінді пайдаланып көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.

Тамақтан улану – уланған .... қабылдаудан болатын ауру. Адамды уландыратын микробтар .... жиі кездеседі. Тағамды ...... жерде сақтаған жөн. Бұзылған тағамды жеген адамның ... өтеді. Уланған адамның ... соғуы нашарлайды. Стафилакокк .... консервіге түседі. Жылы су ішкізіп құстыру ─ ... адамды емдеудің басты шарасы.


Коммуникативтік құзырлылық бойынша

Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

Тағамнан улану дегеніміз не?

Улану неден болады?

Тағам бұзылмау үшін не істеу керек?

Тағамнан уланған адамда қандай беліглер байқалады?

Уланған адамды емдеудің жолдары қандай?

Адам қандай микробтардан уланады?

Тағамды қандай жерде сақтаған дұрыс?

Адамның стафилококпен уланғанын қалай білуге болады?

Уланған адамның дене қызуы қандай болуы мүмкін?


Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

Жағдаяттық тапсырма:

Сіз дәрігерсіз. Сіздің қабылдауыңызға тамақтан уланған адам келді. Тамақтан уланған адамға қандай көмек көрсетесіз ? Қандай кеңестер бересіз?
Когнитивті – білім компетенциясы бойынша


1. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз

а) +Уланған адамға тек дәрігер ғана көмектеседі.

ә) Адам уланса тамақтан, ауырады басы.

б) Микроб көбіне консервіге түседі бұл.

в) Тәуір науқас 2-3 күнде бола бастайды.

г) Оның айныды жүрегі.



2. Дұрыс аударылмаған сөзді көрсетіңіз

а) улану-отравление

ә)сауығу - выздороветь

б) құстыру-вызывать рвоту

в)+ кемиді-растет

г) дірілдеу-дрожать



3. Дұрыс құрылмаған сөз тіркесін көрсетіңіз

а) уланған тағам

ә) есінен танады

б) бұзылған тағам

в) қуырып жеу

г) +құстыр ішкізу



4. Етістіктің шартты рай тұлғасында тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) емделемін

ә) емделу керек

б) емделді

в) емделгім келеді

г)+емделсе



5. Етістіктің бұйрық рай тұлғасындағы сөзді көрсетіңіз

а) беру


ә) бергенмін

б)+берейін

в) бердік

г) берсек



6. Қай сөз тіркесінде шартты рай бар?

а) үлкен кесе

ә) он есе

б) +тегін берсе

в) жерге төсе

г) бүгін кел



7. Қалау райлы сөйлемді көрсетіңіз.

а) +Оның дәрігерге қаралғысы келеді.

ә) Ол үйге келе жатыр.

б) Сабақ 8-де басталады.

в) Тісжегі – көп кездесетін тіс ауруы.

г) Сізді досыңыз күтіп отыр.



8. Бұйрық рай тұлғасындағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) +тісіңді емдет

ә) оқығым келеді

б) сабақ басталды

в) дәрігерге қаралды

г) тісін емдетті



9. Қалау рай тұлғасындағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) тісіңді емдет

ә) +оқығым келеді

б) сабақ басталды

в) дәрігерге қаралды

г) тісін емдеті



10. Бұйрық рай қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ол үйге қайтып келді.

ә) +Дәрігерге барыңыз.

б) Кино көреміз.

в) Емханада болдың ба?

г) Ауруханада болдық.



11. Қалау райлы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Кітапхана ашылды.

ә) Ол емханада жүр.

б) +Дәрігер болғым келеді.

в) Біз келсек, кино бітіп қалыпты.

г) Олар дәріханаға барды.

а) көрін

ә) жуу


б) +кигіз

в) киін


г) тыңдас

11. Негізгі әдебиеттер:

1.Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж. 59-60 бет

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медицина оқу орындарына арналған. Алматы, 2002

3. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001

Қосымша әдебиеттер:

Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы: Атамұра, 2008.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
14 тақырып: Тамақтану режиміне қойылатын талаптар.

Көмекші етістіктер.


2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай


1. Тақырыбы: Тамақтану режиміне қойылатын талаптар.

Көмекші етістіктер.
2. Мақсаты: Көмекші етістіктер туралы мағлұмат беру, оны орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту;

Мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру;

Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету.
3. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

лексикалық материал бойынша:

Дер кезінде әзірлену, дәмі, иісі мен көрінісінің жақсы болуы, жақсы сіңуі, сапасы төмендейді, алаңдау, зат алмасудың бұзылуы, балалар мен жасөспірімдерге, тиімсіз.



грамматикалық материал бойынша:

Көмекші етістіктер


5. Сабақты өткізу жоспары:

  • Ұйымдастыру кезені - 5 мин.

  • Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин

  • Өткен сабақты қорыту - 15 мин.

  • Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.

  • Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин

  • Мәтінмен жұмыс – 25 мин

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин

  • Бақылау жұмыстары – 15 мин

  • Үй тапсырмасын беру – 7 мин

  • Студенттің білімін бағалау – 8 мин


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату.
7. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск
8. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.

Тамақтану режиміне қойылатын талаптар

Мәтінге байланысты тірек сөздер: дер кезінде әзірлену, дәмі, иісі мен көрінісінің жақсы болуы, жақсы сіңуі, сапасы төмендейді, алаңдау зат алмасудың бұзылуы, балалар мен жасөспірімдерге, тиімсіз.

Тамақтың мүмкіндігінше дер кезінде әзірленуі, дәмі, иісі мен көрінісінің жақсы болуы, сондай-ақ, тамақты ішетін орта жағдайы оның жақсы сіңуі үшін өте маңызды. Тамақты бірнеше күнге арнап алдын ала даярлау тиімсіз, өйткені бұл жағдайда оның сапасы төмендейді. Тамақты жақсы сіңіру үшін, ас ішуді қарын сөлін жақсы бөліп шығаратын (сорпа, көкөніс шырыны, түрлі салат) тағамдардан бастау керек. Тамақтану кезінде алаңдау, бөгде істермен шұғылдану зиянды.

Таңертеңгі, түскі және кешкі ас алдында тәтті жеу тәбетті кемітеді. (Бұл “тәбетті қайтару” деп аталады). Балалар мен жасөспірімдерге негізгі тамақ ішу аралығында жеміс-жидек, сондай-ақ құрамында оңай сіңірілетін көмірсу бар кондитерлік тағамдар беру ұсынылады. Шоколад, конфеттер, цитрус жемістері, қақталған және басқа да азық түліктер көптеген адамдарда аллергия туғызады. Тамақты үнемі шамадан тыс көп ішу ішек-қарын жолы қызметінің, зат алмасудың бұзылуына, дене массасының артуына әкеліп соғады.
2-тапсырма. Мәтін бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

мүмкіндігінше - по возможности

туғызу - создовать

көрініс - вид

ішек-қарын жолы - желудочно-кишечный тракт

алаңдау - отвлекаться

тартымды - притягательный

бөгде - чужой

кеміту - уменьшать

қарын сөлі - желудочный сок


9. Бақылау жұмыстары:

Білім құзырлылығы бойынша:

1-тапсырма. Мәтінді пайдаланып көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыздар.

Дер кезінде әзірленген, ... тағам жақсы сіңеді. Тамақты бірнеше күнге арнап ... ... дұрыс емес. Тамақты жақсы ... ... , қарын сөлін бөлетін тағамдарды бірінші ішу керек. Тамақ алдында ... ... тәбетті кемітеді. Балалар мен жасөспірімдер ... ... көмірсулы тағамдар ішкені жөн. Тамақты шамадан тыс көп ішу ... ... әкеп соғады.


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына мына шылаулардың қажеттісін қойыңыздар: мен, және, әрі, сондықтан, бірақ.

Кейбір адамдар тұзды ... ащы тағамдарды жақсы көреді. Балалар ... жасөспірімдер тағамдары әр түрлі дәрумендерге бай болуы тиіс. Түскі ... кешкі ас алдында тәтті жеу тәбетті кемітеді. Тамақты аз ... жиі ішкен пайдалы. Кейбір адамдар ретсіз тамақтанады, ... денелерін май басады.


3-тапсырма.Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Важное условие нормального пищеварение – это умеренность в еде. Сигналы насыщение, свидетельствующие о заполнение желудка пищей, поступают в головной мозг с опозданием примерно на 20 минут. Поэтому люди, которые едят очень быстро, подвергаются опасности переедание. К тому же пищеварительные соки не в состоянии расщепить слишком большое количество пищи. Вот почему есть надо несколько раз в день. Завтрак должен содержать примерно 25% всей дневной нормы, обед – около 50%, ужин – 10%.


Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. .

1.Тамақ қалай әзірленуі керек?

2. Тамақ жақсы сіңу үшін не қажет?

3. Ас ішуді қандай тағамдардан бастау керек?

4. Қандай тағамдар адамдарда аллергия туғызады?

5. Тамақты артық ішу неге әсер етеді?

Өзін-өзі дамыту құзырлығы бойынша:

1-тапсырма. Ауру – астан. Ас адамның – арқауы. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, аузыңды тый деген мақалдардың мағынасын түсіндіріңіздер.
2-тапсырма. Берілген көмекші етістіктерден сөйлемдер құраңыздар.

Келіп кет, айтқан екен, құлай жаздады, айтқысы келді, айтып шықты, жазып болды.



3- тапсырма.Жағдаяттық тапсырма:

Сіз дәрігер ретінде мектепке келдіңіз. Мектеп оқушыларына тамақтану режимі туралы баяндама дайындаңыз.


Когнитивті - білім құзырлылығы бойынша:

1. Күрделі етістікті көрсетіңіз.

а) құлағы ауырды

ә) суретші болды

б) жазып отыр

в) ауруханаға жатты

г) көңілді отыр



2. Дұрыс құрылмаған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Кешкі тамақты ұйықтардан 2 сағат бұрын ішу керек.

ә) Жоғары көтерілдік біз.

б) Тамақтану режимін сақтаған дұрыс.

в) Ретсіз тамақтанған адамның дене салмағы артады.

г) Мақсаттың әке-шешесі ауылда тұрады.



3. Сөз тіркестерінің дұрыс аударылғанын көрсетіңіз.

а) недостаточное питание – тоя тамақтану

ә) задерживает выздоровление – дені су болу

б) умеренное питание – тамақ ішпеу

в) лекарственные препараты – улы дәрілер

г) закаливание организма – ағзаны шынықтыру



4. Зат есімнен жасалған етістік қатарын көрсетіңіз.

а) жазу, оқу, отыру

ә) шегелеу, бастау, тұздау

б) алу, салу

в) көру, есту

г) бару, айту



5. Болымсыз етістікті табыңыз.

а) барғансың

ә) естігенбіз

б) келмепті

в) айтыпты

г) болыпты



6. Біріккен негізгі етістіктердің қатарын көрсетіңіз.

а) айту, білу, қашу

ә) қарау, жеу, егеу

б) әкелу, әперу, әкету

в) ату, сату, жүгіру

г) жүру, ішу, отыру



7. Күрделі етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ол кітап сатып алды

ә) Асқат сабағын оқыды

б) Біз үйге кеш қайттық

в) Сендер мұражайға бардыңдар ма?

г) Біз ойнаймыз.



8. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз.

Мен ертең ауылға бара... .

а) -мыз

ә) -сың


б) -мын

в) –сыз


г) -дың

9. «Оқып отыр» етістігінің орысша баламасын көрсетіңіз.

а) играет

ә) читает

б) спит


в) уходит

г) идет


10. Туынды етістікті табыңыз.

а) жүрді, алып келді

ә) қыста, кеше

б) басқар, ұшта

в) ертең, бүгін

г) ойна, жүр



11. Қажетті көмекші етістікті жалғаңыз.

Асханаға тамақтануға бара ....

а) отыр

ә) жатыр


б) жүр

в) бар


г) тұр

12. Туынды етістікті көрсетіңіз.

Студенттер берілген жаттығуды орындап отыр.

а) жаттығуды

ә) студенттер

б) орындап отыр

в) берілген

г) студенттер берілген




11 .Негізгі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж. 62-63 бет



Қосымша әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы: Атамұра, 2008.





ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

15 тақырып: Ауа арқылы таралатын аурулар.

Етіс категориясы

2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай


1. Тақырыбы: Ауа арқылы таралатын аурулар.

Етіс категориясы.
2.Мақсаты: Етіс категориясы,оның түрлері туралы мағлұмат беру, оны орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту;

Мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру;

Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет