С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Үндестік заңы сақталмаған сөзді көрсетіңіз



бет7/26
Дата21.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#2219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

2. Үндестік заңы сақталмаған сөзді көрсетіңіз.

а) терезелер

ә) дәріхана

б) тазалық

в) еңбекші

г) ішімдік



3. Көп нүктенің орнына қойылатын сөздерді көрсетіңіз. (3)

Коммунальдық гигиенаның мақсаты – ел мекендеген жердің ... таза сақтау.

а) заттардың

ә) ауасын

б) қалдықтарға

в) сулы


г) топырақтан

4. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіздер. (1)

Гигиена қандай ғылым?

а) Гигиена мен санитария тығыз байланысты.

ә) Адам көп уақытын көпшілік орындарда өткізеді.

б) Таза ауа денсаулықты нығайтады.

в) Гигиена – денсаулық сақтау жөніндегі ғылым.

г) Гигиена әр түрлі салаларға бөлінеді.

5. Көп нүктенің орнына қойылатын сөздерді көрсетіңіз. (2)

Таза ... ... нығайтады.

а) жүрсе

ә) ауа


б) дененің

в) денсаулықты

г) денсаулыққа

6. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

а) Торлама кестең әдемі ақ.

ә) Торлама қауынның ғажап иісі болады.

б) Жігітті ой торлап, ұйқысы шайдай ашылды.

в) Шілтерлі кестені торлап тоқыпты.

г) Жігіттің иығында аузы торланған қоржын.



7. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз.

а) Ұйықташы, жаным, алтыным.

ә) Әр ақылымның бағасы-мың алтын динар.

б) Ол алтын алқа сатып алды.

в) Алтын-пайдалы қазба.

г) Алтын теңге шығарылады.



8. Ауыспалы мағыналы сөзі бар қатарды табыңыз.

а) Көп болды қан аралас көздің жасы.

ә) Әйел, еркек, бала-шаға аралас отыр.

б) Жастыққы тауық пен үйрек мамығы аралас салынады.

в) Абай ел ісіне араласқанда жас еді.

г) Бидай мен арпа араласып кетті.



9. Дұрыс құрылмаған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қазақ тілін білесіз бе?

ә) Менің әкем, шешем және інім бар.

б) Сен студентсің.

в) Жанар бармадық кітапханаға

г) Бүгін мектепке барамын.



10. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған сөйлемді көрсетіңіз.

а) біз ертең театрға барасың

ә) олар сабақтан кеш шықтық

б) сіз қаладан келдіңіз

в) сен емханада болдыңыз

г) Олар жұмысқа барасыз.




II нұсқа

1. Коммуналдық гигиена қандай мәселелерді шешуге қатысады?

2. Коммуналдық гигиена өз жұмысын қандай заңдылықтарға сүйеніп жүргізеді?

3. Коммуналдық гигиена – гигиенаның бір саласы болып қай кезде пайда болды?

4. Коммуналдық гигиена негізінде қай жылы тұрмыстық-санитарлық инспекция құрылды?

5. Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

6. Сөздер ауыспалы мағынада болғанда қандай өзгеріске ұшырайды?

7. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының жеке ғылыми пән ретінде дамығанына қанша жыл болды?

8. Санитар-дәрігердің міндеттері қандай?

9. Зат есімнің жіктелуінде қандай ерекшеліктер бар?

10. Бактерия деген не, ол қандай жерлерде болады?

11. Бактериядан сақтанудың жолдары қандай?

12. Әлеуметтік гигиена дегеніміз не?

13.Әлеуметтік гигиенаға нелер жатады?

14. Әлеуметтік гигиена қашан қалыптаса бастады?

15. Әлеуметтік гигиенаның басқа гигиеналардан қандай айырмашылығы бар?

16. Тамақтану гигиенасы дегеніміз не?

17. Ас тағамдары қандай болуы керек?

18. Ас қорыту сөлінің дұрыс бөлінуіне нелер жатады?

19. Мезгілімен тамақтанудың қандай пайдасы бар?


Тестілер

1. Септеулік шылауды табыңыз.

а) Күн еңкейе барып, қалың орманға батты.

ә) Алыс пен жақынды жортқан білер.

б) Колхоз үшін балық аулау маңыздырақ қой.

в) Жолшыбай аптап ыстық еңсемізді көтертпей қойған-ды.

г) Бірақ бой жағынан екеуі де қатарлас түсті.



2. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.

а) кітапта бар

ә) кітап алдым

б) кітап жатыр

в) кітаптың беті

г) кітаптан оқы



3. Көп нүктенің орнына керекті көмекші сөзді анықтаңыз.

Үстелдің ...нде қалам жатыр

а) арты

ә) үсті


б) жаны

в) қас


г) төбе

4. Дұрыс тәуелденген қатарды көрсетіңіз.

а) менің домбырам

ә) менің домбырамен

б) менің домбыраң

в) менің домбырасы

г) менің домбыраңды



5. Қай сөйлемде көмекші есім бар?

а) Менің пәтерім таза

ә) Студенттерге кітап керек

б) Университет жанында ағаш көп

в) Оқусыз білім жоқ

г) Сабаққа келе жатыр.



6. Тәуелдік жалғаулы сөз қолданылған сөйлемдерді көрсетіңіз.

а) Әке-шешем Семей қаласында тұрады.

ә) Асан зауытта жұмыс істейді.

б) Сіздің үйіңіз қай көшеде?

в) Бала ұйықтап жатыр.

г) Әсет әкесімен сөйлесті.



7. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған жатыс жалғауын табыңыз.

а) үйімде

ә) қалада

б) өндірісті

в) көшеде

г) орманда



8. Көп нүктенің орнына қойылатын шылауды көрсетіңіз.

Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін, .... ол жерді иодпен сүрту керек.

а) бірақ

ә) алайда

б) сондықтан

в) әлде


г) немесе

9. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Сабақ сегізде басталады және ерте аяқталады.

ә) Концерт уақытында басталды, бірақ ұзаққа созылды.

б) Бүгін күні бойы қар жауды, әрі күн де суытып кетті.

в) Қанның ақ түйіршіктері көбейеді, науқастың несебінде ағуыз пайда болады.

г) Жұқпалы аурулар тез тарайды, дегенмен олардың алдын алуға болады.



10. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын көрсетіңіз.

.... .... ..., сондықтан тез жазылып кетті.

а) Ауырысымен дәрігерге көрініп .

ә) Ем қолдану керек

б) Иммунитеті болса да.

в) Ол уақытысымен емделді.

г) Өз бетімше емделдім.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

9 тақырып: Еңбек гигиенасы.

Зат есімнің жіктелуі

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай


1. Тақырыбы: Еңбек гигиенасы

Зат есімнің жіктелуі
2. Мақсаты: Жаңа сөздермен сөйлем құрай алуды, мәтін арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды меңгерту. Құқықтық компетенция бойынша Қазақстан республикасының Еңбек туралы заңымен таныстыру
3. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі зат есімнің жіктелуін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – берілген мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4.Негізгі ұғымдар:

Лексикалық тақырып бойынша:

Еңбек гигиенасы, жұмыс істейтін орында тазалықты сақтау, еңбек гигиенасының маңызы;



Грамматикалық тақырып бойынша:

Зат есім; зат есімнің жіктелуі,


5.Сабақты өткізу жоспары:

  • Ұйымдастыру кезені - 5 мин.

  • Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин

  • Өткен сабақты қорыту - 15 мин.

  • Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.

  • Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин

  • Мәтінмен жұмыс – 25 мин

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин

  • Бақылау жұмыстары – 15 мин

  • Үй тапсырмасын беру – 7 мин

  • Студенттің білімін бағалау – 8 мин


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату.
7. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск
8.Тапсырмалар:

1-тапсырма. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысу:

зиян-вредно

енгізу-внедрить, вводить, включить

шу –шум


ауа ылғалдылығы –влажность воздуха

қарастыру-рассматривать

зерттеу-исследовать

шаң-тозаң,пыль

сәулелену-облучение

2-тапсырма. Мәтінді оқып, аудару.

Еңбек гигиенасы

(Мәтінге байланысты тірек сөздер: еңбек ету әрекеті, кәсіптік аурулар, зиян келтіру, діріл, шаң-тозаң, сәулелену, улы заттар, шу.)

Еңбек гигиенасында адамның еңбек ету әрекеті, оның адам денсаулығына әсері мен нормативті нормалары қарастырылады.

Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулардың алдын алу мәселелері 1919 жылдан бастап зерттеле бастады.

Кәсіптік аурулар – жұмысшылар ағзасына әртүрлі өнеркәсіптік зиянды заттардың немесе өндіріс ортасының әсерінен дамитын патологиялық өзгерістер. Адам денсаулығына өндірістердегі шу, діріл, шаң-тозаң, сәулелену, улы заттар т.б. зиян келтіруі мүмкін.

Жұмысшыларды уақытында медициналық тексеруден өткізу, олардың жұмыс жағдайларын жақсарту кәсіптік аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшылардың жұмыс күні қысқартылып, демалыс күндері ұзартылуы, профилактикалық тамақтандыру енгізілуі тиіс.

Өнеркәсіптік зияндығы бар мекемелерде кәсіптік аурулардың алдын алу үшін: санитарлық-техникалық шаралар; заңдық сипаты бар шаралар; медицина-профилактикалық шаралар жүргізілуі керек.

9. Бақылау тапсырмалары.

Дағды құзырлылығы бойынша:

1-тапсырма. Берілген сөздерді жіктеп жазыңыздар.

Оқытушы, шәкірт,дәрігер, қаржыгер, жазушы, тігінші, заңгер, зергер,ақын.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойыңыздар.

Сабақ қыркүйек... басталады. Маған қыркүйектің бірі..., сағат екі... келіп кет. Оның туысқандары Ақтау... тұрады. Менің туып-өскен жерім... тарихи ескерткіштер көп. Алматы... Астана... жүрдек пойыз қатынайды. Жастар жаман әдеттер... аулақ болуы керек. Азық –түлік жабық ыдыс... сақталуы тиіс. Бұл білезіктер күміс .... соғылып, асыл тастар... әшекейленген.


Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

1. Еңбек гигиенасы қандай мәселелермен айналысады ?

2. Адам денсаулығына әсер ететін факторларды атаңыз.

3. Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулардың алдын алу мәселелері қай жылдан бастап зерттеле бастады ?

4. Кәсіптік аурулар дегеніміз не ?

5. Кәсіптік аурулардың алдын алу шаралары қандай ?



Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттық тапсырма:



Сіз химия өнеркәсібі жұмысшыларына сақтық шаралары бойынша қандай кенес бересіз.

Білім құзырлылығы бойынша:

Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыздар.

Любой труд требует творческой активности. На трудовую деятельность человека оказывают влияние условия труда. К условиям труда относится все, что окружает человека в трудовой деятельности. Это окружающая температура, движение и влажность воздуха в помещении, шумы, организация нерабочего времени, отношения с товарищами по работе. Функциональное состояние работающего человека характеризует его работоспособность –способность выполнять определенный объем работы. У одного и того же человека работоспособность при разных видах деятельности неодинакова и зависит от ряда причин: опыта, условий труда, самочувствия, трудовой нагрузки.



Когнитивті –білім компетенциясы бойынша:

1. Негізгі зат есімді белгілеңіз.

а) Балықшы.

ә) Кітапхана.

б) Әке.


в) Бөлме.

г) Егін.



2. Туынды зат есімді белгілеңіз.

а) Үй.


ә) Іні.

б) Әнші.

в) Күй.

г) Аға.


3. Күрделі зат есімді көрсетіңіз.

а) Ауыл.

ә) Көрме.

б) Көкшетау.

в) Қақты.

г) Бейбітшілікті.



4. Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз.

а) Маңайда.

ә) Клубтан.

б) Көркемөнер.

в) Мектептің.

г) Сөзге.



5. Тәуелденген зат есімді көрсетіңіз.

а) Үйлерге.

ә) Қонақтар.

б) Атыңыз.

в) кітапханада

г) дәрігермін



6. Жіктелген зат есімді анықтаңыз.

а) Баламын.

ә) Сендер.

б) Қайтыңдар.

в) Еліңіз.

г) Баласы.



7. Жіктік жалғауының екінші жағында тұрған зат есімді табыңыз.

а) Баласын.

ә) Жиенсің.

б) Студентпіз.

в) Келгенбіз.

г) Адаммын.



8. Етістіктерден жұрнақ арқылы жасалған зат есімдерді көрсетіңіз.

а) аялдама, білім, тарақ

ә) жолдас, күйші, әнші

б) достық, дәрігер, биші

в) белбеу, сусын, қалам

г) дәріхана, мұғалім, бала



9. Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз

а) Суарды, жайлады .

ә) Батырлық, асхана.

б) Сөйлем, соғыс.

в) Үлкендік, командир.

г) Кітап, оқушы.



10.Төмендегі сөздерден жалқы зат есімді тап:

а) адам


ә) хайуанат

б) аудан


в) Құлагер

г) кітап


11. Зат есімді көрсетіңіз.

а) сұрады, айтты

ә) мұғалім, ұстаз

б) оқыды, жазды

в) тұрды, жүрді

г) ұзын, қысқа



Негізгі әдебиеттер:

Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж. 32-33 бет



Қосымша әдебиеттер:

Бектұров Ш.Бектұрова А. Қазақ тілі для начтнающих. Алматы 2005 ж.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

10 тақырып: Ұлттық тағамдардың маңызы.Қымыз.

Зат есімнің тәуелденуі.

2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай


1. Тақырыбы: Ұлттық тағамдардың маңызы.Қымыз.

Зат есімнің тәуелденуі.
2. Мақсаты: Жаңа сөздермен сөйлем құрай алуды, мәтін арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды меңгерту. Зат есімнің тәуелденуі туралы мағлұмат беру;
3. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі зат есімнің тәуелденуін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – берілген мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Лексикалық тақырып бойынша:

Ұлттық тағамдардың маңызы;қымыз, қонақжай халық, қуаттылығы.



Грамматикалық тақырып бойынша:

Зат есім; зат есімнің тәуелденуі.


5. Сабақты өткізу жоспары:

  • Ұйымдастыру кезені - 5 мин.

  • Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин

  • Өткен сабақты қорыту - 15 мин.

  • Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.

  • Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин

  • Мәтінмен жұмыс – 25 мин

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин

  • Бақылау жұмыстары – 15 мин

  • Үй тапсырмасын беру – 7 мин

  • Студенттің білімін бағалау – 8 мин


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату.
7. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск
8.Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.Мәтінге байланысты тірек сөздер: қонақжай халық, ұлттық тағамдар, бие сүтінен ашытылады, қуаттылығы, жеткілікті болуы.
Ұлттық тағамдардың маңызы

Қазақ халқы үшін дастарханнан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ, “Ас – адамның арқауы”, “Жаман ауруға ─ жақсы ас”, “Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады” деп халық тегін айтпаған.

Қазақ – қонақжай халық. Қазақ өз қонағына мүмкіндігінше ұлттық тағамдар беруге тырысады.

Қазақтың ұлттық тағамдары негізінен ет пен сүттен дайындалады. Айран, қымыз, шұбат, қатық, сары май, құрт, ірімшік, қазы, қарта, жал-жая т.б. мал өнімдерінен жасалады. Ұлттық тағамдардың көбі адамдарға күш қуат беріп, денсаулығын нығайтады. Мысалы, қымыз-қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Қымыз бен шұбат туберкулезбен ауырған науқасты емдеуге көмектеседі.

Біздің елімізде қымызбен емдейтін санаторий алғаш рет 1858 жылы Самара қаласынан алты шақырым жерде ашылды. 1910 жылы Бурабайда қымызбен емдейтін алғашқы емхананы дәрігер П.Н.Емельянов ашқан. Қымызда адам ағзасына қажетті элементтердің барлығы бар.

Қазақ халқының ең жақсы көретін негізгі асы – ет. Одан түрлі тағамдар жасайды. Ұлттық тағамдардың ішінде нан тағамдарының (бауырсақ, шелпек, күлше т.б.) орны ерекше. Бұл күнде қазақтың ұлттық тағамдарының елуден аса түрлері белгілі. Мысалы: қымыздың тоғыз түрі (уыз қымыз, сары қымыз, саумал қымыз т.б.), ал еттен қырықтан астам тағам жасалады.

Ұлттық тағамдардың қуаттылығы олардың құрамындағы минералды тұздардың, белок, май, көмірсулардың жеткілікті және дәрумендерге бай болуына байланысты.
2-тапсырма.

«Ұлттық тағамдардың маңызы» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

қонақжай-гостепримный

жүйке жүйесі-нервная система

көңіл-күй-настроение

тәбет-аппетит

қызмет-функция

жақсарту-улучшать

шақырым-километр

көмірсу-углевод



3-тапсырма. Мәтінде кездесетін сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыздар.

Зат алмасу, тәндегі қышқыл-сілті алмасуы, сөл бөліну, ұйқы безі, қызметін жақсартады, өте сіңімді, қышқылдығы төмен, ана сүтіне тән, әсер етеді.


4-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.

Қымыз

Қымыз – жылқы сүтінен дайындалатын ұлттық тағам. Қымыздың құрамдас бөліктерінің әрқайсысының тәнге әсері, пайдасы бар. Сүт қышқылы асқазанға, ұйқы безіне, зат алмасуға, әсіресе тәндегі қышқыл-сілті алмасуына әсер етеді. Көмір қышқылы ас қорыту жолдарындағы сөл бөліну, қозғалыс процестеріне жақсы әсер етеді. Қымыз құрамындағы спирт жүрек-қан тамырлары мен орталық жүйке жүйесінің қызметін жақсартады. Қымыздың белоктары тәнге өте сіңімді, ана сүтіне тән қасиеттерге ие.

Қымыз – С дәруменінің негізгі көзі. 1 литр қымыз құрамында 91-57 мг мөлшерінде С витамині болады.

Қымызбен емдеуге болатын аурулар:

1. Туберкулезбен ауырған адамның температурасы тұрақты жағдайда және жедел не созылмалы плеврит ауруларында;

2. Тыныс алу жолдары ауруларында: бронхит пен бронхоэктазалар, пневмонияда;

3. Қышқылдығы төмен асқазан аурулары мен асқазандағы сөлдің аз бөлінуі кезінде ем ретінде пайдалануға болады.

Қымызды емдік мақсатта қолданған кезде күніне 2 рет, жас ерекшелігіне байланысты 600 грамнан 1,5 литр мөлшерінде ішеді. Кейбір науқастар қымызбен емдеу курсын араға 2-3 ай салып жылына екі рет қабылдайды. Бір науқастың қымызбен емделу курсына орта есеппен 50 литр қымыз кетеді.
9. Бақылау тапсырмалары:

Коммуникативтік құзырлық бойынша:

Мәтін бойынша сұрақтар:

Қазақтың ұлттық тағамдары неден дайындалады?

Қымыздың адам денсаулығы үшін қандай пайдасы бар?

Қазақстанда қымызбен емдейтін емхана қашан, қай жерде ашылды?

Еттен және ұннан жасалатын қандай тағамдарды білесіз?

Қазақтың ұлттық тағамдарының қанша түрлері бар?

Қымыздың құрамында қандай заттар бар?

Сүт қышқылының қандай қасиеттері бар?

Қымыз құрамындағы қандай зат жүйке жүйесінің қызметін жақсартады?

1 литр қымызда қанша мг спирт бар?

Қымызбен емдеуге болатын ауруларды атаңыздар?

Қымызда емдік мақсатта күніне қанша ішеді?
Дағды құзырлылығы бойынша:

1-тапсырма. “Ұлттық тағамның маңызы” мәтінін пайдалана отырып мына сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Қазақтың ұлттық тағамдары … … дайындалады. Сүттен …, …, …, … сияқты тағамдар жасалады. Ұлттық тағамдар … … нығайтады. П.Н.Емельянов 1910 … … емхана ашқан. Ұлттық тағамдардың құрамы …, …, … мол.


2-тапсырма. “Қымыз” мәтінінен керекті сөз тіркестерін жақша ішіндегі сұраққа сәйкес қойыңыздар.

Қымыз – (неден жасалатын?) ұлттық тағам. Сүт қышқылы (қандай бездерге?) жақсы әсер етеді. (қандай қышқыл?) ас қорыту жолдарындағы сөл бөліну процесіне жақсы әсер етеді. 1 литр қымызда (қанша?) С витамині болады.


3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Кисломолочные продукты изготовливаются из коровьего молока путем заквашивания его кисломолочными бактериями. В процессе приготовления этих продуктов в них накапливаются ферменты, которые стимулируют секрецию желудочного сока, нежно створоживают белки молока и тем самым облегчают и улушают процессы пищеварения. Очень ценным является свойство кисломолочных продуктов уменьшать брожение в кишечнике, подовлять и вытеснять болезнотворные микробы.


4-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Полноценное питание должно обеспечивать организм достаточным количеством основных питательных веществ, витаминов, минеральных веществ и воды. Оно должно включать незаменимые, несинтезируемые в организме вещества, к которым относятся незаменимые аминокислоты, большинство витаминов и минеральных веществ. Питание должно полностью покрывать энерготраты организма.


5-тапсырма. Көп нүктенің орнына берілген сөздердің қажеттісін қойыңыздар.

(минералды, қажетті, сапалы, нәрлі, спиртті, мықты,дәрумендер).

Тағам ... әрі ... болуы керек. Егер тағам құрамында ... аз болса, тән әлсірейді. Адам тағам арқылы өзіне ... белоктарды, ... заттарды, көмірсуларды алады. Адам денсаулығы ... болуы үшін, протейн қоспалы тағамдарды көбірек пайдалану керек. ... ішімдіктерді шамадан тыс ішу асқазан қызметінің бұзылуына әкеп соғады.


6-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыздар.

Адам тіршілігі... астың маңызы ерекше. Ас – адам... арқауы.

Дұрыс әрі уақыты... тамақтанған адам ауырмайды. Адам ағзасы... ең қажетті зат – су. Дәрумендер... жетіспеуі ағза қызметінің бұзылуына әкеледі. Ас... құрамы өте күрделі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет