С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет6/26
Дата21.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#2219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

7. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск
8.Тапсырмалар:

1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің жасалуын түсіндіріп, орыс тіліне аударыңыздар.

Дәрісхананың іші, есіктің тұтқасы, үйдің төбесі, бөлменің іші, профессордың дәрісі, партаның үсті, партаның асты, тақтаның алды, тақтаның жаны, терезенің алды, қабырғаның түсі, студенттің кітабы, студенттің дәптері; досымның әкесі; тақырыптың аты; оның анасы;



2-тапсырма. Мына мақалдардан ілік септігінде тұрған сөзді табыңыздар.

1.Сәлем – сөздің анасы. 2.Шебердің бізі – ортақ, шешеннің сөзі – ортақ. 3.Игіліктің ерте, кеші жоқ. 4.Ас адамның – арқауы. 5.Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді. 6.Тіл – көңілдің кілті.


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті көмекші есімдерді жазыңыздар.

Үйлердің .... спорт алаңдары бар екен. Қаланың ... үлкен көл бар. Ауылдың .... қалың тоғай бар. Концерттің ... жастар үшін би кешіне ұласты. Алатаудың ... әрқашан қар жатады. Үйдің ... бірнеше орындық бар.Айдың ... жиналыс болды. Олар бақтың ... шықты. Ағаштың ... екі адам тұр. Біз көшенің ... жүрдік. Көлдің ... біраз адам бар екен.Оның ... құрбысы болды.



9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:

Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыздар.

Әлеуметтік гигиенаның мақсаты – тұрғындар... әртүрлі топтарының денсаулығын... әсер ететін медициналық-әлеуметтік факторларды анықтау. Әлеуметтік гигиена... негізгі міндеті –қоғамдық денсаулық пен медициналық жәрдем... өлшемдерін бағалау және оңтайландыру.Ұлан-байтақ жеріміз... ірілі-ұсақты қалалармен қатар шағын елдімекендер де аз емес. Әлеуметтік гигиена гигиена ғылымының бір саласы ретінде медициналық оқу орындары... арнайы оқытылады. Мамандар тұрғындар... денсаулық сақтаудың жолдарын үнемі түсіндіріп отырады



Білім құзырлылығы бойынша:

Әлеуметтік гигиена» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

міндет – задача

басқару – управление

тұрғындар – населения

қамсыздандыру – страхование

қолайсыз – неблагоприятный

критерий - өлшем

оңтайландыру – оптимизация

ынтымақтастық - сотрудничество



Әлеуметтік гигиена

Мәтінге байланысты тірек сөздер: Әлеуметтік гигиена, қоғамдық денсаулық, медициналық-әлеуметтік факторлар, анықтау, бағалау, оңтайландыру, жетілдіру, халықаралық ынтымақтастық, тиімді, зерттеу нысаны, аймақ, жүзеге асыру.
Әлеуметтік гигиена – қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты тұрғындардың әртүрлі топтарының денсаулығына әсер ететін медициналық-әлеуметтік факторларды анықтау, адамдардың өмір сүру жағдайлары мен салттарын зерттеу, олардың денсаулықтарына зиян тигізетін қолайсыз әлеуметтік жағдайларды жою мен алдын алудың ғылыми негізін қалыптастыру болып табылады. Әлеуметтік гигиенаның негізгі міндеті – қоғамдық денсаулық пен медициналық жәрдемнің өлшемдерін бағалау және оңтайландыру.

Әлеуметтік гигиена денсаулық сақтау тарихынан, денсаулық сақтаудың теориялық мәселелерінен, денсаулықтың жай-күйінен және оны зерттеу әдістерінен, медициналық-әлеуметтік қамтамасыз ету мен медициналық қамсыздандыруды ұйымдастырудан, тұрғындарға медициналық көмек көрсетуден, тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді ұйымдастырудан, денсаулық сақтауды жетілдірудің экономикалық-жоспарлы формаларынан, медициналық қызмет көрсету менеджменті мен маркетингінен, медицина мен денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтан тұрады.

Денсаулық сақтау тарихы дүниежүзінің көптеген елдерінде денсаулық сақтау шаралары қалай жүзеге асырылғанын зерттей отырып, олардың пайдалы, тиімді жақтарын басшылыққа алуға ықпалын тигізеді. Алдын-ала ғылыми тұрғыдан зерттеу арқылы ғана денсаулық сақтаудың жолдарын халыққа түсіндіруге болады. Тұрғындардың денсаулықтарының жай-күйін медициналық мекеме қызметкерлері әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы үнемі бақылап отырады және олар медициналық-әлеуметтік қамтамасыз ету мен медициналық қамсыздандыруды ұйымдастырады.

Ұлан-байтақ жерімізде ірілі-ұсақты қалалармен қатар шағын елдімекендер де аз емес. Өндірістік қалалардан, облыс орталықтарынан шалғай мұндай ауылдарда медициналық көмек көрсетуді жақсарту – бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі. Алыстағы ауылдар мен қалалар арасындағы жол қатынасының нашар болуы, медициналық мекемелерде заманауи құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің сапасының ойдағыдай болмауына әкеп соғуда. Міне осындай мәселелерді шешу де әлеуметтік гигиенаның негізгі міндеттерінің бірі.

Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жай-күйімен тікелей байланысты екені белгілі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген аймақтарында жұқпалы аурулар ошақтары бар екені анықталып отыр. Бұларды дер кезінде залалсыздандырып, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуды, денсаулық сақтауды жоспарлауды жетілдіруді, сондай-ақ медицина саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту да әлеуметтік гигиена жүзеге асырады.

Әлеуметтік гигиена – денсаулық сақтаудың стратегиясы мен тактикасы туралы ғылым. Оның зерттеу нысанына белгілі бір әкімшілік территориядағы тұрғындар мен адамдар тобы, жеке мекемелер (емханалар, стационарлар, диагностикалық орталықтар, мамандандырылған қызмет орталықтары), денсаулық сақтау органдары, қоршаған орта нысандары, әртүрлі аурулардың жалпы және жекеленген факторлары жатады.

Әлеуметтік гигиена гигиена ғылымының бір саласы ретінде медициналық оқу орындарында арнайы оқытылады. Қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша білім алған мамандар әлеуметтік гигиенаға тиесілі міндеттерді атқарады.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
1. Әлеуметтік гигиена қандай мәселелерді қарастырады?

2. Оның негізгі мақсаты қандай?

3. Халық денсаулығына әсер ететін факторларды атаңыз?

4. Ірі қалалар мен алыс, шалғай ауылды жерлердегі медициналық көмек көрсетудің айырмашылықтары бар ма?

5. Ілік септігінің жалғауларын атаңыз?

6. Сөздерді тәуелдеңіз?


Когнитивті –білім компетенциясы бойынша


1. Қай сөз тіркесі дұрыс?

а) сен студентпін

ә) ол отырсыз

б) менің пәтерім

в) сіз студенсің

г) олар студентсің



2. Көп нүктенің орнына керекті көмекші сөзді анықтаңыз.

Үстелдің ...нде қалам жатыр

а) арты

ә) үсті


б) жаны

в) қас


г) төбе

3. Дұрыс тәуелденген қатарды көрсетіңіз.

а) менің домбырам

ә) менің домбырамен

б) менің домбыраң

в) менің домбырасы

г) менің домбыраңды



4. Қай сөйлемде көмекші есім бар?

а) Менің пәтерім таза

ә) Студенттерге кітап керек

б) Университет жанында ағаш көп

в) Оқусыз білім жоқ

г) Сабаққа келе жатыр.



5. Тәуелдік жалғаулы сөз қолданылған сөйлемдерді көрсетіңіз.

а) Әке-шешем Семей қаласында тұрады.

ә) Асан зауытта жұмыс істейді.

б) Сіздің үйіңіз қай көшеде?

в) Бала ұйықтап жатыр.

г) Әсет әкесімен сөйлесті.



6.Ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

а) Анаға сәлем.

ә) Кітапты беру.

б) Колхоздың малы.

в) Ауылдан келген.

г) Қалаға бару.



7. Ілік септігі жалғанған зат есімді табыңыз.

а) Асан қалды.

ә) Ермекті оқытады.

б) Досанның барғысы келді.

в) Бұларыңыз бүлдіршіндерге үлкен сыйлық.

г) Айран шықты аз-көпті.



8. Сөйлемнің екінші сыңарын көрсетіңіз.

Кейбір жұқпалы аурумен ауырған адамдарда оған қарсы иммунитет пайда болады, сондықтан … … …. … …..

а) қарсы оған иммунитет қалыптасады

ә) жүре пайда болған иммунитет

б) ол аурумен қайталап ауырмайды

в) ол ауруды жұқтырмайды қайтадан

г) аурудың не екенін білмейді

9. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Врожденный иммунитет наследуется потомством от родителей.

а) Болған туа пайда иммунитет ата-анасынан баласына беріледі.

ә) Туа пайда болған иммунитет ата-анасынан баласына беріледі.

б) Туа пайда болса иммунитет ата-анасынан баласына беріледі.

в) Иммунитет туа пайда болған ата-анасынан баласына беріледі.

г) Ата-анасынан туа пайда болған иммунитет баласына беріледі.

10. Көп нүктенің орнына қойылатын шылауды көрсетіңіз.

Жұқпалы ауруға қарсы алдын ала егілген адам онымен ауырмайды, … оның жеңіл түрімен ауырады.

а) бірақ

ә) өйткені

б) немесе

в) алайда

г) сондықтан



10. Негізігі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж.

25-26 бет.



2. Р.Дәрменқұлова. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы 2001 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.Бектұрова А. Қазақ тілі для начтнающих. Алматы 2005 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
7 тақырып: Тамақтану гигиенасы.

Сөз құрамы. Зат есім.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай


1. Тақырыбы: Тамақтану гигиенасы.

Сөз құрамы. Зат есім.

2.Мақсаты: Тамақтану гигиенасы туралы мәліметтер беру; Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге,сауатты жазуға дағдыландыру,сөздік қорларын дамыту; Сөз құрамы,зат есім және оның жасалу жолдары туралы мағлұмат беру.
3. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тілінің сөз құрамы, зат есімнің жасалу жолдарын меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4.Негізгі ұғымдар:

Лексикалық тақырып бойынша:

Тамақтану гигиенасы, ас тағамдарының маңызы, ас қорыту сөлінің дұрыс бөлінуі,дұрыс тамақтанудың маңызы, кешкілік тамақ, мезгілімен тамақтанудың пайдасы;



Грамматикалық тақырып бойынша:

Сөз құрамы; зат есім;



5.Сабақты өткізу жоспары:

  • Ұйымдастыру кезені - 5 мин.

  • Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин

  • Өткен сабақты қорыту - 15 мин.

  • Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.

  • Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин

  • Мәтінмен жұмыс – 25 мин

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин

  • Бақылау жұмыстары – 15 мин

  • Үй тапсырмасын беру – 7 мин

  • Студенттің білімін бағалау – 8 мин

6.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату.
7.Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск
8.Тапсырмалар:
1-тапсырма. Дұрыс жазылған сөйлемге (+), дұрыс емес сөйлемге( - ) белгілерін қойыңыз.

1. Мен заңгермін. 1. □

2. Сіз балықшысың. 2. □

3. Сендер сатушысыздар. 3. □

4. Менің есімің Санжар. 4. □

5. Оның нағашым ауылда тұрады. 5. □

6. Сен беделді қызметкеріміз. 6. □

7.Біздің танымал бишіміз. 7. □



2-тапсырма. Етістіктерден жұрнақтар арқылы жасалған зат есімдерге мысал келтіріңіздер. Осы сөздерді қолданып сөйлемдер құраңыздар.

Үлгі: өшір(етістік)+гіш (жұрнақ) = өшіргіш (зат есім)



3–тапсырма. Берілген нақыл сөзден кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді табыңыздар.

1. Адамның басшысы – ақыл,

2. Жетекшісі – талап.

3. Жолаушысы – ой.

4. Жолдасы – кәсіп.

5. Қорғаны – сабыр.

6. Қорғаушысы – мінез.

7. Сынаушысы – халық (Саққұлақ би)


9. Бақылау.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер

Тамақтану гигиенасы
Мәтінге байланысты тірек сөздер: Тамақтану гигиенасы, денсаулықты сақтау, салауатты тамақтану, тағамдық азықтар, ағзаның тәуліктік қуат шығыны, дұрыс тамақтанбау, жеткіліксіз тамақтану, артық тамақтану, тамақтану режимі, тәбетін жақсартады.

Тамақтану гигиенасы – денсаулықты сақтау мен нығайту, әртүрлі аурулардың алдын алу мақсатымен рационалды, салауатты тамақтану және тағамдық азықтар мен тағамның залалсыздығын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын гигиена ғылымының саласы. Тамақтану гигиенасы дұрыс тамақтану, тағамдық азықтардың сапасы, тамақтану нормалары және ағзаның тәуліктік қуат шығынын есептеу, аурулардың алдын алу т.б. мәселелерімен айналысады.

Тамақтану адам үшін негізгі биологиялық қажеттілік болып табылады. Ал дұрыс тамақтанбау: жеткіліксіз тамақтану немесе артық тамақтану да адам денсаулығына кері әсер етеді. Дұрыс тамақтану ағзаның қызметін жақсартып, ауруға қарсылық қабілетін арттырады. Күнделікті тағам құрамында ақуыз (нәруыз), көмірсулар, майлар, дәрумендер, минералды заттар қажетті мөлшерде болуы керек. Дұрыс рационалды тамақтанудың маңызды шарттарының бірі – тамақтану режимін сақтау. Тамақтану режимі адамның жасына, физиологиялық жағдайына, атқаратын жұмыс түріне т.б. байланысты. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар әрбір 3-4 сағат сайын, яғни, күніне 5 рет тамақтануы қажет. Тәуліктік рационның энергиялық құндылығының 20-25%-ы бірінші таңертеңгілік асқа, 15%-ы екінші таңертеңгілік асқа, 25-30%-ы түскі асқа, 15%-ы түстен кейінгі асқа, 20-25% кешкі асқа тиесілі болуы қажет. Тағамды белгіленген уақыт бойынша қабылдаса, шартты секреторлық рефлекс пайда болады. Бұл адамның тағамға тәбетін жақсартады, астың қалыпты қорытылуына ықпал етеді.

Халықтың әртүрлі топтарына арналған тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормаларын Тағамтану ғылыми зерттеу институты белгілейді. Бұл – мемлекеттік нормативтік құжат болып табылады.



Дағды құзырлылығы бойынша:
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына берілген сөздердің қажеттісін қойыңыздар.

(минералды, қажетті, сапалы, нәрлі, спиртті, мықты).

Тағам ... әрі ... болуы керек. Егер тағам құрамында ... заттар су болса, тән әлсірейді. Адам тағам арқылы ... өзіне ... белоктарды, көмірсуларды алады. Адам денсаулығы ... болуы үшін, протейн қоспалы тағамдарды көбірек пайдалану керек. ... ішімдіктерді шамадан тыс ішу асқазан қызметінің бұзылуына әкеп соғады.


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалғап, жазыңыздар.

Мен мына кітап... дүкенннен алдым.Ол осы ереже... жаттап алған.Ол өзіне керекті кітап, дәптер,оқу құралдары... сатып алды. Кеше мен театрда көптен көрмеген досым... көрдім.Студенттер емтихан... ойдағыдай тапсырып, жазғы демалысқа шықты.


Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

1. Тамақтану гигиенасы қандай мәселелермен айналысады?

2. Дұрыс тамақтанудың маңызы қандай?

3. Күнделікті тағам құрамында нелер болуы керек?

4. Мектеп жасына дейінгі балалар күніне неше рет тамақтануы қажет?

5. Сен өзің күніне неше рет тамақтанасың?



Білім құзырлылығы бойынша:


Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

тамақтану гигиенасы - гигиена питания

тәуліктік қуат шығыны - суточная энергозатрата

қалыпты қорытылу-нормальное пищеварение

тәбет- аппетит

қамтамасыз ету-обеспечить

қорытылу-перевариваться

мөлшер-количество

ықпал ету-влиять

дәрумендер-витамины

нормативтік құжат-нормативный документ


Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Полноценнное питание – одно из основных условий сохранения здоровья. Недостаточное питание или переедание способствует нарушению обмена веществ и появлению многих заболеваний. Умеренное питание еще в древности считалось одним из необходимых условий сохранения здоровья.

Народная мудрость гласит: надо есть для того, чтобы жить, а не жить для того, чтобы есть. И.П.Павлов по этому поводу писал, что чрезмерное увлечение едой есть животность, а невнимание к еде есть неблагоразумие.

Для предупреждения ожирения нужно увеличить физическую нагрузку: прогулки, занятия спортом. Физический труд не только повышает затраты энергий организма, но и оказывает положительное влияние на сердечно-сосудистую, дыхательную, мышечную и нервную систему. Правильный режим питания – это прием пищи 3-4 раза в день, в точно устоновленное время, и ужин не позднее 19 ч.



Когнитивті –білім компетенциясы бойынша:

1. Мына сөздердің қайсында септік жалғауы бар:

а) ойлаймын

ә) ойланды

б) ақылды

в) жүлделі

г) көршіні



2. Барыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) мектептен

ә) көршісіне

б) мекемелердің

в) ұйымдарда

г) бөлмеден



3. Барыс септігінде тұрған сөздерді көрсетіңіз.

а) мектептен

ә)+көршісіне

б) мекемелердің

в) ұйымдарда

г) бөлмеден



4. Табыс септік жалғауы дұрыс жалғанған сөзді көрсетіңіз.

а) аулані

ә) көрді

б) +бөлмесін

в) тазалығыны

г) жемісіні



5. Барыс септігінің сұрақтарын көрсетіңіз

а) кімнің? ненің?

ә) кімнен? неден?

б)+кімге? неге?

в) кімді? нені?

г) кімде? неде?



6. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.

а)+атама


ә) апаммен

бәжеден


в) сіңлісінде

г) достың



7. Барыс септігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а)+Науқастың жасына да көңіл бөлу керек

ә) Науқасты ескеру керек

б) Науқастың ұзақ емделуі қажет

в) Науқаспен кім сөйлеседі?

г) Науқастан сұрау қажет



8. Барыс септігінің шылауларын көрсетіңіз.

а)+дейін, қарай

ә) туралы, жайында

б) арқылы, үшін

в) бірге, қатар

г) соң, кейін



9. Барыс септігі бар сөйлемдерді көрсетіңіз.

а) Науқас адамға көңіл бөлу керек.

ә) Науқастың жасын, көңіл – күйін, ауру түрін ескеру керек.

б) Науқастың ұзақ емделуі қажет.

в) Науқас пен кім сөйлеседі?

г) Науқасқа көмектесу қажет.



10. Табыс септікте тұрған сөзді белгілеңіз.

а) жазды


ә) тіліне

б) тісті

в) үйрен

г) келеді




10. Негізігі әдебиеттер:

1.Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж. 28 бет

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.Бектұрова А. Қазақ тілі для начтнающих. Алматы 2005 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

8 тақырып: Аралық бақылау

2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін» Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай




Аралық бақылау
2.Мақсаты: Өтілген материалдарды қайталау арқылы студенттердің алған білімдерін бекіту, бағалау және кеткен кемшіліктерді түзету. Лексикалық материалдарды қайталау арқылы олардың сөздік қорларының қаншалықты дәрежеде толыққанын анықтау, ал грамматикалық материалдарды қайталау арқылы өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Үндестік заңы,көптік жалғау, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, тұрақты сөз тіркестері, омонимдер, синоним, антонимдер,көмекші есімдер,сөз құрамы, зат есім;



Лексикалық тақырып бойынша:

Гиппократ анты, ҚР дәрігер анты, гигиена, жеке бастың гигиенасы, коммуналдық гигиена,

балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, әскер гигиена, әлеуметтік гигиена, тамақтану гигиенасы.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Грамматикалық материалдарды сұрау – 45 мин.

Лексикалық материалдарды сұрау – 50 мин.

Тест тапсырмалары – 40 мин.

Студенттің білімін бағалау –10 мин.




Өткізу түрі: қайталау
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату, тест тапсырмалары, нұсқа бойынша сұрақтарға жауап беру..
7. Көрнекі құралдар: тест сұрақтары, қосымша жаттығу жұмысына арналған оқулықтар.
8. Тапсырмалар. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

I нұсқа

1. Гигиена қандай ғылым?

2. Санитария мен гигенаның қандай байланысы бар?

3. Адам бос уақытын қайда және қалай өткізеді?

4. Қошаған ортаның адамға әсері қандай?

5. Гигенанаң қандай салалары бар?

6. Гигена туралы ғалымдардың қандай тұжырымдар бар?

7. Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесі нешеге бөлінеді?

8. Қанша қазақ тіліне тән дыбыстар бар?

9. Үндестік заңы туралы не білесіз?

10. Тәуелдік жалғауынан кейін өзгеретін қатаң дыбыстарды атап беріңіз.

11.Гигиенаның қандай салалары бар?

12. Теріні қалай күтуге болады?

13. Жеке бас гигиенасына нелер жатады?

14. Дене гигиенасының басты шарты неде?

15. Омоним дегеніміз не?

16. Синоним дегеніміз не?

17. Антоним дегеніміз не?

18. Түрлі жұқпалы ауырулар неден пайда болады?

19. Қолдың терісі жарылса немесе жарақаттанса қалай күтуеді?

20. Коммуналдық гигиенаның мақсаты не?
Тестілер


1. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз

Гигиена ─ наука о сохранении и укреплении здоровья.

а) Гигиена ─ денсаулықты сақтау және нығайту туралы ғылым.

ә) Гигиена ─ денсаулықты сақтаудың және нығайту туралы ғылым

б) Гигиена ─ денсаулықты сақтауға және нығайтға туралы ғылым

в) Гигиена ─ денсаулықты сақтап және нығайтудың туралы ғылым

г) Гигиена ─ денсаулықты сақтауда және нығайтуда туралы ғылым



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет