С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет5/26
Дата21.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#2219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

2-тапсырма. Берілген тұрақты сөз тіркестерінің қандай мағыналары барын үлгі бойынша жазыңыздар.

Үлгі: ата сақалы аузына біткен – егде,жасы ұлғайған кісі деген мағынада.

Ата сақалы аузына түскен, аузының дуасы бар, ауыз тиді, кіндік кескен жер,аузы күйді, кілтін тапты, кілт бұрылды, аузына қақпақ қою, аузы алты қарыс, аузыңа май.



9. Бақылау жұмыстары:

Дағды құзырлылығы бойынша:

Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

1.Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріне мемлекетіміз аса көп көңіл бөледі. 2.Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі қалалықтардан төменірек. 3.Кішкентай ауылдарда медициналық мекемелер жоқ. 4.Ресейде ең алғашқы гигиена кафедрасы Петерборда ашылды. 5.Ф.Эрисман балалар денсаулығы жайлы аса құнды еңбектер жазды. 6.Ата-аналар балаларының спортпен шұғылдануына көбірек жағдай жасағаны жөн.



Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Гигиена детей и подростков – медицинская наука, изучающая вляние природных и социальных факторов на растущий организм, его взаимодействие с окружающей средой и разрабатывающая на этой основе гигиенические нормативы и требования, оздоровительные мероприятия, направленные на укрепления здоровья, совершенствования функциональных возможностей, гармоническое развитие детей и подростков.

Неправильное питание школьников, перегрузка их рациона животными жирами, легко усваиваемыми углеводами (хлебом, булочками, сладостями), снижение потребления растительного масла, молока и молочных продуктов, фруктов, овощей способствуют нарушению жирового обмена, развитию ранних заболеваний сосудов и сердца. Большой вред растущему организму приносит и систематическое недоедание – голодные диеты. Недопустимо, чтобы дети мало и наспех ели утром или вообще уходили в школу без завтрака.

Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

1. С 70-х годов XIX века школьная гигиена занимала значительное место в деятельности научных обществ. 2. К концу первого года жизни рост ребенка увеличивается на 47% по отношению первоначальному, на втором году – на 13% по отношению к первому, на третьем – на 9% по отношению ко второму году. 3. В возрасте 3-5 лет ежегодная прибавка составляет 7,5-8%.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының жеке ғылыми пән ретінде дамығанына қанша жыл болды?

Мектеп гигиенасы қай жылдан бастап Б мен ЖГ болып құрылды?

Санитар-дәрігердің міндеттері қандай?

Б мен ЖГ қандай бөлімдерден тұрады?

Білім құзырлылығы бойынша:

жана сөздермен танысу

ұрпақ-поколение

негізін салушы-основоположник

пән-предмет

нығайту-укреплять

бақылау-контролировать

өзгерту-изменять

жүзеге асыру-осуществить

бағыт-направление

ұйымдастыру-организовать


Мәтінді аударыңыздар.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

Мәтінге байланысты тірек сөздер: Ғылыми пән, денсаулық сақтау жүйесі, өсіп келе жатқан ұрпақ, жүзеге асыру, өз алдына, негізін салушы, әлі күнге дейін, дәрігердің міндеттері, салауаттандыру шаралары, мемлекеттік бақылау жүргізу, маңызын жойған жоқ.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы ғылыми пән және денсаулық сақтау жүйесінің практикалық саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталған профилактикалық шараларды жүзеге асырады.

Гигиенаның жекелеген жағдайлары әр түрлі континенттерде өте ерте кезден-ақ белгілі болғанымен, өз алдына жеке ғылыми пән ретінде дамығанына 150 жылдай уақыт өтті деп есептелінеді. Ресейде ең алғашқы гигиена кафедрасы 1871 жылы Петербор қаласындағы әскери медициналық Академия базасында құрылды. Кафедраның ашылуын ұйымдастырушы А.П.Доброславин (1842-1889) мектеп гигиенасы деген бөлімі бар ең алғашқы гигиена оқулығын (1889) шығарды. Сондай-ақ мектеп гигиенасының негізін салушы Ф.Ф.Эрисманның (1842-1915) балалар денсаулығын сақтау жөніндегі ғылыми еңбектері әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Кеңестер Одағында мектеп гигиенасы 1954 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер гигиенасы болып өзгертілді.

Қазақстан мемлекеттік санитарлық бақылау ережелеріне сәйкес балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитар-дәрігерінің міндеттеріне мыналар жатады:

а) Балалар мен жасөспірімдерге арналған мекемелердің санитарлық жағдайына анализ жасау;

ә) Өсіп келе жатқан ұрпақтардың оқу және тәрбие жағдайларын салауаттандыру жөніндегі шаралардың орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізу;

б) Санитарлық гигиена шараларын іс жүзінде жүзеге асыру;

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (Б мен ЖГ) мынадай бөлімдерден тұрады:

Өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығы.

Күн тәртібінің гигиеналық негіздері.

Оқу-тәрбие гигиенасы.

Еңбек пен өндіріс орындарының гигиенасы.

Коммунальдық гигиена.

Тағамтану гигиенасы.

Дене шынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негіздері.

Гигиенаға тәрбиелеу.

Балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсету.
Когнитивтік –білім компетенциясы бойынша :


1. Дұрыс құрылмаған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қазақ тілін білесіз бе?

ә) Менің әкем, шешем және інім бар.

б) Сен студентсің.

в) Жанар бармадық кітапханаға

г) Бүгін мектепке барамын.



2. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған сөйлемді көрсетіңіз.

а) біз ертең театрға барасың

ә) олар сабақтан кеш шықтық

б) сіз қаладан келдіңіз

в) сен емханада болдыңыз

г) Олар жұмысқа барасыз.



3. Көп нүктенің орнына керекті сөз тіркесін көрсетіңіз.

Менің ... сағат 8.00-де басталады

а) жұмыс күнім

ә) жұмыс күнің

б) жұмыс күні

в) жұмыс күніңіз

г) жұмыс күндері

4. Барыс септігінің шылауы қолданылған сөйлемдерді көрсетіңіз.

а) Біздің үйге дейін 5 аялдама.

ә) Түстен кейін досымның үйіне бардым.

б) Науқастың кешеден бері дене қызуы көтеріліп тұр.

в) Жазда Үсенмен бірге ауылға барамын.

г) Бірінші курста жүз елуге жуық студент оқиды.



5. Табыс септікті сөз тіркестерін көрсетіңіз.

а) науқасты қабылдады

ә) қаланы аралады

б) мұражайда болды

в) үйден келді

г) баласына берді



6. Сөз тіркестерінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

а) внешняя среда - ішкі орта

ә) здравоохранения - денсаулық сақтау

б) окружающая среда - ортадан жоғары

в) уровень дохода - табыс деңгейі

г) осуществлять - жүзеге асыру



7. Дұрыс құрылған сөйлемдерді көрсетіңіз.

а) Халқымыздың емдеу-сауықтыру тәсілдері оның өзімен бірге жасап келеді.

ә) Емдеу сауықтыру оның халқымыздың тәсілдері өзімен бірге жасап келеді.

б) Медицина ғылымы қарқынды дамуда.

в) Халық медицинасы беті ашылмаған мәселе тың.

г) Тазалық – денсаулыққа кепілі.



8. Сұрақтардың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

а) Сіздің үйіңізге дейін неше аялдама?

Менің үйіме дейін он бір аялдама.

ә) Сіз жұмыстан сағат нешеде шығасыз?

Мен жұмыстан бесте сағат шығамын

б) Қазір қайда барасыз?

Мен қазір үйге барасыз

в) Дәрігерге қаралдыңыз ба?

Иә, қаралдым

г) Дәрі ішіп жүрсіз бе?

Жоқ, ішіп жүрген жоқпын.

9. Дұрыс аударылған сөйлемдерді көрсетіңіз.

а) Баймуратов живет в городе Караганда.

Баймұратов Қарағанды қаласында тұрады.

ә) Он там работает.

Ол сонда жұмыс істейді.

б) Он уехал туда в прошлом году

Кетті ол биыл ол жаққа.

в) Когда он придет сюда?

Ол жаққа бұл қашан келеді?

г) Сюда он придет летом.

Ол бұл жаққа жазда келеді.

10. Септік жалғаулы сөз тіркестерін көрсетіңіз.

а) жақсы маман

ә) дәрігердің нұсқауы

б) дәріханадан алдым

в) сабақ аяқталды

г) ауруханаға жатты




10. Негізгі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж.16-18 беттер

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медицина оқу орындарына арналған. Алматы, 2002

3. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001
Қосымша әдебиеттер:

1. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы,1994 ж.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

5 тақырып: Әскери гигиена.

Омоним. Синоним. Антоним.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Әскери гигиена.

Омонимдер, синонимдер, антонимдер.
2. Мақсаты: Студенттерге «Әскери гигиена» туралы мәлімет беру. Мәтін арқылы олардың кәсіби сөйлеу тіліне қатысты сөздік қорларын молайту. Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антонимдер туралы мағлұмат беру. Құқықтық компетенция бойынша Қазақстан республикасының Конституциясымен таныстыру
3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4.Негізгі ұғымдар:

Лексикалық материал бойынша

Әскери гигиена, ұлттық қауіпсіздік;қасиетті борыш,әскери қызметкер, күн тәртібі,жауынгерлер, айбын,бедел.



Грамматикалық тақырып бойынша:

Омонимдер, синонимдер, антонимдер..


5.Сабақты өткізу жоспары:

  • Ұйымдастыру кезені - 5 мин.

  • Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин

  • Өткен сабақты қорыту - 15 мин.

  • Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.

  • Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин

  • Мәтінмен жұмыс – 25 мин

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин

  • Бақылау жұмыстары – 15 мин

  • Үй тапсырмасын беру – 7 мин

  • Студенттің білімін бағалау – 8 мин


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату.
7. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск
8. Тапсырмалар.

1-тапсырма. Берілген мақалдардан антонимдерді табыңыз.

Қорлық өмірден ерлік өлім артық. Дұшпанға тастай қатты бол,досыңа балдай тәтті бол. Ер бақыттың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі. Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол.



2-тапсырма. Қарамен көрсетілген сөздердің синонимдерін жазыңыздар.

Ол айтқанды тез ұғып алды. Адам жеке бас гигиенасын сақтаса, түрлі аурудың алдын алады. Оның туып-өскен ауылы өте алыс. Бұл шығармада ел тағдыры туралы жазылған.



3-тапсырма. Мына өлең шумақтарынан омонимдерді табыңыз.

Менің атым қой.

Қойшыңды тауып қой.

Қойшыңды тауып қоймасаң,

Қой жинауыңды қой. (Ауыз әдебиетінен)
Айналасын жер тұтқан

Айды батпас демеңіз.

Айнала ішсе таусылмас

Көл суалмас демеңіз. (Бұқар жырау)


4-тапсырма. Берілген мәтінді аударыңыздар

Военная гигиена является самостоятельной отраслью гигиенической науки и военной медицины.

Военная гигиена – основная профилактическая медицинская дисциплина о закономерностях изменения здоровья личного состава Вооруженных Сил, путях и способах его улучшения, а также о мерах предупреждения заболеваний.

Главная цель военной гигиены – высокая боеспособность солдата и офицера, а предметом ее исследований являются закономерности, определяющие зависимость уровня здоровья военнослужащих от факторов окружающей среды.


9. Бақылау тапсырмалары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
1-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, сөйлемдер құраңыздар.

О Родине, об о мне, до университета, через мост, для тебя, каждый день, по расписанию.



2-жаттығу. Мына сөздермен сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыздар.

Арқылы, сияқты, жайында, туралы, жайлы, бойынша, сайын, үшін, шамалы, шақты, ғұрлы, қаралы, түгіл.



3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңыздар.

Қазақстан Респубикасы... Қарулы Күштерінде қызмет ету- Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Әскери қызметкерлер ағзасына қажетті дәрумендер... , минералды тұздар мен әртүрлі элементтер... тамақ құрамында жеткілікті болуын қадағалау керек. Әскери қызметкерлер... шаштары қысқа әрі жарасымды етіп алынады



Білім құзырлылығы бойынша:

«Әскери гигиена» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

Қарулы Күштер - Вооруженные Силы

дербес - суверенный

жастықтыс - наволочка

жазалау - наказывать

ар-абырой - честь, совесть

қауіпсіздік - безопасность

қасиетті борыш - святой долг

сейсеп - пододъялник

ақжайма - простыня


Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Әскери гигиена

Мәтінге байланысты тірек сөздер: ұлттық қауіпсіздік, қасиетті борыш,

әскери қызметкер, күн тәртібі, жастықтыстар, сейсеп, ақжайма, жауынгерлер, айбын, бедел.
Әрбір мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін оның әскери күштері қамтамасыз етеді. Сондықтан қандай мемлекет болса да, өздерінің қарулы күштерін жасақтауға ерекше көңіл бөледі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жарияланғаннан бергі уақытта өзінің дербестігінің кепілі болатын Қарулы Күштерін құрып, өз территориясын сыртқы және ішкі жаулардан қорғауға тас түйін дайын мемлекетке айналды. Ал елдің егемендігін үшін қызмет ететін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету – қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.

Әскери қызметкер қызмет барысында (әскери міндетін өтеу кезінде) мемлекеттік қызметкер болып саналады және мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекет өз кезегінде әскери қызметкер өз міндетін адал атқарады, яғни өз Отаны – Қазақстан Республикасын қорғау үшін бар күш-жігері мен кәсіби шеберлігін аямайды деп сенім білдіреді.

Әскери қызметкер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір-қасиетін қорғауға және басқалардың да адами қасиеттерін құрметтеуі тиіс. Олар өз мінез-құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар-абыройы туралы пікір айтылатынын есте ұстауы қажет. Бұл орайда әскери қызметкердің киімінің таза болуы және жеке бас гигиенасын мұқият сақтауы – олар туралы халық арасында оң көзқарас қалыптасуына ықпал ететінін естен шығармаған жөн. «Тазалық – денсаулық кепілі» болғандықтан, барлық елдерде әскери қызметкерлердің жеке бастарының, жатын орындарының, қызмет ететін және тамақтанатын жерлерінің тазалығына ерекше көңіл бөлінеді. Дені сау, киімі бүтін, тамағы тоқ жауынгер ғана өз қызметін алаңсыз әрі ойдағыдай атқара алады.

Әскери қызметкердің тамақтану гигиенасы – кешенді ғылыми зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижесі. Мұнда қатардағы жауынгерлер мен орта және жоғары шенді сардарлардың (офицерлердің) тәулік бойында қанша килокалория қуат жұмсайтыны, олардың орнын толтыру үшін қаншалықты мөлшерде тамақтануы керек екені жан-жақты есептелген. Сондай-ақ, әскери қызметкерлер ағзасына қажетті дәрумендердің, минералды тұздар мен әртүрлі элементтердің тамақ құрамында жеткілікті болуы да назардан тыс қалмайды және тамақтану мерзімі қатаң сақталады. Қызметтерін әскери мекеме орналасқан жерден тыста (күзет постысында, әскери полигонда) атқарып жатқан қызметкерлерге тамақ сол жерге жеткізіліп беріледі. Олар күн тәртібінде белгіленген қызмет, оқу-жаттығу кестесін сақтай отырып тамақтанады. Азық-түлік қоймаларының, ас пісіретін және жауынгерлер тамақтанатын орындардың, ыдыс-аяқтардың тазалығы үнемі бақылауда болады. Бұл әскери қызметкерлердің әртүрлі жұқпалы іш ауруларына ұшырамауын қамтамасыз етеді.

Қатардағы жауынгерлердің жеке бас тазалығын кіші шенді сардарлар (прапорщиктер, сержанттар, мичмандар) тексереді және жеке бас тазалығын сақтамағандарды жазалауға олардың құқықтары бар. Рота старшиналары жауынгерлердің әр апта сайын моншаға түсіп, іш киімдері мен төсек-орындарын (жастықтыс, сейсеп, ақжайма) ауыстырып тұруларына жағдай жасауы тиіс. Әскери қызметкерлердің шаштары қысқа әрі жарасымды етіп алынады, олардың тырнақтарының өсіп кетпеуі қатаң қадағаланады.

Сырт киімдерінің таза болып, қару-жарақтарының жалтырап тұруы – жауынгерлердің айбынын асырып, беделдерін көтере түседі.

Әскери мекемелердің айналасындағы ерекше тазалық, ұқыптылық та оларды басқа мекемелерден ерекше етіп тұруы тиіс. Темірдей тәртіп, қатаң әскери ереже ғана Қарулы Күштердің өз міндеттерін ойдағыдай орындауына, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепіл бола алады.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

Мәтін бойынша сұрақтар:

1. Әскери гигиена қандай мәселелермен айналысады ?

2. Әскери гигиена талаптары қандай ?

3. Әскери қызметкер бойында қандай қасиеттер болуы керек?

4. Рота старшиналары қандай жұмыстар атқаруы тиіс?

5. Атау септіктің жалғаулары қандай?

6. Қандай септеулік шылауларды білесіз?

7. Мысалдармен дәлелдеңіз?
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттық тапсырма: Әскери бөлімшенің асханасына дәрігер-эпидимиолог ретінде тексеруге келдіңіз. Қандай талаптар қоясыз?


Когнитивті –білім компетенциясы бойынша

1. Көп нүктенің орнына қойылатын күшейтпелі үстеулерді көрсетіңіздер

Біздің елімізде әскерилер тәртібіне ... көп көңіл бөлінеді.

а) аса

ә) бұрын


б) өте

в) тез


г) кем

2. Қазақстан азаматтарының әскери ортадағы өмірі қандай?

а) еркін


ә) тыныш

б) қатал


в) жақсы

г) бостандық



3. «принимать меры» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

а) алдын алу

ә) шаралар ұйымдастыру

б) шара қолдану

в) қолдану жолдары

г) әртүрлі әсерлер



4. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

а) таза, әдемі

ә) жақсы, жедел

б) алыс, жақын

в) + ұсақ, майда

г) жақсы, жаман



5. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

а) таза, әдемі

ә) жақсы, жедел

б) алыс, жақын

в) +кір, лас

г) жақсы, жаман



6. “Организовать” сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

а) +ұйымдастыру

ә) зиянды

б) алмасу

в) бұзылу

г) жарақаттану



7. “Поддерживать” сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

а) танысу

ә) ойласу

б) жаттығу

в) +қолдау

г) жолдау



8. “Функция” сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

а) қызметкер

ә) қызметші

б) қабаттасу

в) +қызмет

г) қызметтес



9. Синонимдік қатарды табыңыз:

A) алыс, ұзақ, биік

Ә) түзу, тура, ұзын

Б) қиын, оңай, оңаша

В) алтын,күміс, қола

Г) дидар, ажар, келбет



10. Антонимді табыңыз:

а) ол бала- шағасын қыдыртты

ә) ол қысы-жазы үйінен шықпады

б) ол ағайын-туысқа келді

в) ол істің мән-жайын тексерді

г) ол беті-қолын жуды





10. Негізігі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж. 20 бет

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы 2005 ж.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

6 тақырып: Әлеуметтік гигиена.

Көмекші есімдер.

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Әлеуметтік гигиена

Көмекші есімдер
2. Мақсаты: Көмекші есімдер туралы мағлұмат беру. Грамматикалық материалды игере отырып, берілген тақырып бойынша өз ойын айта білуге үйрету. Мәтін арқылы студенттің қазақша сөздік қорын молайту.
3. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі көмекші есімдердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4.Негізгі ұғымдар:

Лексикалық тақырып бойынша:

Әлеуметтік гигиенаның қарастыратын мәселелері, әлеуметтік гигиенаның негізгі мақсаты, халық денсаулығына әсер ететін факторлар, ірі қалалар, алыс, шалғай ауылды жерлер, медициналық көмек көрсетудің айырмашылықтары;



Грамматикалық тақырып бойынша:

Көмекші есімдер,заттардың кеңістікте орналасу қатынастары.


5.Сабақты өткізу жоспары:

  • Ұйымдастыру кезені - 5 мин.

  • Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин

  • Өткен сабақты қорыту - 15 мин.

  • Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.

  • Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин

  • Мәтінмен жұмыс – 25 мин

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин

  • Бақылау жұмыстары – 15 мин

  • Үй тапсырмасын беру – 7 мин

  • Студенттің білімін бағалау – 8 мин


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет