Сабақ : Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар саны



бет4/24
Дата13.10.2019
өлшемі7,02 Mb.
#49787
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
6 сынып Обнов КМЖ



Қысқа мерзімді жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Оң сардар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.4. координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу.


Сабақ мақсаты:

  1. Координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуде нүктелерді белгілеу;

  2. Координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келетінін растау;

  3. Координаталық түзуде рационал сандарды белгілеуін тұжырымдау.

Бағалау критерийі

  • бірлік кесіндіні анықтай отырып, координаталық түзу салу;

  • координаталық түзуде берілген нүктелердің координаталарын жаза біледі;

  • рационал сандарды белгілегенде бірлік кесіндіні пайдаланып нүктені салады.

Тілдік мақсаттар


Оқытудың тілдік мақсаты: координаталық түзудің анықтамасын біледі және координаталық түзуді салуды түсіндіреді

Пәнге тән лексика мен терминология: «координаталық түзу», «бірлік кесінді», «санақ басы», «оң бағыты», «нүкте координатасы», «рационал сандар»

Диалог үшін пайдаланылатын сөздер мен тіркестер: «түзу бойындағы – ........ санақ басы», « таңдап алынған........ кесіндісі және координаталық түзудің оң ....... болады», «берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана ....... сәйкес келеді»

Құндылықтарға баулу


Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана: Оқушыларға тапсырмалар орындату арқылы Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Ой қозғау сұрақтар арқылы шамалардың мағынасына қарай оң және теріс сандарды ажыратуда оқушыларға Астана қаласындағы зәулім ғимараттардың өлшемдеріне қатысты сұрақтарды география пәнімен байланыстырып үйрету

Алдыңғы білім

6.3.1.7 Шар мен сфера туралы түсінігі болу


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгелдеу.

-Сыныпта ынтымақтастық атмосфера орнату «Ыстық алақан» әдісі бойынша қолдарынан ұстап бір-біріне жақсы тілек сөздер айтады.

-Топқа бөлу

Қолдарындағы қағаздың бетіндегі термин сөздерге байланысты үш топқа бөлінеді.(координаталық түзу, бірлік кесінді, нүкте координатасы)

Жаңа сабақты бастамастан бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсу, сол арқылы «Кім жылдам» әдісімен ұйымдастыру.Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дамытуда патриоттық сезімі жоғары бәсекеге қаблетті тұлғаға тән қасиет қалыптасуда алған білімдерін өмірде қолдана алуға берілген сұрақтар.

1.Шамалардың тура және қарама-қарсы мағыналарын бір-бірінен ажыратыңдар:

а)Ойын командасы кеше 4 ұпай ұтты.



ә)Ойын командасы 4ұпай ұтылды.

2.Мына шамалардың мағынасына қарай оң және теріс сандармен жазыңдар:




а) «Бәйтерек» Елорданың ең көрнекі ғимараттарының бірі биіктіге қанша метр? (97метр)

ә) «Қазақ Елі»монументінің биіктігі қандай? (91)

б) «Хан Шатыр»ғимаратының биіктігіқанша метр? (150метр)



в)Есіл өзенінің тереңдігі қанша метр? (560 м)

Мақсат: Теріс сандар шамаларды өлшеу нәтижесін жазу кезінде,мысалы,ауа температурасын,өзен мен мұхиттың тереңділіктерін және т.б. өлшеу нәтижесін жазу үшін қолданылады.

3.15наурыздағы қалалардағы ауа температурсының жылы, суығын ажыратып, оқып беріңдер

ҚБ.Ауызша кері байланыс.



«Элективті сұрақ»әдісі оқушылар өз білімдерін білетіндерін сынй тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдемелермен жауап береді.

Мақсаты: Ауа райын өлшейтін термометрдің суретін пайдаланып арқылы координаталық түзудің бейнесін алу.

Төмендегі суреттерден дұрыс бейнеленген координаталық түзуді анықтау



Осы сұрақ қою арқылы жаңа тақырып мағынасын ашамын. Сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу


6 сынып оқулығы, слайд

Үлестірмелік карточкалар,
суреттер,

карта,


термометр



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет