Сабақ №1: Балалар әдебиеті мәнерлеп оқу практикумымен Сұрақтар мен тапсырмалар


 жылдан бастап С. Дөнентаевтың өлеңдері «Айқап»



бет3/11
Дата14.10.2023
өлшемі55,96 Kb.
#185397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тәжірибелік жұмыс №1

1913 жылдан бастап С. Дөнентаевтың өлеңдері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарияланып тұрған. Ақынның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы «Қиялым» өлеңі «Айқап» журналында жарияланған.
С. Дөнентаевтың алғашқы өлеңдер жинағы «Уақ-түйек» деген атпен 1915 жылы Уфа қаласында басылып шыққан. Жинаққа енген «Биік тау», «Менің жайым», «Заман кімдікі», «Замандастар», «Қайда кеткен?», «Қызмет көрсет халыққа», «Жүрекке», «Ақыл», «Жан мен тән», «Өгей ұл» деген өлеңдері қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жырлауға арналған. Ақын «Заман кімдікі» өлеңінде:
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі, –
деп, үстем тап өкілдерін, ел билеушілерді азулылар мен күштілер, тырнақтылар мен тістілер кейпінде суреттеген. Өмір шындығын тұспалдап көрсету арқылы С. Дөнентаев «Ұры мен баласы», «Ауырған арыстан», «Екі теке», «Бозторғай», «Сұңқар мен қарғалар», «Шошқа мен саудагер», «Бөшкенің зары» деген мысал өлеңдер де жазған. Ақынның «Дәуітбек», «Құсайынның арманы», «О, жалған-ай», «Нағиманың өкпесі», «Бір адвокаттың мінезінен», «У жеген қасқырға», «Екі болыстың тәубесі», «Көктөбетке» атты сатиралық өлеңдерінде өмірден өз орнын таба алмай жүрген әр қилы мінезді адамдарды әжуалап сынаған.
Ақынның «Жәмила қыз» атты өлеңі – әйел тағдырын суреттеген, поэмаға жүк боларлықтай оқиғаны шағын өлеңге сыйғызған көрнекті туындысы. Өзінің ақындық жолында ұлы ақын Абайға еліктеген, содан үйренген С.Дөнентаев «Абайға» деген өлең жазған және «Жүрекке», «Атылғандарға», «Темірге», «Ерікті Айша» өлеңдерін Абайдың «Сегіз аяқ», «Алты аяқ» өлеңдерінің үлгісімен жазған.
Сәбит Дөнентаевтың қаламынан туған жүзге тарта прозалық шығармалар бар. С. Дөнентаевтың прозалық шығармалары: әдеби сын, публицистикалық мақалалар, әңгіме, очерк, фельетон, хабар болып бөлінеді. Жазушының проза жанрындағы көрнекті туындысы – «Көркемтай» әңгімесінде жетім бала Көркемтайдың ауыр да аянышты өмірі суреттелген. Жетім баланың тағдырын суреттей отырып, жазушы жетімді аяу, қайғысына жанашырлық білдіру, қайырымдылық көрсету сияқты гуманистік идеяны насихаттаған.
Көркем шығармаларымен қазақ әдебиетінің дамуына, қалыптасуына өзіндік үлес қосқан Сәбит Дөнентаев ұзаққа созылған сырқаттан 1933 жылы 39 жасында қайтыс болған.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіне романымен, драмалық шығармаларымен, ақындық, аудармашылық, зерттеушілік еңбектерімен үлес қосқан Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Павлодар аймағындағы Қызылтау деген жерде кедей отбасында өмірге келген. Жүсіпбектің арғы атасы Дәндебай дәулетті, текті, атақ-абыройлы, ел арасында беделді кісі болған. Ағалары Ахмет, Жақыпбектермен бірге арабша сауатын ашқан Жүсіпбек жас кезінен бастап ағаш шеберлігі мен темір ұсталығын қатар үйренген. Он бес-он алтыға келгенде Жүсіпбек үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, қазақша-орысша екі сыныпты мектепке түседі. Жүсіпбектің өмірінен ерекше орын алатын жыл – 1914 жыл. Семейдегі оқытушылар семинариясына оқуға түскен болашақ қоғам қайраткері Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен бірге оқып, пікірлес болған. 1918 жылы М. Әуезовпен бірігіп «Абай» атты журнал шығарған, «Екеу» деген лақап атпен мақалаларын жариялап тұрған.
Сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығына қарамастан Ж. Аймауытов шығармашылық жұмыстармен де айналысқан. Ж. Аймауытовтың әдеби-шығармашалық мұрасын төмендегідей топтап көрсетуге болады.

Прозалық шығармалары

Поэзиялық шығармалары

Драмалық шығармалары

Аудармалары

Ғылыми еңбектері

«Қартқожа» романы (1926ж.)
«Ақбілек» романы
«Күнікейдің жазығы» повесі

«Ұршық»
«Көшу»
«Жәмила»
«Ах-ха-хау»
«Ұран»
«Әскер марсельезасы»

«Мансапқорлар»
«Қанапия-Шәрбану»
«Шернияз»
«Рәбиға»
«Ел қорғаны»

«Еңбекшіл-дер ұраны»
«Жас әскер»
«Жас көсемдер маршы»
«Ревизор»
«Тас мейман»
«Сараң сері»

«Тәрбиеге көмекші»
«Психология»
«Жан жүйесі және өнер таңдау»

Ж. Аймауытовтың 1926 жылы Қызылордада басылып шыққан «Қартқожа» романы – қазақ әдебиетіндегі реалистік проза талаптарын толық қанағаттандырған көркем шығармалардың бірі. Романның барлық оқиғасы Қартқожа көзімен, Қартқожа түсінігімен, Қартқожа қабылдауымен берілген. Әкеден ерте айырылған Қартқожа ағасы Тұңғышбай екеуі отбасының барлық ауыртпалығын көтереді. Жазушы Қартқожа басындағы оқиғаларды бір-бірімен сабақтастыра көрсеткен. Романда ерекше көрініс беретін оқиғалар қазақтың тұрмыс-салт суреттері, күрес, ән салу сияқты көріністер. Шығармада әрі батыр, әрі әнші Дәрмен тағдыры, Бәтіш-Дәрмен махаббаты ерекше суреттелген. Жазушы Дәрмен тағдырына Мәди өмірін арқау еткен. Романда диалог, монолог, полилог үлгілері де шебер пайдаланылған. Шығармада С. Торайғыров сияқты тарихи тұлғалар да суреттелген, оқиға Семей, Омбы қалаларында өткен. Романның бас кейіпкері Қартқожа өмірде болған адам. 1937 жылы мерт болған Қартқожадан қалған ұрпақ Төлеш Қартқожаұлы Тоғанбаев ұзақ жылдар Қазақ ауылшаруашылығы институтында қызмет істеген.
Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған ең көлемді прозалық шығармасы – «Ақбілек» романы. Роман оқиғасы Алтай өңірінде өткен. Роман кейіпкерлері: АқбілекМамырбай – Ақбілектің әкесі, Өрік – Мамырбайдың тоқалы, Ұрқия – Ақбілектің жеңгесі, Бекболат – Ақбілектің атастырған күйеуі, Мұқаш – Ақбілекті орыстарға ұстап берген кедей жігіті, Ескендір – Ақбілектің баласы, Балташ – Ақбілектің жарыКәмила – Ақбілекпен мұңдас, сырлас қыз, Төлеген – Ақбілектің ағасы, Жылтыр – пәлеқор, жағымпаз, ұнамсыз адам.
«Ақбілек» романында ескі қазақ ауылынан шығып, жаңа өмірден орнын тапқан қазақ әйелінің тағдыры шынайылықпен суреттелген. Адамдардың қасқырынан құтылған Ақбілек дала тағыларының қоршауына түседі. Осылай көптеген тағдыр талқысынан аман құтылған Ақбілек Семей, Омбы қалаларына келіп, оқу оқып, білім алып алға қойған мақсат-мұратына жетеді. Өзін бағалап, сыйлайтын Балташқа тұрмысқа шығады, баласы Ескендірді қайта құшады. Ақбілек – қазақ әйелінің ұнамды жаңа типтік бейнесі.
Ж. Аймауытовтың образ жасаудағы бір шеберлігі – кейіпкерлердің өзін сөйлету. Мысалы, Мұқаш өзін-өзі былай таныстырады: «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тойбағар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес». Кедейден шыққан Мұқаш Мамырбаймен арадағы ескі бас араздығынан жазықсыз Ақбілекті қасқырлардың аузына тастап жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет