Сабақ №1: Балалар әдебиеті мәнерлеп оқу практикумымен Сұрақтар мен тапсырмалар


«Ақбілек» романы – Жүсіпбек Аймауытовтың жазушылық қарымын



бет4/11
Дата14.10.2023
өлшемі55,96 Kb.
#185397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тәжірибелік жұмыс №1

«Ақбілек» романы – Жүсіпбек Аймауытовтың жазушылық қарымын анық көрсеткен, қаламгердің шығармашылық жолында көрнекті орын алатын туынды.
Ж. Аймауытовтың проза жанрындағы көркем туындылары – «Күнікейдің жазығы» повесі мен «Әнші» әңгімесі. «Күнікейдің жазығы» повесінде қазақ халқының тұрмыс-салты, ұлттық дәстүр: көш рәсімі, қыз-бозбаланың сауық кеші, алтыбақан. ақсүйек ойындары, той қызықтары, құда қарсы алу, күту, бәйге қызығы ерекше шабытпен, көркем тілмен бейнеленген. Шығарма кейіпкерлері: Күнікей – қойшының қызы,табиғат сұлу жаратқан, өнерлі қыз, Шолпан – Күнікейдің шешесі, Тұяқ – етікші жігіт, Шәмші – Ордабай байдың қызы, Қасым – бай баласы, Баймен – батыр, палуан, Күнікеймен көңіл қосқан жігіт.
«Күнікейдің жазығы» повесі – қазақтың көшпелі тұрмысын қаз-қалпында бейнелеген реалистік туынды.
«Әнші» әңгімесі – Жетішатыр қаласындағы оқыған жастардың тұрмыс-тіршілігі негізінде жазылған көркем шығарма. Әңгіменің кейіпкерлері:
Әмірқан – әңгіменің негізгі кейіпкері, прототипі әнші Әміре Қашаубаев.
Жұмабек – Әмірқанды өнер жолдына баулыған ұстазы.
Ақтамақ – Әмірқан сүйген қыз.
Шәкет – қымыз сатушы келіншек.
Әбіжан – ойын басқарушы.
Мәржім, Рахымбек, Дәулетжан, Рәзия жеңгей – қосалқы кейіпкерлер.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған «Қанапия-Шәрбану», «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны», «Шернияз» деген драмалық шығармалары бар. «Шернияз» пьесасы – Семейдегі жарияланған бәйгеде бірінші орын алған, қазақ халқының көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған, өлеңмен, ішінара ақ өлеңмен жазылған Ж. Аймауытовтың ең үздік пьесасы.
Жүсіпбек Аймауытовтың психология, методика, эстетика саласында жазған «Тәрбиеге көмекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» деген ғылыми еңбектері де бар.
Поэзия, проза, драматургия, публицистика, сын, зерттеу саласында бірдей қалам тартқан Жүсіпбек Аймауытов 1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілініп, 1931 жылы жазықсыз жаладан атылған.
Қазақ поэзиясының Шолпан жұлдыздарының бірі Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Сасықкөл деген жерде өз ортасына әйгілі Бекен болыстың шаңырағында дүниеге келген. Болыс болған Бекен мектеп ашып, мұғалім ұстап, өз балаларымен бірге ауыл балаларының да оқуына қамқорлық жасаған көзі ашық, өжет, қайратты, парасатты адам болған. Әкесі Бекен ашқан ауыл мектебіндегі башқұрт жігіті Ажиетдин Ақановтан төрт жасында хат таныған зерек, білімге ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы Хасен молданың медресесіне оқуға түсіреді. Мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырған Мағжан татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтан дәріс алып, Бейімбет Майлинмен танысқан. Ғалымжан Ибрагимов он сегіз-он тоғыз жастағы Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазандағы Кәрімовтер баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген. Сонымен бірге өзінің «Қазақ қызы» романына Мағжанның «Айға» өлеңінің:
Кең дала, көресің ғой, ана жатқан,
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Асқар тау, балдан тәтті сулары бар,
Әне, сол анам еді мені тапқан, –
деген бір шумағын эпиграф етіп алған. Мағжанның шығармашылық өміріне ерекше ықпал еткен оқиғалар – 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерінің жинағымен танысуы мен аса білімдар қаламгер әрі көрнекті қайраткер Міржақып Дулатовтан дәріс алып, өнеге үйренуі. Мағжан орыс және Еуропа мәдениетімен сусындамақ мақсатпен Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түскен. Семинарияда Сәкен Сейфуллинмен танысып, пікірлес болған.
Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық мәселелерге белсене араласып, өзінің ақындық үнін қосып отырған. Елдің келешегі жастар деп түсінген Мағжан болашақта жастардан көп үміт күткен ағартушылық-демократтық ойын «Мен жастарға сенемін» өлеңінде:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін! –
деген сөздерімен білдірген.
Мағжан Жұмабаевтың лирикалық өлеңдері тақырыбы жағынан бірнеше салаға бөлінеді:
М. Жұмабаевтың эстетикалық талғамын көрсететін табиғат лирикасына жататын: «Толқын», «Көкшетау», «Жазғы таң», «Жазғытұры», «Жел», «Толған ай», «Қысқы жолда», «Жиіленді қара орман», «Жаз келді» өлеңдері – табиғатпен сырласудан туған шығармалары.
Мағжан Жұмабаевтың ерекше шабытпен жырлаған тақырыбы – махаббат лирикасына жататын: «Р. альбомына», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Гүлсім ханымға», «Хор сипатты қарындас», «Сен сұлу», «Шолпы», «Сүй, жан сәулем», «Төгілген шашы», «Екі бетің сұлу қыз», т.б. өлеңдерінде адамның сан алуан психологиясы, тылсым сырлары, жүрек толқыны жан-жақты жырланған.
Ақынның: «Сағындым», «Жел», «Тілегім», «Жауға түскен жанға», «Тұтқын», «Айға» өлеңдері түрме тауқыметіне байланысты көңіл күйінің әуенімен жазылған.
М. Жұмабаевтың: «Жан сөзі», «Ой», «Жұлдыздарға», «Алдамшы өмір», «Мені де өлім әлдиле», Шын сорлы», «Сүйемін», «Батқан күн, атқан таңның жыры», «Күздігүні», «Домбыра», «Сағат», «Сарғайдым», «Зарлы сұлу», «Жәмила», «Түн еді» деген философиялық толғауларында ақынның қайғы-қасіретке толы өмірі, келешек ұрпақпен ашық тілдескен, ақтарыла төгілген ішкі сыры жырланған.
Мағжанның: «Тәңірі», «Жаралы жан», «Оқжетпестің қиясында», «Бесік жыры», «Туған жер», «Туған жерім – Сасықкөл», «Анама», «Айда атыңды, Сәрсенбай» өлеңдері – күрделі өмір құбылыстарын, тарихи кезеңді реалистікпен суреттейтін шығармалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет