Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз


Оразова Ә.Ж. Қанатбаева А.А. Сүйінбаева Г.Ж



бет3/5
Дата10.03.2017
өлшемі0,99 Mb.
#11228
түріСабақ
1   2   3   4   5

Оразова Ә.Ж. Қанатбаева А.А. Сүйінбаева Г.Ж.

бастауыш сынып мұғалімі бастауыш сынып мұғалімі бастауыш сынып мұғалімі

СЕМИНАР БАҒДАРЛАМАСЫ




Уақыты

Іс- шараның атауы





Орны

1


8.15-8.45

Семинарға қатысушыларды қарсы алу




Акт

залы

2


8.50-9.35

Әдебиеттік оқу пәні

М.Әлімбаев «Көктем келді»

2 «Г» сынып

Қанатбаева А.

309

кабинет

3


8.50-9.35

Математика

«Қайталау»

4 «Г» сынып

Оразова Ә.

204

кабинет

4


9.45-10.30

Дүниетану пәні

«Өсімдіктер адам қамқорлығына мұқтаж»

3 «А» гимназия сыныбы

Ешманова Ж.

309

кабинет

5


9.45-10.30

Дүниетану пәні

Жануарлардың «Қызыл кітабы»

2 «Б» гимназия сыныбы

Озғанбаева Б.

204

кабинет

6


10.40-11.25

Қазақ тілі

Сын есім

4 «А» гимназия сыныбы

Серікбаева Ж.

309

кабинет

7


10.40-11.25

Ана тілі

Т.Молдағалиев «Біздің ту»

1 «А» гимназия сыныбы

Латипова А.

204

кабинет

8


11.30-12.15

Математикалық кеш

«Жұлдызды сәт»

2 «А» гимназия сыныбы

Байпақова Ж.

309

кабинет

9


11.30-12.15

Өзін-өзі тану пәні

«Қамқор болып өсемін»

1 «Б» гимназия сыныбы

Сүйінбаева Г.

204

кабинет

10


12.20-12.50

Тренинг

«Сындарлы оқытудағы топтық жұмыс пен формативті бағалау түрлері»

Әріпова Қ.

204

кабинет

11


12.20-12.50

Тренинг

«Сындарлы оқытуда топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру жолдары»

Жетібаева Б.

309

кабинет

12


12.55-13.25

Коучинг

«LessonStudy тәсілін сыни ойлау тұрғысынан қолданысқа енгізу»

Қорабайқызы Г

204

кабинет

13

13.30

Түскі ас








Өтетін уақыты: 25 ақпан 2014 жыл

Өтетін орны: Ақтау қаласы , №21 орта мектебі


Қорабайқызы Гүлзада

директордың оқу-әдістемелік

жұмыс жөніндегі орынбасары

«LessonStudy тәсілін сыни ойлау тұрғысынан қолданысқа енгізу»

Бірінші деңгей бағдарламасын игергеннен кейінгі кезеңде «Мектептің даму жоспарына қандай өзгеріс енгізе аламын?», «Неден және қалай бастаған дұрыс?» тәрізді сан-алуан сұрақтарды өз-өзіңе қоя бастайсың екен. Бір жыл көлемінде жүзеге асыра салатын жұмыс емес, зерделеуді қажет ететін, ұжымдастар көмегі арқылы жолға қоюға болатын іс-шара.Ойлана келе, әріптестермен кеңесе отырып,сабақты зерттеу жолындағы күрделі тақырыпты алдым.

Сыни тұрғыдан ойлау 2003 жылдан бері қоғамдық бірлестік арқылы облыстық деңгейде мұғалімдерге семинарлар

ұйымдастырумен үйретіп келген ,күнделікті сабағымның өзегіне айналған оқыту түрі болса, сол арқылы сабақты

зерттеуді мақсат еттім. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу сатылары: зерттеу саласын анықтау, зерттеу жүргізу, тәжірибені зерделеу, қайтадан бастау,тәжірибені жетілдіруден тұрады. (Элейн Уилсон. «Іс - әрекеттегі зерттеу жүргізу сатылары»).Зерттеу-« жоспарлаймыз – әрекет етеміз –қадағалаймыз - талдаймыз» сызбасы бойынша жүретін көп кезеңді іс-әрекеттегі жоба. «Тәжірибелік ойлар жағдайдың тәжірибелік қажеттіліктерін анықталып,сыни бағалау мен қатысушының ой түюмен байланыстылықты талап ететінін» (Garr and Kemmis .1986) ескере отырып, «Lesson Study тәсілін сыни ойлау тұрғысынан қолданысқа енгізу» тақырыбы болашақтағы жасалатын тәжірибемнің ,енгізетін өзгерісімнің бастауы болмақ.

Мақсаты: «Lesson Study-ді оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету

болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруы.(Пит Дадли «Нұсқаулық»)

(слайд көрсету- шығу тарихы)

Күтілетін нәтиже: 1.Lesson Study тәсілін сыни ойлау тұрғысынан қолданысқа енгізуде мұғалімдер бірлесе жоспарлап,өзара ынтымақтастыққа қол жеткізеді.

2.Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолдана отырып,

оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын анықтайды.

3.Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына

басты назар аударады,оның қажеттіліктерін,кім екенін жақсы танитын болады.

4.Осы арқылы оқытудың 7 модулін жүзеге асыра алады.

5.Жас мамандар кәсіби даму жағынан көп жетіледі.

6.Зерттеуге алынған сынып пен бақылауға алынған оқушылардың білімдік сапасының артуы мектеп көрсеткішінің жоғарылауына

жеткізеді.

Тақырыпты анықтап, зерттеуді жүргіздім. Тәжірибені зерделеу әрекеті басталады.Ол үшін мектептің даму жоспарына алған тақырыбымдағы күтілетін нәтижелерім іс-әрекетімізде қандай көрініс тапты?Іс-әрекеттегі зерттеу кезінде мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықтың рөлі жоғары болды. Ұжым бізді қолдады.Топқа бөлінгенде тең деңгейлік дәреже сақталды. Сабақтарымызды жоспарлауда ,өткізуде өзара келісімге қол жеткізілді.Талдау барыстарында біз жеткен кішкентай жетістіктерімізге бірге қуандық, кемшіліктерімізді толықтыруды ойластырдық.Бірінші LS-тіөткізіп,қадағаладық.Салтанат (тәлімгер), Ақкөжек ( тәлім алушы ) және мен (коуч) 8 в, 9г сыныптарында сабақтарымыз өтті. 8 в–сыныбы 4 оқу озат оқушысы бар, үлгерімі – 100 пайыз. Биылғы оқу жылында 12 оқушы қала жанында ашылған орта мектепке ауыстырылды.Қазіргі деңгейі 3 сыныптан қосылған жиынтық сынып.

Озат оқушының үшеуі көрші мектепке кетті.
Бақылауға бұл сыныптан Қайсар–озат,Нұрберген–төмен, Айдана-орташа деп үш деңгейліоқушы зерттеуге алынды.

9 «г» тұтастығын сақтап қалған үлгерімі жоғары сынып.5 оқушысы -озат және үздік оқушы.Бұл сыныптан үш деңгейлік зерттеуге Лаураны – жоғары, Аяжанды –орта , С.Арманды - төмен оқушы деп белгіледік. Аяжан гуманитарлық пәндерден жақсы оқитын,ойын еркін жеткізетін оқушы еді,бірақ сабақ беретін басқа пән мұғалімдерінің пікірлері жаратылыстану пәндерінен оқу деңгейінің төмендігін бас айтты.Бақылаушыға І деңгейден өткен мұғалімдерді ,сыншы досқа ІІІ деңгейден өткен мұғалімдерді алдық.Тәлім алушы екі деңгейден өтпеген-мұғалімдер сабақтарға қатысушы болды.

Әр сабаққа қатысқан сайын рөлдерін ауыстырып отырады. Бақылаушы ,сыншы дос ,бақыланатын үш оқушы қызметін әр сабақ сайын қадағалап отырдық. «Бастама –жауап- кейінгі әрекет»нысыны бойынша қойылған сұрақтарда бастама жасайтын және оны бақылап отыратын мұғалім»деген Мерсер (1995) сөзін әр кез ескеріп отырдық. Өткізілген сабақтарда сыни тұрғыдан ойлау стратегияларынан: «Аралас ,жұптас, қатып қал», «Шаттық шеңбері», «БББ», «ЖИГСО», «Бес жолды өлең», «РАФТ», «Ассоциация», «Венн диаграммасы», «Түртіп алу» «Рөлдік ойын» қолданылды. Топты бөлу: конфеттер, түспен, санмен, фигуралармен, суреттермен бөлу, «Жер сілкінісі», «Арқаға сурет салу», «Атом мен моллекула» ойындары бойынша жүргізілді.

Жұмысты формативті бағалау- «Бағдаршам»,критериалды, түсті қағазбен, өзара бағалау,топтық және топты бағалау,смайликтер,мадақтау,қолшапалақтау түрлері қолданылды. Барлық сабақтарда АКТ: интертақта,

нотбук,ұялы телефондар,компьютерлер пайдаланылды. Постер қорғау сақталды. Сабақ соңынан оқушылардан сауалнама алынып, қорытындыланып отырды.Сауалнамаға қатысқан оқушылар жауаптарында: «Сабақта бәрінен не ұнады?» сұрағына -15 оқушы: Постер қорғау , 18 оқушы-Топпен жұмыс,10 оқушы- тәжірибе жасау,6 оқушы әр түрлі жауап берген.

«Сен нені үйрендің?» сұрағына көпшілігі тақырыптық мазмұнды толық игергендерін жазған.

«Бұрын істей алмайтындарыңнан қазір не істей аласың ,нені жақсырақ істей аласың?» сұрағына «Достарыма көмектестім»- 20. «Сурет сала алам»- 12. «Пікірімді еркін айта алады екенмін»-8. «Бәрін жақсы істей аламын-9. «Сабақ басқа топта өткізілсе ,не өзгертер едің?» сұрағына 36 –сы: «Өзгертпес едім»деп жауап берген. Бақылаудағы 6 оқушымыз (екі сыныптан 3-3-тен ) І кезеңде сауалнамаға қатысты.Бақылаушы мұғалімдер 1-кесте «Сабақты жоспарлау,бақылау және талқылау» кестесін толтырып отырды.Сабақ беретін 9- сыныбымда «Қазақ әдебиеті» пәнінен өткізілген тізбектелген сабақтар барысында бұрынғы жай сабақтарымда белсенділік танытатын оқушыларым өз деңгейінен төмендеу болса , орташадан жоғары Гүлнар, Зарина, Тәуекелдер топтық жұмыста жақсы жауап берулерімен ,жолдастарын жетелей білуімен көзге түсті. Мен оларға қошамет білдіріп , мадақтаулар айттым. «Апай,жай сабақ түрінде өте берейікші» - деген озат оқушым А-ның сөздері ойға жетеледі.Неге?Оның жауабын алдағы сабақтардан табатыныма үміттендім.Біздер, мұғалімдер, Ричард Даранд айтқан: «Сабақтың көп бөлігі көбінесе мұғалімнің ауызша хабарлама мен тапсырмаларға жұмсалады.Оқыту орынды, ақпарат беретін және мақсатқа бағытталған болуы керек. Оқушыларға сабақ ұнайды және оларды өздерінің оқулары қызықтырады.Оқушылардың табыстарға қол жеткізуі. Бағалау сабақ беруге және оқытуға тиімді әсер етеді.Мұғалім сауалнамасы оқушылардың ойлау қабілетін ашады, айқындайды және кеңейтеді»-деген тиімді сабақты сипаттайтын 6 принципін үнемі есте сақтап , тәжірибемде қолдандым. Бірінші LS-те өткізілген сабақтарды бірлесіп зерттеу нәтижесінде өзіміз үшін қажеттіліктерді санамалап шығарып алдық: Кімнің сабағында қандай өзгешеліктер болды? Қай жағы тиімді болды? Неліктен? Қай сабақта сабақты зерттеу тәсілінде сыни ойлау жақсы жүзеге асырылды? Екінші LS-ті жоспарлау кезінде нені ескеруіміз керек? Зерттеу сабақтары бойынша мынадай қорытындыға келдім: Салтанат сабағында топты бағалау дәлелдерге сүйеніп, өзі бағалады.
Мейрамгүл топ ережесін жақсы сақтады.Сания жұмысының мазмұны бай болды.Орыншада оқушылар қызығушылығы жоғары деңгейде өтті.

Ақкөжекте бақылаудағы балалар үнемі назарда ұсталды.Зоя постер қорғатуда екі оқушыны қатар шығарып, қатысушы

санын көбейтті.Гүлзадада СТО стратегияларымен беріліп,уақытқа бөлу жақсы сақталды.Нені , неге ескеру керек? Топтық рөлдерге бөлу ойындарын жете білуді, бақылаудағы оқушыларды назардан қалыс қалдырмауды,постер қорғауда оқулықтар мен

қосымша материалдарды қолдана білу жолдарын түсіндіруді, кері байланыс алудағы ескерілмей жүрген жайттарды қарастыру ұсынылды. «Бұл лессон стади тақырыбы : оқушылар арасында пікірталас тудыра отырып,сыни ойлауын дамытып,топтық не жұптық жұмысты, ІСТ аспаптарын қолданып,оқу дағдыларын,өзін –өзі таныту дағдыларын дамытуы тиіс».

(Lesson Study (сабақты зерттеу)бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық.2013.

« Көшбасшы тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.Тәлім алушы- жұмыс істеуге қабілетті тұлға да,ал тәлімгер мен коуч –оның өз мүмкіндіктерін көрсетуге көмектесушілер. (МАН.37) Мектепте ІІ деңгей бағдарламасын игерген адам болмағандықтан, тәлімгер рөлін ІІІ деңгейді оқыған мұғалімге тапсырдым.Сыншы дос , бақылаудағы оқушыдан сауалнама ,сұхбат алу, кері байланысқа шығу ,мұғалімдермен сөйлесу – зерттеуге алған тақырыбымыздың өміршеңдігін танытты.Бұл менің Бірінші LS-тің қорытындысын талқылаудан кейін келген ойларым.Менторингі ретінде Екінші LS-ті жоспарлау бірдің қорытындыларынан туындайды.Сауалнама жинақталды. Екінші зерттеу сабағын тізбектелген сабақтарды тағы да бірігіп жоспарлап,үшінші аптада өткіздік.Сабақтарымызда жетілу болды.Орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген білім беру әдістемесі – сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл (МАН 13-бет).

Оқушы пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ететін сындарлы оқыту түрінің түрлі стратегияларын мұғалімдеріміз Зейнеп, Гүлфайрус, Құлыншақ, Ақкөжек,Зайра өз сабақтарында көрсете білді. Бұл жолы топ құрамына алынған осы тәлім алушылардың сабақтарын қарап,талдауымызды жалғастырдық.Сыни ойлау стратегияларын қолдандық, топтық сипатта ,бағалаудың түрлі жолдарын дамыттық, бақылаушы бала бойындағы өзгерістерді байқауға алдық. Осы негізде енгізілген өзгерістердің тиімді болатынын білдім.Енді бақылаудағы оқушыларымызбен сұхбат жүргіздік.8в сыныбындағы Қайсар мен 9-сыныптағы Лаура бұрынғы деңгейлерін ұстады, өткен сабақтардан «бестік» бағаларын алды.Белсенділіктері жоғары болды. Аяжан да ортадан да жоғары деңгейге көтерілді. Нұрбергенде көп өзгеріс болған жоқ.Ағылшын тілі сабағында қатысу белсенділігі сәл көтерілгенімен, физика сабақтарын да көп көрінбеді.Жақсы өзгеріске ,жақсы нәтиже бергені- 9-сынып оқушысы Арман .Ол өзімен жүргізілген сұхбат кезінде: «Топтық жұмыстар ұнады. Мен достарыммен бірге жұмыс жасағанда алғашқы әзірде қатты қобалжыдым.Кейін өзімнің де ой айта алатыныма толық көзім жетті. Мен енді еркін сөйлей алатын болдым». Джин Радок «оқушы үнінің»мәні зор деп насихаттады.Ғалым бұл идеясымен оқушының пікіріне қызығушылық таныту арқылы олардың білім алуын жетілдіруге болатындығын айтқан еді. Арман тізбектелген сабақтардың бірінде достарының және мұғалімінің бағалауымен өз жауабына «4» және «5» бағалар алып , мадақтауларға ие болды. «Метатану индивид қалай ойлайтынын,қалай оқитынын қадағалау,бағалау,бақылау және өзгерту қабілетін түсіну,білім алуды үйретудің қозғаушы күші болса ( МАН.глоссарий),бақылаудағы оқушы санын көбейте отырып ,жақсы нәтижеге жетуге де болатындығын байқадым. Тоқсандық баға шықпағаннан кейін үлгерім қорытындысын шығара алмадық, бірақ оқушыда ілгерілеу болғанынын көрдік. Екінші LS-ті жоспарлау кезінде жоғарыдағы тиісті мүмкіндіктерімізді ескердік,сабақты бірлесіп жоспарлауды қарау,күтілетін нәтижені шығаруды үйрендік. Дер кезінде Астанадан жіберілген тренеріміздің демеушілік сөздері мен қажетті нұсқаулары, портал және Ақтау 3131 байланысы , басқа мектептегі (№ 13 гимназия , № 3 ,Жаңаөзен ,Ақшұқыр , Шетпе ,Бейнеулік әріптестеріміз бен ұялы телефондармен сұрақ-жауап алу арқылы тақырыпты кеңінен зерттей алдық. Үшінші LS-ті жоспарлау және ІІ LS-ті қорытындылау тәлімгерлеріміздің қатысуы арқылы ІІ коучингіні өткізуге арналды.Біздер, І деңгейге қатысушылар, мұғалімдерден, оқушылардан ,ата-аналардан кері байланыс сауалнама алып, қорытындымызды хабарладық.Өзгерістер туралы айттық. Одан әрі жұмысты жүргізу үшін болашақ енгізілетін Мектептің даму жоспарына лайықтап алынған осы тақырыбыммен жүйелі қалған мерзімде тағы да 4 коучингі өткізіп, LS-ті циклды жоспарлап ,жұмысты жалғастыру үстіндемін.(Жұмыс үстіндегі сәттер слайд арқылы көрсетіледі).Жүйелі жұмыс болса ,алға қойған мақсаттың орындалмайтыны болмайтыны,ізденіс үстіне ізденіс жасай отырып, нәтижеге жетуге ұмтылудамын. Бүгінгі жаңаша оқыту талабы - осы.



Жетібаева Б.Б.

оқу-ісінің меңгерушісі

жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
«Сындарлы оқытуда топтық жұмыс

түрлерін ұйымдастыру жолдары»

25.02.2014

12.20-12.50

тренинг

Облыстық семинар

Тренинг тақырыбы:

Сындарлы сабақтарда топтық жұмысты ұйымдастыру


Жалпы мақсат:

Сындарлы сабақтарда топтық жұмыстың маңыздылығы мен ерекшелігі, ұйымдастыру әдіс-тәсілдері және оқыту үшін бағалау түрлері туралы түсінік беру

Сындарлы оқытуға бағыттау


Сілтеме:

Әдістемелік нұсқаулар

Оқу нәтижесі:

Сындарлы сабақтарда топтық жұмыстың маңыздылығы мен ерекшелігі, ұйымдастыру әдіс-тәсілдері және оқыту үшін бағалау түрлеріне үйрету. Сындарлы оқытуға бағыттау

Негізгі идеялар:

Сындарлы сабақтар сапалы білімге жетелейді

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интертақта, слайд, А- 4 парақтары,стикер, флипчарт, маркер, қалам.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер:

АКТ, СТО: сұрақ- жауап, диалог, миға шабуыл.

Бағалау: формативті бағалау:стикерлер, «екі жұлдыз, бір тілек»

Дерек көздері:

Интертақта, слайд, ғаламтор

Тапсырмалар:

Кеспе үлестірмелі материалдар Постер

Сабақ бойынша ментор мен мұғалімдердің іс-әрекеті:




Ментордің іс-әрекеті

Мұғалімдер

дің іс-әрекеті

психологиялық ахуал туғызу

Көтеріңкі көңіл орнату үшін және бір-бірімен жақын танысу үшін «Танысу» тренингісін ұйымдастыру

Әр мұғалім өз атына мадақтау бір сөз қосып өзін таныстыра

ды (бақытты Балсұлу)


топтық жұмыс

Мұғалімдерді кеспе қағаздарды суыру арқылы топтарға бөлу

Нақыл сөздер

1.«Адам адамнан тек білімі мен ақыл –ойы арқылы ғана озады» Абай

2. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды»

3. «Ұстаздық ету –өзінің уақытын аямау,өзгенің бақытын аялау»

Жан-Жак Руссо


Кеспе қағаздарды суыру арқылы нақыл сөздерді құрастырып, топтарға бөлініп отырады

ІІ

Мұғалімдердің сындарлы оқыту , топтық жұмыс туралы не білетінін жазуды тапсырамын.

Мұғалімдер  үлесті

рілген ақ қағазға сындарлы оқыту , топтық жұмыс,

формативті бағалау туралы не білетінін топтастырады




1 слайд


Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.« Назарбаев Зияткерлік мектептері » дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығында бүгінде әлемге үздік болып танылған Кембридждік жоба үлгісіндегі ұстаздар біліктілігін арттыру курсыБілім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған;

Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алғанбілімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға ие;

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсінуқабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.


Мұқият тыңдап отырып, баяндама

шының сөзінен ой түйеді







Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:

Оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеру мен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.

Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние:

Оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;

Жекелеген оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.





ІІІ. 3-слайд

7 модуль:

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
2) Сыни тұрғыдан ойлау;
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;
4) Білім берудегі АКТ пайдалану;
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық;


Шағын топ– ортақ мақсат-міндеттерге ие, тікелей қарым-қатынас жасайтын индивидтердің белгілі бір санының бірігуі. Үлкен және күрделі топтардан шағын топтың ерекшелігі – оның салыстырмалы «құрылымдық қарапайымдылығы». Бұның мәні – шағын топта, әдетте, беделді топ басшысы болады, оның айналасында топтың басқа мүшелері бірігеді. Бұнда топтың көлемі маңызды емес, ол бірнеше ондықты қамтиды.



10-слайд

Г.А.Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жалпылау кезінде, топтық оқу іс-әрекетіндегі келесі ережелерді көрсетеді:

-   балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі өседі;

-   оқушылар арасындағы өзара қатынас сипаты өзгереді;

-   оқушылар маңызды әлеуметтік дағдыларға ие болады: әдеп,  жауапкершілік, басқалардың позициясын есепке ала отырып өз мінез-құлқын қалыптастыру іскерлігі, қарым-қатынастың гуманистік түрткілері;

-   мұғалім топқа бөлуде балалардың өзара бейімділіктерін, олардың дайындық деңгейлерін, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуда дараландыру мүмкіндігін алады




Арипова Қ.Б

жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

әдістемелік бірлестік жетекшісі
Сындарлы оқытудағы топтық жұмыс пен формативті бағалау түрлері
Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік
емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер”
Жүсіпбек Аймауытов


Қазақстандық мұғалімдерге педогогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға бағыттау мақсатында Cambridge университетінің әдіс тәсілдерін сабақта қолдану, іске асыру бүгінгі күн талабы болып отыр.

Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушы белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі- баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Міне, сондықтан Cambridge университетінің жеті модульден тұратын тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы зор.

Осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.

Модульдер:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды(АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық

Ұйымдастырудағы алғашқы қадам оқушыларды топқа бейімдей отырып, психологиялық атмосфера қалыптастыру болып табылады.

Топқа бөлудің бірнеше әдіс-тәсілін пайдалануға болады:

Санау арқылы (1,2,3,4,5)

Әріптер арқылы (А,Б,В,С,Д)

Әріптер мен сандар арқылы

(А-1,А-2,А-3,А-4,А-5

Б-1,Б-2,Б-3,Б-4,Б-5

В-1,В-2,В-3,В-4,В-5

С-1,С-2,С-3,С-4,С-5

Д-1,Д-2,Д-3,Д-4,Д-5)

4) Геометриялық фигуралар және олардың түстері арқылы

5) Тақырыпқа сай таңдалған элементтер арқылы

Осының бәрін badge-ге (бейдж) бейнелеу арқылы бір ғана badge-дің көмегімен түрлі тәсілмен топқа бөлуге болады.

Келесі қадам бағдарламаның жетекші жеті модулін сабақтар процесіне енгізу.Барлықмодульді бір сабаққа кірістіруге болады.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

Мұнда балалар белсенді білімалушылар болып табылады. Жаңа әдісретінде «Диалог арқылы оқыту» басты назарда болады. Оның негізінде оқушылар мен мұғалім арасында өзіндік ой- пікір жүйеленеді.

2. Сын тұрғысынан ойлаустратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып, оқушыларды бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйретуді көздейді.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы- білімнің дайын күйінде берілмеуі. “Мынаны былай жасау керек” деп көрсетпей, оқушының шығармашылық ойлауына мүмкіндік беру,

жауапкершілігін арттыру. Осы тұрғыда оқушылардың арасынан топтық жұмыста белсенділік танытып, көшбасшылық қасиетімен көзге түсетін, дарынды оқушылар анықтала бастайды.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау- білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші. Осыған дейін баға деген ұғымға тек бір қырынан қарап келдік. Бағаны оқушының білім дәрежесін айқындайтын 5 балдық жүйе деп түсіндік. Сындарлы оқыту технологиясындағы ең маңызды модульдердің бірі осы-ОүБ және оқытуды бағалау.

Бағалау деген термин “жақын отыру ”дегенді білдіретін латын сөзінен шыққаны кездейсоқтық емес.

Себебі, бағалаудың негізгі сипаты - бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін- өзі бақылау жағдайында ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылау.

Бағалаудың барлық түрінде мына мәселелер қамтылады:

Бақылау(ол бағалау үшін керек)

Бақылау нәтижесінің интерпрациясы немесе логикалық қорытындылау

Бұдан арғы іс-әрекетті анықтау,шешім қабылдау, қорытындылау

Бағалаудың артында объективті немесе объективті емес нормалар мен стандарттар ғана тұрған жоқ. Баланың даму дәрежесі, оқуы, оның қалыптасқан пікірі сияқты түсініктер мен өзін-өзі бағалау, қабілеттілігі, күш жігері тәрізді ұғымдарға қатысты құндылықтар жатыр. Бағалаудың формалары да әр түрлі:

Мұғалімнің ауызша немесе жазбаша бағалауы;

Топтың топты бағалауы;

Бағдаршам арқылы бағалау;

Смайликтер арқылы бағалау;

Топ басшысының бағалауы;

Мадақтау;

Қол шапалақтау;

Екі жұлдыз, бір тілек” арқылы бағалау



Критериалды бағалау деген не?
Бағалау критерийлерін дайындау ( қатып қалған шаблон емес, материал мазмұнына сай дайындалады)



*Дескриптор (күтілетін нәтижелер бойынша дайындалады)
*Рубрикаторға толтырамыз


4. Оқытуда АКТ-ны пайдалану арқылы сабақты тиімді өткізуге болады. АКТ ақпарат алу, бағалау, сақтау,

өндіру, ұсыну, алмасу үшін және интернет желісінде бірлесіп жұмыс жасауға тиімді.



5. Талантты және дарынды балаларды оқытуқазіргі білім бер жүйесіндегі өте маңызды мәселе. Сындарлы оқыту технологиясы арқылы ерекше қабілетті тұлғаларды анықтауға мүмкіншіліктер мол.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытукөбінесе деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.

7. Білім беруді басқару және көшбасшылық. Бағдарламаның негізгі идеясын іске асыру, бағалау, өзгерту, тәжірибеге енгізу мұғалім арқылы іске асады.Сондықтан, мұғалім көшбасшылығы әр түрлі деңгейде, әр түрлі қырынан көрінеді.

Сондықтан «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім ғана» - деп халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай замана көшінен қалыспайтын, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу - ұстаздар қауымының ұлы мұраты екені сөзсіз.


Серікбаева Ж.Ы.

жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Қазақ тілі

Сын есім


25.02.2014.

Қазақ тілі 4 «А» сынып

Сабақ тақырыбы:

Сан есім

Жалпы мақсаты:

Білімділігі: Сан есім туралы теориялық білімдерін кеңейте отырып, сойлем ішінен сан есімді табуға, түрлерін ажыратуға жаттығу арқылы төселдіру.

Дамытушылығы: қосымша материалдар арқылы қызығушылықтарын арттыра отырып, сөздік қорларын байыту, шығармашылықтарын жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Жаттығулар арқылы ел-жандылыққа баули отырып, қазақы ұғымдарын кеңейту, елді сүюге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Қазақ тілі оқулығы, ғаламтордан алынған суреттер, аудиожазба, ребус, анаграмма.

Оқу нәтижесі:

Сан есім туралы білімдерін толықтырады, жеке ойларын ортаға салады, топқа ойын жеткізе алады, өз пікірін дәлелдеуге үйренеді. Шығармашылықтарын жетілдіре отырып, жаңа деректермен танысады, ізденуге ұмтылады.

Негізгі идеялар:

Сан есімді тану.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интертақта, слайд, оқулық, аудиожазба.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер: АКТ, СТО, суретті көрнекілік, сұрақ-жауап, диалог.

Дерек көздері:

Интертақта, слайд, оқулық, ғаламтор, кітаптар.

Тапсырмалар:

Кеспе үлестірмелі материалдар. Постер.

Каталог: document library
document library -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет