Сабақтың тақырыбы: Суды қадірлейік Мақсаты



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі211,63 Kb.
түріСабақ
  1   2
Ақмола облысы,Степногорск қаласы

А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Балтаев Нурлан Кенбайұлы

Сабақтың тақырыбы: Суды қадірлейік
Мақсаты: 
• Оқушылар 9 модуль бойынша алған білімдерін кеңейте отырып, су туралы білімдерін толықтырады. Табиғат тақырыбына қатысты білім дағдыларын тереңдете тиянақтайды. 
• Сөздердің мағынасын түсіну және мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылар ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастырады, дамытады. 
• Табиғатты сүйе білуге, су қорын үнемді пайдалана білуге тәрбиеленеді. 

Сабақ түрі: жаңа сабақты игеру 
Әдіс – тәсілдер: топтастыру, сұрақ – жауап, диалог, аударма. 
Жұмыс түрлері: топтық
Көрнекілік: компьютер, презентация, үлестірмелі материал, суреттер.

Сабақ барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі

  • сабақтың мақсатың айту




  • Психологиялық дайындық. 

Мен сіздерге жақсы көңіл күй тілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы  Слайд
Қазақстанда қанша көл бар?

Қазақстанда қандай ірі көлдерді білесің?

Каспий туралы не білесіңдер?

Степногор қаласына қандай өзеннен су келеді?


ІІІ Жаңа сабақ 

1.Миға шабуыл

  • Су сөзін естігенде қандай ойлар келеді?

Сусыз адам өмір сүре алмайды.

Су тіршілік көзі.

Денсаулыққа пайдалы.

Сусыз табиғат құриды.
Яғни, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Суды қадірлейік».

Біз бүгін сабақта жаңа сөздермен танысамыз. оларды қатыстыра отырып, су тақырыбында өз ойымызды айта білуге үйренеміз. 

Жаңа сөздер: 
Жолаушыға – жолаушы су ішті  
Пайдалану – суды пайдалану
Тегін- су тегін алдым
Сақтау –   таза суды сақтау
Сапа – судың сапасы жақсы
3.Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып шығу

Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар оны жалпы халыққа, тіршілікке, орман- тоғай, өсімдіктер дүниесіне ортақ тіршілік беруші деп қараған. Су бермей, судан торықтыру ең үлкен қылмыс саналған. Сол үшін атам заманнан бері қазақ үйіндегі су қымыз, айран- шалап, көже, сүт сияқты сусындар тегін. Алайда мал бағып отырған жалғыз үй болса да, жолаушыға сусын беріп аттандырады. Осындай тарихи деректерде еске түсіре отырып, қазіргі кездегі маңызды мәселенің бірі- қолда бар су қорын сақтай білу, оның сапасын төмендетпеу. Су байлықтарын сақтау бүкіл халықтық ісі екенін ұмытпауымыз керек. Су бірінші қажеттілік және біздің байлығымыз. Халық даналығы «Су ішетін құдығыңа түкірме» дейді.Су байлығынан адам баласына келетін пайда көп, оларды тиімді пайдалану,сақтай білу, баршамыздың абыройлы борышымыз.





1. Бес түйін сөз іздеу.
2.Мені түсін ойыны.
Су байлығынан адам баласына келетін пайда көп, оларды тиімді пайдалану,сақтай білу, баршамыздың абыройлы борышымыз.
Су бермей, судан торықтыру ең үлкен қылмыс саналған.
Алайда мал бағып отырған жалғыз үй болса да, жолаушыға сусын беріп аттандырады.
Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар оны жалпы халыққа, тіршілікке, орман- тоғай, өсімдіктер дүниесіне ортақ тіршілік беруші деп қараған.

Сол үшін атам заманнан бері қазақ үйіндегі су қымыз, айран- шалап, көже, сүт сияқты сусындар тегін.

Осындай тарихи деректерде еске түсіре отырып, қазіргі кездегі маңызды мәселенің бірі- қолда бар су қорын сақтай білу, оның сапасын төмендетпеу.
Су байлықтарын сақтау бүкіл халықтық ісі екенін ұмытпауымыз керек

Халық даналығы «Су ішетін құдығыңа түкірме» дейді.


Су бірінші қажеттілік және біздің байлығымыз.

3. Таласа сөйлесу
1. Мен мәтінді оқып шықтым онда__________________________ туралы айтылған.
2.Бұған қосыламын, өйткен______________________________________________________
3.Бұған қосылмаймын, себебі____________________________________________________
4.Менің ойымша,__________________________________________
5.Қорыта айтқанда,_________________________________________
4. Су сөзі қандай сөздермен тіркесіп тұр.

Су бермеу етістік

Су қымыз зат есім

Су қоры зат есім

Су байлықтары зат есім

Су бірінші реттік сан есім

Су ішетін етістік
5.Ойлану сәті

Д.Балалар,бұл суреттің қандай байланысы бар? Слайд


6.Синтаксистік талдау.

Көктемде қар еріп,ауланы су басады.(Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас)
Ауылға таза су жетсе, халықтың денсаулығы жақсарады. (Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас)

Каталог: uploads -> doc -> 06fe
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06fe -> Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпт тудыратынын ескету
06fe -> Сабақтың тақырыбы: Жасыл мүк және шымтезек мүктәрізділердің бір түрі Сабақтың мақсаты: Білімділік
06fe -> Сабақтың мақсаты: а Білімділігі: «Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің»
06fe -> Физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру жолдары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет