Сабақ Бөлім Өзім туралы Педагогтің аты- жөні



бет8/23
Дата14.12.2021
өлшемі72,85 Kb.
#126460
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
1-сынып ҚМЖ 2021-2022
Наурызбаева М кико201 срс10, 1-сынып ҚМЖ 2021-2022, 1-сынып ҚМЖ 2021-2022, кіші топ-1, кіші топ-1, Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат
Мен және менің мектебім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

        1. есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану;

1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау;

1.1.3.5 түрлі музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау;

1.1.3.6 нота сауаттылығының негіздерін білу;

1.2.1.1 музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу



Сабақтың мақсаты

Жіңішке, орташа, жуан және музыкалық дыбыстарды ажыратады, «Біз мектепке барамыз» әнін ұжыммен бірге орындайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

(МК.Ұ.ОТ)

(М) Сабақ пен бөлім тақырыбының мақсатын ашу үшін алдыңғы сабақтың ойын жалғастырады.

Бірінші тоқсанда оқушылардың көңіл күйі көбінесе ойын әрекетіне жақын болады. Сабақтың басында оқушыларғы өздерінің оқып жүрген мектебі туралы бейнетаспаны көрсеткені дұрыс. Қазіргі кезде ондай бейнетаспалар көп мектептерде бар.

(М.О) Жалғасы ретінде мұғалім әңгімесін диалог түрінде музыка сабағымен байланыстырып өткізеді.



Сабақ басында мектеп туралы ақпарат тыңдайды, бейнетаспа көреді.




«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,

Фоно - хрестоматия


Мектеп туралы бейнетаспа: «80 мектеп, Білімді мектеп Мәңгі ел»

Ортасы

(МК.Ұ.ОТ)

1-тапсырма. Ән үйрену.

Біз мектепке барамыз (Өлеңін жазған: Р.Наурызбаева, әнін жазған: Ғ.Тамендаров)

(М) Ән «ән үйрету» әдістемесі бойынша үйретіледі. Жұмыс барысында оқушыларға әннің әуенін таза, сөздерді анық, әндетіп, айқайлатпай айтқызғаны жөн.

1. Біз мектепке барамыз,

Оқып, білім аламыз.

Мейірімге бөленген

Біз бақытты баламыз.

Қайырмасы:

Әжеміз бен атамыз,

Әкеміз бен анамыз

Ұрпағымен мақтанар,

Білімді деп ботамыз.

2. Біз мектепке барамыз,

Жаңа достар табамыз.

Бірге оқып сабақты,

Ажырамас арамыз.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

-Әнді үйренген кезде әуенін таза орындауға, сөздерін анық, түсінікті айтуға тырыс.

-Әннің бірінші шумағын суреттегі төртбұрыштарға қарап, биіктігін қолмен көрсетіп үйрен.

-Әнді үйренгеннен кейін оқушылармен бірге ұрмалы аспаптармен сүйемелде және ырғақты сана.


Әнді мұғалім айтқан талаптар бойынша үйренеді.
Әннің бірінші шумағын оқулықта берілген суретке қарап үйренеді.
«Сиқырлы дыбыстар» ойынының негізінде: құстар, жан- жануарлар, адам дауысы, музыкалық аспаптар дыбысы «Дыбыс биіктігі» (жоғары, орташа, төмен) туралы түсінік алады.




«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фонохрестоматия
Біз мектепке барамыз (Өлеңін жазған: Р.Наурызбаева, әнін жазған: Ғ.Тамендаров)
Бұлбұлдың дауысы керемет!

Жануарлардың дауыстары!

Қазақша танымдық мультильм!

2,22 мин.


Балалар музыкалық аспаптары

Соңы

(МК.Ұ.ОТ)

(М.О) Бағалау:

- «Біз мектепке барамыз» әнін қалай орындадым?

-Әнді орындағанда қандай қиындықтар болады?

-«Сиқырлы дыбыстар» ойынында қай тапсырма маған түсініксіз болады?

Рефлексия. «Бағдаршам»:

Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.

Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.

Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.


Қойылған сұрақтарға өз ойларын ашық айтады.




«Бағдаршам» әдісі туралы

Пәні: музыка Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б.



Бөлім

Менің мектебім

Педагогтің аты- жөні

Мамырова Аширкул

Күні

08.10.2021ж.

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет