Сабақ жоспары: 17 «Бекітемін»


Сабақ жоспары:30 «Бекітемін»



бет43/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#17203
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Сабақ жоспары:30 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты: Информатика
Сынып: 6 «а, ә, б»
Сабақ тақырыбы: Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі

Жалпы мақсаты:

Анимаци туралы түсінік беру.Оқушылардың өздігінен, топпен, жұппен жұмыс жасау арқылы білімін тиянақтау. Өзіндік пікір айту дағдыларын , ашық, еркін сөйлеуге баулу, нақты шешім қабылдай білуге дағдыландыру

Күтілетін нәтиже:

PowerРoint презентациясын толық меңгеру. Алған білімді тиянақтап, практикалық жұмыста пайдалау

Пайдаланған әдістері:

АҚТ, топтық жұмыс, сыни тұрғысынан ойлау, көшбасшылар анықтау, тәжірибелік жұмысы

Тапсырма:

 Психологиялық ахау.
Қызығушылығын ояту,
Мағынаны тану,
Ой толғаныс

Топтық жұмыс
Жеке оқушымен жұмыс
Рефлексия
Бағалау

 Қолдалынатын құралдар, пайдаланатын мәліметтер

Интерактивті тақта , проектор, ватман, фломастер, маркер, стикер, магнит, смайликтер. Ғаламторды пайдалану.

Мұғалімнің сабақ туралы жазуы

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту

Психологиялық ахау. «Амандасу рәсімі» тренинг өткізу
Топтық жұмыс
Топқа бөлу.
І-топ Анимация
ІІ-топ Гиперсілтеме
ІІІ-топ Ғаламтор
Флипчартты қорғау

Сынып оқушыларының толық дайын болуы. Сабаққа деген зейінін аударуы
А3 ватаманға жазып, оқушылар флипчартты қорғайды. Қол шапалақ.
Топтық, жұпттық жұмыстар оқушылардың бір бірімен қарым-қатынасы, тіл табысып жұмыс істеуі. өз-өзі бағалай білуі

Мағынаны тану

Тәжірибелік жұмыс. Компьютермен жұмыс
І-топқа Абай Құнанбаевқа 40жыл толу мерекесі
ІІ-топқа Ұлы Отан соғысына 70 жыл
ІІІ-топқа Тәуелсіздік күні.
Кітаппен жұмыс жасау. 213 бет
«Әңгіме-Дебат» стратегия
І-топқа. Ашық хат
ІІ-топқа. Эссе жазу
ІІІ-топқа .Power Рoint-тың пайдасы мен зияны
Түйін 210 бет

Жұпттық жұмыстарда оқушылар бір-бірінен сұрап, ақылдасуды, ғаламтордан мәліметтер алады.
Тақтамен жұмыс жасау, шапшаңдықты көрсету.




Рефлексия
Ой толғаныс

«Сол қолдың» рефлексиясы

  1. Бүгінгі сабақта алған білімім…

  2. Топпен жұмыс жасау…

  3. Көмектескен кім?…

  4. Бәрінен ұнаған…

  5. Не қиын болды…




Смайликті қолдану

Үй тапсырмасы


  • 27-30, 210 бет Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.


Бағалау критериясы

1.
2.
3.
4.

Бағаның қойылуы
Жауаптың нақтылығы
Топпен жасай білуі
Сөйлеу мәдениеті, араторлық қасиеті
Шапшаңдық пен нақтылық

Бағасы (стикер)
Қызыл- «5»
Жасыл-«4»
Сары-«3»


Сабақ жоспары:31 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты: Информатика
Сынып: 6 «а, ә, б»
Сабақ тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
А) Ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын артыру.
Ә) Интернет желісінде ақпарат іздеу туралы түсініктеме беру және оны құру тәсілдеріне үйрету.
Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, интернетті пайдалана білуге үйрету;
Тәрбиелілігі: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру, еңбекке тәрбиелеу, интернет арқылы ақпарат алмаса білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, Internet.
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру әдістері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгелдеу
ә) сынып тазалығын тексеру
б) Тренинг
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру:
Power Point не үшін арналған бағдарлама
Power Point - ты іске қалай қосуға болады?
Слайд дегеніміз не?
Презентация деп нені атайды?
Слайдтарды қалай қосуға болады?
Слайдқа объектілерді қалай кірістіреді?
Жаңа слайд ашу тәсілдері?
Слайдты көрсету әдістері?
Слайдты сақтау?
Слайдтарды толық экранға көрсету батырмасы?
III. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалана білу керектігін атап көрсетті.
Компьютерлік желінің негізгі түрлері олар:
Компьютерлік желі
Жергілікті желі
Ауқымды желілер
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды
(диск, принтер, файл, құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.
Жергілікті желі – саны шектеулі әдетте 100 - ге дейін компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желі аймақты бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт, немесе компьютерлерді біріктіреді.
Ауқымды компьютерлік желі бұл бір немесе бірнеше желілерді өзара байланыстыру яғни қала, аймақ, ел, бүкіл жер шарын қамтуы мүмкін.
Қазіргі уақытта маңызды байланыстың бірі – Internet. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі маман заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгерумен қатар Интернетте жұмыс жасай алуы керек.
Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем керек. Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютерге иесіне лайықты провайдер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады.
Сергіту сәті
«Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
ІV. Компьютермен тәжірибелік жұмыс
221-беттегі а,б,с-деңгейлері
V Үйге тапсырма
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет