Сабақ жоспары Сабақ: Тұсаукесу Мектеп: Еңбекту орта мектебі



Дата06.07.2018
өлшемі57,75 Kb.
#47390
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары


Сабақ: Тұсаукесу

Мектеп: Еңбекту орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Абишева Анаргүл Нұрлыбекқызы

Класс: 5

Қатысқандар:10

Қатыспағандар:0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыптың болжамын ұсынады

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түсінгенін жазады.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасайды

Тыңдалым және оқылым материалдары бойынша мәтін жазады.



Кейбір оқушылар орындай алады:

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.

Тыңдалым және оқылым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жаза алады



Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ақ жол, ала жіп, алғашқы қадам, күрмеу, жүйрік, кітап

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Алғашқы талпыныс, қимылы ширақ, тұсау кесу

Талқылауға арналған сұрақтар:

Тұсау кесу рәсіміне кімдер қатысады?

Баланың тұсауын қандай адамға кестірген?



Не себепті ... деп ойлайсыз?

Баланың тұсауын кез-келген адамға кестірмейді

Алдыңғы оқу:

Бесікке салу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 мин


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Өзі туралы кластер» тренингі

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б.



«5-5-1» стратегиясы.

Оқушылар өткен сабақта нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге қысқартады. Соңында 5 сөзді 1сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.








Ортасы

20 мин


«Шеңберге жиналу уақыты» стратегиясы

Орындалу алгоритмі: Оқушылар бөлме ортасында шеңбер құрып отырады, оларға сұрақ /тақырып/ беріледі. Егер белгіленген затты ұстамаса, шеңбердегінің ешқайсысы сөйлей алмайды. Бұл кез келген зат болуы мүмкін, мысалы кішкентай шар, жұмсақ ойыншық немесе маркер. Жауап не жеке пікірді, не қарсы дәлелді білдіруі мүмкін немесе өз сұрағы қойылады.


Тапсырма 1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжаңыз.

Ақ жол, ала жіп, алғашқы қадам, күрмеу, жүйрік, кітап

Тапсырма 2.

І деңгей. Кестеде берілген мәтінді мұқият түсініп оқыңыз.

ІІ деңгей. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды белгіле.

ІІІ деңгей. Өз сөзіңізбен жинақы мәтін жазыңыз.



Мәтін

Жинақы мәтін

Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуден өткен соң, аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң-тамаша болады. Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп, «балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.




«Маңызды ақпараттар» стратегиясы

Оқушылар мәтін бойынша 4 маңызды ақпаратты кластерге түсіреді.




anamenbala.kz сайты

Соңы

7 мин


Кері байланыс

Шығу билеті



Шығу билеті
Сіз бүгін не үйрендіңіз?

Сіз тағы не білгіңіз келеді?









Критерий

Тапсырма

Дескриптор

1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау 2.Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

1-тапсырма

2-тапсырма



1.Тірек сөздердің мағынасын анықтайды.

2.Тақырыпты болжайды.


1.Мәтінді оқиды.

2.Негізгі ақпараттарды сақтайды.

3. Жинақы мәтін жазады






Саралау – оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс(тәрбие элементі)

Тапсырмаларды оқушылардың қажеттіліктерін есепке ала отырып ұйымдастырдым. Белсенді оқу әдістерін түрлендіру арқылы тақырыпты жетік меңгеруіне жол аштым. Деңгейлік тапсырмаларды орындату барысында оқушыға қолдау көрсету, мадақтау , бағыт беру жолдары іске асырылды.

Критериалды бағалау.

Қалыптастырушы бағалау:

Бас бармақ арқылы

Бас бармақты жоғары немесе төмен (қолдаймын, қолдамаймын)



Қазақ әдебиеті пәнімен байланыс

Слайд



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырма іске асты ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?



Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.

Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет