Сабақ негізделген оқу мақсаттары 1 1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу



бет2/2
Дата09.06.2018
өлшемі0,7 Mb.
#42137
түріСабақ
1   2
«Талантыңмен таныл» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.

 Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын

арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін 

дамыту.


2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене 

 білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,

күшіне деген  сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

 

Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа  2«а» сынып оқушылары



2 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және 

төсбелгі ойлап табады.

Ойын алаңы: интербелсенді тақтада  1-ден  12-ге дейінгі сандар, 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк

Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.

 1. Қызыл конверт- «Логика».

2. «Өрмекші торы».

3. Жасыл конверт- «Математика».

4. Лотерея билеті.

5. « От ».

6. Көк конверт- « 7 жұмбақ ».

7. «Алтын сандық ».

8. « Қамал ».

9. Сары конверт- « Мақал-мәтелдер ».

10. «Қара мысық ».

 Ойын шарты:

«Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.

« От » келсе , жинаған ұпайларыңыз күйіп кетеді.

«Лотерея билеті»- керісінше 30 ұпай сыйлыққа беріледі.

«Қамалға» келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.

«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.

«Өрмекші торына» туссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың 

дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.

 Ойын барысы:

І-жургізуші

-Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жыр салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып.

Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

І-ж

Құрметті аяулы көрермендер,



Білімменен сусындаған жас өреңдер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.

Шақырамыз екі топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Білмегеніңді осы  бүгін біліп ал.

І-ж

Қазылар орнықтырар әділдікті



Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)

Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

(сөз кезегін әр топқа береміз)

 Командалардың  өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.

Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,

« К » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда

бірінші бастайды.

  «Логика». І-ж.

Ал қанеки балалар

Құлақ салшы  сөзіме

Сұрақ берсем берейін

Логикадан өзіңе (интебелсенді тақтадан оқу)

  «Өрмекші торы». ІІ-ж.

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең

өте алмайсығ бөгеттен (қөрермендер сұрагы)

 «Қамал». І-ж

Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң шығарсың

 Арнайы сұрақ  ( қиын сұрақ)    

 

«Математика»- жасыл конвертінің сұрақтары  (әр дұрыс жауап – 10ұпай).


  1. Ең кіші санды ата.

  2. Ұзындықты немен өлшейміз?

  3. Қайсысы көп: 2 мерт ме, әлде 100 см ме ?

  4. Мың теңгенің жартысының жартысы нешеге тең?

  5. Бір жыл көппе, 12ай көппе ?

  6. Масса өлшем бірлігін ата.

  7. Уақыт өлшем бірлігін ата


«Логика» - қызыл конверттің сұрақтары   (20 ұпай).

1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,

біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше 

үйрек ұшып барады? (3).

2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш  қалады? (5)

3. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?  (50)

4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың

соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған?  (13)

5. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.  (98)

6. Адасқан әріптер. Қандай сөздер:

Нарадс, тазауй, киреш, ретм        (сандар, азайту, ширек, метр)

    «Мақал-мәтелдер» - сары конверт. (30 ұпай)



Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.

 « Жеті жұмбақ» - сары конверт .    (30 ұпай)

1. Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кеде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз.  (цифрлар)

2. Бөлмеде  2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын

қосып есептегенде қанша болады?  (20)

3. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті 

кесуге  1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)

4. Бір-бірімен жарысқан,

Бес аю, бір арыстан,

Екі қой мен үш түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (11)

5. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың 

қаншасы қалды?  (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)

6. Төрт тяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)

7. Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (15)

 Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс

нәтижесін әділқазылар хабарлайды)

(Әділқазылар шешімін шығарғанша,экраннан “Алдаркөсе,, мультфильмін көреді.)



Топ мүшелерін марапаттау.Загрузка...
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет