Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: 2 Климат және ауа райы



бет5/18
Дата13.12.2019
өлшемі0,59 Mb.
#53595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
дүниетану қмж 3 сынып[1]



Алдыңғы білімдер

Отбасы жайындағы білімдері, оқушылардың өмірлік тәжірибелері

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау 5 мин.

Уәждеме. Стартер.

Қоңырау соғылды, сабағымызды бастаймыз. Құлағымыз түрулі, көзіміз ашық болсын.

Тыңдаймыз, есте сақтаймыз, бір минутты да жоғалтпаймыз.
1. Сабақ тақырыбын хабарлау

Қосалқы алғы бетті қарау. Бөлімнің тақырыптарын және сұрақтарын анықтау.

– Бүгінгі сабағымызда «Отбасы деген не?», «Отбасы мүшелерін не біріктіреді?», «Отбасы мүшелерін қалай атайды?», «Жасы бір адамдарды қалай атайды?», «Отбасында қалай тату-тәтті өмір сүру керек?» деген сұрақтарға жауап іздейміз.






Жаңа сабақ 30 мин

  1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.




  1. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі.

  • Отбасы дегеніміз не?

  • Бірге тұратын барлық адамдарды отбасы деп атауға бола ма?

  • Отбасы мүшелерін не біріктіреді?

  • Отбасы мүшелерін тағы не біріктіреді?

«Антонимдер» ойыны

Отбасы мүшелері бір-бірімен ұрысады, бір-бірін ренжітеді.



Отбасы мүшелері бір-бірін жақсы көреді, бір-біріне қамқор болады.

Отбасының әрбір мүшесінде өзінің жеке пәтері бар. Отбасы мүшелері бір шаңырақ астында өмір сүреді. Отбасының әрбір мүшесінде өзінің бюджеті бар.



Отбасында бір бюджет бар, ақшаны бірлесе отырып, қажеттіліктерге бөледі.

Отбасының әрбір мүшесі өз алдына бөлек демалады.



Отбасы мүшелері уақытты бірге өткізеді.

Отбасының әрбір мүшесінде өз шаруашылығы бар.



Барлығы бірігіп, үй шаруашылығын бірге жүргізеді.

  • Отбасы мүшелерін бір-біріне деген жауапкершілік, сүйіспеншілік, өзара көмек, өзара түсіністік біріктіреді.









3. (Ж) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

– Мәтінді оқып шығыңдар. Мәтінге берілген тапсырманы екіден отырып, орындаңдар.




  1. (Ұ) Қабылдауды тексеру. Уәждеме. «Кімді қалай атаймыз?» ойыны Отбасында екі қыз бар. Олар бір-біріне кім болып келеді? (Апалы-сіңлілер) Әкемнің әкесі (Ата).

Анам – әйелі, ал әкем – (ері),

Отбасында екі ұл бар. Олар бір-біріне кім болып келеді? (Ағалы-інілілер) Әкемнің ағасы (аға)

Отбасының ұйытқысы (ана) Рудың жалғасы, мұрагер (ұл).

Ата-ананың баласы, бірақ ұл емес (қыз) Ағамның ұлы (іні)

Әкемнің анасы (әже)

Әкемнің немесе анамның әпкесі (апа немесе әпке).




  1. Сергіту сәті

Барлығымыз тұрамыз

Кімнің ағасы бар болса, қолдарын көтерсін.

Кімнің сіңлісі немесе қарындасы болса, отырсын.

Кімнің әжесі мен атасы осында тұрса, орнында тұрып секірсін. Кімнің алыс туысқандары бар болса, адымдап жүрсін.



  1. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды

– Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?

Оқулық


Оқулық суреті

Рефлексия 5 мин

Бүгінгі өздеріңді қандай себеп үшін мақтар едіңдер? Қай тапсырманы орындау сендерге оңайға түсті?

Сабақ несімен қызық болды?



  • Отбасы дегеніміз не екен?

  • Сендер үшін отбасының маңыздылығы қаншалықты?




Үй тапсырмасы

Тапсырманы орындау.





Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:

Пән: Дүниетану №10 сабақ Ортақ тақырып: Уақыт Бөлімше: Менің отбасым

Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Менің ататегім қайдан бастау алады?

Оқыту мақсаты

        1. отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру;

        2. әулет шежіресін құрастыру.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • рудың ендігі жалғасы өздері екенін жете түсінеді;

  • шежіренің не екенін біледі.

Көптеген оқушылар өзінің шежіресін құрастырады.

Кейбір оқушылар:

  • шежірені білудің қажеттілігі туралы пікірлерін дәлелдейді;

  • өзінің атасы немесе арғы атасы жайында әңгіме құрастырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ру, Жеті Ата, шежіре.



Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Шежіре бір рудың шығу тегін, таралуын баяндайды.

Жеті ата (шежіре) дегеніміз әке жағынан ата-бабасын білу дегенді білдіреді.

Талқыланатын мәселелер:

Неліктен көптеген халықтарда шежірені ағаш кейпінде бейнелейді? Біз өзіміздің шежіремізді білеміз бе?



Жазылым:

«Адамдар неліктен өзінің шежіресін құрастырады?» деген сұрақтың жауабын оқушы дәптеріне жазу.



Алдыңғы білімдер

Отбасы және ру туралы қарапайым түсініктер

Сабақ жоспары


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім:

Сабақты ақын Омар Хайямның сөздерінен бастаймын:



Өзіңе зер сал Мынаны ойға ал: Осы мен кіммін, Қай жердемін, Қайда барамын?

  • Бүгінгі сабағымыз не жайында болмақ, қалай ойлайсыңдар? Сабақтың соңында біз нені білуіміз керек? Нені үйренуіміз керек?

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар! Біз бүгін отбасы және шыққан тегіміз жайында айтатын боламыз.

(Ұ, Ж) Сабақтың соңында қандай мақсаттарға жетуіміз керек екенін анықтайық:

  • бірінші, «шежіре» дегеніміз не екенін білетін боламыз;

  • өзіміздің шежіремізді құрастыруды үйренеміз.

Адам өмірге келеді, ер жетеді. Есейе келе, өзінің қайдан шыққанын, кім екенін ойлана бастайды. Ал сендер осы сұрақтар жөнінде ойланып көрдіңдер ме? Аталарыңның, арғы аталарыңның есімдері кім, білесіңдер ме?

Шежіре ағашы


Жаңа сабақ



– Жарайсыңдар! Аталарың жайлы жақсы біледі екенсіңдер. Ал арғы аталарыңның,

бабаларыңның есімдерін білесіңдер ме? Бұл сұраққа келгенде көбісі қиналып қалғаны көрініп тұр. Бірақ сендерге қызық бола бастады. Арғы аталарыңның кім екенін білуге деген қызығушылықтарың оянды. Көбісі осы сұрақтың жауабын алу үшін өзінің

шежіресін – шығу тегінің тарихын құрастыра бастайды.

Оқулықтағы бірінші азат жолды оқу.

Бүгін сендер ағаш түрінде өз шежірелеріңді құрастыруға тырысып көресіңдер. Ол үшін, ең алдымен, слайдты көріп алайық.



Электронды қосымшадан «Менің шығу тегім» слайдын көру.

Көптеген қазақтар өзінің шежіресін жақсы біледі.



Оқулықтағы мәтінді соңына дейін оқу.

Шежіре адамдарды көп нәрсеге міндеттеген. Ер адамдар лайықты өмір сүруге тырысқан.



Оқулық

Электронды қосымша Оқулық







Өйткені олардың өмірдегі жақсылықтары өздерінен кейінгі ұрпаққа азық болған. Олар аталарымен мақтанған. Немесе керісінше, аталары жаман іс-әрекетімен танылса, онда ұрпақтары өмір бойы ұялып өткен.

ҚБ «Бармақ көрсету» стратегиясы: тапсырманы түсіндіргеннен кейін оқушылардың тапсырманы түсініп-түсінбегенін анықтау үшін мынадай қадамдарды жасау ұсынылады:

  • кім тапсырманы түсінсе немесе тапсырманы түсіндіре алса, бас бармақты жоғары көтеріңдер;

  • кім әлі тапсырманы түсінбесе, бас бармақты жанына бағыттаңдар;

  • кім тапсырманы анық түсінгенін әлі де айта алмаса, қол бұлғаңдар.

Алынған жауаптар бойынша тапсырманы жақсы түсінген оқушылар арқылы тапсырманы түсінбеген оқушыларға түсіндіруді ұйымдастыру керек.

Мұғалім: Ал енді шежіремен жұмыс жасауды бастаймыз.

(Т) Оқушылар топта жұмыс істей отырып, тапсырмалардың бірін таңдап алып, дәптерде жұмыс істейді:

  • әкесі жағынан өзінің шежіресін құрастырады (Жеті Ата);

  • ағаш бейнесінде өзінің шығу тегінің тармағын құрастырады (әкесі мен анасы жағынан); Топтардың тапсырмаларын тыңдау.

ҚБ Ал, енді, балалар, сабағымыздың мазмұнына сай келетін бір фразаны таңдап, сабағымызды қорытындылайық.

Оқулықтағы тапсырманы орындаймыз!

(Т) Достарыңмен бір-біріңе «Сен өзіңнің жеті атаңды білесің бе?» деген сұрақ қою арқылы өзара сұхбат жүргізіңдер.

Сұхбатты қорытындылау.

Оқушылар топта жұмыс істей отырып, сыныптастарының өз Жеті аталарын қаншалықты білетінін анықтайды. Бір-біріне сұрақ қоюдың нәтижесінде, қорытындылар шығарады:


  • мен өз ата-бабаларым жайлы көп мәлімет білуім үшін отбасымның тарихын зерттейтін боламын.

Немесе:

  • сыныбымыздағы оқушылардың көбі үлкендердің әңгімесін мұқият тыңдайды екен және өздерінің ата-бабаларының есімдерін біледі екен. Сол үшін біз өте қуаныштымыз!

Дәптер


Оқулық





Арғы аталарың, бабаларың – олар сендерге дейін және ата-аналарыңа дейін өмір сүрген, яғни сендердің ата-бабаларың. 100 жылда үш ұрпақ өмір сүреді: ғасырдың басында атасының өмірі басталады, аяғында немересі өмір сүреді.

(Ж) Ата-анаңмен бірге орында. Егер адамның шежіредегі орташа жасын 25 деп алсақ, онда Жеті Атаны білу уақыттың қай кезеңін қамтиды?

Сұраққа жауап беру үшін 25-ті 7-ге көбейту керек. Сонда 175 болады. Демек Жеті Атаны білу деген екі ғасырдың тарихын білу дегенді білдіреді.



Мұғалім: Шежірені білу дегеніміз – тек қана саған дейін өмір сүрген ата-бабаларыңның есімдерін білу емес, шежірені білу – ата-бабаның рухы алдындағы және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Өз отбасыңның тарихын біле отырып, сен тек қана еліміздің

тарихымен таныспайсың, бүкіл адамзаттың тарихымен танысасың.



Сейіт Кенжеахметұлы.

«Жеті қазына» (Жиған- терген) 1-кітап. 2010 ж

«Ана тілі» ЖШС, Алматы



Рефлексия

Мұғалім: Мына сөзге мән беріңдерші: «Мен маған дейін өмір сүрген адамдар сияқты

адаммын, сонымен қатар, мен – менмін, басқа ешкім емес». Қалай түсіндіңдер, балалар? Сендердің қабілеттерің, қызығушылықтарың, сонымен қоса, бойларыңдағы таланттарың сендерге ата-аналарыңнан, сондай-ақ, сендер ешқашан көрмеген ата-бабаларыңнан берілген.

Күндердің күнінде сендер де ата-ана, ата-әже боласыңдар. Сендердің ұрпақтарың да сендердің өмірлеріңе бұрылып, кім болғандарыңды, қандай өмір сүргендеріңді білуге тырысады.

Ұрпақтарың сендермен мақтанатындай лайық өмір сүріңдер деп тілеймін.



ҚБ Сабақтың соңында өзіңнің көңіл күйіңе баға бер. Таңдауыңды түсіндіріп бер.




Үй тапсырмасы

Өз атаң немесе арғы атаң жайлы әңгіме құрастыр. Елімізде болған қандай оқиғаларға қатысқанын анықта.

Адамдар неліктен өзінің шежіресін құрастырады?









Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:



Пән: Дүниетану №11 сабақ Ортақ тақырып: Уақыт

Бөлімше: Денсаулық және қауіпсіздік



Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Тақырып:

Спорт – денсаулық кепілі!

Оқыту мақсаты

3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және

өзінің бойындағы қабілеттерін анықтау.



Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • адамдар не үшін спортпен айналысатынын түсіндіреді;

  • қыстық және жаздық спорт түрлерін ажырата алады.

Көптеген оқушылар:

  • қандай да бір спорт түрімен айналысуға қажетті негізгі қабілеттерді және өзінің бойындағы қабілеттерді анықтайды;

  • тақырыпты талқылайды, пікірлерімен бөліседі.

Кейбір оқушылар:

  • белгілі бір спорт түрін таңдағанына қатысты өзінің пікірін дәлелдейді;

  • өзінің мектебіндегі (ауылындағы, қаласындағы) спорт секциялары туралы ақпарат жинайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар өзінің туа бітті қасиеттерін есепке ала отырып денсаулықты нығайту үшін спортпен айналысу қажеттілігі жайында талқылайды және соған қатысты шешімдер шығарады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Спорт, спорт түрлері, спортпен айналысуға арналған адам бойындағы туа бітті қасиеттер, спорт жарыстары, олимпиада ойындары.



Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Спортпен айналысу денсаулықты нығайтады, көрікті сымбат сыйлайды, тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады, төзімділікке үйретеді, иілгіштікті дамытады.



Талқыланатын мәселелер:

  • спорттың қандай түрлері бар?

  • адамдар спортпен қандай мақсатта айналысады?

  • спорт адам мінезіндегі қандай қасиеттерді қалыптастырады?

  • спортпен айналысуға арналған адам бойындағы туа бітті қасиеттердің қандай маңыздылығы бар?

Жазылым:

Үлгі бойынша сөйлем құрастыру: «Спорт дегеніміз – ...».



Алдыңғы білімдер

Спорт туралы қарапайым түсініктер

Сабақ жоспары




Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Өлеңге назар аударыңдар: Спорт – сенің серігің

Жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды Қимыл менен қозғалыс.


Балалар, әдетте спортпен қайда айналысады? Дұрыс, спорт залында.

Суреттерге қара. Адамдар не үшін спортпен айналысады? Кем дегенде 3 себебін атап шық.



Кластер құрастырамыз.
Денсаулық Жақсы көңіл күй Сымбатты мүсін

Өзіңе деген Спорт Зиянды әдеттерден

сенімділік арылу

Жақсы ұйқы



2. Үлгі бойынша сөйлем құрастыр: Спорт деген – денсаулық!

Спорт деген – қозғалыс! Спорт деген – сұлулық! Спорт деген – өмір!

Спорт деген ! Спорт бұл !

(Ұ, Ж) Сабақтың соңында қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек, қалай ойлайсыңдар?

Оқулық Тақта







Оқушылар сабақтың мақсаттарын атайды:

  • спорттың қандай түрлері бар екендігін білеміз;

  • спорттың әр алуан түрлерімен айналысу үшін қажетті физикалық мүмкіндіктерді анықтаймыз.



Жаңа сабақ



Мұғалім: Балалар, келесі сөйлемде қанша спорт түрі жайлы айтылады:

Волейболмен, футболмен, кайтингпен және жүзумен айналыс, ескекпен жарысуға қатыс, велосипед айда, қыста коньки теп, барлық жарыста жеңіске жет!

Мұнда спорттың жеті түрі айтылған, оның ішінде спорттың ерекше түрі – кайтингте бар. Кайтингте спортшы батпырауықтың көмегімен жылжып отырады.

Бүгінде әлемде 200-ден астам спорт түрі бар деп есептелінеді. Осындай көп спорт түрлерін қалай реттеуге болады?

Спорт түрлерін әртүрлі топтарға бөледі. Мысалы, өткізу уақытына қарай қыстық және жаздық болып бөлінеді.



Оқулықтағы тапсырманы орындау: Суреттерге қарап, спорттың қыстық түрлерін таңдап ал. Қыстық спорт түрінің жаздықтан ең басты айырмашылығы неде, қалай ойлайсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Спорттың қыстық түрлерін өткізуге, ең алдымен, қар мен мұз керек. Ал жаздық спорт түрлерінен өтетін жарыстар жылдың кез келген мезгілінде спорт залында немесе стадионда өте береді.



Оқулықтағы «Сен білесің бе?» айдарындағы мәтінді оқимыз.

Балалар! Соңғы Олимпиада ойындары қашан және қайда өтті, кім біледі? Қазақстандық спортшылардан кімдер жүлдегер атанды?

Білетіндерге жарайсыңдар дегім келеді! Ал қалғандарыңа ғаламтор ресурстарына жүгініп, олимпиада жайында ақпарат алуларыңа кеңес беремін.
(Ж) Суреттердегі спорт түрлері қыстық па әлде жаздық па анықта. Алдымен спорттың жаздық түрлерін, сосын қыстық түрлерін ата.
Пантомима: ыммен немесе қозғалыспен қандай да бір спорт түрін бейнеле. Қалғандары жауабын табады.

Мұғалім: Ал енді балалардың спортпен қалай айналысатынын қараймыз.

Электронды қосымшадан «Балалар спорты» бейнеролигін көру (тапсырмаға дейін)



Оқулық

Оқулық

Дәптер


Электронды қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет