Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: 2 Климат және ауа райы



бет7/18
Дата13.12.2019
өлшемі0,59 Mb.
#53595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
дүниетану қмж 3 сынып[1]











Экология (ауаның, судың, табиғаттың

тазалығы)









3-топ. Еліміздегі қалалардың әрқайсысының өзіндік көркі бар, халқының санына қарай ірі және кіші болып бөлінеді. Үлкен қалалар 14 облыстың орталығы. Олармен ұшақ, теміржол қатынайды. Ол үшін оқулықтағы картаны мұқият қарап шығып, мына тізімді

жалғастырыңдар:

Облыс орталықтары: Атырау, Орал,

Теміржол өтетін қалалар: Ембі, Қандыағаш,


Теміржол бойындағы ірі, үлкен, орташа, кіші қалаларды да атап көр:




Курортты қалалар: Сарыағаш, 4-топ. Біздің ауылымыз (қаламыз) қандай қалаға жатады? Өз ойыңды жаз.

Топтардың тапсырмаларды көрсетуі

(ҚБ) «Бас бармақ» стратегиясы. Оқушылар басқа топтың жұмысына баға береді және келісетіндіктерін немесе келіспейтіндіктерін білдіреді. Бас бармақты жоғары көтерсе, келіседі, төмен түсірсе, келіспейді.

«Қай жерде өмір сүруге қолайлы?» пікірталасы.

«Елестетіңдерші, менің көшкім келеді, бірақ қалаға ма немесе ауылға көшерімді білмеймін.

Сендер мені қалаға немесе ауылға барып тұруыма үгіттей аласыңдар ма?». Сыныптың

жартысы ауыл тұрғындары болады. Ауылға көшуге қатысты маңызды дәлелдер келтіреді.

Қаланың екінші бөлігі қала тұрғындары болады. Олар қалада тұрудың артықшылықтары туралы айтып береді.






Т Екі топқа бөлінген оқушылар ауылдағы өмір мен қаладағы өмірдің артықшылықтарын дәлелдеп береді.

Мұғалім пікірталасты қорытындылайды.

Қалада тұрған жақсы ма әлде ауылдық жерде тұрған жақсы ма деген сұрақтың нақты

жауабы жоқ. Әр адам өзінің ішкі әлеміне, өмір сүру салтына қарай қайда тұратынын өзі таңдайды.

Егер сендер табиғатты, тыныштықты жақсы көрсеңдер, онда сендерге ауылда өмір сүрген жөн.

Егер сендер бір орында отыра алмасаңдар, жаңа эмоция мен жаңа таныстықтарды қажет етсеңдер, онда ауылда сендерге қызықсыз болады. Кім білім алып, мансабын құрғысы

келсе, онда қалада тұрғаны дұрыс.






Рефлексия

Электронды қосымшадағы тапсырмаларды орындаңдар.

ҚБ «20 секунд» стратегиясы. Мұғалім балаларға мынадай сұрақ қояды: «Көз алдарыңа жер бетінде еш бір қала қалмады деп елестетіңдер. Осы жағдайда адамдардың өмірі қалай өзгерер еді?». Сосын ойланып, жауабын табуға 20 секунд уақыт береді, одан кейін

жауаптарды тыңдайды.

Сабақтың соңында дәптерде өздеріңнің психологиялық жағдайларыңа баға беріңдер. Қажетті смайликтің жанына белгісін қойыңдар.


Электронды қосымша Дәптер

Үй тапсырмасы

Қаладағы өмірдің де, ауылдағы өмірдің де өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

«Қаладағы және ауылдағы өмірдің артықшылықтары мен кемшіліктері» деген кестені толтырыңдар.



Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:



Пән: Дүниетану №14 сабақ

Ортақ тақырып: Сәулет өнері Бөлімше: Туризм



Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?

Оқыту мақсаты

3.1.3.2 қала мен ауыл арасындағы байланысты зерттеу, мысалдар келтіру.

Сабақтың мақсаттары

(Күтілетін нәтижелер)



Барлық оқушылар:

– «экономика» сөзінің мағынасын түсіндіреді;







  • адамдардың материалдық қажеттіліктерін атайды.

Көптеген оқушылар:

  • қаланың тұрғындары және ауылдың тұрғындары немен айналысатынын ажыратады;

  • қала және ауыл тұрғындарының мамандықтарын, кәсіптерін атайды;

  • өзінің пікірін дәлелдейді.

Көптеген оқушылар:

  • тұрғылықты жерінде экономиканың қандай салалары дамығанын зерттейді;

  • облыста қандай өнеркәсіп орындары барын біледі;

  • өзінің қаласында (ауылында) қандай өнім өндірілетінін біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар мысалдарды келтіре отырып, қала мен ауыл арасындағы байланыстарды көрсетеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қажеттіліктер, экономика, экономиканың салалары: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік, сауда-саттық.



Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Ауыл қаласыз, ал қала ауылсыз өмір сүрмейді. Талқыланатын мәселелер:

  • адамдардың қандай қажеттіліктерін білесің?

  • экономика дегеніміз не?

  • қала мен ауыл қандай тауарлармен алмасады?

Жазылым:

Ата-аналарының мамандықтарын және олар экономиканың қай саласында жұмыс істейтіндерін жазу.



Алдыңғы білімдер

Менің туған ауылым. Менің туған қалам. Қала және ауыл.

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: – Балалар! Әрбір адамның, ол үлкен болсын, кіші болсын, өз қажеттіліктері

болады. Қажеттілік деген сөз нені білдіреді? Қажеттілік дегеніміз – адамның онсыз өмір сүре алмайтын керек нәрсесі және қалаған барлық нәрсесі.

Аса қажетті, онсыз өмір сүре алмайтын ең басты қажеттіліктерді атаңдар.

Оқушылар: Су, ауа, киім, тамақ, баспана.

Мұғалім жауаптарды тақтаға жазады.

Су мен ауа – табиғаттың бізге берген сыйы. Ал қалғандарын қайдан алуға болады? Оларды қолмен жасау, өсіру және өндіру керек.

Балалар, «экономика» сөзін естігендерің бар ма? Қандай мағынаны білдіретінін білесіңдер


Тақта







ме?

Экономика дегеніміз – бұл адамдардың шаруашылық қызметі. Адамдар шаруашылық қызметпен айналыса отырып, тауарларды өндіреді. Тауар дегеніміз – сатуға арналған

өнімдер. Тауарларды көзбен көруге, қолмен ұстауға болады. Мысалы, велосипед, ойыншық, ұялы телефон. Басқа мысалдарды да келтіріңдер.

Сонымен қатар адамдар қызметті де қажет етеді. Қызметтер біздің өмірімізді жақсарта түседі. Мысалы, шаштаразда ештеңені сатпайды, онда біздің шашымызды қияды, оны жуып, неше түрлі шаш үлгілерін жасайды.



Таулар суреті (велосипед,

ойыншық, телефон)


Сондай-ақ, қызметтерді мұғалімдер, дәрігерлер, әртістер және басқа да көптеген мамандық иелері көрсетеді. Олар тауарды немесе затты өндіріп шығармайды, бірақ олардың еңбектері

Дәптер

адамдарға үлкен пайдасын тигізеді.




Осылайша экономикамен күнделікті кездесіп отырамыз. Мысалы, автобусқа мінесіңдер, нан сатып аласыңдар, телефон арқылы қоңырау соғасыңдар, мектепте оқисыңдар. Демек, экономика әрдайым біздің жанымызда.

Кейбір тауарлар қалада, ал кейбір тауарлар ауылда өндіріледі. Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар екенін бүгін білетін боламыз.



(Ұ, Ж) Сабақтың тақырыбын өз бетімізше анықтап көрейік.

Оқушылар сабақтың тақырыбын «Қала мен ауыл арасындағы байланыс қандай?» деп анықтайды және «қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар екенін білетін боламыз» деп сабақтың мақсатын атайды.

Венн диагрммасын құрыңдар





Адамдардың саны көп Адам саны аз

шоғырланған қалада зауыт, Адамдардың шоғырланған ауылдарда фабрикада өнімдер мекен ортасы мал,

шығарылады егіншаруашылығымен

айналысады.





Жаңа сабақ



Мұғалім: Бүгін біз экономиканың қандай салалары бар екенін анықтайтын боламыз. Электронды қосымшадан «Қала мен ауыл арасындағы байланыс қандай?» бейнематериалын көру (тапсырмаға дейін).

Оқулықтағы «Экономиканың салалары» сызбасымен жұмыс жасаймыз.



Электронды қосымша







Суреттерге назар аударыңдар. Онда экономиканың қандай салалары бейнеленген.

  • Біздің жиі тұтынатын қажеттіліктеріміз: киім, жиһаз, кітап, азық-түлік және т.б.

  • Осы өнімдерді экономиканың қандай салалары бізге өндіріп береді? (Киім, жиһаз,

кітаптарды фабрикалар мен зауыттарда, яғни өнеркәсіп орындары өндіреді; ал нан, сүт, көгөніс, ет өнімдерін ауылшаруашылығы өндіреді).

  • Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы бұл өнімдерді бізге үйге дейін алып келген жоқ. Олардың өнімдерін біз ақшаға сатып алдық.

  • Осы жағдайда экономиканың қай саласы бізге көмекке келді? (Сауда-саттық саласы, яғни дүкендер, базарлар, сауда орталықтары және т.б.).

  • Фабрика, зауыт, ауылшаруашылығының өнімдері дүкендер мен базарларға қалай жеткізілді? (көлік арқылы).

  • Көлік дегеніміз – тасымал құралдары. Ол да экономиканың бір саласы. Ал көлікті не үшін қолданады? (Адамдарды, жүктерді тасымалдау үшін).

  • Экономиканың тағы бір маңызды саласы бар. Экономиканың сол саласы арқылы біз үйлерде тұрамыз, мектепте білім аламыз. Ол болмаса зауыттар мен фабрикалардың, мектептер мен ауруханалардың, тұрғын үйлердің ғимараттары болмас еді.

  • Ол экономиканың қай саласы екен? (Құрылыс).

Экономиканың салалары бір-бірімен байланысты ма, қалай ойлайсыңдар? (Байланысты).

  • Мысалы, құрылыс пен көлік арасындағы байланысты қалай түсіндіруге болады? (Көлік болмаса жаңа ғимараттың құрылысына керекті материалдарды жеткізу мүмкін емес).

  • Ауылшаруашылығы мен көліктің арасындағы байланысты түсіндіріңдер. (Көлік болмаса азық-түліктерді қалаға жеткізе алмаймыз, қаладан техника алып келе алмаймыз).

  • Қандай қорытынды шығаруға болады? (Экономиканың барлық салалары – өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік, құрылыс және сауда – бір-бірімен өте тығыз байланысты). (ҚБ) «Бас бармақ» стратегиясы

Мұғалім сабақта айтылған жайттарды оқушылардың қаншалықты түсінгендерін анықтау үшін оқушылардан бас бармақты көрсетулерін сұрайды.

Бар бармақ жоғарыда болса – «Мен түсіндім»;



Бас бармақ көлденеңінен болса – «Шамамен түсіндім»; Бас бармақ төмен болса – «Мен түсінбедім».

Мұғалім: Экономиканың барлық салаларында адамдар жұмыс істейді. Оқулықтағы иллюстрацияларды қарап шығыңдар.

(Ж) Екі-екіден отырып, қаланың және ауылдың тұрғындары немен айналысатынын

Оқулық







талқылаңдар. Олардың мамандықтарын, кәсіптерін атаңдар.

Электронды қосымшадағы 1 тапсырманы орындаймыз: Кім қандай салада жұмыс істейді? Тінтуірдің көмегімен қажетті салаға апарыңдар.

Мұғалім: «Ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды» деген сөзбен келісесіңдер ме? Мысал келтіре отырып, сөйлемдегі айтылған ойдың дұрыстығын дәлелдеңдер. Жауапты сызба бойынша құрастырыңдар (ПДМН-формуласы):

  • мен санаймын

  • себебі …

  • мысалы…

  • сол себептен

(Ж) Оқушылар екі-екіден отырып, тапсырманы орындайды. Жауаптың үлгісі:

  • мен ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды деп санаймын;

  • себебі қала мен ауыл бір-бірімен өте тығыз байланысты;

  • Мысалы: қаланың тұрғындарына ауылда өндірілетін азық-түліктер: ет, сүт, көгөністер, жемістер қажет. Ал ауыл тұрғындарына қалада өндірілетін жиһаз, техника, киім, құрылыс материалдары және тағы басқа көптеген заттар керек.

  • сол себептен ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды.

Тапсырма орындаймыз: жүк артып алған фургондар қайда кетіп барады: ауылға ма, қалаға ма?

Электронды қосымша Дәптер

Дәптер


Рефлексия

Тапсырма: Елестетіп көр, сен – кәсіпкерсің. Көгөніс консерві зауытын ашқың келеді. Осыған қажетті шикізаттар мен жабдықтарды қайдан аласың?

ҚБ «Бағдаршам» стратегиясы. Бағдаршамның бір түсін таңда және жанындағы мәтінді толтыр.
Сабақ барысында не көңіліңнен шыққан жоқ?

Сабақ барысында не түсініксіз

болды?


Дәптер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет