Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: 2 Климат және ауа райы



бет6/18
Дата13.12.2019
өлшемі0,59 Mb.
#53595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
дүниетану қмж 3 сынып[1]






ҚБ «Қалыптастырушы сұрақ» стратегиясы. Бейнематериалды көрген соң, оқушылардың білімін тексерудің формасы. Мұғалім балаларға қосымша мынадай сұрақтар қояды:

  • Көрген материалдан спорттың қандай түрлері жайында білдіңдер?

  • Балалар неліктен спортпен айналысады?

  • Спортпен айналысудың арқасында балалардың бойында қандай жақсы қасиеттер қалыптасады?

  • Сен қандай спорт түрімен айналыссам болады деп ойланып жүрсің?

Құрдастарың Айжан мен Асқар қандай ойда екен. Біліп көрейік. Олардың алға қойған мақсаттары қандай, оқыңдар. Кімнің жауабы саған жақын? Айжанның ба, Асқардың ба? Неліктен?

(Т) «Позицияны ұстан» стратегиясы (жеңілдетілген нұсқасы). Бір пікірді таңда және сол пікірді қорғайтын бір дәлел айт.

Пікірді таңдауға және оған дәлел табуға 1 минут беріледі.

Ниет білдірген оқушылар ортаға шығып, кімнің пікірін қолдағандарына қарай тақтаның екі жағына тұра бастайды. Алдымен бірінші топ сөйлейді (мысалы, Айжанның пікірін қолдағандар), сосын екінші топ сөйлейді.

Мұғалім пікірталасты қорытындылайды.

ҚБ Сөзбен бағалау. Жақсы пікір айтқан балаларды мұғалім «Жарайсың!»,

«Бәрекелді!» деген сөздермен көтермелейді.


Қандай спорт түрімен айналысатыныңды тек қана өзің шешесің. Біреулер сүйікті актерлеріне немесе әншілеріне еліктеп, солардың айналысатын спорт түрлерін таңдайды. Біреулер достарына серік болып спорт секцияларына барады. Біреулер ата-анасының ұсынысына байланысты спорт түрін таңдайды. Ең бастысы, өзіңе ұнайтын спорт түрін таңдау керек.
(Ө) Егер сен спортпен айналысам деп шешім қабылдасаң. Өз іс-әрекеттеріңді ретімен жаз. Ол спорттың қандай түрі? Таңдау себебің қандай? т.б. Ал егер әлі спорт түрін таңдамаған болсаң төмендегі сөйлемдерді толтырып, орындауға тырыс.

Сөйлемдегі бос орындарды толтыр

Мен (спорт түрі ) айналысқым келеді, себебі

Дәптер






(дәлелдерді келтір),

(мысалдарды келтір). Сол себепті мен бұл спорт түрін таңдаймын.

Ал егер спорттық секцияларға мүлдем жазылғың келмесе ше? Мүмкін сен сурет салу немесе музыкамен, математика немесе гербарий жинаумен әуестеніп жүрген шығарсың. Әлде денсаулық жағдайыңа байланысты саған спортпен айналысу зиян шығар. Осындай жағдайларда не істеу керек?



(Т) Оқушылар пікірлерін айтады. Мысалы, қозғалысы көп өмір салтын ұстану: серуендеу, аулада құрдастарыңмен ойнау, жаяу жүру және мектепте дене шынықтырумен айналысу.

Мұғалім: – Балалар, сендердің айтқан пікірлеріңмен мен де келісемін!

Кім салауатты өмір салтын қолдайды, қолдарыңды көтеріңдер! Деніміз сау болу үшін, не істеуіміз керек? Кім біледі?



Оқушылар: Шынығу керек!

Мұғалім: Егер денің сау болсын десең, үнемі шынығып жүр. Ағзаны шынықтырудың көптеген жолдары бар. Мысалы сүлгіні суға малып алып, онымен денені ысқылау, салқын сумен құйыну, күн сәулесі ваннасын қабылдау.

ҚБ «Жұдырық-алақан» стратегиясы өзін-өзі бағалаудың дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Егер оқушылар сабақта қойылған мақсаттарға және күтілген нәтижелерге жеткендеріне сенімді болса – онда алақан ашық болады;

Оқушылар сабақта қойылған мақсаттардың кейбіріне ғана жеттік, әлі де жұмыс жасауымыз керек деп есептесе, үш саусағын жоғары көтереді;

Егер оқушылар сабақта қойылған мақсаттарға жетпедік деп есептесе, онда жұдырықпен

білдіреді.






Рефлексия

Электронды қосымшадағы 3-16 слайдтарда берілген тапсырмаларды орындау.

ҚБ «Эмоциялы-музыкалық аяқтама» стратегиясы.

Оқушылар үш музыкалық шығармадан үзінді тыңдайды (шығарманың композиторын көрсеткен жөн). Үрейлі әуен, тыныш әуен және көңілді әуен тыңдалады. Оқушылар өзінің көңіл күйіне сәйкес келетін музыкалық үзіндіні таңдайды.



Электронды қосымша


Үй тапсырмасы

  1. Оқулықтағы «Өзім жасаймын» айдарындағы тапсырма.

  2. Әртүрлі дереккөздерден (ғаламтор ресурстары, қосымша әдебиеттер, үлкендерден сұрау) белгілі бір спорт түрімен айналысу үшін (өзің таңдаған спорт түрін жаз) қандай қабілеттер болу керек екенін анықта.

Оқулық



Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:



Пән: Дүниетану №12 сабақ Ортақ тақырып: Уақыт

Бөлімше: Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер



Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Тақырып:

Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты

Оқыту мақсаты

3.3.1.1 көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктерін түсіндіру

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • адамдардың шаруашылығы мен өмір салты қандай факторларға тәуелді болғанын түсіндіреді;

  • маусымдық жайылымдардың түрлерін атайды;

  • көшпелілер мен егіншілердің өнімдерін атайды.

Көптеген оқушылар:

  • көшпелілер мен егіншілер арасындағы айырмашылықтарды бөліп көрсетеді;

  • көшпелілердің маусымдық жайылымдар үшін қандай жерлерді таңдағанын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар

  • өз пікірін дәлелдейді;

  • суретке сипаттама береді.

Тілдік мақсат

Оқушылар көшпелі және отырықшы тұрмыстың ерекшеліктерін талқылайды және түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Көшпелілер, егіншілер, маусымдық жайылымдар (қыстау, көктеу, жайлау, күзеу).



Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Көшпелілердің малдары жыл бойына жайылымдағы шөппен қоректенді. Сырдария өзені – егіншілердің асыраушысы.



Талқыланатын мәселелер:

  • маусымдық жайылымдар қалай аталды?

  • олар жылдың қай мезгілдеріне сәйкес келеді?

  • жайлау мен қыстау көкжиектің қай тұстарында орналасты?





  • көшпелілер малдың қай түрін өсірді, ал егіншілер ше?

  • неліктен Сырдария өзенін егіншілердің асыраушысы деп атады?

  • егіншілер қандай өнімдерді өсірді?

Жазылым: Дәптердегі Н.Г. Хлудовтың «Көш» суретіне қарап бірнеше сөйлем құрастыру: «Көш дегеніміз

– ...»


Алдыңғы білімдер

Адам шаруашылығына климаттың тигізетін әсері.

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

– Балалар, екі үзіндіні салыстырып көріңдер:

«Қазақ халқы далалар мен ғасырларда тыным таппай көшіп жүрген трагедиялық кезбе іспеттес»



Мұхтар Әуезов

Тау несімен сәнді? Жадыратып жанды, Қарсы алып таңды, Бұлақ салып әнді, Жап-жасыл боп мәңгі. Шырша тұрса сәнді.



Әли Ысқабай
Мұхтар Әуезовтің сөзін естігенде, көз алдарыңа не келді? Өлеңді оқығанда қандай суретті елестеттіңдер?

– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ, қалай ойлайсыңдар? Сабақтың соңында біз нені білуіміз керек, нені үйренуіміз керек?



(Ұ, Ө) Оқушылар сабақтың тақырыбын тұжырымдайды, оқулық бойынша сабақтың соңында жету керек мақсаттарды анықтайды. Оқушылар сабақтың соңында:

  • көшпелілердің маусымдық жайылымдары жайлы және отырықшылар өмірінің ерекшеліктері туралы білетін болады;

  • көшпелілер мен отырықшылардың өмір салтын салыстыруды үйренеді.

Суреттер (тау, бұлақ, шырша)


Жаңа сабақ



Ерте заманда адамдардың өмір сүру салты көшпелілер және егіншілер болып бөлінді. Адамдардың шаруашылығы және өмір салты неге тәуелді болды, еске түсіріңдерші? Оқушылардың жауабы: климатқа.

Мұғалім: Иә, үш мың жыл бұрын Қазақстан жеріне құрғақ ауа райының орнағанын

Түрлі-түсті суреттер







білесіңдер. Жаңбыр сирек жауды, қатты ыстықтың салдарынан өсімдіктер қурады. Адамдар аштықтан өліп кетуі мүмкін еді. Тірі қалу үшін табиғат жағдайларына бейімделу керек болды. Біздің бабаларымыз көшпелі малшаруашылығына көшті. Көшпелі шаруашылықты жүргізіп отыру өте қиынға соқты. Көшпелі өмір салтын ұстанғандар көп нәрседен хабардар және көп нәрсеге қабілетті болуы керек.

Оқулықтағы мәтінді «Егіншілер» деген азат жолдан бастап, Көшпелілер қой, жылқы, түйе өсірді деген сөйлемді де оқимыз.

Сызбаны қарап шығыңдар. Мына сұрақтарға жауап беріңдер: Маусымдық жайылымдар қалай аталды?

Олар жылдың қай мезгілдеріне сәйкес келді? Жайлау қайда орналасты, ал қыстау ше?
Егіншілер өзен аңғарларының маңында өмір сүрді.

Оқулықтағы мәтінді 33 беттегі бояулы түсте берілген мәтінді оқимыз. Жанында берілген суретке мән береміз.

Мәселені шешеміз.

Ағылшын ғалымы Арнольд Тойнбидің мынадай сөзі бар: «Егіншіге қарағанда қойшы асқан шебер».

Ғалымның сөзі дұрыс па? Оның сөзінің дұрыстығын немесе бұрыстығын көрсету үшін өткенге кері шегінеміз. Топта жұмыс істей отырып, сендер сыныпқа көшпелілер мен егіншілердің шаруашылығын және өмір салтын көрсетулерің керек.

Мұғалім оқушыларды «Көшпелілер» деген 3 топқа, «Егіншілер» деген 2 топқа бөледі.

(Г) 1-топ «Көшпелілерге» тапсырма:

Оқулықтағы иллюстрацияларды қарап шығыңдар. Елестетіңдер, сендер – көшпелісіңдер. Жайлау мен қыстауды таңдаған кезде не нәрсеге көңіл бөлесіңдер?

Плакатта:

Қыстау Жайлау


Оқулық

Оқулық Маркерлер, дайын

шаблондары бар ватман парақтары, 5 топқа арналған тапсырмалары бар парақшалар







деп жазылған.

Жайлауға немесе қыстауға сәйкес келетін сөздерді таңдаңдар. Не үшін ол сөздерді таңдадыңдар, түсіндіріңдер.



Тірек сөздер: Солтүстік, оңтүстік, шүйгін шөптің мол болуы, суат көздері, қар жамылғысының жайдақ болуы, тау бөктері, жауын-шашыннан қорғайтын пана. 2-топ «Көшпелілерге» тапсырма.

Жылдың қай мезгілі көшпелілер үшін ауырға соқты, қалай ойлайсыңдар? Неліктен? Достың көмегі: Жылдың қай мезгілінде көктайғақ, боран, үскірік аяз, қалың қар секілді ауа райының құбылыстары болады? Осы құбылыстардың көшпелі шаруашылыққа тигізген әсері қандай?



Маңызды дерек! Жұт дегеніміз – қуаңшылықтан малдардың қырылуы.

3-топ «Көшпелілер» тапсырма.

Атақты қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов: «Көшпелі елдің тұрмысында азығы да, сусыны да, киімі де малдан деп жазды. Ғалымның сөзін растау үшін мысалдар келтіріңдерші.

Көшпелінің азығы – ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

Көшпелінің сусыны ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

Көшпелінің киімі ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

Көшпелілердің өндірген өнімдерін суретке салыңдар.



4-топ «Егіншілерге» тапсырма

Елестетіңдер, сендер – егіншісіңдер. Егінші нені білу керек және қандай қабілеті болу керек?



Достың көмегі. Сендердің алдарыңда – дала. Оны өңдеу керек. Одан өнім алу үшін не істеулерің керек?

5-топ «Егіншілерге» тапсырма

Егіншілер қандай дақылдарды өсірді.

Егіншаруашылығының өнімдерін атаңдар немесе суретін салыңдар.

Топтардың тапсырмаларды көрсетуі

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» бірін-бірі бағалау стратегиясы. Оқушылар топтағы

сыныптастарының жұмысын «екі жұлдызбен» бағалайды, яғни жұмыс барысындағы екі жағымды сәтті атайды және «бір тілекпен» жұмысты одан ары жақсарта түсуге арналған тілек айтады.










Мұғалім: Балалар, сендер көп жұмыс атқардыңдар, енді Тойнбидің «Егіншіге қарағанда қойшы асқан шебер» деген пікірін растауларыңа немесе теріс шығаруларыңа болады.

Балалардың жауаптары.

Оқушылар ғалымның айтқан сөзі рас деген қорытындыға келеді. Аман-есен қалу үшін көшпелілер жайылым жерлерін дұрыс таңдап, көштің жүретін уақытын дәл есептеу керек болған. Көшпелі шаруашылық табиғат жағдайларына қатты тәуелді болды. Ауа райының аса қолайсыз құбылыстары (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы) жұтқа әкеліп соқтырды.

Адам бір нәрсені өзгертуге дәрменсіз болды.

Мұғалім: «Көшпелілер мен егіншілер арасындағы тауар алмасу» сахнасын ойнап көрсетіңдер. Афишаларды қолданыңдар. Тауарыңды сатып алсын десең, оны жақсылап мақта.

ҚБ «Сенесіңдер ме?» стратегиясы:


  • адамдар бағзы замандарда егіншаруашылығымен айналысатын отырықшылар деп және малшаруашылығымен айналысатын көшпелілер деп бөлінді ме? (иә);

  • көшпелілердің үш маусымдық жайылымдары болды ма? (жоқ, төртеу);

  • көшпелілер отырықшыларға қарағанда виртуоз ба, яғни асқан шебер ме? (иә);

  • отырықшылар бидай, тары, жеміс ағаштарын өсірген бе? (иә);

  • жайлау оңтүстікте орналасты ма? (жоқ, солтүстікте).




Рефлексия

Кестеге қарап, егіншілер мен көшпелілерді салыстырыңдар (уақыт тығыз болған жағдайда тапсырманы ауызша орындауға болады).

Өзіңді-өзің тексеру үшін электронды қосымшадан тапсырманы орында.



ҚБ Өзін-өзі бағалау.

Сабақта атқарған жұмысыңды үш бағыт бойынша бағала. Әр тармақта бір сөздің астын сыз:



Сабақ: 1. Қызықты болды. 2. Қызықсыз болды. 3. Бәрібір.

Сабақта: 1. Жұмыс істедім. 2. Демалдым. 3. Басқаларға

көмектестім.



Сабақтың қорытындысы: 1. Материалды түсіндім. 2. Білгенімнен де көп мәлімет алдым. 3. Сабақты түсінбедім.

Оқулық

Электронды қосымша Дәптер



Үй тапсырмасы

С. – тапсырма. Н.Г.Хлудовтың «Көш» суретіне сипаттама бер.





Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:



Пән: Дүниетану №13 сабақ Ортақ тақырып: Сәулет өнері

Бөлімше: Менің атамекенім



Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Елді мекендер қандай болады?

Оқыту мақсаты

3.1.3.1 елдімекендерді түрлі белгілері бойынша (типі, көлемі, қызметі) ажырату.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар

  • «қала», «ауыл» түсініктерінің мағынасын түсіндіреді;

  • көлемі мен қызметі бойынша қалалардың түрлерін атайды, мысалдар келтіреді.

Көптеген оқушылар:

  • қала мен ауылды салыстырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табады;

  • туған ауылында (қаласында) не өндірілетінін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар қаладағы және ауылдағы өмірдің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді, соған

қатысты дәлелдер келтіреді.



Тілдік мақсат

Барлық оқушылар

– әртүрлі белгілері бойынша (түрі, көлемі, қызметі) елді мекендердің ерекшеліктерін түсіндіреді.



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қала, ауыл.

Көлеміне қарай қалалардың әртүрлілігі: миллионер қала, ірі қала, үлкен қала, орташа қала, шағын қала.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер:

Облыс орталықтары: Атырау, Орал және т.б.

Теміржол өтетін ірі қалалар: Ембі, Қандыағаш және т.б. Курортты қалалар: Сарыағаш және т.б.

Талқыланатын мәселелер:


  • елді мекендердің қандай түрлері болады?

  • көлемі бойынша қалалар бір-бірінен қалай ерекшеленеді?

  • қалалық және ауылдық елді мекендерді не байланыстырады және бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

Жазылым:

Дәптерге қала мен ауылдағы өмірдің 3 артықшылығын және 3 кемшілігін жазу.



Алдыңғы білімдер

Менің туған қалам. Менің туған ауылым.


Сұрақтар




Көлемі




Үйлер, құрылыстар




Көлік




Экология (ауаның, судың, табиғаттың

тазалығы)











Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Бейнебағдар

Қазақстанның қалалары жайындағы бейнебаянды көру. Бейнебаянда еліміздің қандай қалалары туралы айтылады?

Оқулықтағы картаны қараңдар. Қазақстанда республикалық маңызы бар 2 қала – Астана мен Алматы және 14 облыс орталығы бар. Оларды картадан табыңдар.

Қазақстанда қалалардан бөлек жеті мыңға жуық елді мекендер бар. Бүгінгі сабағымызда не жайында айтатын боламыз, қалай ойлайсыңдар?



(Ұ, Ж) Оқушылар «Елді мекендер қандай болады?» деген сабақтың тақырыбын және сабақтың мақсаттарын анықтайды. Балалар сабақта:

  • елді мекеннің қандай түрлері бар екенін біледі;

  • қала мен ауыл өмірін салыстыруды үйренеді.

Электронды қосымша Оқулық


Жаңа сабақ



Оқулықтағы мәтінді оқимыз.

Электронды қосымшадан «Елді мекендер қандай болады?» бейнематериалын көру.

Бүгін сендерге зерттеушілердің рөлінде болуды ұсынамын. Сыныбымызда зерттеушілердің 4 тобы жұмыс істейтін болады (рөлдерді бөлу).

(Т) Топтар тапсырмалары бар конверттерді таңдайды.

Тапсырманы оқып шығыңдар, сызбаларды толтырыңдар, ауызша жауапты дайындаңдар. 1-топ. Ауылдың сипаттамасы. Кестені толтырыңдар.

2-топ. Қаланың сипаттамасы. Кестені толтырыңдар.

Электронды қосымша

Ватман, маркерлер, тапсырмалары бар конверттер





Сұрақтар




Көлемі




Үйлер, құрылыстар




Көлік





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет