Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: 2 Климат және ауа райы



бет8/18
Дата13.12.2019
өлшемі0,59 Mb.
#53595
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
дүниетану қмж 3 сынып[1]














Сабақ барысында не ұнады? Қандай тапсырманы жақсы орындадың?




Үй тапсырмасы

Ғаламтор ресурстары мен қосымша әдебиеттердің көмегіне жүгініп және үлкендерден сұрастыру арқылы мына сұрақтарға жауап іздеңдер:

  • сенің тұрғылықты жеріңде экономиканың қандай салалары дамыған?

  • сенің облысыңда қандай өнеркәсіп орындары бар?

  • сенің ауылыңда (қалаңда) не өндіріледі?

Үйдегі үлкендерден олар экономиканың қандай салаларында жұмыс істейтінін сұра. Дәптерге жаз.

Оқулық

Дәптер





Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:

Пән: Дүниетану №15 сабақ Ортақ тақырып: Сәулет өнері

Бөлімше: Жергілікті жерді бағдарлау.



Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Мен жергілікті жердің планын жасаймын.

Оқыту мақсаты

3.2.1.2 масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің планын құру.

Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар: планды суреттен ажырата алатын болады; шартты белгілерді «оқи» алатын болады. Көптеген оқушылар: жергілікті жердің планын «оқи» алатын болады; планды құрастыра алатын болады; алған білімдерін өмірде пайдалана алатын болады.

Кейбір оқушылар: жергілікті жердің қарапайым планын сыза алатын болады; топографиялық диктанттар жаза

алатын болады; бағдарлаудың әдістерін білетін болады.



Тілдік мақсат

Оқушылар сабақтың тақырыбын пайымдап, соған қатысты өз ойларымен бөлісетін болады; оқулықта берілген ақпараттарды пайдаланатын болады.

Пәндік лексика және терминология: бағдарлау, план, масштаб, топография.

Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы

Шартты белгілер - план мен картаның әліппесі.







Талқылау: План суреттен несімен ерекшеленеді? Адамдар шартты белгілерді не үшін ойлап тапқан? Масштабты сақтау не үшін қажет?

Таныс емес жерді бағдарлаудың қаншалықты маңызы бар?



Хат:

Әдеби кейіпкердің атынан хат жазу; сөйлемді аяқтау.



Алдыңғы білімдер

Менің қалам. Менің ауылым.

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім:

Баяу музыканың аудиожазбасы

Қосымша әдеби

кітаптар, суреттер.





Көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарыңа жарқыраған күнді, жап-жасыл көгалды, дала гүлдерін




елестетіңдер. Көгалдың хош иісімен дем алыңдар. Терең дем алып, ақырын демді




шығарыңдар.




Мұғалім: Таныс емес жермен қалай танысуға болады?




Таныс емес жермен танысудың әртүрлі әдістері бар: экскурсияда, сапарда, жорықта

жүргендегідей аймақты аралап, мұқият қарап шығу керек; кітаптан жергілікті жерге берілген сипаттаманы оқып шығу керек немесе әңгіме құрастыру керек; фотосуреттің, суреттің көмегімен жергілікті жермен танысу керек. Фотосуреттің суреттен қандай айырмашылықтары бар?



Оқушылардың жауаптары.

Фотосуретте жергілікті жер анық бейнеленген.

Өзіңнің тарапыңнан белгілі бір ерекшеліктерді қосу арқылы жергілікті жердің суретін салуға болады.

Мұғалім:

Таныс емес жермен план бойынша танысу әлдеқайда нақтырақ.


Жаңа сабақ



Мұғалім «ассоциация» картасын құруды ұсынады.

– «План», «көрініс» сөздерін естігенде, көз алдарыңа не елестейді? (балалардың айтқан пікірлері тақтаға жазылады)

Жергілікті жердің көрінісі дегеніміз – бақылаушының Жердің үстінде тұрып жасаған суреті. Егер жергілікті жерді ұшақтан суретке түсірер болса, онда аэрофотосурет аламыз. Жергілікті жердің көрінісі биіктіктен шын мәнінде қалай көрінсе, аэрофотосуретте оның барлығы дәл беріледі. Аэрофотосуреттен орманда ағаштардың қай түрі өсіп тұрғанын, егіс даласында не


Тақта (флипчарт) Слайд (сурет)





егілгенін, төбенің, дөңнің биіктігін, өзендер мен көлдердің тереңдігін, елді мекендердің атауын білу, анықтау өте қиын.

– Альбом парақшасына қаламыздың (ауылымыздың) суретін сала аласыңдар ма?



Балалардың жауабы.

Оқулықтағы тапсырмамен жұмыс жасау. – Қандай аймақты көріп тұрсыңдар? Қалалық па, ауылдық па?

Алдыңғы планда не бейнеленген?

Суреттен қанша елді мекенді көріп тұрсыңдар?


  • Планның суреттен қандай айырмашылығы бар?

  • Арман мен Дананың пікірталасын тыңдап көріңдер.

Оқулықтағы «Талқылау» айдарымен берілген тапсырманы орындау.
Сергіту сәті.

Барлық балалар орындарынан тұрады. Мұғалім: Өз жұмыстарыңа назар аударыңдар.

Кім тапсырманы орындай алмаса, қолын төмен түсірсін.

Кімде тапсырманы орындауда қиыншылықтар туса, қолын екі жаққа жайсын. Кімде тура көшірмесі шықса, қолын жоғары көтерсін.

Мұғалім: Сабақтың соңында барлығыңның қолдарың жоғарыда болады деп ойлаймын.


  • Қандай жаңа ұғыммен таныстық? (Масштаб) Оны тәжірибеде қолданып көруге тырысайық.

(Ж) «Тапсырманы орындаймыз».

(Партаның планын сызу)

Мұғалім: Топография дегеніміз не, балалар?

(грек тілінде topos – жер және grapho суреттеймін). Белгілі бір жерді, аймақты нақты, қаз қалпында сызып қағаз бетіне түсіру.



Мұғалім: Жергілікті жердің планы қалай құрастырылады?

План да аэрофотосурет секілді жерді, аймақты жоғарыдан көрсетеді. Планда барлық нысандар шартты белгілермен суреттеледі. Адам планда нені маңызды, нені керек деп санаса, соны бейнелейді. Жергілікті жердің планымен танысу шартты белгілермен танысудан басталады.

Себебі шартты белгілер – план мен картаның әліппесі, оның бастауы.

Ескі карталарда салынған белгілер болған. Ал қазіргі карталарда графикалық шартты белгілер




Оқулық

Оқулық

Жергілікті жердің планы мен аэрофотосуретті салыстыратын слайд







қолданылады.

Оқулық бойынша шартты белгілермен танысу.

Мұғалім: (Ж) Қандай мамандық иелеріне жергілікті жердің планы қажет? Екі-екіден отырып осы сұрақты талқылаңдар. Оқулықтағы тапсырма сендерге көмектеседі. (Балалардың жауаптары тақтаға жазылады)

– Кәне, сендер ұсынған мамандықтардан кластер құрастырайықшы.



Мұғалім: Біз де топограф болып біраз жұмыс істеп көрейік. Т - 1, 2-топ оқулықтағы тапсырманы орындайды. (Жұмыстарды көрсету)

Ө Блиц сауалнама.

№ 1 карточка.



Табиғатта төтенше жағдай болған кезде адамның өзін-өзі дұрыс ұстауының негізгі қағидалары.

  1. Жорықта бағдар бойынша қозғалып келе жатқан кезде топтан қалып қалсаң не істеу керек? Көрсетілген іс-әрекеттерді ретімен орналастырып шығыңдар:

    • достарыңның аяқ іздерін іздеу;

    • сендерді біреу іздеп келмейінше, күту;

    • тас жолдан, шаңғы жолынан алыс кетпеу;

    • соқпақ жолдың айырығына келіп тоқтау;

    • уақытша үй тұрғызу;

    • от жағу.

  2. Топтың ең артында жүретін адам қандай міндеттерді атқарады?

№ 2 карточка.

Адам адасып қалған кездегі жағдайдан шығудың жолдарын анықтау.

10 жасар бала әжесінің ауылында демалып жүргенде, жидек теруге орманға барып, адасып қалады. Ауа райы бұлтты еді. Күннің көзі көрінбеді. Бала ескі соқпақ жолға шықты. Ойланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:

а) Балаға қандай іс-әрекеттерді жасауға кеңес берер едіңдер?

б) Адам аяғы көп тиген соқпақ жолды ескі соқпақ жолдан қалай айыруға болады?

в) Егер баланың жолында өзен немесе бұлақ кездессе, бала қандай іс-әрекеттер жасауы керек?

(Ж) Пікірлерді өзара бағалау.

Оқулық


Тақта (флипчарт)

Жеке карточкалар




Рефлексия

Мұғалім: Әрбір адам өзі тұрған жерінің планын білуі керек. Кішкентай баланың өзіне ата- анасы «алдында дүкен, сол жағында әткеншек, оң жақта төбешік, тура жүрсе сайлы жер» деп түсіндіріп жатады.

Сен оқушысың, сенің де тұрған жеріңнен бағдарлау өте маңызды.

Сенің мектебің үйдің қай жағында, жақын арадағы дәріханаға қалай бару керек? Спорт орталығына қалай жетуге болады, осының барлығын білуің керек.

Біліп қана қоймай, дұрыс жолды көрсете білу үшін нысандардың орналасқан жерін түсіндіруді үйренуің керек.


Дәптердегі С тапсырмасы

Аудиожазба

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы ең соңында берілген

тапсырманы үйде орындау.



Оқулық




Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:

Пән: Дүниетану №16 сабақ Ортақ тақырып: Сәулет өнері

Бөлімше: Жергілікті жерді бағдарлау



Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Астрономиялық белгілер бойынша қалай бағдарлауға болады?

Оқыту мақсаты

3.2.1.1 астрономиялық белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау.

Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар тұсбағдар мен жергілікті белгілерге қарап көкжиек тұстарын анықтайтын болады.

Көптеген оқушылар Күнге, Темірқазық жұлдызы мен Айға қарап көкжиек тұстарын анықтайтын болады.

Кейбір оқушылар күн сағаттарын жасауға тәжірибе жүргізетін болады.

Тілдік мақсат

Оқушылар қосымша әдебиеттермен жұмыс істейтін болады, алынған ақпараттарды жинақтайтын болады, қорытындылар шығаратын болады.

Пәндік лексика және терминология: бағдар алу, Күн, Ай, жұлдыздар. Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы Аспанда жарқыраған Күн мен жұлдыз,

Сәулеңе күндіз, түні мұқтажбыз біз.







Талқылауға арналған сұрақтар: Астрономия дегеніміз не? Бағдарлау дегеніміз не?

Қай жұлдызға жол көрсеткіш жұлдыз атауы берілді және неліктен? Турист тек қана табиғи бағдарлауға үміт арта ала ма?



Хат:

Сабақта айтылған 3 жаңа деректі және сабақта туындаған 2 сұрақты жазу.



Алдыңғы білімдер

Тұсбағдар, көкжиек тұстарын анықтау.

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: – Балалар, сендердің жылы жүздеріңді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі сабағымызда өте қызықты, өте пайдалы деректер айтылатын болады. Мұқият тыңдап,

тапсырманы бірлесе, белсенді түрде орындайтын болсақ, көп нәтижелерге жететін боламыз. Сонымен сабағымызды бастаймыз.



Мұғалім: Ол саяхаттағанды, жорыққа шыққанды жақсы көреді. Жолдорбасын арқалап, қолына гитарасын алып, қызық іздеп шығады. Достарымен далаға от жағып, айналасында таң атқанша отырып ән айтады, ән тыңдайды, қызықты әңгіме-дүкен құрады. Мен кім жайында айтып жатырмын, балалар? (Турист)
Мұғалім: Турист деген кім?

  • Турист сөзіне синоним сөз табыңдар. (Балалардың жауабы тақтаға жазылады)

  • Араларыңда кім жорыққа шығып көрді?

  • Кімнің жорыққа барғысы келеді?

  • Туристтің қандай да бір арнайы білімі мен дағдылары болуы керек пе? Қалай ойлайсыңдар?

  • Қандай білім мен дағдылар керек? Не үшін?

Әңгіме барысында мұғалім оқушыларға жорық кезінде қозғалыстың бағытын білудің, өз тұрған жеріңді анықтай алудың маңыздылығын, сонымен қатар, осы айтылған дағдыларды тек қана жиі жорыққа шығатын адамдар игеріп қоймай, оқушылардың да игеруі қажет екендігін түсіндіреді.

Слайд (сурет)


Тақта

Жаңа сабақ



Мұғалім:

Шеті де жоқ, шегі де жоқ, Арты да жоқ, алды да жоқ. Жасың да, кәрің де біледі.

Өте үлкен шар сөз жоқ. (Жер ғаламшары)
Ол жазда да, қыста та Жер мен көктің арасында. Өмір бойы жүре берсең де

Оған жету мүмкін емес. (Көкжиек сызығы)


Таба алмай оң менен солыңды, Адассаң қапылыста.

Дәл сілтер көрсетіп жолыңды, Шығысқа,

Батысқа. (Тұсбағдар)

Мұғалім: Тұсбағдар дегеніміз не?


  • Тұсбағдар не үшін қажет?

Тұсбағдар – жер бетін бағдарлауға арналған құрал. Оның қызыл тілі – Оңтүстікті, ал көк тілі – Солтүстікті көрсетіп тұрады. Оң жағында – Шығысты көрсетсе, сол жағында – Батысты көрсетеді.

  • Тұсбағдарды кім қолданады?

  • Қозғалыстың бағытын, өзіңнің орналасқан жеріңді анықтай білу қабілеті қалай аталады, білесіңдер ме? (Бағдарлау)

«Бағдарлау» орыс тілінде «ориентирование» деп аталады. «Ориентирование» сөзі латынның

«oriens» – «шығыс» деген сөзінен шыққан. Ерте замандардан бері әлемнің шығыс тұсы қасиетті болып саналған. Себебі, шығыстан Күн шығады. Күн – тіршіліктің көзі.



Жергілікті жерді бағдарлау дегеніміз өзіңнің орналасқан жеріңді, қозғалыстың бағытын, көкжиектің тұстарын, жергілікті жердің бедерін, сонымен қатар, өз лагеріңді жайғастыруға

қатысты іс-әрекетіңді анықтау дегенді білдіреді.



Слайд-жауап (суреттер)

Дәптер

Оқулық






Оқулықтағы тапсырманы орындау.

  • Жергілікті жерді дұрыс бағдарлау үшін, ең алдымен, қандай маңызды нәрселерді білген жөн? Қалай ойлайсыңдар?

  • Көкжиектің қандай тұстарын білесіңдер, санап көрейікші?

Динамикалық үзіліс. Орнымыздан тұрайық, Аяқты нық басайық.

Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық.

Қолды белге қоямыз, Иілеміз оңға бір Иілеміз солға бір.

Жоғары қолды созамыз Аяқтың ұшында тұрамыз. Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.
Мұғалім: Жұмбақты шешіңдер

Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып, Қарасам толып жатыр көзін ашып.

Үйіме сәулеленіп түссе жарық

Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып. (Жұлдыз) Балалар, қандай аспан денелерін білесіңдер? Балалардың жауабын тыңдау.



Мұғалім: Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай қалашыққа Жұлдызшы көшіп келіпті. Ол

қалашықтың ең шетінен өзіне үйшік сатып алыпты. Үйшіктің кіп-кішкентай болғаны соншалық, оны қала тұрғындары мүлдем байқамайтын болған.

Жұлдызшы жұпыны өмір сүріпті, бірақ оны ақша мүлдем қызықтырмапты. Ол аспандағы

барлық жұлдыздарды зерттеп, соларға қарап ауа райын, сонымен қоса, адамдардың тағдырын да болжайтын болыпты.



  • Жұлдыздарды, ғаламшарларды және басқа да аспан денелерін зерттейтін адамдарды кім деп

Слайд (сурет)

Слайд (сурет) Жұлдызшы.


«Қызыл телпек» кинофильміндегі

«Жұлдызшы өлеңінің»

аудиожазбасы

Оқулық






атайды, білесіңдер ме?

– Ежелгі адамдар ненің көмегімен бағдар ала білген, еске түсіріңдерші? Уақыт өте келе адамдар ақырындап Жерді тани бастады. Сосын толқыны қатты теңізбен жүзіп, беймәлім

жатқан жерлерді аша бастады. Осындай қиын саяхаттарда адамдарға Күн, Ай және жұлдыздар сенімді жол көрсеткіш болған. Оларға қарап кемешілер дұрыс бағытпен жүзіп отырған.

Оқулықтағы «Күнге қарап бағдарлау» айдарын оқу.

Күнге қарап бағдарлау.

– Күнге қарап көкжиек тұстарын қалай анықтауға болады, кім біледі? Көкжиек тұстарын анықтаудың ең ежелгі әдісі – Күнге қарап бағдарлау. Күн шығыстан шығып, батыстан батады. Талтүсте Күн оңтүстікте болады.

Егер талтүсте күнге арқаңды беріп тұрсаң, онда көлеңкең солтүстік тұсты бағыттайды. Арқа жағың оңтүстікті, оң жағың шығыс, сол жағың батысты бағыттайды.

Күннің шығар тұсы шығысты, батар тұсы батысты көрсетеді.


Темірқазық жұлдызына қарап бағдарлау.

Мұғалім: Жұмбақты шешіңдер. Ол жұлдыз аспанның

Жанып тұрған көзі ме? Аспанға қаққан қазықтың Нұрға айналған өзі ме?

Ол жұлдыз қадалып

Аспанда нұр боп жанып тұр. Күдіктің бәрінен арылып Жолаушы алға жүріп тұр.


Күн батысымен аспаннан мыңдаған жарқыраған жұлдыздарды көруге болады. Жерден өте алыс қашықтықта орналасқандықтан, олар бізге жалтыраған нүкте секілді көрінеді. Шын мәнінде, Жұлдыздар өте үлкен. Егер жұлдызды аспанды мұқият қарайтын болсаңдар,

жұлдыздардан құралған көптеген суреттерді көруге болады. Кәне, тексеріп көрейікші. Суретке назар аударыңдар. Енді үлкен шөмішті көріп тұрсыңдар ма? Таптыңдар ма?

Жарқыраған жеті жұлдыздан құралған шөміш секілді жұлдыздың төңірегінде тағы басқа да көптеген жұлдыздар бар. Бағзы заманнан бері адамдар осы шөмішке ұқсайтын жұлдыздарға


Жұлдызды аспанның картасы

Бейнеролик (ғаламтор ресурстары)

Жұлдызды аспан

Оқулық суреті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет