Сабақ Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Жанды табиғат. Адам



бет1/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#83737
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
5 сынып. ТЖБ. 2 тоқсан, 4-бөлім. 2-сабақ. Әдістемелік нұсқаулық

Жаратылыстану
2-тоқсан
«Жанды табиғат. Адам»
1-сабақ

Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Жанды табиғат. Адам



Мектеп:
Мұғалім:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:

Күні:




Тақырыбы:

Ас не үшін қажет?

Оқу мақсаты:

3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

Сабақтың
мақсаты:

Адам тіршілігіне қажет энергияны тамақ ішу арқылы алатынын түсінеді; Тамақтың құрамында түрлі қоректік заттар болатынын түсінеді.

Бағалау критерийі

Адам ағзасына қоректік заттардың қажетін түсінеді.
Тамақтану арқылы алынатын қоректік заттарды атайды.

Тілдік мақсат

Тамақтанудың қажеттігін термин сөздер қолданып айтып береді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:
Нәруыздар, майлар, көмірсулар, калория.

Құндылықтар

Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу. Тамақтану мен өз денсаулығын күтуге дұрыс көзқарас қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 1-2 сыныптан адамның өсу және даму қажеттіліктерін біледі, тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын түсінеді.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы
2 минут

3 минут




Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жайлы ахуал орнату. Оқушы өз көңіл күйлеріне сәйкес смайликті таңдайды. Кейбір оқушылар өз қалауымен таңдауын түсіндіреді.
Сұрақтар
-Таңғы асқа не іштің?
-Таңғы ас пен сенің көңіл күй байланысты болуы мүмкін бе, қалай ойлайсың?
Жедел жауап. «Сұрақ шеңбері» ойыны арқылы төменгі сыныпта өткен материалдарды еске түсіру, тақырып бойынша бастапқы білімін анықтау.
Сұрақтар:

  1. Адам күніне неше рет тамақтануы керек?

  2. Таңғы асты сағат нешеде ішесің?

  3. Таңғы асқа қандай тамақ жейсің?

  4. Кешкі асты қай уақытта ішу керек?

  5. Жемістердің қандай пайдасыбар?

  6. Қатты көгөніс, құрт жеудің тіске қалай әсер етеді?

  7. Қандай тамақты жеген пайдалы деп ойлайсың?

  8. Тәттілерді жеу пайдалы ма, зиянды ма?

  9. Тамақты шамадан артық ішкен адам өзін қалай сезінеді?

  10. Тамақты уақытында ішпеу адамға қалай әсер етуі мүмкін?





Смайликтер


«Сұрақ шеңбері» ойынын өткізу үшін ресурстар: қағазға жазылған сұрақтар, пластик бөтелке немесе зырылдауық






ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы






Сабақтың ортасы

15 минут


6 минут

6 минут


6 минут

Зерттеу жұмысы
Мақсаты: азық-түліктің құрамында нәруыз, май, көмірсулар және т.б. бола­тынын түсінеді, олардың энергетикалық құндылығын анықтауды үйренеді.
Оқушыларды тамақ суреттеріне байланысты топқа біріктіру.
1-сурет: жұмыртқа, ет, саңырауқұлақ;
2-сурет: сарымай, өсімдік майы, қаймақ;
3-сурет: қант, картоп, көгөніс, жеміс және т.б.
Ресурс таратып беру: азық-түлік өнімдерінің ора­ма қағаздары мен жапсырма қаптамалары (шырын, шоколад, айран, йогурт, печенье), маркерлер, парақ.
Зерттеу барысы
• Қаптамаларды зерделеу, азық-түлік құрамын табу.
• Азық-түлік құрамын жазып алу.
• Ұғымдармен жұмыс: көмірсу, май және нәруыздар, калория (Энциклопедиямен, таратпа материалмен немесе оқулықпен жұмыс)
• Мәліметтерді талдау, салыстыру. Азық-түліктерді құрамындағы көмірсу, май және нәруыздардың көлеміне қарай топтарға бөлу; оларды төмен калориялы және жоғары калориялы деп ажырату.
Саралау: Ынтасы жоғары оқушылар тобы (жұбы немесе жеке оқушы) алынған мәліметті диаграммаға орналастыра алады.
• Зерттеу жұмысын қорытындылау: Тамақтың кейбірінде нәруыздар (майлар, көмірсулар) көбірек болады. Олардың ішінде калориясы төмен, калориясы жоғары болады.
• «Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру.

  • Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар?

  • Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет