Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Түбір мен қосымша»



Дата28.06.2017
өлшемі44,63 Kb.
#20508
түріСабақ
«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

8 негізгі білім беретін мектебі» ММ.



Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

«Түбір мен қосымша»
Дайындаған: Хайруллина Гүлжауһар Тұрлыханқызы

Арқалық қаласы

2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбір мен қосымша туралы мағлұмат беру.Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Ой-өрісін дамыту,сөздік қорын дамыту.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Көркем жазуын қалыптастыру.Еңбекқорлыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Талдау,сұрақ-жауап,ой-қозғау

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд (Сиқырлы өлке,қария,алма ағашы),ойындар, мақал-мәтелдер,суреттер

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын тексеру

Эдвард де Боно «6 ойлау шляпасы» технологиясы бойынша өтілген сабақты қорыту

Ақ қалпақ: Түбір дегеніміз не? Қосымша деген не?

Сары қалпақ: Мына сөздерге қосымша жалғап айт. Етік, егін.

Қызыл қалпақ: Мақалды оқы.Қарамен жазылған сөздерді салыстырып, ерекшеліктерін айт.



Еңбек-ер атандырады.

Еңбектің түбі-рахат.

Жасыл қалпақ: Өлеңді мәнерлеп оқы.Мен ғарышкер боламын.



Аспан, аспан арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын.

Ғарышкер сөзінің түбіі мен қосымшасын айт.

Қандай ғарышкерлерді білесің?

Көк қалпақ:Түбірге қосымша не үшін жалғанады? Мысал келтір.

III.Жаңа сабақ:

Ерте,ерте,ертеде,біз білмейтін сиқырлы өлкеде бір қария өмір сүріпті.Ол қарияның бағында алтын ағаш өсіпті.Қария сол ағаштан өскен алманы базрға апарып сатып күн көреді екен.Оның көршісі оны қызғанып, түнде келіп ағашты кесіп, оны өз үйінің бағына отырғызады.Ағаш өспей қалады.

-Неге?

Қария ертесі есіктің алдында тұрған ағаштың жоқтығын байқайды.

Мақал-мәтелдер: Жаманмен жолдас болсаң кесірі жұғар,



Жақсымен жолдас болсаң нәсібі жұғар.

Жақсы дос пайдасын тигізбесе зиянын тигізбейді,

Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді.

Көршісі кешірім сұрап алма ағашын қайтарып береді.Қария ағаштың түбіне су құйып күте бастайды.Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп,кейін қайтадан жеміс бере бастайды.

Мінекей, балалар, біздің сөзімізде түбір болмаса мағынасы болмайды.

Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз.

Сөздің түбірге жалғанатын бөлігін қосымша дейміз.

«Қолғаптың сыңарын тап» ойыны

Мектеп + тер тау + лар жұмыс + шы мүсін + ші

Кітап + тар теңіз + дер үй + лер



Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.

«Гүлдеге көбелектерді қондыру» ойыны

Тәбие + ші,еңбек + кер, құрылыс + шы, жұмыс +кер, дос + тық, дойбы + шы.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.

IV.Сегіту сәті: «Доп лақтыру» ойыны

1-қатар: ,,Ай,, сөзінен басталатын қыз баланың есімін,

2-қатар: ,,Ер,, сөзінен басталатын ер баланың есімін айтады.

Қосымша жалғанғанда кейбір сөздердің жазылуы өзгереді: п-б, к-г, қ-ғ.

Күрек-күрегі, бұлақ-бұлағы, жаңғақ-жаңғағы, бүйрек-бүйрегі, өрік-өрігі, кітап-кітабы.

V.Сабақты қорытындылау: Вен кестесі

Жұрнақ Жалғау

Сөздің мағынасын өзгертеді Сөз бен сөзді байланыстырады

Жаңа сөздер жасайды

Екеуі де қосымша

Жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмейі



VI.Үйге тапсырма:

5-жаттығу. Көпнүктенің орнына қ-ғ әріптерінің тиістісін қойып, жұмбақты көшіріп жаз.(3-сынып)

6-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, сөз құамына талда. (2-сынып)



VII.Бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет